Ән: «Тілек айту »
(сергіту сәті)
Сөзі мен әні: Гүлдана Ерікқызыныкі
193
Таза ауамен демалып жүріп қайтайық (балалар залда еркін жүреді)
Айналаға тамсанып ән де айтайық. (айналаға қарайды)
Бір екі бір екі қадам басайық 2-рет (аяқпен нық қадам жасайды)
Жолың болсын деп әрдайым тілек айтайық. (қолдарын бұлғап бір-біріне тілек айтады)
Ән: «Туған жер»
Сөзі мен әні: Гүлдана Ерікқызыныкі
1.Біз бақытты баламыз
Ақылы мол санамыз.
Туған жердің төрінде
Ойнап асыр саламыз.
2.Күлімдесін күніміз
Өссін жайнап гүліміз.
Туған жердің төрінде
Шырқалсын жыр әніміз!
194
Біздің балабақшамыз
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
Біздің балабақшамыз,
Ғажап әлем мақтаным,
Бақшамызда нұрланып,
Алға қадам басамыз.
Қайырмасы:
Болашақ шақырады шуақты,
Тәлімі білімімен қуатты.
Тәрбие даналығы орасан,
Ізгілігі, таза мөлдір- бұлақтай.
Бар жақсыны үйреніп,
Есімізде сақтаймыз.
Бізден үміт күтеді.
Ел сенімін ақтаймыз.
Қайырмасы:
195
Балабақша гимні
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
1.Балғындарын баптаған,
Бақшамыз дараланды.
Білімнен бастау алған,
Алғашқы қадамдары.
Қайырмасы:
Киелі мекен балаға,
Өнеге берер санама.
Халықтың қамқор мақтаны,
Ол біздің балабақша.
2.Бұзылмайтын қаймағы,
Сарқылмайтын жайдары,
Шұғыладай жарқырар,
Шәкірттері айбарлы.
Қайырмасы:
3.Тәрбиеші тәлімі.
Бүлдіршіндер бал үні.
Ұрпақтарға ұлағат,
Ұстаздармен жалғанды.
Қайырмасы:
196
Сотқарбек
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
Жасмин:__Жиналыңдар_достарым,_Қызық_ойын_ойнайық._Сотқарбекке_білдірмей,_Өзімізше_тойлайық.___Іңкәр'>Жасмин:
Жиналыңдар достарым, Қызық ойын ойнайық. Сотқарбекке білдірмей, Өзімізше тойлайық.
Іңкәр:
Біз достармыз татумыз. Шашуымыз жырымыз, Бұзық болсаң Сотқардай, Ондайларға қатумыз. Сотқарбек, О-О-О-О-Сотқарбек, Е-Е-Е-Е-Сот-қар-бек!
Байсал:
Қыздардың мазасын, Тыныштығын аласың, Ойынды бұзасың, Сен қашан тынасың
Саян- Сотқарбек: Сотқарбек, мен емес, Ол менің атым емес, Ойнасам не бопты, Айнала жел соқты.
Желменен жарысам.
Достармен табысам.
Қанекей келіңдер,
Ойнаңдар менімен,
Меннен неге қорқасың,
Қасқырмын ба жортатын,
Ау-у-у-у-у-у-у-у
Жасмин:
Достар деген жақсы ғой,
Бірге ойнап жүресің.
Дос қадірін білсең ғой ,
Шаттанасың күлесің.
Іңкәр:
Досым бар,-деп мақтанам,
Сол үшін де ән салам,
Бұзықсың ғой әзірге
Өскенде бол жақсы адам
197
Бәріміз бірге ( кіші топтарға арналған)
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
Бәріміз бірге-тұрамыз.
Қолды жоғары-созамыз.
Оң жаққа, (оңға, бұрылуды көрсету)
Сол жаққа, (солға бұрылуды көрсету)
Бұрыламыз.
Бәріміз бірге-отырамыз.
Қолымыз алға созамыз.
Жоғары, (колды жоғары көтеру)
Төменге, (қолды төменге түсіру)
Қозғалтамыз
Бәріміз бірге-тұрамыз.
Алақанды соғамыз.
Оң жаққа, ( бұрылып алақанмен екі рет шапалақтау) Сол жаққа,( бұрылып алақанмен екі рет шапалақтау Соғамыз.
198
Менің бөлмем
Сөзі мен әні – Айтуова
1.Бөлмемде бар жиһаздар,
Оның бәрі мұнтаздай.
Табиғаттың тартуы,
Ағаштан ол жасалған.
Қайырмасы:_3.Ақылдысыз_данасыз._Сізден_үлгі_аламыз.__Үлкен_болып_өскенде._Өзім_сізді_бағамын._Қайырмасы'>Қайырмасы:__199___Әжем-әнім_Сөзі_мен_әні_Ақнабат_Айтуова'>Қайырмасы:_3.Тартпасы_бар_астында,_Қабырғада_айнасы._Орындыққа_отырып,__Шашыңды_да_тарайсын._Қайырмасы'>Қайырмасы:
Жиһаздарым әдемі,
Шеберлермен кәделі.
2.Киімдерді ілемін.
Ілгектерге тіземін.
Әр қатарға ұқыппен,
Жинап реттеп, бүгемін.
Қайырмасы:
3.Тартпасы бар астында,
Қабырғада айнасы.
Орындыққа отырып,
Шашыңды да тарайсын.
Қайырмасы:
4.Төбемізде шам-шырақ,
Жарқырайды күнге ұқсап.
Төсек орным жинаулы,
Жастығым да жұп-жұмсақ.
Қайырмасы:
199
Әжем-әнім
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
1.Әжем келсе қуанам.
Жылап тұрсам жұбанам.
Менің аппақ әжемді,
Сыйлайды ғой бар адам.
Қайырмасы:
Қане бізге қараңыз.
Балдай тәтті баламыз.
Әжетайым өзіңе,
Еркелейді балаңыз.
2.Көктем күні тамаша.
Ән шырқайық жаңаша.
Бізбен бірге әжемде,
Күліп отыр балаша.
Қайырмасы:
3.Ақылдысыз данасыз.
Сізден үлгі аламыз.
Үлкен болып өскенде.
Өзім сізді бағамын.
Қайырмасы:
200
Ата-анаға көз қуаныш
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
1.Шұғылалы күннің нұры
Шуағымен жылиды
Ата-ананың мейірімі
Махаббаттың тұнығы.
Қайырмасы:
Ата-анаға, көз қуаныш
Балаларымыз
2.Бойымызда күш-қуат,
Оттай лаулап жанамыз
Көңіліңді көтерер
Бақытты жүз баламыз.
Қайырмасы:
Ата-анаға, көз қуаныш
Балаларымыз.
3.Таңғажайып бақшамыз.
Ертегілер еліндей
Бақыт кілтін ашамыз
Білім құйып санамыз.
Қайырмасы:
Ата-анаға, көз қуаныш
Балаларымыз.
201
Күз мезгілі (кіші топтарға арнгалған)
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
1.Күз мезгілі келді.
Салқын түсер енді.
Суық, суық дала,
Тоңып қалды бала.
Қайырмасы:
Ища-ища-ищай,
Тоңып қалды бала.
Ища-ища-ищай,
Тоңып қалды бала.
2.Сары, сары, сары,
Айналаның бәрі.
Сары, сары, сары
Алтын күздің бағы.
Қайырмасы:
Ля-ля-ля-ля-ля
Алтын күздің бағы.
Ля-ля-ля-ля-ля
Алтын күздің бағы.
202
Күн суытты далада Сөзі Ақнабат Айтуова
Күн суытты далада, Бұлт жабады аспанды. Жапырақтар сыбдырлап, Жерге түсіп қалады.
Сыбдыр-сыбдыр, сыбдыр-сыбдыр.
Күн суытты далада, Бұлт жабады аспанды. Жылы жаққа қайтадан, Құстар ұшып барады. Қиқу-қиқу, қиқу-қиқу.
Күн суытты далада, Бұлт жабады аспанды. Найзағайлар ойнақтап, Сарт-сұрт етіп соғады. Сарт-сұрт, сарт-сұрт.
Күн суытты далада, Бұлт жабады аспанды. Бұлттар келді тағы да Жаңбыр енді жауады. Сырт-сырт,сырт-сырт.
Қарашы маған (кіші топтарға арналған)
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
Қарашы маған
Менің көзім әй-әй.
Баламын мен айдай.
Екі бетім тоипиып,
Отырамын жайнай.
Ауызымды ашып,
Ән саламын сайрай.
Ля-ля-ля-ля-ля-ля
Қарашы маған, Менің қолым әй-әй. Баламын мен айдай Алақанды соғып, Билейік шаршамай. Ауызымды ашып, Ән саламын сайрай. Ля-ля-ля-ля-ля-ля-
Қарашы маған
Аяқтарым тәй-тәй.
Баламын мен айдай.
Билейік шаршамай,
Өкшені қой тарсылдап.
Ауызымды ашып,
Ән саламын сайрай.
Ля-ля-ля-ля-ля-ля-
Алтын күзде молшылық
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
Орман іші қандай-ды
Жаздай бұлбұл сайрайды.
Жемістері піседі
Жерге топ-топ түседі.
Жемістері піседі
Жерге топ-топ түседі.
Алқаптарда көрінген.
Сәбіз, жуа егілген.
Қырыққабат, қиярын.
Бәрін-бәрін жиямын.
Қырыққабат, қиярын.
Бәрін-бәрін жиямын.
Алтын күзде молшылық.
Алтын күзде береке.
«Еңбек етсең ерінбей,
Тояр қарның тіленбей»
«Еңбек етсең ерінбей,
Тояр қарның тіленбей»
205
Аман болшы
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
Арманы биік,бәйтерегімдей аташым бар, Асыл ардағым,аяулы жаным, әжешім бар. Мейірін төккен,шуағын сезем анашым бар, Қамқоры бөлек,жүрегі ерен әкешім бар.
Қайырмасы:
Ата, әже аман болшы,
Ана ,әке аман болшы.
2.Еркелеп өсем,еліктей көркем баурап алам Әнімді естіп,сүйсініп таңдай қағар маған. Жаңа күнімді,ай жұлдызымды қарсы аламын. Әсем дауыспен,тілегім айтып ән саламын.
Қайырмасы:
Ата, әже аман болшы,
Ана ,әке аман болшы.
206
Анамызға көмек
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
Бірге:
Бұрыламыз оң жаққа
Міне оң қолымыз.
Бұрыламыз сол жаққа
Міне сол қолымыз.
Тәрбиеші:
-Не істейді бұл қолдар?
Балалар:
Анамызға көмек.
Ептеп,ептеп,ептеп.
Анамызға көмек.
Ептеп,ептеп,ептеп
Тәрбиеші:
-Ол қандай көмек?
Балалар:
Көйлек кисек өзіміз.
Мұның өзі көмек.
Бау байласақ өзіміз,
Мұның өзі көмек.
Жыламасақ таңертең,
Мұның өзі көмек.
Ауырмасақ ешқашан
Мұның өзі көмек.
-ИӘ!
Шыныққандар-қайсарлар
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
1. Қозғала біл күн сайын,
Жаттығарсың қимылмен.
Төзімменен жетемін,
Жеңістерге ылғи мен.
Қайырмасы:
Бір, екі,бір,екі.
Бір,екі,үш, төрт
Жеңістерге жетеміз.
2.Қайраттанып шынығып,
Денсаулықты сақтайды.
Жаны таза жайсаңнан,
Айбар күшті байқаймын.
Қайырмасы:
Бір, екі,бір,екі.
Бір,екі,үш, төрт
Жеңістерге жетеміз.
3.Алға қадам бастаймыз.
Жаттығулар жасаймыз.
Бекіп сайдың тасындай,
Шынығамыз жастай біз.
Қайырмасы:
Қазағым
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
1.Қос ішекті домбырасын,
Сөйлете білген шанақтан.
Тілі өшпеген талай ғасыр,
Ұрпағымыз қазақтың.
Бабалардың жалғап үнін,
Бағалайтын тарихын.
Сар(ы) даламның сырбаз күйін,
Әлем қазір таниды.
Қайырмасы:
Қазағым, қалың ел, қаһарман, батыр ел. Тәу етіп үлкені, тәубеге келетін, Тәуекел бел буған, тәуелсіз елім бар.
2.Заңғар биік арманы бар,
Қол жеткізген теңдігін,
Заманынан алғаны бар,
209
Елдің жалғап елдігін.
Қайсарлығы қанында бар,
Байсалдығы жанында,
Жақсысы мен жайсаңы бар.
Ғасырлардың жаршысы.
Қайырмасы:
3.Қызылорда -Сырдың елі,
Астанамсың алғашқы.
Таланттылар- жырдың елі,
Жібек жолдың сағасы.
Туған жерім байтағымсың,
Байқоңырмен ғарыштар.
Батырлармен мақтанамын,
Асқақ әнім шарықтап.
Достарыңызбен бөлісу: |