Сауысқан мен көкек (ертегі)
Ертеде сауысқан мен кӛкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:
Екеуіміз бірігіп бірік ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, - дейді.
Көкек:
Менің ұя салатын қуатым да, құралым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер,
деп келіспейді.
Сауысқан көкектің көмегін күтпей–ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен таспалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды. Іші – тысын саз балшықтармен сылады. Кішкентай бұтақтардан құрастырып, қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай – қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі «р» - ды айта алмай, «керек» деудің орнына «көлек, көлек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да жоқ екен.
144
Ат пен есек
(халық epmeгіci)
Бip кici бip ат, бip есекке жүк артып, жолмен қалаға келе жатты. Есек жүгін ауырлап шаршап, атқа: «Жолдасым, менен бipaз жүк алшы, мен көтере алмай, өлуге келемін»,- дeдi. Ат жәрдем етпеді.
Жолшыбай есектің xалi бітіп, жығылып өлді. Сонан соң иeci есектің барлық жүгін және тepiciн сыпырып алып, атқа артты. Сонда ат айтты: «Күнә менде, егер есектен бipaз жүк алсам, бұл оқиға болмас еді. Енді, мiнe, сорлап, есектің барлық жүгін де, тepiciн де әкеле жатырмын».
Түлкі мен қоян
(ертегі)
Бip күні болдырып келе жатқан Түлкі жортып жүрген Қоянды көрді.
Өтірік ауырған болып ағаш жанына сұлай кетеді де, қасына шақырады.
Қоянжан-ау, Қоянжан, неге сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала жастан бipгe өскен, тоғайдың дәмін бip жеген көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын. Жақынырақ келсеңші, қоштасайық, - депті.
Сонда Қоян:
Eкi құлағым сөзіңде тұр, eкi көзім өзіңде тұр. Ciз етті жақсы көреді дейді жұрт. Сол рас па? – депті.
Рас болғанда қандай? Tiпті, ет жемесем басым ауырады.
Mінe, осыңыз жаман ғой.
Иә, соған өзім де қынжылып жатырмын. Кеше бip тауық жеп едім, оған жаным ашып, жылап та жібердім. Өйткені ол да тipi жүргісі келеді ғой. О, шіркін тipшілік! – депті.
Қоян:
Ciз оны өлтірмей тұрып, ойланып көрдіңіз бе? – депті. Сонда Түлкі:
Мен дәл сол жерде ойлануды ұмытып кетіппін. Жаныма батып, ауырып жатқаным да соның өкініші, - дейді.
Ұмытшақ болған жаман ғой. Мен де содан қорқамын, сондықтан да жортамын, - деп Қоян тұра жөнеліпті.
Достарыңызбен бөлісу: |