Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения


Алматы Гүлзар баққа оранған, Күннен киген бөрікті. Аққудайын таранған Алматы – әсем, көрікті. Т. Молдағалиев Қазақ тілі



бет72/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

Алматы

Гүлзар баққа оранған, Күннен киген бөрікті. Аққудайын таранған Алматы – әсем, көрікті.


Т. Молдағалиев
Қазақ тілі
Қазақ тілі – ата-анаң,

Қуат алар Отан да одан.


Дүниенің бар асылы
Тең келмейді ешбір оған.
Ө. Ақыпбеков



Жаңа жыл келді

Аспан жерге төгеді, Ақ


күмісін уыстап. Жаңа
жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі де әзір.
Кел, Жаңа жыл біздерге,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!


Сағи Жиенбаев


Көбейсін жасыл көшелер Үйеңкі, терек, қарағай Бойлай өсті күн сүйіп.

Көшеміз де жағалай, Жасыл шапан тұр киіп. Көкке қарай бойласын, Терең тартып тамырын. Көк желекке орансын, Менің туған ауылым




М.Зайтов


Шырша

Жасыл шырша төрдегі


Дейді: «Бәрің көр мені!»
Кеткен әсем құлпырып,
Ойыншықтар тұр тұнып.
Түрлі түсті шамдары –
Түнде ғажап жанғаны.
Көргендерді елітеді

Керемет бip epтeгi.


Е. Ерботин


Қарағай

Көкке бойын созады, Көпке қолын созады. Кең құшағын ашады, Көлеңкесін тосады.


Көк қарағай,қарағай, Мейірбанды анадай.


М.Әлімбаев


Ақ қайың

Алатауды бөктерлей, Өседі ылғи ақ қайың. Жапырағы көкпенбек, Жайқалады жаз сайын.


Н.Әлімқұлов

122



Ботақан

Мен – Ботақан, Ботамын, Ойсыл қара –Атамның Ұрпағына жатамын. Ойнақтаймын баладай, Жалғаз қалсам далада-ай, Боздап дауыс қатамын.




Е.Өтетілеуұлы


Құлыншақ

-Мен - Құлыншақ,


Құлыншақ,
Әрбір жерге ұрыншақ.
Желбіретіп тұлымшақ,
Шапқылаймын күнұзақ.
Өсіп, тұлпар боламын,
Бас бәйгені аламын!


Е.Өтетілеуұлы
Танысу


Төрт-түлік
Түйе – малдың үлкені,
Жылқы – малдың үркегі.
Сиыр – малдың сүттісі,

Қой – түліктің құттысы.


С.Қасиманов


Қошақан
Мен – Қошақан,

Қошақан,
Момақанның өзімін.


Қойдан бөлек лақпаймын,
Секірмеймін лақтайын –
Жетеді оған төзімім!
Е.Өтетілеуұлы



Түйе
-Ал, балалар, таныдың ба?
Жүрер жерім Қарақұмда.
Шопандардың жүгін артып,

Құм ішімен кетем тартып.


Боташым бар, тайлағым бар,
Сонда болам қайда құм бар.
Жантақ жеуді сүйемін ғой,
Мен кәдімгі түйемін ғой.


Құлын

Құр-у, құр-у, құлыным, Құрығыма түсе ғой. Тазасын жеп сұлының, Мөлдір судан іше ғой.




Ұ.Есдәулетов


Жылқы:

Білемісің жайын малдың, Өзім қыстай жайыламын. Қызығыңдар, қызығыңдар, Қымыз десең қымызым бар.




Қошақан

Кіп-кішкене момақан Қошақанды ұнатам. Сүйеді апам «қозым» деп, «Қошақаным- өзің» деп!




Ботақаным-бөбегім Қара көзің мөлдіреп, Қызықтырмай қоймайды. Жібек жүнің үлбіреп, Қарасам көз тоймайды.


І.Жансүгіров


Ақ лақ
Ал лақ-ау, ақ лақ,
Неге тұрсың маңырап?


Сиыр
Сүтке тоймай қалдың ба?
Сабыр етші азырақ,
Тойдырайын қазір-ақ.
-Саусаң селдей, Сүтім көлдей.

123


Желмен бірге жарысамын, Өздеріңмен танысамын. Бағын ашқан кең даланың, Жылқы деген мен боламын.


Бұзауқан

Сүтке қарның тойынса-ақ, Ойнақтайсың ойын сап. Шап, құмарың тарқасын, Түрулі ғой мойыншақ.


Шапқыламай жүрмейсің, Ойлы-қырға бірдейсің. Шөпті иіскейсің тұра қап, Ал жайыла білмейсің.


Әлі-ақ өсіп толасың, Дәу тайынша боласың. Сүт емуді қоясың, Балаусаға тоясың.


Н.Айтов
Балдан тәтті қаймағым бар, Қай түлікпін, ойланыңдар. Жақсылыққа үйірмін ғой, Мен кәдімгі сиырмын ғой.
А.Шаяхметов




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет