С 89 Сүлтанов М.Ә., Ёрбасова А. А. Фармакология



Pdf көрінісі
бет143/280
Дата20.11.2023
өлшемі8,77 Mb.
#192294
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   280
Рһіһогоіһапит - фторотан
(Б): 50 мл флаконда - жағымды иісі бар
жанбайтын ұшқыш сұйықтық, жарылмайды, эфирден белсенділігі 3 есе
жоғары, наркотикалық әсерінің кеңдігі үлкен, наркоз жеңіл басқарылып,
жедел наркотикалық әсер көрсетеді (3-5 мин. соң), эфирге қарағанда қозу
кезеңі мүлдем жоқ, оянуы мен наркоздан кейінгі ұйқы қыск,а. Фторотан
шырышты қабықшаны тітіркендірмейді, бөздердің секрециясын тежейді
және едәуір миорелаксациялық әсері бар. Бірақ фторотанның
анальгетикалық белсенділігі әлсіз, кезбе жүйкесі тонусының жоғарылауына
байланысты тыныс алудың тежелуіне, гипотонияға, брадикардияға алып
келеді (алдын алу үшін атропин енгізіледі), жүректің катехоламинге
сезімталдығын жоғарылатады, сол себептен АҚ-ы жоғарлату үшін
адреналин мен норадреналинді енгізуге болмайды (аритмия, гіпті қарынша
жыпылықтауын (фибриляциясын) тудыруы мүмкін), АҚ-н жоғарылату үшін
мезатон қолданылады. Фторотанды бауырдың органикалық зақымдалуында
қолдануға болмайды.
Фторотан миометрия тонусын төмендетіп,
босанғаннан кейінгі жатырдан қан кетуді күшейтеді.
Метоксифлуран
- фторотан мен эфирге қарағанда белсенділігі
жоғары, бірақ қозу кезеңі үзақ. Жанама әсері фторотанға үқсас, бірақ
миометрияның релаксациясын шақырмайды, Айқын анальгетикалық
белсенділігі бар.
Трихлорэтилен
- наркотикапық әсері жағынан метоксифлураминге
үқсас, бірақ әсері тез басталып, тез аяқталады (2-3 минуттан соң), күшті
анальгетикалық әсері бар.
Энфлураин, изофлуран, десфлуран
- қүрамында фторы бар
анестетиктер. Әсері фторотанға үқсас, миорелаксациясы айқын байқалған,
барлық жанама әсерлері аз байқалады.
Флороксен
- наркозға енуі және одан шығуы тез, бірақ қаңқа бұлшық
еттерінің босаңсуы жеткіліксіз, түтанғыш препарат.
Хлороформ
- қазіргі таңда қолданылмайды, еріткіш және экстрагент
ретінде пайдаланады.
130
Хлорэтил
- улы, наркоз үшін қолданылмайды, қайнау температурасы
төмен (12 °С), криотерапия үшін жергілікті қолданылады - теріге енгізгенде
сапқындату мен сезімталдықтың төмендеуін тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет