дұрыс жазылмаған рецептер дәріханада қапып, «Рецепт жарамсыз» деген штампымен күші
жойылады, арнайы журналға тіркеліп, ол туралы ақпарат тиісті емдеу-
сауықтыру ұйымының басшысына 3 күн аралығында хабарлануы тиіс.
Қүрамында улы және наркотикалық дәрілік заттары бар дәрі-
дәрмектерді, сондай-ақ этил спиртін дәріханадан алуға емдеу-сауықтыру
үйымдарының
талабы латын тілінде жазылады. Емдеу-сауықтыру
ұйымдарының улы және наркотикалық дәрі-дәрмектерге, этил спиртіне
талаптары үйым басшысының немесе оның емдеу бөлімі бойынша
орынбасарының қолы мен мөрі, штампы бар бөлек бланкіге жазылуы тиіс.
Тапсырыста бөлменің немесе бөлімнің атауы; спирттің концентрациясы
(егу үшін, сыртқа қолдану үшін, ішке пайдалану үшін, көз тамшылары және
т.б.) міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Тіс дәрігерлері стоматологиялық бөлмеде қолданылатын, тек қана
төменде көрсетілген улы- және күшті әсер ететін заттарға езі қол қойып,
талаптар жаза алады
(оларды емделушінің қолына беруге қуқығы
жоқ); - адреналиннің 0,1% ерітіндісі (ампулада, түп нұсқауы бар орамда);
- амилнитрат (ампулада);
- йодоформ (ұнтақ, паста, эмульсия түрінде);
- кокаин (паста түрінде);
- мышьякты ангидриді (қүрамы 50% дейін паста түрінде);
- новокаин (таза түрінде, қүрамы 4% дейін ерітінді түрінде, ампулада);
- күміс нитраты (кристалл және ерітінді түрінде);
- үш хлорлы сірке қышқылы (таза түрінде);
- фенол (таза және басқа заттармен қоспа түрінде);
- хлороформ (ампулада);
- хлорэтил (ампулада);
- диэтилді эфир (таза түрінде);
Кокаинге
(паста түрінде), мышьякты ангидридке (қүрамы 50% дейін
паста түрінде) және күміс нитратына
(кристалл және ерітінді түрінде) тапсырыстар тіс дәрігерінен басқа мекеме
(бөлім) басшысының немесе
оның орынбасарының қолымен куәландырылуы қажет.