С 89 Сүлтанов М.Ә., Ёрбасова А. А. Фармакология



Pdf көрінісі
бет247/280
Дата20.11.2023
өлшемі8,77 Mb.
#192294
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   280
Іасііпит • лактин;
100
және 200 ӘБ флакон қүрамын 2-4 мл инъекцияға
арналған суда ерітіп, тәулігіне 1 -2 мл-ден б/е енгізіледі, ЛТГ-ға (лактотропты
гормон, пролакшн) сәйкес келеді. Босанғаннан кейінгі лактацияны күшейту
үшін және гипогалактияда (сүт бөлінуінің азаюы)
 қолданылады.
Пролактин секрециясының ингибиторы
 бромокриптин (парлодел)
мен
лизурид (лизенил)
болып табылады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен
соматотропты гормонының және пролактиннің секрециясын азайтады.
Акромегалияда, гастро-энтеропанкреатиндік жүйенің эндокриндік
ісінулерінде, сүт безінің қатерсіз ісігінде, етеккірдің бүзылуында және
бедеулікте
 крлданылады.
б) Гипофиздің ортаңғы бөлігінің препараттары
Іпіегтесііпит - интермедин
: 0,05
және 0,1 флаконда, 1 -2 мл еріткіште
ерітеді; кез тамшысы - 3 тамшыдан; 0,2-0,3 мл 3 күнде 1 рет көздің кілегей
қабығының астына инъекциялау үшін белгіленеді. Көздің көру қабілетінің
өткірлігін арттырып, қараңғыға бейімделуін жақсартады. Көздің торлы
қабығының дегенеративті өзгеруінде, гемералопияда, жоғарғы дәрежелі
миопияда және т.б.
 қолданылады.
Пигмент алмасуын реттейтін
меланоформды гормонға сәйкес келеді.
в) Гипофиздің
артқм белігінің
 препараттары.
Окситоцин, питуитрин
(«Миометрияға әсер ететін дәрілер»
тақырыбына қараңыз) жатырдың бұлшық етін жиырады, Босанудың
әлсіздігінде қолданылады.
Асііигесгітіт - адиурекрин
(құрғақ питуитрин) (Б): 5 мл флаконда
(1 мл-де - 20 ӘБ бар)-2-3 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет қант диабетіне,
энурезде, мүрын қуысына енгізу үшін
 белгіленеді.
Гипертониялықауруларда
юолдануға болмайды.
Себебі, қүрамында ағзада сүйықтықты үстап қалатын,
АҚ жоғарылату қабілеті бар антидиуретикалық гормон вазопрессин бар.
221




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет