18
9 дәріс.
Қазақтың ауызша тарихы – тарихи дерек.
1. Халық ауыз әдебиеті – тарихи дерек.
2. Шежіре – тарихи дерек.
3. Жылнаманың тарихи дерек ретіндегі ерекшелігі. Жылнама жазу тарихы.
Негізгі кезеңдері. Хронографтар. Ортағасырлык деректер арасындағы
жылнамалардың орны мен маңызы.
Дәріс тезистері:
Ауыз әдебиеті – халықтың ғасырлар бойы ауызша
шығарып, сақтап келген рухани асылқазынасы. Ауыз әдебиеті ағылшының
фольклор сөзімен қатар қолданыста жүр. Folk – халық, Iore- оқулығымен деген
мағына білдіреді. Бұл термин 1843ж. Ағылшын археологы Джон Томсом ойлап
тапты. 1879 жылдан бері ресми айналымда. Ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ,
жаңылтпаш, батырлар жыры, аңыз әңгімелер, өлең жырлар жатады. Бұлар
халықтың ортақ туындысына айналып отырған. Бұл ұзақ процестерге созылған.
Қалыптасуына тарихи жағдайлар себеп болды. Бұлардың әрқайсының шығу
тарихы хронологиялық жағынан халықтың тарихы, санасы тұрмыс тіршілігі,
орнын білдіреді. Сондықтан ауыз әдебиеті деректердің қатарынан орын алады.
Ауыз әдебиетінің жанырлары: Ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, тұрмыс-салт
өлеңдері- жырлары, шешендік сөздер, эпостар, айтыстар, өлеңдер.
Ертегі – халықтың шығарған көркем әңгімесі. Ол қола дәуірінен басталып,
қазіргі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Бұлар, қиял-ғажайып, тұрмыс салт,
жануарлар шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
Миф- Мифология дүние туралы фантастикалық түсінік. Аңызды
зерттейтін ғылым.
Мифология – адамның рухани мәдениетінің алғашқы формасы. Арғы тарих
кезінде пайда болды. Адам қоршаған ортаны түсіну үшін қолданды. Құдай мен
батыр іс-әрекетін айтушы. Аңыз- халық қиялынан туған ғажайып қызық оқиға,
әңгіме. Ел ауызындағы ертегі аңыз. Аты жыр, Халқымыздың мақтанышы батыр
ұл. Мерекелі, Мүшеліңді құттықтап, Сырбайыңның жазған сәлім хаты бұл.
«Естіп ем ел аузынан бір аңызды
Сол аңызды жүрегімен жыр ағызды.
Сырламай сол қалпында ұсынайын,
Кешір дос, олақ айсақ мына бізді» М.Әлімбаев.
Аңыз болды. Жақсы атағымен ел арасында тарады, жайылды. Аңыз етті.
Белгілі бір оқиғаны, жағдайды әңімелеп айтты. Аңыз қылды. Әңгіме етті,
сөйледі.
Мақал-мәтел. Мәнді-мағыналы аз сөзді жеткізу. Үлкен ойды жеткізу. Мақал-
мәтел – дегеніміз халықтың нақыл сөздері, белгілі бір-ойды ықшам түрде,
ұғымды өткір айтып, беретін сөз. Мақал-адам өмірінің тәжірбиесінен туған,
қоғамдағы сан қилы құбылыстарға берілген баға, қорытынды, түйін. Бұлардың
тақырыптары әр түрлі.
-
Білім
және ғылым туралы;
-
Еңбек туралы;
-
Ерлік туралы;
19
-
Адамның қасиеттері.
Тұрмыс-салт өлеңдері жырлары.
Ортағасыр тарихының аса маңызды жазба деректерінің бір тобын
құрайтын жылнамалар жайлы, әр халықтың даму ерекшеліктеріне қарай
олардың тарихи дерек көздерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
Жылнаманың тарихи дерек ретіндегі ерекшелігі. Жылнама жазу гарихы.
Негізгі кезеңдері. Хронографтар. Ортағасырлык, деректер арасындағы
жылнамалардың орны мен маңызы.
Жылнаматану ғылыми проблема ретінде. Жылнамаларды жариялау.
Жылнамаларды ғылыми зерттеу. А.А Шахматовтың (186-1920) жылнаматану
ісіне қосқан үлесі мен пайдаланған тәсілдері. Қазіргі жылнаматану
проблемалары жылнама жазушылықтың бастапқы кезеңін қалпына келтіру,
жылнаманың шынайылық проблемасы, жылнаманың өкілеттілік проблемасы.
Достарыңызбен бөлісу: