С. А. Оданова, Қ. Е. Молдабаева


Нәтижелер мен талқылаулар



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата24.10.2023
өлшемі307,27 Kb.
#188247
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3830-1-7985-1-10-20220416
Ш.Айтматов-және-қазіргі-түркі-әлемі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨЖ, Blank Company Profile Business Presentation in Red Maroon White Geometric Style, Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты м-emirsaba.org (2), Әкімбек Лашын ҚМЖ, Диссертация Сайбекова НУ, Айдар Назерке ғылыми мақала, СӨЖ- Әкімбек Лашын 313, Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org (1), Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org
Нәтижелер мен талқылаулар
Жоғарыда сипатталған жалпы білім берудегі 
элктронды ресурстарды қолдану жолдары, 
ғаламтордағы желілердің мүмкіндіктерін пай-
даланудың жолдарының сипатталуы көбінесе Ре
-
сей ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан, 
ал Қазақстандағы тіл білімін оқытудағы элек
-
тронды контентті қолдану туралы сөз қозғайтын 
болсақ, ең алдымен Ахмет Байтұрсынұлы 
атындағы Тіл білімі институты даярлаған Қазақ 
тілінің ұлттық корпусына тоқтала кетуді жөн 
көрдік. 
Корпустың мәтіндік базасы отыз миллион 
сөзқолданысты құрайды және мәтіндер көркем 
стиль, ғылыми стиль, публицистикалық стиль
қағаз стиль және сөйлеу стилінен тұ рады, со
-
нымен қоса көркем әдебиет стилінде жазыл-
ған мәтіндер қазақ жазушыларының шығар-
маларынан құрастырылып, проза және поэзия 
жанрларына бөлініп, жеке суб корпус құрайды
Корпустан керекті сөзді іздеу барысында 
көптеген электронды бағдарламалар қызмет 
атқарады: қажетті сөздер мен сөйлемдер тобын 
ұсыну немесе конкорданс, лемматизация не
-
месе сөздің формасын түбір, қосымшаға бөлу, 
лингвистикалық морфологиялық, сөзжасамдық, 
лексикалық, фонетикалық, семантикалық бел-
гіленімдер енгізуге арналған бағдарламалар 
қамтылған.
«Сандық білім беру» термині білім берудің 
әдіс-тәсілдері, бағыт – бағдарына жаңа ақпа-
рат тық және коммуникациялық медианың 
қосылуын білдіру үшін қолданылатын соңғы 
сипаттама термин ретінде көпшілікке таныс 
(Goodfellow R., 2011:131). Қазіргі ақпараттық 
тех нологиялардың өркендеген дәуірінде ғылы ми 
стильде жазылған құжаттар толтыру барысын
-
да ізденуші ең алдымен интертеттің көздеріне 
жүгінетіні бәрімізге белгілі, сол кезде түйіндеме 
болсын, рецензия, реферат болсын немесе басқа 
да ресми құжаттардың жазылу жолдары жалпы 
көрсетілгенімен, қазақ тілінде олардың жазылу
-
ына сатылай берілген ақыл-кеңес, модель, ша
-
блондар жоқтың қасы.
Егер де академиялық жазылымның барлық 
түрлері шаблондалып, модельденіп, интернет 
сайттарында көрініс тауып, youtube каналынан 
жазылу үлгісін үйрететін сабақтар қамтылған 
бағдарламалар жүктелсе, академиялық жа
-
зылым дағдыларын қалыптастыратын дай
-
ын құрылымдарға салынған конструкторлар 
көпшілікке ұсынылса, қазақ тілінде ізденіс 
жүргізетін тұлғаларға өте тиімді болар еді.
Жас ғалымдарға ғылымды теориялық 
тұрғыдан үйрету жеткіліксіз, оларға ғылымды 
меңгерудегі дағдыларды дамытуға көмектесу 
керек (Barrass R, 2012:4). Егер де жоғары да 
аталған іс-шаралар іске асатын болса6 мектеп 
қабырғасында білім алып жүрген оқушылар 
желіде ұсынылған бағдарламалар модель
-
дер, шаблондар мен конструкторлар арқылы 
өздерінің ғылыми стильде жазу дағдыларын 
қалыптастырып, ғылыми сауаттылықтарын 
арттырар еді, мәселенің ғылымға тигізетін пай
-
дасы жәйінда сөз қозғасақ, ғылыммен айналы
-
сып жүрген бакалавр және магистрлік бөлім 
студенттерінің ізденістерін жеңілдетіп, олардың 
зерттеу объектілеріне көбірек көңіл бөлулеріне 
мүмкінді берер еді.
Студенттер мен магистранттар веб-негіз-
делген технологияларға еніп кеткені сонша, олар 
академиялық оқу және эссе жазу сияқты дәстүрлі 
оқу тәжірибесімен айналысуда қиындықтарға 
тап болады деген алаңдаушылық жиі көтеріледі. 
Сонымен қатар, веб-негізделген оқу ортасын, 
әлеуметтік желілердің әлеуетін, цифрлық және 
мобильді технологиялардың мүмкіндіктерін 


145
Академиялық жазылымның зерттелу деңгейі және электронды контент жасаудың өзекті мәселелері
орнымен пайдалана білсе, академиялық сауатт-
ылықтың артуына жағдай жасалар еді (Lea M.R., 
Jones S, 2010:377).
Академиялық жазылым түрлерін модельдеу, 
желілік конструкторлар жасау, тілдік шаблон
-
дар жасау, тегін сайттар мен желідегі каналдар 
тек білім-ғылымға ғана емес, сонымен қоса
қоғамға да пайдалы болмақ, нақтырақ айтсақ 
ғылыммен айналыспайтын тұлғалардың да ара – 
тұра ғылыми стильде құжат толтыратын кездері 
болады, сол кезде олар әрине, ең алдымен интер
-
нет көздеріне жүгінеді, егер интернет желісінде 
академиялық жазылымға байланысты барлық 
ақпараттың моделі ашық қолданыста тұрса, 
еңбек адамдары уақыттарын үнемдеп, қажетті 
құжаттарын дұрыс толтыруға мүмкіндік ала ала
-
тын еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет