С. А. Оданова, Қ. Е. Молдабаева



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата24.10.2023
өлшемі307,27 Kb.
#188247
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3830-1-7985-1-10-20220416



© 2022 Al-Farabi Kazakh National University 
ISSN 1563-0323, eISSN 2618-0782 Филология сериясы. №1 (185).2022 https://philart.kaznu.kz
136
ҒТАМР 16.01.21 https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph14
 
С.А. Оданова
, Қ.Е. Молдабаева*
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ
*e-mail: k.moldabaeva@aues.kz
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ
ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ КОНТЕНТ ЖАСАУДЫҢ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Академиялық жазылым Қазақстан білім кеңістігіне жаңадан еніп, дамып жатқан ғылым 
саласы болғандықтан, еліміздің кейбір ғалымдары академиялық жазылымның теориялық және 
практикалық негіздеріне зерттеу жүргізгенімен, оның қарастыратын мәселелері, соның ішінде 
қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңде интернеттің мүмкіндіктерін 
қолдана отырып, электронды контентін жасау мәселелері, академиялық жазылымды электронды 
ресурстарды қолдана отырып үйрету мәселелері ізденістерді қажет етеді. Осы мәселеге көшпес 
бұрын алыс, жақын шет елдердің ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып, оларға шолу 
жасай отырып, академиялық жазылымның шет елдерде, көршілес Ресей мемлекетінде зерттелу 
деңгейі, жеке пән ретінде қалыптасуы, тарихы, оқыту әдістемелері мақалада сапатталады. 
Осы орайда мақалада И.Б. Короткина, И.Н. Минеева, И. Квитсиния, Л.А. Милованова сияқты 
Ресей зерттеушілерінің жұмыстарына шолу жасалады. Академиялық дискурстың шет елдерде 
қолданысының деңгейін саралау мақсатында Merton R. K., Beavis C., Green B., Beavis C., Kress G. 
A., Snyder I. Және тағы бірқатар зерттеушілердің жұмыстары қарастырылады. Сонымен қоса
Қазақстандағы академиялық жазылымның қалыптасу тарихын, оның алғышарттарын анықтау 
мақсатында Р.Сыздықованың, Б. Әбілқасымовтың еңбектеріне шолу жасалып, XIX ғасырдың 
екінші жартысында негізі қаланған, қазіргі академиялық жазылым бастау алған ғылыми стиль 
тарихына тоқталамыз. Қазіргі таңда елімізде академиялық жазылым салаларын зерттеп, оның 
теориялық және практикалық қырларын айқындап жүрген отандық ғалымдар Е.Т. Оспановтың, 
Б.Б Динаева, С.М. Сапиналардың еңбектері зерттеліп, қазақ тілінде академиялық мәтін 
құрастыру жолдары, ғылыми зерттеу жұмыстарын жазу кезеңдері, академиялық мәтіннің басты 
жанрлары, эссе, аннотация, пікір, түйін, рецензия, курстық жұмыс, магистрлік жұмыс, докторлық 
диссертация жазу жолдары сипатталады. 
Қорыта келе, жазылым, оқылым мәселелерін электронды түрде оқыту мақсатында Ресей 
зерттеушілері И.Н.Розина, Ю. Е. Буттың академиялық жазылымды оқытудың электронды 
контенті жәйлі зерттеулері талқыланып, электронды ресурстарды пайдалана отырып еліміздің 
ғылыми кеңістігіне енгізу жолдары баяндалады.
Түйін сөздер:
академиялық жазылым, web ресурстар, тілдік шаблондар, тілдік конструктор-
лар, электронды оқу құралдары, ақпараттық технологиялар.
S.A. Odanova, K.Е. Моldabayeva*
Kazakh national women’s teacher training university, Kazakhstan, Almaty 
*e-mail: k.moldabaeva@aues.kz


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет