Жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып оқушылардың Сабақ беру - үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер. Ж. Аймауытов Бүгінгі таңда мемлекетіміздің білім жүйесінің стратегиялық мақсаты - берген білімді, дағдыларды меңгеретін, бәсекелестік қабілеті мол, шығармашылық бағытта жұмыс істей алатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Еліміздің ертеңгі тағдыры – жас ұрпақтың қолында болса, жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Ендеше, мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіре отырып , балаларға сапалы да терең білім беру арқылы оқу- тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету – біздің басты мақсатымыз. - - Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі бәрімізге белгілі. Кез-келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Ал оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологиялардың басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауына сыни тұрғыдан ойлау немесе сындарлы оқыту көп көмегін тигізуде. Себебі қазіргі таңдағы оқушы
-
- Қазіргі оқушы:
- Шыдамды, тапқыр;
- Дарынды, белсенді;
- Ізденімпаз, талапты;
- Өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек.
- Осы талаптарды ескере отырып, өз пәнім тарихты оқытуда жаңа сабақты оқушының санасында ой туғызып, білуге ынтасын арттырып, алдағы уақытта өз бетінше жұмыс жасауына жағдау туғызуға. Ең бастысы, сабаққа шәкіртті қызықтырып, тарта білу, жаңаны көрсете білу, оқушының ойын оята білу, ойланта білу керек деп санаймын. Өз бетінше жұмыстың ең жиі қолданылатыны, әрі ең тиімдісі – оқулықпен жұмыс істей білу. Тиімді пайдаланған көркем әдебиет, оқушылардың ақыл-ойын, адамгершілігін, эстетикалық таным – сезімін дамытуға, өздігінен ізденуге мүмкіндік береді.
Ең алдымен бүгінгі тақырыптың мақсаты мен міндеттерін оқушыларға ашық түсінікті етіп жеткізуге тырысамын яғни жоспарлаймын. Бәрімізге белгілі сабақтың кезеңдері бар, міне сол кезеңдерді өзіме көмекші етіп аламын. Яғни Ұйымдастыру кезінде сәлемдесіп, түгелдеп алған соң «Қызығушылықты ояту» арқылы оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.Сондықтан да,сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан бастаймын. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, дләптеріне жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Осы кезеңге «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» «Білім шеңбері» сияқты әдістерімді қолданып жүрмін. - Ең алдымен бүгінгі тақырыптың мақсаты мен міндеттерін оқушыларға ашық түсінікті етіп жеткізуге тырысамын яғни жоспарлаймын. Бәрімізге белгілі сабақтың кезеңдері бар, міне сол кезеңдерді өзіме көмекші етіп аламын. Яғни Ұйымдастыру кезінде сәлемдесіп, түгелдеп алған соң «Қызығушылықты ояту» арқылы оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.Сондықтан да,сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан бастаймын. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, дләптеріне жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Осы кезеңге «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» «Білім шеңбері» сияқты әдістерімді қолданып жүрмін.
Жаңа сабақты бастамас бұрын «Мағынаны ажырату» стратегиясы яғни оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі электронды оқулықты қолдана отырып ой қозғау немесе суреттер көрсету арқылы миға шабуыл жасау әдістерін жиі қолдана отырып жаңа тақырыпты кеңінен ашып талдау үшін жұптық немесе топтық тапсырмалар бергенде «Тыңдап отырған үштік», «Өкіл» әдісін қолданып жүрмін бұл кезде оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп, сұрауға әзірленеді.алған ақпаратты қорыту үшін «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегияларын әр сабақтың ерекшелігіне қарай қолданамын. - Жаңа сабақты бастамас бұрын «Мағынаны ажырату» стратегиясы яғни оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі электронды оқулықты қолдана отырып ой қозғау немесе суреттер көрсету арқылы миға шабуыл жасау әдістерін жиі қолдана отырып жаңа тақырыпты кеңінен ашып талдау үшін жұптық немесе топтық тапсырмалар бергенде «Тыңдап отырған үштік», «Өкіл» әдісін қолданып жүрмін бұл кезде оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп, сұрауға әзірленеді.алған ақпаратты қорыту үшін «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегияларын әр сабақтың ерекшелігіне қарай қолданамын.
Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуында сыни тұрғысынан ойлай білуінің ықпалы зор: бірлескен әрекеттер арқылы құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеялар ұсынып, қорғауға мүмкіндік алуы оқушы белсенділігін арттыруда өз тиімділігін көрсетеді. - Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуында сыни тұрғысынан ойлай білуінің ықпалы зор: бірлескен әрекеттер арқылы құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеялар ұсынып, қорғауға мүмкіндік алуы оқушы белсенділігін арттыруда өз тиімділігін көрсетеді.
- Қорытындылай кезе топтық жұмыстың тиімді жағы оқушылар өз ойын жеткізе білуге, ізденімпаздыққа, өздерінің ескі білімдері мен жаңа сабақты ұштастыра білуге үйренеді, балалардың танымдық қабілеттерін дамытады, білім сапасын арттырумен қатар, ақыл-ой, шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін өте тиімді.
Сабақты қорытындылау кезінде «Қар үйіндісі» немесе Ойлан тап! «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап» әдістерін пайдаланамын бұл тақырыпқа байланысты сұрақтар болуы мүмкін немесе тест тапсырмаларын аламын. - Сабақты қорытындылау кезінде «Қар үйіндісі» немесе Ойлан тап! «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап» әдістерін пайдаланамын бұл тақырыпқа байланысты сұрақтар болуы мүмкін немесе тест тапсырмаларын аламын.
- - Өз сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау стратегияларының көрініс табуын үнемі жоспарлап отырамын. «Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы сұхбат алудан бастадым. А оқушы В оқушыға 2 сұрақ қойып, жауап алады. С оқушы оларды қағаз бетіне түсіріп отырады. Осы арқылы оқушылар өздерінің тақырып бойынша не білетіндіктерін еске түсірді. Жазғанын көршісімен алмасып, бір-бірінің жұмысында қалып қойған қасиеттерді толықтырды. Тағы бір әдіс РАФТ деп аталады бұндада оқушылар өз ойларын сан қырларына аша алады. Сондай ақ шағын эссе жазудыңда көмегі көп тиуде.
Сабақ барысындағы суретте Тиімсіз жағы балалардың бәрі бірдей қол жеткізуге болатындай психологиялық көзқарастарының қалыптасуы, яғни біздің топта барлығы ат салысты, айтты, білді дегендей. Топ арасындағы бақталастық күшиуі мүмкін, біздің топ басшымыз қабілетті жақсы ұйымдастыра алады немесе топ басшысының асыра көтермелеп бағалауы мүмкін. - Тиімсіз жағы балалардың бәрі бірдей қол жеткізуге болатындай психологиялық көзқарастарының қалыптасуы, яғни біздің топта барлығы ат салысты, айтты, білді дегендей. Топ арасындағы бақталастық күшиуі мүмкін, біздің топ басшымыз қабілетті жақсы ұйымдастыра алады немесе топ басшысының асыра көтермелеп бағалауы мүмкін.
- Шешу жолы ретінде маған нақты бір қадамға баруға тура келді, яғни бағалауға келіп отырмыз. Бұл әрене білім сапасына әсер етеді. Тарау соңында 5-6 сыныптар үшін көп нұсқадан тұратын тест тапсырмаларын аламын 25 сұрақтың нақты шкаласы бойынша.
- Деңгейлік жеке тапсырма беремін. Үй тапсырмасын түрлендіріп беремін.
- Сосын формативті балау арқылы баланы ынталандырып жігерлендіремін
Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі. Сол сияқты оқыту мен оқуға өзгеріс енгізіп, нәтижесін көру бірнеше сатыдан тұратын күрделі процесс. Әр мұғалім жұмыс тәжірибесінде орын алған оң өзгерістерді жүйелі түрде өз әріптестерімен бөлісе отырып, олардың да тәжірибесіне өзгеріс енгізуге үлес қосып отырса, заман талабына сай, қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қалыптастыра алады деп ойлаймын. Сондықтан, ұстаздар қауымы үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса, жаңашылдыққа жақын болып, өзгелердің үлгісін өз ісінде шеберлікпен пайдаланып, түрлендіріп отырса – білім берудегі жетістігі сол болмақ. - Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі. Сол сияқты оқыту мен оқуға өзгеріс енгізіп, нәтижесін көру бірнеше сатыдан тұратын күрделі процесс. Әр мұғалім жұмыс тәжірибесінде орын алған оң өзгерістерді жүйелі түрде өз әріптестерімен бөлісе отырып, олардың да тәжірибесіне өзгеріс енгізуге үлес қосып отырса, заман талабына сай, қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қалыптастыра алады деп ойлаймын. Сондықтан, ұстаздар қауымы үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса, жаңашылдыққа жақын болып, өзгелердің үлгісін өз ісінде шеберлікпен пайдаланып, түрлендіріп отырса – білім берудегі жетістігі сол болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер: - Пайдаланылған әдебиеттер:
- Мұғалімге арналған нұсқаулық ,IІІ деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.
- Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» Алматы.
- Электрондық ресурс: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі үлгісі. http://go.mail. ru.
Мұғалімдердің тәжірибелерін атап өтетін болсақ. - Оқулық материалы мен қосымша әдебиеттерден алынған әсерлі, нақты материалды дұрыс, үйлесімді пайдалану.
- Тарихи ұғымдардың белгіленген айырып көрсету және жинақтау үшін сабақты танымдық сұрақтар мен тапсырмалар және көрнекілік пайдаланумен кеңейту.
- Бүкіл сыныптың ұжымдық топ, топтама түрде жұмыс істеуін оқушылардың өзіндік жұмысымен ұштастыру.
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, танып білу ықыласын дамыту үшін, әрбір сабақ сайын әр түрлі тәсілдерді және оқу құралдарын пайдалану.
- Оқушылардың өзіндік жұмысын, әсіресе хабарлама, реферат дайындап келуін жиі қолдану.
- Сабақта мұғалім оқушыларға білім береді, тәрбиелейді, ой-өрісін, таным қабілеттілігін қалыптастыру
- Тақырыбы:Қазақ хандығының құрылуы
- Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін мекендеген қандас, туыс ру-тайпаларының өзара экономикалық, мәдени және саяси қарым-қатынастары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген тілектері нәтижесінде дүниеге келген тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылу тарихы оқушылардың білімдік сапасын арттырады. Қазақ хандығының құрылуы тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман-тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
- Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
- Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру үшін сабақ барысында көрнекі құралдар пайдаланып, пікір сайыстар, ойындар ұйымдастырып отыру.
- Базалық ұғым: Қазақ хандығының құрылу ерекшеліктері.
- Тірек ұғым: Тұңғыш қазақ мемлекетінің шаңыраған көтерудегі Керей, Жәнібек хандар мен халықарасынан шыққан би, батыр, жыраулар рөлі.
- Көрнекі құралдар: Қазақ хандығының картасы, Жәнібек, Керей портреттері, түрлі кестелер, дөңгелек шеңберлер, ВЕНН диаграммасы.
- Сабақтың түрі: Ойын сабағы.
- Сабақтың барысы:
- Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру.
- Ой-көкпар.
- “Алтын қақпа” ойыны.
- Математикалық ойын.
- “Сөздік қолдану” ойыны.
- “Цифрлар сөйлейді” ойыны.
- Картамен жұмыс.
- ВЕНН диаграммасы.
-
- Пәнаралық байланыс: география, математика,
- ағылшын тілі.
- 1. Ой-көкпар
- “Қазақ хандығы” мен “Қазақ мемлекеті” топтары бір-біріне үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріп, пікірсайысқа шығып жауап береді. Сұрақты әр топтың басшысы береді, екінші топ жауап береді.
- “Қазақ хандығы” тобы.
- Шыңғысханның шын есімі?
- ХІ-ХІІ ғасырда монғол тайпалары қайда қоныстанды?
- 1218 жылы Шыңғысхан мен Мұхамед Хорезм шах қандай келісім жасасты?
- Моңғолдар Орта Азияны жаулауды қай жылы аяқтады?
- ХІІІ ғасырдың 40 жылдарында Шығыс Дешті – Қыпшақ, Хорезм және Батыс Сібір территорияларының бір бөлігін қамтитын жаңа монғол мемлекеті – Алтын Орда құрылды. Осы мемлекеттің негізін қалаған кім?
- Алтын Орда қай хан тұсында өз атынан теңге шығара бастады?
- Моңғол үстемдігі орнағаннан кейін қалаларда неге рұқсат етпеді?
- XV ғасырдың басында Қазақстан жерінде қандай оқиға болды?
- Қазақ хандығының құрылуына қандай жағдай себеп болды?
- Әбілхайыр ханның үстемдігіне наразы болған қазақ тайпалары қай жаққа қоныс аударды?
- “Қазақ мемлекеті” тобы
- Шыңғысхан тұсындағы Моңғол империясының астанасы?
- Шыңғысханға Баласағұн қаласы неліктен қарсылықсыз берілді?
- Моңғолдар қарудың қандай түрлерін пайдаланды?
- Батый хан құрған Алтын Орда мемлекетінде тұрған халықтың аз бөлігін кімдер құрады?
- Моңғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет?
- Қай ханның тұсында Ақ Орда едәуір нығайып, Әмір Темір агрессиясына батыл қарсылық көрсетті?
- Алтын Ордада басқақтар немен айналысты?
- Моғолстан қай ғасырда ыдырап кетті?
- Осман Кухистанидің шығармасы?
- Қазақ хандығы алғашқы кезде қай жерлерді иеленді?
- Алтын қақпа ойыны
- Ойын екі топқа деңгейлік тапсырма беру арқылы жүргізіледі.
- І-деңгей. “Тас қақпа” (1-топ).
- Түрік қағанаты қай жылы құрылды, тұңғыш қағанын ата?
- Жеке дара билікке жету үшін Шыңғысхан қанша жыл қатаң күрес жүргізді?
- Рабад дегеніміз не?
- І-деңгей. (2-топ).
- ХІ ғасырдың 2-ші ширегінен бастап жазба деректерде “Оғыздар даласы” қалай аталды?
- Қытай деректері бүкіл Моңғолия халқын қалай деп атады?
- Шахристан дегеніміз не?
- ІІ-деңгей. “Күміс қақпа” (1-нұсқа).
- Қытай жолаушылары қай қаланы “Ақ өзен бойындағы қала” деп атады?
- ХІ ғасырдағы түрік тілдес халықтардың аса маңызды тарихи және мәдени ескерткішін ата?
- Моңғолдар Алтын Орда қай толығымен түркіленді?
- ІІ-деңгей. (2-нұсқа).
- ХІ-ХІІ ғасырда қай қалада матамен сауда жасайтын арнаулы орны бар керуен-сарай болды?
- Түрік деректерінде Батый ханның әскерлері қалай аталады?
- Моғолстан орталығы қай қала?
- ІІІ-деңгей. “Алтын қақпа”. (1-топ)
- XIV ғасырда Алтын Орданың ыдырау процесі кезінде Қазақстанда пайда болған себептерді ата?
- Әбілқайыр хандығының құлауына негіз болған себептерді ата?
- Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды. Ол мемлекеттерді ата?
- ІІІ-деңгей. (2-топ)
- Ноғай Ордасы Алтын Ордадан қай ханның тұсында біржолата бөлініп шықты?
- Моғолстан билеушісі Есен-Бұға Жәнібек пен Керей одағына ене отырып, олардың көмегімен неге үміттенді?
- XIV-XV ғасырларда Қазақстандағы феодалдық мемлекеттерде тархандық сый нені білдіреді?
- ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
- Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті, бірақ сол, бұрыңғы-соңғы тарихта орны бөлек екі адам бар десе, бұлар-Керей мен Жәнібек. Бұлардың қайсысы басшы, қайсысы қосшы деуге болмайды. Екеуі де дана, екеуі де ер. Алаштың асып туған ұлдары. Аты жөнімен таратсақ, ежелгі түріктің қият руынан бастау алатын, қазақтың үш жүзіне ортақ төре деген рудан. Аталарын таратып айтсақ:
Қазақ хандығы - Жәнібек пен Керейдің алдына қойған мақсаты.
- Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру.
- Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату.
- Қазақ тайпаларының басын қосып қазақтың этникалық аумағын біріктіру.
- Математикалық ойын
- 4000:2-532= (Әбілқайырханның қайтыс болған жылы)
- 400*3+148= (Моғолстанның құрылған жылы)
- 2800+105-1500= (Әмір Темірдің қайтыс болған жылы)
- 728*2+0= (Қазақ хандығының құрылған жылы)
- 4000+221-3000= (Шыңғысханның Орта Азияны жаулауды
- аяқтауы)
- 500*2+395= (Тоқтамыс пен Темірдің шешуші шайқасы)
- 3800:2+91= (ҚР-ның Тәуелсіздік алған жылы)
- Шұғыл есте сақтау:
- І-түрі. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.
- ІІ-түрі
- Керей мен Жәнібек сұлтандар ................ берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, ..................... қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, ................ жылдары .......... хандығын құрды.
- Тарих пәнінің басты мақсаты-тарихи деректерді, материалдарды оқыта отырып, оқушылардың жан-жақты дами түсуін, өзін-өзі және қоршаған ортасын тани білуін, бағалай түсуін одан әрі шыңдау. Сонымен бұл пәнді жетістіктерге бағытталған жұмыстың міндеттері анық. Пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Қазіргі алатын ақпараттар ағынының жан-жақтылығы мұғалімдер мен оқушылардан білімді тиімді игерудегі әдістемелік жұмыстарын сапалы ұйымдастыруды және оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалануды қажет етеді.
- Оқушының шығармашылық қабілетін тәрбиелеуде бала қызығушылығын оятудың әдіс-тәсілдерімен қатар алуан түрлі тарихи және осы заманғы деректерді жүйелеудің, тұжырымдардың жеке құжаттарды жан-жақты сын тұрғысынан талдай білудің өзіндік тың жолын бала бойына дарыту ұстаздың соңғы технологиялық үрдістерді пайдалануына байланысты. Оқушы қазіргі уақыттағы қоғамның даму мәселелеріне қорытынды жасайды және шығармашылықпен дәйектей отырып, өзіндік тұжырым жасайды.
- Тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттер аса жоғары бағаланған. Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін аброй. Талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу қажет.
- Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде.
- Қазақстан Республкасында қабылданған білім ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру сапасын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған.
- Қазақстан тарихын жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
- Шығармашылық қабілет – бұл бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері – шығармашылықтың нәтижесі. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық педагогиканың негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сапа, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |