С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет137/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық
1 тәрбие сағат, педагогикаБОӨЖ2, Аяжан еңбек қмж, 1513873308, 45 Ремонт воздушных линий, Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары, 7 Дәріс Жабық және ашық механикалық жарақаттар
аморфты таспаларды
өнеркəсіптік өндірудің айрықша эффективті 
əдістері болып табылады. 
7.35 суретте осы əдістердің қағидалық сұлбасы келтірілген. Индукциялық пеште алынған 
балқыма шүмектен бейтарап газбен сығылады жəне айналмалы салқындайтын дененің 
(тоңазытқыш) бетімен жанасқан кезде қатаяды. Ортадан тепкіш жəне дискте шынықтыру 
əдістерінің айырмашылығы – балқыма тек бір жағынан ғана салқындайды. Тоңазытқышпен 
жанаспайтын беттің сыртқы жағының жеткілікті дəрежедегі тазалығына қол жеткізу негізгі 
мəселе болып табылады. 
Сурет 7.35. Балқымадан шынықтыру арқылы жұқа таспаны алу əдістері: 
а
— ортадан тепкіш шынықтыру; 
6
— дискте шынықтыру; 
в
— балқыманы жұқарту;
г — ортадан тепкіш шынықтыру; 
д
— дискте планетарлы шынықтыру; 
1
— балқыма 
311 


Сурет 7.36. Қатайған таспаның дискпен жанасу уақытын ұлғайтуға арналған құрылғы: 
а
— газ ағысын қолдану; 
6
— қыспа белдікті қолдану 
Балқыманы жұқарту əдісі таспаның екі бетінің жақсы сапасын алуға мүмкіндік береді, ол 
магнитті жазба бастиегі үшін қолданылатын аморфты таспалар үшін аса маңызды. 
Шынықтыруға арналған барлық құрылғыларда металл сұйық күйден, айналмалы 
тоңазытқыш бетімен жұқа қабат болып жайылып жылдам қатаяды. 
Қатайған металлдың дискпен жанасу ұзақтығын ұлғайту арнайы құрылғылар көмегімен 
жүзеге асырылуы мүмкін: таспаны дискке қысатын, немесе берилий мен мыс қоспасынан 
жасалған белдік дискісімен бірдей жылдамдықта қозғалатын (7.36 сурет) газ ағысы. 
Осылайша, аморфты таспаның максималды қалыңдығы қоспаны салқындатудың сыни 
жылдамдығына жəне шынықтыру үшін қондыру мүмкіндігіне тəуелді. 
Жұқа 
аморфты сымды
алу үшін балқымадан талшықты созудың түрлі əдістерін 
қолданады. 
Бірінші əдісте (7.37, а сурет) балқытылған металл тұздың су ерітіндісі арқылы дөңгелек 
қима түтігінде созылады. Екінші əдісте (7.37, б сурет) балқытылған металл ағыны айналмалы 
барабанның ішкі жағында ортадан тепкіш күшпен ұсталатын сұйықтыққа құлайды: кейін 
айналмалы сұйықтықтан қатайған жіп оралады. Балқыманы əйнек капиллярда максималды 
жылдам созу жолымен аморфты сым алуға болады (7.37, в сурет). 
А
МОРФТЫ ҚОСПАЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ
.
Аморфты қоспалардың 
химиялық құрамын берілген элементтің құрамын көрсететін цифрлық индексі бар химиялық 
элементтердің символымен белгілейді, % (ат.), мысалы Fe
31
B
13
Si
4
C
2

312 


Металл əйнектің бірегей сипаты физика-механикалық жəне химиялық қасиеттерінде 
көрінеді. Құрылымда кристаллдарға тəн периодтылықтың жоқтығы жоғары беріктіктің
магнитті жұмсақ əрекеттің, аса төменгі акустикалық жоғалтулардың жəне жоғарғы электрлік 
кедергінің себебі болып табылады. Тозғаннан бұзылу жəне металл əйнектер мен кристалл 
металлдардағы магниттелу үдерістері көп жағдайда өте ұқсас. Химиялық біртектілік қышқыл 
ортадағы, сондай-ақ хлор ионы бар қоспалардағы кейбір металл əйнектердің жоғары 
коррозияға шыдамдылығын қамтамасыз етеді. Әйнек тəрізді күйдегі элементтердің шексіз 
дерлік өзара ерігіштігі төменгі температурада электронды тасымал үдерістерін зерттеу үшін 
үлкен қызығушылық көрсетеді. 
Байланыстың металл сипаты салдарынан металл əйнектердің көптеген қасиеттері 
бейметалл əйнектердің қасиеттерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Оларға бұзылудың тұтқыр 
сипаты, жоғары электр- жəне жылуөтімділігі, оптикалық сипаттамалар жатады. 
Аморфты қоспалардың тығыздығы сəйкес кристалл денелердің тығыздығынан 1...2 %-ға 
ғана аз. Металл əйнектер, бағытталған байланыстары бар бейметалл əйнектердің 
борпылдақтау құрылымынан қатты ерекшеленетін, тығыздап буылған құрылымға ие. 
Аморфты металлдар аса берік материалдар болып табылады. Аса беріктікпен қатар, олар 
сығу (50 %-ға дейін) мен бүгу кезіндегі жақсы иілгіштікпен сипатталады. Бөлме 
температурасында аморфты қоспалар
Сурет 7.37. Балқымамен шынықтыру арқылы жұқа сымды алу əдістері: 
а
— балқыманы салқындататын сұйықтық арқылы созу (балқыманы сығу); 
6
— сымды айналмалы барабаннан созу; 
в
— балқыманы əйнек капиллярдан созу; 
1
— 
балқыма; 
2
— салқындататын сұйықтық; 
3
— əйнек; 
4
— бүріккіш; 
5
— сымды орауға арналған құрылғы 
313 


жұқа жұқалтыр шығатындай салқын жұқартуға ұшырайды. Қалыңдығы 25 мкм 
Ni


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет