С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет135/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық
1 тәрбие сағат, педагогикаБОӨЖ2, Аяжан еңбек қмж, 1513873308, 45 Ремонт воздушных линий, Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары, 7 Дәріс Жабық және ашық механикалық жарақаттар

1 — муфтаны кеңейткеннен кейін 
құбырды енгізу
 
307 


нашарламайды. Мұндай типті муфталарды атомды суасты қайықтарының, суүсті кемелерінің 
құбыр желісі үшін, теңіз түбінен мұнайды қайта айдауға арналған құбыр желісін жөндеу үшін 
пайдаланады, сондай-ақ бұл мақсаттар үшін үлкен диаметрлі муфталарды қолданады – 
шамамен 150 мм. Кейбір жағдайларда муфталарды жасау үшін Cu—Zn—Al қоспасын да 
пайдаланады. 
Бұйымдардың жылжымайтын біріктірілуі үшін əдетте шегелер мен бұрандамаларды 
қолданады. Алайда, егер бекітілетін бұйымның қарама-қарсы жағында (мысалы, саңылаусыз 
қуыс денелі құрылым) қандай да бір əрекетті жүзеге асыру мүмкін емес болса, бекіту 
операциясын орындау қиындық туғызады. ҚЖЭ бар қоспадан жасалған тежегіштер бұндай 
жағдайда қалыпты кеңістіктік қайта қалпына келтіруді қолдану арқылы бекітуге мүмкіндік 
береді. 
Тежегіштерді ҚЖЭ бар қоспадан жасайды, алайда бастапқы жағдайда тежегіштің бүйір 
жағы ашық болады (7.33, а сурет). Бекіту операциясын жүзеге асыру алдында тежегішті 
құрғақ мұз немесе сұйық азотқа енгізеді, мұнда ол қажетті дəрежеде салқындайды, одан кейін 
бүйір жағы түзеледі (7.33, б сурет). Тежегішті бекіту үшін жылжымайтын саңылауға енгізеді 
(7.33, в сурет), температураны бөлме жағдайына дейін көтерген кезде қалып қайта орнына 
келеді, тежегіштің бүйірі екіге ажырайды (7.33, г сурет) жəне бекіту операциясы аяқталады. 
ҚЖЭ бар материалдар тек монтаж үшін ғана емес, сонымен қатар апаттық жағдайдағы 
құбыр желісін жөндеу үшін қолданылады (7.34 сурет). Құбырдың жарықшағы бар аумағына 
алынбалы қосымшаны жалғайды, оны сақинаға оралатын шиыршықты таспамен немесе ҚЖЭ 
бар материалдан жасалған сыммен сығады. 
ҚЖЭ бар қоспаларды медицинада пайдалану ерекше қызығушылық оятуда. Оларды 
қолдану емдеудің жаңа эффективті əдістерін жасаудың кең мүмкіндігін ашады. 
Жануарларға жүргізілген арнайы тəжірибелер, Ti—Ni негізіндегі қоспалар 
әдетте 
қолданылатын коррозияға берік болат және кобальтхромды қоспалар дәрежесінде және одан 
да жоғары биологиялық үйлесімділікке ие екенін және биологиялық организмдерде 
функционалдық материалдар ретінде қолдануға болатынын көрсетті.
ҚЖЭ бар қоспаларды ем 
үшін қолдану олардың 
а
 
б
 
Сурет 7.33. Қалып жады эффектісі бар тежегіштің əрекет қағидаты: 
а — г — бекіту реттілігі 
308 


7.34 сурет. Жарықшағы бар құбырда 
жөндеуге арналған құрылғы сұлбасы: 
1
жəне 
4
— қалып жады эффектісі бар 
материалдан жасалған элементтер; 
2
— 
құбыр; 
3
— алынбалы қосымша; I, II, III — 
жинаудың реттілігі 
ұлпамен жақсы үйлесімділігін 
жəне адам организмінің биология-лық 
құрылымымен қабылдамау реакциясының 
жоқтығын көрсетті. 
Омыртқаның туа біткен, əдетпен 
немесе ауру жағдайымен пайда болған түрлі 
қисаюлары 
жүру 
кезінде 
қатты 
дифформацияға əкеледі, ол қатты ауруды 
ғана туғызбайды, сонымен қатар ішкі 
органдарға 
кері 
əсерін 
тигізеді. 
Ортопедиялық хирургиялық ота кезінде 
омыртқаны түзетуді əдетте коррозияға берік 
болаттан жасалған
Харинтон білігі көмегімен жүзеге асырады. Бұл əдістің кемшілігі – бастапқы түзетуші 
күштің уақыт бойынша кішіреюі. Орнатқаннан кейін 20 минут өткенде түзетуші күш 20 %, 
ал 10-15 күннен соң – бастапқыдан 30 %-ға дейін кішірейеді. Күшті қосымша түзету ауыр 
отаны қайталауды қажет етеді жəне əрдайым мақсатына жете бермейді. Егер Харинтон 
білігі үшін ҚЖЭ бар қоспаны қолданса, білікті бір рет қана орнатуға болады, отаны қайта 
жасау қажеттілігі болмайды. Егер отадан кейін Харинтон білігін дене температурасынан 
біршама асатын температураға дейін қыздырса, қажет түзеткіш күшті жасауға болады. Бұл 
мақсат үшін, қалыпты қайта орнына келтіргеннен кейін 35...41 °С температура 
интервалында жоғары иілгіштік көрсететін, мыс, темір жəне молибден қоспасы бар Ti—Ni 
негізіндегі қорытпалар эффективті. Мұндай қоспалары бар түзеткіш құрылғылар, 
құрылғының тірек нүктесінің жылжуына тəуелсіз, барлық емдеу кезеңінде омыртқаға əсер 
ету үшін мөлшері бойынша тұрақты күш салады. 
Сүйек сынуы кезінде медициналық көмек əдісі, коррозияға берік болат немесе Co— 
Cr қоспаларынан жасалған пластинка көмегімен сыну аймағын сүйекке сығу күші əсер 
еткендегі күйде бекітуден тұрады. Егер біріктіретін пластинка үшін ҚЖЭ бар қоспаны 
қолданса, отадан кейін дене температурасынан біршама асатын температураға дейін 
сырттай қыздыру арқылы сыну аймағын берік бекіту мүмкін болар еді, сонымен қатар ота 
кезінде сүйекті бойлай сығуды жүзеге асыру қажеттілігі болмас еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет