С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет187/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

 
12.2. 
Полимерлердің негізгі қасиеттері
Полимерлер қатты жəне сұйық күйінде ( газ күйінде болмайды), кристалдық жəне 
морттық, сонымен бірге шыны тəрізді, жоғары иілгіштік, тұтқырлық деформацияланған 
күйде де болуы мүмкін. 
Полимерлер сілтілік жəне қышқыл шоғырланған ортада жоғары төзімділікке ие. 
Металдармен салыстырғанда олар электрохимиялық коррозияға ұшырамайды. Молекулалық 
массасы ұлғайған сайын полимерлердің органикалық негізді еріткіштерде еруі 
төмендейді.Кеңістік құрылымды полимерлерге органикалық еріткіштер əрекеті əсер етпейді. 
Полимерлердің басым бөлігі диэлектрлі болып келеді.Полимерлер магниттік емес 
заттарға жатады. Қолданыстағы барлық құрылымдық материалдар арасында полимерлердің 
жылу өткізгіштігі төмен жəне жылу сыйымдылығы жоғары болады. Полимерлердің жылу 
отырғызғыштығы металдарға қарағанда 10 -20 есе жоғары. Тығыздау түйіндерінің ауа 
өткізбеуін жоғалтуының себебі резеңкенің əйнектелуі жəне металдың кеңею 
коэффициентінің əр алуандығына байланысты. Полимерлерге олардың құрылымымен тығыз 
байланысы бар механикалық сипаттардың кең түрі тəн болады. 
Полимерлердің механикалық қасиеттеріне құрылымдық көрсеткіштерден басқа сыртқы 
факторлар: температура, жүктеу жиілі мен жылдамдығы, қысым, кернеу күйі, термиялық 
өңдеу, қоршаған орта сипаты жəне т.б. ықпал етеді. 
Полимерлердің механикалық қасиеттерінің ерекшеліктеріне олардың тығыздығы, бірақ 
металл материалдармен салыстырғанда қаттылығы төмендігі жатады. 
Негізгі полимерлердің сипаттамасы 12.1 кестеде көрсетілген. 
Барлық полимерлер белгілі бір мерзім аралығында тозуға, ескіруге ұшырайтыны белгілі.
Полимерлердің ескіруі, тозуы 
деп оларға тəн техникалық сипаттамалардың пайдаланған 
жəне сақталған уақыт аралығында күрделі химиялық жəне механикалық орнына келтіруге
болмайтын өзгеріске ұшырауын айтады. 
398 


12.1 кесте. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет