С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы


Өндірістік титан құймалары



Pdf көрінісі
бет150/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

Өндірістік титан құймалары. 
Титан құймалары техникалық титанмен 
салыстырғанда жоғары температураларда үлкен беріктікке ие. Бұл ретте ол айтарлықтай 
жоғары созылмалығы мен коррозияға беріктігін сақтайды. 
8.4 кестеде негізгі өндірістік титан құймаларының классификациясы келтірілген. 
Классификация негізіне құйма құрылымындағы а- жəне 3-фазалардың ара қатынасы 
мен олардың термиялық өңделуі кезінде болатын құрылымдық айналулардың ерекшеліктері 
алынған. Титан құймаларының жекелеген топтары Kjj тұрақтылығының шартты 
коэффициентінің үлкендігіне қарай ажыратылады. Ол b-тұрақтандырушы қоспалаушы 
элементінің құрамының оның сыни құрам құймасындағы құрамына қатынасын көрсетеді. 
Құймада бірнеше тұрақтандырушы элементтер болса, олардың тұрақтану коэффициенттері 
сомаланады. 
8.9 суретте титан құймаларының құрылымдарының қыздырылған жəне шыңдалған 
күйіндегі сипаты көрсетілген. 
А-құрылымды құймалар бөлме температурасында жоғары емес беріктікпен 
сипатталады жəне термиялық өңдеу кезінде беріктікке ие болмайды. Төмен технологиялық 
созылмалық олардың кемшілігі, ал жақсы пісірімділік пен төмен температуралардағы жоғары 
механикалық қасиеттер артықшылығы болып табылады. 
335 


8.4. кесте
 Титан құймаларының классификациясы 
Құймалар тобы
Құйма 
маркасы
Орташа химиялық құрам, % (мас.)
а-құймалары
ВТ1-00
Қоспаланбаған титан
ВТ1-0 
Қоспаланбаған титан 
ВТ5 
Ti-5Al 
ВТ5-1 
Ti-5Al-2,5Sn 
Псевдо- а-құймалары (К < 0,25)
ОТ4-0
Ti-0,8Al-0,8Mn
ОТ4-1 
Ti-1,5Al-1,0Mn 
ОТ4 
Ti-3,5Al-1,5Mn 
ВТ20 
Ti-6,0Al-2,0Mo-1V-1Zr 
(а + Р)-мартенситті класс 
құймалары (К - 0,3 —0,9)
ВТ6С
Ti-5Al-4,0V
ВТ6 
Ti-6Al-4,5V 
ВТ14 
Ti-4,5Al-3Mo-1V 
ВТ16 
Ti-2,5Al-5Mo-5V 
ВТ23 
Ti-5,5Al-2Mo-4,5V-1Cr-0,7Fe 
(а + Р)-өтпелі класс құймалары (К - 
1 — 1,4)
ВТ22
Ti-5Al-5Mo-5V-1Fe-1Cr
ВТ22И 
Ti-2,5Al-8,5Mo-8,5V-1,2Fe-1,2Cr 
ВТ30 
Ti-3Al-7Mo-11Cr 
Псевдо- Р-құймалары (К - 1,5 — 
2,4)
ВТ35
Ti-3Al-1,5Mо-15V-3Sn-3Cr
ВТ32 
Ti-2,5Al-8,5Mo-8,5V-1,2Fe-1,2Cr 
ВТ15 
Ti-3Al-7Mo-11Cr 
Р-құймалары (К
р
- 2,5 — 3)
4201
Ti-33Mo
Ескерту.
Кр
— тұрақтану коэффициенті. 

Сурет 8.9. Титан құймаларының 
қыздырылған жəне шыңдалған 
күйдегі құрылымы: 1 – өтпелі класс 
2 – мартенситті класс 
336 


Псевдо-а-құймалары а-құймаларының артықшылықтарын сақтап, p-фазаның аз 
мөлшерінің (5%-ға дейін) арқасында анағұрлым жоғары технологиялық созылмалыққа ие 
болады жəне қысыммен жақсы өңделеді.
Екіфазалы (a+p)-құймалар механикалық жəне технологиялық қасиеттердің ең жақсы 
үйлесімімен сипатталады. Құрылым бойынша суарудан соң балқытпалардың мартенситті 
жəне өтпелі класстарын ажыратады. Мартенситті класс құймалары аз қоспаланған жəне тепе-
тең жағдайда p-фазаның 25%-ын қамтиды. Өтпелі класс құймаларында р-фаза санын 50%-ға 
дейін көбейту осы топ құймаларының қыздырылған əрі шыныққан күйінде ең жоғары 
беріктікті қамтамасыз етеді.
Псевдо-р-құймалар суарудан соң метатұрақты р-фаза құрылымына ие болады. Осы 
күйде олардың жақсы созылмалығы салыстырмалы түрде төмен беріктігі болады. Сол 
арқылы олар қысыммен жақсы өңделеді. Тозудан кейін олардың беріктігі 1,5 есе артады жəне 
1300... 1800 МПа құрайды. 
Бірфазалы р-құймалар жоғары коррозияға беріктікпен ерешеленеді. 4201 құймасы 
тантал, никель негізіндегі құймаларды, сонымен қатар асыл металдар – платина мен алтынды 
алмастыра алады. Алайда тұрақты р-құрылымды құймаларды жоғары бағалы изоморфты 
элементтердің (V, Mo, Nb) көп мөлшерімен қоспалаудың қажеттілігі мен бұйымның 
салыстырмалы нақты беріктігін азайтатын тығыздығы жоғары болғандықтан сирек 
қолданылады. 
Ресейде өндірілген кейбір деформацияланатын титан қорытпаларының механикалық 
ерекшеліктері 8.5 кестеде келтірілген 
Титан қорытпалары жақсы құю қасиеттеріне ие болатын жоғары ағындық, құйма 
тығыздығы жəне ыстық сызаттар қалыптастырудың төмен үрдісі. Газдарды сіңіру үрдісіне 
байланысты оларды балқыту жəне вакуумға құю немесе бейтарап газ ортасында жүзеге 
асырылады.Пішінделген құюға арналған титан қорытпаларының құрамы əдетте 
деформацияланған қорытпалардың құрамына сəйкес келеді. Құйылатын титан құймаларының 
механикалық қасиеттері деформацияланатын құймалардан төмен.
Титан құймалары құралға жоғары жабысуға бейім. Бұл олардың төмен 
жылуөткізгіштігімен үйлесімінде механикалық өңдеу процесін қиындатады. Кесу арқылы 
өңдеу кезінде құралды қатты құймалы пластиналармен қолданған дұрыс. 
Титан құймаларын балқыту кезінде негізгісі тесіктер мен суық жарықшақтар болып 
табылатын тігістерде ақаулардың пайда болуын болдырмау мақсатында негізгі жəне қоспа 
материалдың беткі оксид қабықшасын мұқият алу керек. Титанның химиялық белсенділігі 
себепті балқыту ваннасын инертті газдармен жəне суып жатқан жерлерді əуе 
атмосферасымен жанасудан қорғау міндетті
.
337


8.5 кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет