С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы


Мыстың цинк немесе жезбен құймалары



Pdf көрінісі
бет153/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

Мыстың цинк немесе жезбен құймалары. 
Негізгі қоспалаушы элементі цинк болып 
табылатын екілік немесе көпқұрамды мыстың құймаларын жез деп атайды.
Си—Zn жүйесінде алты қатты ерітінді құрылады: а, (3, g, 5, e, h бірақ 45%-ға дейін 
цинкті қамтитын құймалар практикалық қолданысқа ие.
8.11а суретте бірфазалы (а) жəне екіфазалы (а+3) жездер облысын қамтитын Си – Zn 
жүйесі жағдайының диаграммасының сол жақ бөлігі келтірілген.
а 
б 
Сурет 8.11. Cu—Zn(а) жүйесі жағдайының диаграммасы
жəне цинк құрамының жездің механикалық қасиеттеріне ықпалы 


343 


Бірфазалы а-жезі цинктың мыстағы ГОК тормен қатты ерітіндісі болып табылады 
жəне 39%-ға дейін цинк қамтуы мүмкін. Бірфазалы а-жезі жоғары созылмалығымен 
сипатталады. Цинктің мөлшері 39%-дан асқан жағдайда құрылымда осал Р-фаза пайда 
болады. Р-фазаның екі модификациясы бар: 454...486°С температурасынан жоғары тұрақты 
гомогенді созылмалы Р-фаза, оның атомдары ретсіз орналасқан. Бұл температура 
диапазонынан төмен – анағұрлым қатты əрі осал Р'-фаза, ол мыс пен цинк атомдарының ретті 
орналасуымен сипатталады. Екіфазалы (a+ Р) – жездер құрамында 45%-ға дейін цинк болуы 
мүмкін. Бөлме температурасындағы Р' – фаза үлкен осалдық пен қаттылыққа ие 
болғандықтан, екіфазалы жездердің созылмалығы аз, беріктігі көп болып келеді. Химиялық 
құрамның жездердің қасиеттеріне əсері 8.11б суретте көрсетілген. Тепе-тең күйден бөлек Р'-
фаза цинктің 30%-дан аса концентрацияында пайда болады. Сондықтан 39%-дан аз цинк 
қамтитын құймаларда оның концентрациясының көбеюі əрі беріктікті, əрі созылмалықты 
жоғарылатады. Цинк мөлшерін 39%-дан арттырғанда құймалардың созылмалығы азая 
бастайды, ал құрылымда Р'-фазаның айтарлықтай мөлшері пайда болған соң, созылмалық тез 
төмендейді. Цинк мөлшерін арттырғанда беріктік 45%-ға дейін өседі, содан кейін ол да тез 
төмендейді. Цинк мөлшерін əрмен қарай арттырғанда ( Р, a+ Р облыстары жəне т.б.)
қасиеттер өздерінің төмен мəнін сақтайды. Жездер əдетте қысыммен жақсы өңделеді. 
Бірфазалы a-жездер жоғары созылмалы жəне суық күйде жақсы деформацияланады. 
Екіфазалы (a+ Р')- жездер Р о Р' айналуының температурасынан жоғары қыздырғанда 
жақсырақ деформацияланады. Әдетте оларды 700 °С температурадан кішкене жоғары 
температурада деформациялайды. Технологиялық белгілер бойынша деформацияланатын 
жəне құйылмалы жездерді ажыратады (8.6 кесте). Қосымша басқа элементтермен a-жездер 
сирек қоспаланады. Олар əдетте мыстың цинкпен екілік құймалары болып келеді. Бұл 
жездердің маркаларында Ж62, Ж68, Ж80, Ж90 цифрлары мыстың мөлшерін көрсетеді. Цинк 
мыстан арзандау, сол себепті цинк жезде қаншалықты көп болса, оның бағасы соншалықты 
төмен болады. Бірфазалы a-жездерді суық деформациялау арқылы баулар, патрон 
гильзаларын, жылу алмастырғыш түтіктерін, сым жасайды. 10%-ға дейін цинк қамтитын жез 
алтын түстес болып келеді жəне əшекейлер жасауда қолданылады. (a+ + Р)-жездерді қосымша 
алюминий, темір, никельмен беріктікті арттыру үшін, сонымен қатар білдектерде өңделуді 
жақсарту үшін қоспалайды. Қалайымен қоспаланған, теңіз қалайысы деп аталатын жездер 
(ЛО70-1, ЛО62-1) жоғары коррозияға беріктікке ие. Алюминий, темір, марганецпен қосымша 
қоспаланған жездер анағұрлым жоғары беріктікке ие. Бірфазалы a-жездері мен екіфазалы (a+ 
Р)-жездерінің құрылымы 8.12 суретте көрсетілген. 
344 


8.6. кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет