Изотермиялық шынықтыру нəтижесінде пластиналығы мен созылғыштығы жоғары
қаттылығы 45.55 HRC бейнит құрылымы алынады. Төзімділік ұзақтығы аустениттің
изотермиялық түрлену диаграммасымен анықталады.
Жұмсарту арқылы шынықтыру жоғары қаттылық пен созылғыштық үйлесуі қажет
балға, қашау секілді құралдары термиялық өңдеуге қолданылады. Мұндай жағдайда
өнімдерді шынықтыру моншасында шала суығанша ұстайды. Ішкə бөліктердің жылуы
есебінен үстіңгі қабаттарының жылынуы қажетті температураға дейін жүреді, яғни өзін –өзі
жұмсартады.
Бөлме температурасында шынықтырылған болар құрылымында біршама қалдық
аустенит болады. Қалдық аустенит бөлшектің қаттылығы мен төзімділігін төмендетеді жəне
төмен температурада қолдану əсерінен аустениттен мартенситтің өзінен –өзі түзілуі олардың
көлемдерінің өзгеруіне əкеледі. Құрылымда қалдық аустенитті төмендету үшін суықпен
өңдеуді қолданады.
Суықпен өңдеу болатты М
к
мартенситтік түрлену соңының температурасынан О °С –ден
төмен температурадағы ( əдетте -75°С ден төмен емес)құрғақ мұздың спиртпен қосындысында
суытуды білдіреді.
Шынықтырудан кейін аустениттің тұрақталуын болдырмау үшін бірден суықпен
өңдеу жүргізу қажет.
Болатты босаңдату. Босаңдату болатты оның ең шекті А
с1
нүктесінен төмен
температураға дейін қыздырудан тұратын , одан əрі болаттың ақырғы құрылымын
қалыптастыратын термиялық өңдеудің қорытынды операциясы. Босадатуды шынықтыру
операциясынан кейін өткізеді. Шынықтырылған болатты қыздыру кезіндегі құрылымдық
өзгерістер оның қасиеттерін де өзгертеді. ( 5.25сур).
Шынықтырылған болатты қыздыру температурасына байланысты босаңдатудың үш
түрін ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: