К о м п о з и т т і н а н о қ ұ р ы л ы м д ы п о л и м е р қ а п т а м а л а р .
Қатты фазалы
механохимиялық əдістер жоғары электр өткізгіштігі,электр эрозияға төзімділігі бар, үйкеліс
коэффициенті төмен жəне механикалық уатылу əрекетіне төзімді жаңа материалдар —
металл—фторполимерлі жəне металл—керамика—фторполимерлі қосындылар алуға
мүмкіндік береді. Қоспасына металдар – политетрафторэтилен (1 мас % дейін) қосылған
вольфрам мен мысты механикалық өңдеуде көлемдері 30 ^ 60 нм көлемді композитті
бөлшектер түзіледі. Политетрафторэтилен қоспалары материалдың престелуін жақсартып,
престелген өнімнің тығыздығын ұлғайтады. W—Cu—ПТФЭ композитті қаптамалардың
үйкеліс коэффициенті қомақты фторпласт үйкелісі коэффициентіне жақындау болады.
Политетрафторэтилен бар керамикалық бөлшектерді қатты фазалық реакциямен алынған
WC—Cu, TiB2—Cu и (TiB2—Cu)—W композиттерін механикалық өңдеу нəтижесінде
үйкеліс коэффициенті төмен болатын эрозияға төзімді материалдар алуға болады.
Осындай əдіспен ток өткізгіштерді қаптайтын (Cu + + ПТФЭ) құрғақ үйкеліс
коэффициенті төмен қаптамалар алуға болады. Мысалы, тролейбустардың токқа тартылуын
түсуді бодырмау үшін мыс –полимерлі қаптамалы орамалар қолданылады.
(СВМПЭ) өте жоғары молекулалы полиэтилен негізді қаптамалардың физикалық –
химиялық сипатын ұлғайтудың тиімді тəсілі ретінде плазмохимиялық синтез əдісімен
алынатын, сонымен бірге көміртек нано талшықтары, Al2O3 и ZrO2 ультрадисперлі
ұнтақтарын толтырғыштар ретінде пайдалануды алуға болады.Алюминий жəне цирконий
тотықтарының ультрадисперлі ұнтақтарымен түрлендірілген, ұнтақ металлургия
əдістерімен алдын ала өңдеуден өткізілген СВМПЭ адгезиялық беріктікті бірнеше рет
ұлғайтуды қамтамасыз етеді, термошөгуді болдырмайды.
Жалпы қолданыстағы каучук негізді шина резеңкелеріне араластырылған
толтырғыштарға металлдың нанодисперлі ұнтақтарын (0,25...0,5 мас. %) аз мөлшерде қосу
шартты беріктікті,шиан резеңкесінің жыртылуын боддырмау, резеңкенің металлкордпен
байланысын берік ету секілді физикалық –механикалық жəне пайдалану қасиеттерін
жақсартады. Металлдың нанокристалды ұнтақтарын металды еріту мен булау, буды инертті
газ ортасында бір күйге ендіру жəне түзілген ұнтақты аппараттың суық бөлігінде жинақтау
əдісімен алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: