24.1 кесте Үстіңгі қабаты наноқұрылымды 1Х15Н4АМЗ-Ш болаттың
механикалық қасиеттері
Өңдеу Беріктік шектеуі с 0 , МПа Ағымдық шектеуі о 02 , МПа Ағымдық шектеуі а в , МПа Қалдық созылу, % Стандартты (СТ) 300 350 1530 18 CT + иондық имплантация А1В 300 400 1410 20 СТ+азотпен иондық имплантация 420 450 1 430 21 СТ + УФО 470 555 1 520 17 Құрылымның жұмыс қабілеттілігі үстіңгі беттің бірнеше ондаған миллиметрге дейін
тозуымен тежеледі. Бұл жағдайда газотермиялық тəсілмен үстіңгі беттің тозуына үстінен
қаптама жүргізу арқылы өңдеп, экономикалық жаңынан үнемді əрі тиімді болады.
Нанокөлемді фазалармен нығайтылған тозуға төзімді қаптамалардың мынадай
жетістіктері бар:
•
Қаптама астындағы негізгі дененің қаптамаға қарағанда 20 есе аз тозуы;
•
қаптамалар материалының аз тозуы;
•
WC нанокөлемді керметті қаптамалардың үйкеліс коэффициенті WC нығайтылған
нанокөлемді қаптамалардың коэффициентінен 20 % төмен.
Металл өңдейтін құралдың қорғаныс қаптамалары жоғары қаттылыққа жəне термиялық
тұрақтылығы мен ыстыққа төзімділігі жоғары болатын үйлесімдікке ие болуы керек. МИСиС
қызметкерлерінің зерттеу жұмыстарында аргон мен аргонның азотпен қоспасындағы
көпфазалы нысанның магнетронды жолмен тұндыру Me—N (металлдар: Ti, Cr, A1; металл
еместер: Si, В, С) арқылы алынған наноқұрылымды қаптамалар қарастырылған.
Оңтайлы құрамдағы қаптамалар 600. 1 000°С температурада вакуумдық жасыту
өткізгенде 30...40 ГПа қаттылығын, 40 ...50 Н адгезиялық беріктігін сақтайтындығы
анықталған. Қаптамалар 0,75.0,85 деңгейдегі үйкелісте тұрақты коэффициентін жəне 20.700
°С темперутурасында керамика тотығымен жұптасып салыстырмалы алғанда тозу
жылдамдығының төмен болатындығын көрсеткен.
481