С. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан


Жеке тұлғаның айналадағы қоршаған ортаға деген гуманистік қатынасын дамыту, олардын адамгершілік негізін қалыптастыру



бет15/26
Дата02.02.2022
өлшемі88,29 Kb.
#130495
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
ПЕД ПРАКТИКА АЛДИЯР

2. Жеке тұлғаның айналадағы қоршаған ортаға деген гуманистік қатынасын дамыту, олардын адамгершілік негізін қалыптастыру. Жеке тұлғаның бойында адамгершілік нышандарының қалыптасу процесі бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады. Адамгершілік нышандарының соңғы нәтижесі адамгершілік тәрбиесінің тереңдік деңгейін танытатын төмендегідей белгілерді анықтайды:

адамгершілік сезім (тұрақты сезімталдық, адамгершілік қатынастарды бастан өткізу);

адамгершілік сана (моральдық принциптерді, әлеуметгік ортада өзінің адамгершілік нормасын сезінуі);

адамгершілікпен ойлау (адамгершілік принциптерді тұрақты жинақтау, оймен қорыту, ситуацияларды білу, оларға талдау жасау, баға беру, шешім қабылдау, жауапты тандай білу және оны жүзеге асыру);

адамгершілік ерік (өзінің адамгершілік сенімін жүзеге асырудағы адамгершілік сезімі мен саналы шешімінің бірлігі): — адамгершілік тәртібінің нысандары.

Оқу процесі барысында ғылым негіздерін оқу арқылы әдебиет пен өнер туындыларын, тарихи оқиғаларды, қоғамдық процестерді, ғылым негіздерінің өзара байланыстарын сезіну және ойша қорыту, ал әдеп этикасы негіздерін оқу арқылы адамгершілік сезім, адамгершілік сана, адамгершілік ойдың қалыптасуы жүреді.

Сабақтан тыс уақытта проблемалық — психологиялық жағдай туғызу, ұжымдық шығармашылық істер сыртқа саяхатқа, экскурсияға, шеруге шығу, спорттық жарыстар, ЕТЛ (еңбек-тынығу лагерлері), пәндік лагерлер, сыньштағы, мектептегі бірлескен еңбек қызметтерін ұйымдастыру т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Өзара көмек көрсету жағдайлары, адамгершілік сезімнің оянуына қажеттілік туғызатын оқиғаға талдау жасайтын ситуациялар өте маңызды орын алады. Сол себептен де оқу — тәрбие процесінде оқушылармен каникул кезінде өткізілетін шараларға айрықша көңіл бөлінуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет