3. Жеке тұлғаның оздігінен жетілуіндегі ішкі қажеттіліктерді қалыптастыру. Өздігінен жетілу — жеке тұлғаның бойында адамгершілік қасиеттердің терендей түсу процесі, адамның өзін жете түсінуі мен өзімен өзі тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отыру қажеттілігі, өз мінез-құлқының ерекшеліктерін білуге жол ашатын жеке тұлғаның психологиясындағы күрделі процесс. Ол үшін мектепте оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алатын психологиялық консультациялар жүйесінің болуы қажет. Сонымен қатар, оқушылардың ерік-сезімі аясының, олардың даму деңгейлерінің, кәсіби бағдарының диагностикасын (социометрия) анықтау өте маңызды. Сол сияқты оқушыға өз бетінше еңбек ету барысында да өз орнын таба білуге көмектескен жөн. Бұл жерде мектептің ғылыми қоғамы мен жоғары сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор.
Гимназия сияқты бағдарлы мектептердегі тәрбие жүмыстарын кураторлар үйымдастырады. Кураторлар сынып жетекшілерінен атымен ғана емес, сонымен бірге ең алдымен оның атқаратын қызметінің терең мазмұнды өзгерістерімен де ерекшелінеді. Кураторлардың міндеттері өзірге түбегейлі анықталған жоқ, дегенмен бүгінгі танда белгілі болған функционалдық міндеттерді атап көрсетуге болады. Олардың қатарына 4 психологиялық және 4 педагогикалық міндеттер жатады:
1. Әкімшіл куратор, бүл сынып жетекшісінің әкімшілік міндеттерін жүзеге асырушы педагог: ұйымдастырушылық (тәртіп мәселесі, сабаққа қатыстыру және т.б.), ақпараттық (әрбір оқушының сабақ үлгірімі туралы ақпарат жинау және ата-аналармен байланыс), мәдени-көпшілік (эпизодтық мәдени-көпшілік шаралар және т.б.)-
2. Тәрбиеші куратор — бұл өзінің тәрбиешілік міндеттерін оқушылардың жас ерекшелігі теориясына сүйене отырып жүзеге асырушы ғана емес, сонымен бірге өзінің педагогикалық қызметін оқушынын жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырушы педагог. Баланың жеке психологиялық ерекшеліктеріне төмендегілерді жатқызамыз:
а) баланың мектептен тыс уақыттағы жағдайларын білу: оның ортасы, қызығушылығы, немен шұғылданатыны.
ә) баланың отбасы туралы мәлімет: оның құрамы, білімі, баланың ата-аналарына деген қарым-қатынасы, ата-аналарының мектепке деген қатынасы, отбасының психологаясы (мүмкіндігінше).
б) мектепте бала туралы не белгілі? (мәліметгер):
— мінез-құлық ерекшелігі;
— ерік-сезім сапасы;
— таным мүмкіндіктері мен қабілеті;
— баланың ұстанған бағыты;
— сабаққа, еңбекке қатынасы;
— қызығушылығы, бейімі;
— өзіне қатынасы;
— ұжымға қатынасы.
Тәрбиеші куратор сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің көмегіне сүйенбей, өз бетінше дербес тәрбие жұмысьшен айналысады. Кейде мұндай кураторларды міндетіне қарай “өз бетінше ойлаушы куратор” деп те атайды. Бұл басқа пән мұғалімдерімен байланыста жұмыс істеуді қаламағандықтан емес, мұндай кураторлардың арнайы ұйымдастырылған дағдыларының жоқтығынан.
3. Байланыстырушы куратор, бұл өз сыныбында пән мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс істейтін, яғни оқушы-куратор-мұғалім арасын байланыстыратын тәрбие жұмысымен айналысушы педагог тәрбиеші,
Куратор әрбір баланың психологиялық ерекшеліктері мен отбасындағы жағдайларын біле отырып, әрбір пән мұғаліміне жеке оқушылар мен қалай жұмыс істеу қажеттігіне көмектеседі, . сондай-ақ пән мүғалімдері кураторларға ақыл-кеңес беріп отырады. Оған ата-аналарға белгілі бір ақпараттарды жеткізіп отыруды тапсырады.
4. Ұйымдастырушы куратор, бұл пән мұғалімдерін олардың сабақтарынан тыс уақытта сыныптағы белсенді шығармашылық жұмыстарға қатыстыра отырып ұйымдастыратын тәрбиеші. Шығармашылық істерді бір сынып оқушыларымен ғана емес, бірнеше параллель сынып оқушьшарымен өткізетін іс-шараларды ұйымдастырушы куратордың деңгейі әлдеқайда жоғары болады. ұйымдастырушы куратордың қызметі бірнеше кезеңдерден тұрады, нақтырақ айтсақ, бұл кезең немесе сатылар төмендегідей:
1 саты — куратор балалардың ұйымдастыру ісіндегі қолдауына сүйенбей, сыныппен жан — жақты жұмыс істейді, жұмысты өзі жоспарлайды, өзі ұйымдастырады, балалар өздері үшін жасалып жатқан жұмысқа ықыласты болады.
2 саты — куратор сыныптың кіші белсенді тобы болып табылатын референттік топпен жұмыс істейді, бірақ микро —псевдо-активтер болуы мүмкін.
3 саты — куратор өзінің жеке — референттік топтарымен жұмыс істейді, яғни олардың әрқайсысы шығармашылық істің белгілі бір бөлігі үшін жауап береді.
4 саты — куратор референттік топтардан тұратын сынып ұжымымен жұмыс істейді, мұндай жағдайда олар бірлескен қызметтерінде өзара тығыз байланыста болады.
Өз еркімен танымдық және практикалық қиын міндеттерді шешу жоғары сынып оқушыларына ерік, табандылық, мақсаттылықты өз мұратымен сәйкестендіре дамытуға мүмкіңдік береді. Рефлексия мен антипация арқылы жоғары сынып оқушылары өзін-өзі тәрбиелеуді өмірлік мақсаттарымен, дағдылы мұраттарымен мезгіл-мезгіл салыстырып отырады.
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
УНИВЕРСИТЕТІ КЕ АҚ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
Достарыңызбен бөлісу: |