С. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан



бет21/26
Дата02.02.2022
өлшемі88,29 Kb.
#130495
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
ПЕД ПРАКТИКА АЛДИЯР

БАЯНДАМА

Тақырыбы:Сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері мен ұйымдастырылуы.Сынып жетекшісі мен отбасының өзара әрекеттесуі.

Орындаған:Мәліков.А.Қ

Группа:ФК-2Б(9)

Тексерген:Мусабаева.Г.В

Өскемен қ,2021

Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие берудің басты-басты мәселелері сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.

а) Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Үйірме жұмыстары – сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры.

ә) Әдеби-шығармашылық үйірмелердің сонымен қатар «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері, әсіресе, соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде.

Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалынады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын-жазушылар да (өз тілегімен) көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады.

б) Әдеби үйірмелердің бір түріне «Кітап достары» немесе «Кітап – білім бұлағы» деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, 5-8 сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіпжүргізудің маңызы ерекше.


  1. 5-8 сыныптар бойынша әдебиет үйірмелерімен бірлесе отырып, «Алтын сақа» немесе «Ер Төстік елінде» атты драма үйірмесін жүргізуге болады. Сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі – клубтар. Үйірмеге қарағанда клубтардың ауқымы кең. Үйірмеге қабілетті соған икемді ғана балалар тартылса, клубқа қатысам деушілерге ондай шек қойылмайды. Бір сыныпты түгелімен бір клубқа қатыстыруға болады. Мысалы, «Аққу», не «Әлди, әлди, ақ бөпем» клубына қыздар тартылады. Әдеби біліммен қатар, эстетикалық тәрбие беру, сұлулық, әдемілікті сезінуге баулу, ұлттық тәрбиені жүзеге асыруда мектепте өтілетін әдеби кештің атқаратын жұмысы ерекше болып келеді. Клубта әдебиеттегі қыздар бейнесі, ақын-жазушы қыздардың өлеңін оқып-талдау, өнерпаз, білімпаз қыз-келіншектер туралы, сондай-ақ қыздарға өзін-өзі күту, болашақта үй тұрмысын қалай жүргізу, дастархан мәзірінің жайы, бала тәрбиесі, сән т.б. туралы қызықты, маңызды әңгімелер өткізіліп, әр саладағы мамандармен кездесу ұйымдастырылады. «Алтыбақан», «Мұрагер» клубтарын құрып, халықтың өнерін, әдет-ғұрпын, әдебиетін, шешендік өнерін кеңінен насихаттауға болады.

Әдебиет сабағы, сабақ процесіндегі жұмыстар мен сыныптан тыс жұмыстар тонның ішкі бауындай қабысып, бірлікте жүріп отыруы керек. Оқу бағдарламасындағы оқып, талдауға ұсынылатын шығармалардың барлығын сабақ процесіндегі игеріп біту мүмкін нәрсе емес. Көркем шығарманы оқудың басты-басты кезеңдері сыныптан тыс мезгілде жүзеге асырылады. Сыныптан тыс оқулардың басты мақсаттарының бірі – кітаппен жұмыспен істеуге үйрету, өз беттерімен оны тыңдай білу, оқығандарының ішінен ең негізгі, басты мәселелерді еске ұстау дағдыларын қалыптастыру. Сыныптан тыс оқу сабақтарын ізденіспен өткізетін мұғалімдер кабинетте, кітапханада арнайы «Сыныптан тыс оқу» бұрышын ұйымдастырады. Ең басты мәселе, мұғалім оқушылардың сыныптан тыс оқуын, сыныптан тыс оқу сабақтарын ғылыми түрде, тиімді, қызықты ұйымдастыра білуі керек.

Мектепішілік конкурстар, жарыстар, әдеби ойындар, кітап оқу мәдениеті, маңызы т.б. тақырыптарға тәрбие сағаттарын жүргізу, оқырмандар конференциясын өткізудің маңызы ерекше. Мұндай әр түрлі жұмыстарды бір маңызды тақырып айналасында өткізуге болады.әдеби викториналар

Викториналық сұрақтар «Мектеп тынысы» стендісіне ілініп қойылады, балалар жауабы арнайы жәшікке хат үлгісінде жазбаша салынады. Қорытындысы жиналыс, отырыста хабарланады.Әдеби ойындар

Әдеби ойындар, әсіресе, 5-8 сыныптарда қызықты болмақ. «Жаңылтпаштың жаңылмас шебері», «Жұмбақ, жұмбақ, жұтылдым», «Алдар қудың басынан кешкендері», «Қожанасыр қоржыны», «Жиреншенің тапқырлығы», «Тазшаның тапқырлығы», «Төрт түлік малдың айтысы», т.б. тақырыптарға қызықты ойындар өткізуге болады. Бұл ойындардың көпшілігі сахналық көрініспен жүргізіледі, юмор, тапқырлық, әр түрлі күлдіргі жағдайлар оны әрлендіре түседі.Оқу жоспарынан тыс үйде немесе зертханада, сабақтан тыс уақытта, мұғалімнің жетекшілігімен, оқушының өз ынта еркімен, әрі олардың қалауы бойынша орындалатын дербес оқу жұмысы – сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Ол оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс жасауға, ойлануға, ізденуге, оларды ұжымдық әрекетке тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Соған орай, оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Қазақстан Республикасындағы сабақтан тыс жұмыстың жағдайын қарастырғанда мектептен тыс білімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінетіндігі айқындалды. Ол келесі бағыттарда жүзеге асырылады: көркемдік-эстетикалық қосымша білім, экологиялық-биологиялық қосымша білім, балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту, оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстар. Соңғы жылдары балаларға қосымша білім беру жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бірлестіктердің дамуы байқалады, олар оқушылардың коммуникативті, зияткерлік қабілеттерін түзету мен дамытуға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға бағдарланады. Бұл қызмет өскелең ұрпақтың әлеуметтік бейімделуіне, азаматтық қалыптасуына мүмкіндік береді [2].

Шетелдік тәжірибені талдау көрсеткендей, мектепте сабақтан тыс қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға болады: ойын, танымдық, мәселелік-құндылықтық қатынас, бос уақыттық-сауықтыру, көркем шығармашылық, әлеуметтік шығармашылық, еңбек, спорттық-сауықтыру, туристік-өлкетану.

Ресейлік ғалым Л.П. Бутенконың пікірінше, елімізде балалардың бос

уақытын ұйымдастырудың өркениетті жүйесін ұйымдастыруға бағдарлануда

Батыс Еуропаның тәжірибесіне сүйенген жөн.

Қазіргі уақытта Батыс Еуропа елдерінде көптеген «интеграцияланған»

мекемелер бар, олардың арасынан кең тарағаны – мектеп немесе лицейлерге

негізделген түрі. Мысалы, Чехия мен Словакияда мектеп базасында пайда

болған заманауи клуб мекемесі мәдени-тәрбиелеу қызметі түрлерінің дәстүрлі жинағынан басқа кафе немесе шағын мейрамхана мен спорт кешенінен тұрады.

Мемлекеттік ағылшын мектептеріндегі маңызды сәт – аға ұрпақ

өкілдерінің қатысуымен жалпы білім беру процесін мектептен тыс әлеуметтік-мәдени қызметпен толықтыру болып отыр. Әлеуметтік-мәдени мекемелердің тұратын ортамен «бірігіп кету» процесі бір ғимаратта немесе қатар тұрған құрылыс кешенінде орналасқан балалар бірлестіктері санының өсуімен қатар жүреді; соңғы жылдары белгілі аймақ тұрғындарының бастамасымен құрылған жекелеген мекемелер кең таралуда [3].

Сыныптан тыс ұйымдастыру кезінде оқушылардың сабақтары эскурсиялар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, пікірталастар, олимпиадалар, сайыстар, дидактикалық театрлар, кітапханалық сабақтар, қоғамдық пайдалы іс-тәжірибелер, ізденушілік және ғылыми зерттеулер өткізіледі. Оқушыларды сабақтан тыс қызметтің барлық бағыттары бойынша біріктірудің ұйымдастыру формалары үйірмелер, секциялар, клубтар, студиялар, оқушылардың ғылыми қоғамдары, зерттеу немесе жобалық зертханалар, кіші ғылым академиясы, балалардың қоғамдық бірлестіктері жатады.

Оқушылардың сөз құдіретіне деген сезімін оятуда, әдеби дүниетанымын кеңейтуге, өз беттерімен көркем шығармалар оқуға баулуда, оқырмандардың дағдысын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, рөлі ерекше. Әдебиет сабағы, сабақ процесіндегі жұмыстар мен сыныптан тыс жұмыстар тонның ішкі бауындай қабысып, бірлікте жүріп отыруы керек. Оқу бағдарламасындағы оқып, талдауға ұсынылатын шығармалардың барлығын сабақ процесінде игеріп біту мүмкін нәрсе емес. Көркем шығарманы оқудың басты кезеңдері сыныптан тыс мезгілде жүзеге асырылады. Сыныптан тыс оқулардың басты мақсаттарының бірі – кітаппен жұмыс істеуге үйрету, өз беттерімен оны тыңдай білу, оқығандарының ішінен ең негізгі, басты мәселелерді еске ұстау дағдыларын қалыптастыру. Сыныптан тыс оқу  барысында «кітап сыйлау» немесе «кітап алмастыру» әдісін өткізу өте тиімді. Толығырақ айтқанда, әдістің негізгі атауы «Буккроссинг» деп аталады. Оқушылар оқыған қызықты кітаптарын «Еркін»  сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі. Немесе, «Еркін сөрелерде» оқушыларға белгілі бір автордың туындысы беріліп, кітап айналымда жүреді. Мысалы, Зейнолла Қабдоловтың «Ұшқын» және «Жалын» романдарын екі сыныпқа беріп, «Буккроссинг» әдісі арқылы оқытылады. Оқушылар романды оқып болғаннан кейін алған білімдерін дамытып, әрі қарай ұштай түсу үшін оқырман конференциясын өткізу тиімді болып саналады. Екі сынып болып романдарды салыстырып, ұқсастықтарын талдап, неліктен романдар «Ұшқын» және «Жалын» екенін түсіндіре кетіп, пікір талас өткізеді. Мұндай конференцияның негізгі мақсаты – көзқарасты кеңейту, көркем талғамды қалыптастыру, оқырман мүдделерін дамыту. Жаппай кітап оқу  азайып кеткен қазіргі заманда  «буккроссинг» қоз­ғалысын  кітап пен оқырман арасын жақын­датудың тиімді жолы. Егер адам кітапқа қарай жүргісі келмесе, онда кітаптың өзін  адамға қарай жүргізіп, оны оқырман орбитасында шыр айналдыру, адамдардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын негізгі талап – сыныптан тыс жұмыстар кәдімгі сабақтарға ұқсас болмауы керек. Сондықтан сабақтан тыс

жұмыстарды ұйымдастыруда дәстүрлі әдістерден гөрі дәстүрлі емес әдістерді қолдану ұсынылады.

Сыныптан тыс жұмыстары оқушылардың өзіндік ой өрісін дамытуға, білімге қызығушылығын арттыруға үйретеді; оларды өз беттерінше жаңа ғылымның жетістіктерін үйренуге жетелейді. Бос уақыттарын дұрыс пайдалануға талпындырады. Мұндай сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігін атап өтсек: сыныптан тыс жұмыс құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен іс-әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі. Оқушылардың танымдық қызметін дұрыс қалыптастырудағы өз бетімен жұмыс істеу прцесінің сапасын танытатын, алға қойған барлық міндеттерді толық орындауға жетелейтін сыныптан тыс жұмыстар болып табылады. Ұтымды ұйымдастырылған сабақтан тыс жұмыстар оқушы тұлғасының дамуына мүмкіндік береді.


С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

УНИВЕРСИТЕТІ КЕ АҚ

ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет