Түзету дегеніміз – педагогикалық тəсілдердің көмегімен баланың жағымсыз мінезқұлық көріністерін түзету. Марапаттау мен жазалау педагогикалық ынталандыру əдістері, олар баланы қоғамдық пайдалы қызметке итермелей отырып, сонымен бірге жағымсыз мінезқұлық пен əрекеттерді тежейді.
Балаларды тəрбиелеуде ата-ананың стилі де маңызды рөл ойнайды. Атап айтқанда, А. Болдуин ата-аналық тəрбие тəжірибесінің екі стилін бөліп көрсетеді: демократиялық жəне қадағалаушы.
Демократиялық стиль келесі параметрлермен анықталады: ата-ана мен баланың арасындағы тікелей сөзбен қарым-қатынас жасаудың жоғары деңгейі; баланы отбасы мəселелерін талқылауға тарту; ата-ананың баласына көмек беруге даярлығы.
Қадағалаушы стильде ата-ана баласының əрекеттерін едəуір шектеп отырады: балаға шектеудің мəнін анық түсіндіру, ата-ана мен баланың арасында жаза шаралары жөнінде келіспеушіліктің болмауы.
Тəрбиелеудің демократиялық стилі қолданылатын отбасындағы балалар жетекшілік қабілеттерінің байқалуымен, шабуылдаушылығымен, басқа балаларды қадағалауға ұмтылуымен сипатталады, ал балалардың өзі сырттан қадағалауға қиын көнеді, алайда оларға альтруизм, эмпатия тəн емес.
Тəрбиелеудің қадағалаушы стилі қолданылатын балалар көнгіш, қорқақ, шабуылдаушы емес болып келеді. Тəрбиелеудің аралас стилі қолданылған балаларға іштей тыну, шабуылдамаушылық, қызығушылықтың болмауы, ойлаудың айрықшылығы, қиялшылдық тəн емес.
Тəрбиенің жоқтығы да – тəрбиеге жатады. Қараусыз қалу, қараусыз қалғандағы жағымсыз əсерлер де тəрбиелейді. Өзіне деген назарды сезінбегенде, бала басқаларға немқұрайды немесе долданғыш, қарсы келгіш болады. Бағытталған тəрбиелеуші əсері жоқ, бірақ та жанама түрде бар. Бала отбасында тұрғандықтан жəне оған оның үлкен мүшелерінің өмір сүру салауаты əсер етеді. Егер олардың барлығын жасыратын болса жəне егер ата-анасының өмірі ашық болса, егер отбасында көп сөйлесе жəне көп сөйлемейтін болса, сол жағдайда оларды тəрбиелей бастайды. Мұның барлығы баланың жеке тұлғасының қалыптасуына əсер етеді. Егер жұмыс жəне басқалар туралы айтып отырса жəне оларды қалай айтқаны; егер ұрысса немесе табысса; егер отбасы бірлікте немесе əркім өзөзімен болса; егер отбасында біреуді бүйірлесе жəне егер əкесі «пəтер жалдаушы» сияқты болса: кеш келеді, үндемей теледидар көрсе, оқыса, ұйықтаса жəне таңертен білдірмей жұмысқа кетіп қалатын болса, бұл əсерлер де балаларды тəрбиелейді. Мұның барлығы да тəрбие [2].
Жоғарыда айтылған факторлардың өзара қарым-қатынасы негізінде (физикалық қасиеттер, ата-аналардың дербес тəжірибесі, отбасындағы мəдеиеттің ерекшеліктері мен т.б.) қайталанбас тұлғаның қалыптасуы ойдағыдай жүреді.
Балаға бəрі əсер етеді: қайырымды немесе ата-анасы жоқ; олар өміріне қанағаттанады ма немесе барлығына немесе əрбіріне қызғана қарайды ма; оптимист пе немесе əрқашан «өлгенше шаршаған» жəне оларға «бəрі пəле болды» ма? Ол үшін олардың мінездерінің алуан түрлігі, олардың неге ұмтылғандары, не қажет екендігі жəне нені жақсы көретіндіктері, неге қуанатындықтары, неге көңілдерінің түсетіндіктері, неге ашуланатыны, неден қорғанатындары немқұрайлы емес. Бала бəрін көреді, естиді, өзінше қабылдайды жəне өңдейді, оған барлығы əсер етеді жəне мұның өзі де тəрбие. Жауап тек біреуін талап етеді: мұның бəрі қалай тəрбиелейді?
Балаларды тəрбиелеу барысында оларды тек экономикалық жəне психологиялық əсерлерден ғана қорғап қоймай, олардың сапалы денсаулығы мен физикалық дамуы үй-тұрмыстық, көліктік сұрақтарды шешуге, олар өмір сүретін ортаның, орталықтың урбанизациясына, индустриализациясына тəуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |