Сабақ тақырыбы Вариациялық қатар Оқу мақсаттары 4 1



Дата04.07.2018
өлшемі31,55 Kb.
#46844
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім 7.3А:

Статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Вариациялық қатар

Оқу мақсаттары


7.4.4.1

бас жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдарын меңгеру;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • бас жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдарын біледі;

  • реттелген кездейсоқ өлшемдегі мәліметтерді кестеге толтыра алады.

Бағалау критерийі

  • бас жиынтық пен кездейсоқ таңдаманың не екендігін біледі;

  • алынған мәліметтер бойынша вариациялық қатарды тұрғыза алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • абсолюттік және салыстырмалы жиіліктерді анықтау тәсілдерін талқылап, қысқаша сипаттайды;

  • жинаған мәліметтерді жиілік диаграммасында көрсетіп, барлық сынып оқушыларына ауызша түсіндіреді және олар өз мәліметтерін ұсынуға қалай жеткендігін сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • реттелген қатар;

  • қатар элементі;

  • бас жиынтық;

  • нұсқалық;

  • вариациялық қатар;

  • статистикалық қатар;

  • таңдама;

  • мәліметтер жинақтау;

  • мәліметтерді ұсыну.

Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөздердің тізімі

  • таңдама көлемі ...;

  • берілгендерді ажырату кестеісн құру.

Құндылықтарды дарыту

Жалпы адами құндылықтар: альтруизм, аяушылық, жақсылық, патриоттық, қайырымдылық.

Құндылықтарды дарыту бүкіл әлемдегі кедейлік туралы статистикалық мәліметтермен таныстыру арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Экономика

АКТ қолдану дағдылары

MS Excel, MS Word секілді компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету қосымшаларымен жұмыс

Алдыңғы білімдері

Сан қатарының арифметикалық ортасын, модасын, медианасын, өзгеріс ауқымын таба білу. Диаграмманы түсіне білу және тұрғыза алу.




Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин.)


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында төменгі жағдайларға назар аудару:



  • оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

  • оқушылармен бірлесіп сабақтағы сабақ/оқу мақсаттарын (ОМ) анықтау;

  • оқушылардың ЖАДА (жақын арадағы даму аймағын), сабақ соңындағы күтілетін нәтижелерді анықтау.

http://gotoroad.ru/best/indexlife

Қазақстанның көрсеткіштері

Слайд 6


Сабақтың ортасы

(5 мин.)

(10 мин.)



(15 мин.)

(8 мин.)


Оқушылар жұптасып жұмыс жасау арқылы анықтамалар мен статистикалық мәліметтерді сәйкестендіреді

Бас жиынтық

  • бас жиынтықтың кездейсоқ таңдалған бөлігі

Кездейсоқ таңдалым

  • статистикалық мәліметтер алу үшін қарастырылған барлық элементтердің жиынтығы

Жиынтық көлемі

  • деп тең шамалы, бір-бірінен тәуелсіз, кездейсоқ шамаларды кему ретімен орналастырудан алынған қатарды айтамыз

Нұсқалық

  • сан қатарының мүшелерінің саны

Вариациялық қатар

Оқушылар жұмысты аяқтағаннан кейін мұғалім дұрыс жауаптарды көрсетеді.
Жаңа ұғымдарды меңгеруге арналған мысал есептер. Оқушылар кестені толтырғаннан кейін келесі сұрақтарға жауап береді:

  1. Бас жиынтық неге тең?

  2. Жиынтық көлемі нешеге тең?

  3. Вариациялық қатар дұрыс құрастырылғандығына көз жеткізіңіз.

  4. Алынған мәліметтер жайлы қорытынды жасаңыз.


Балалардың жасы туралы есеп

Әлеуметтік сұрау нәтижесінде бір үйдің 20 пәтерінде тұратын балалардың жасы және саны туралы келесі мәліметтер алынған (жасы жыл бойынша):2, 16, 4, 5, 4, 7, 12, 10, 8, 7, 2, 4, 12, 6, 4, 8, 12, 5, 2, 4, 12, 5, 4, 8, 5, 6, 4, 4, 5, 4, 6, 5, 5, 10, 6, 8, 5, 6, 10, 6.
Кестені толтырыңыз:

Жасы (жыл)

Аталмыш жастағы балалар саны

2




4




5




6




7




8




10




11




12




16





Топтық жұмыс: Оқушылар үш топқа бөлініп тәжірибе жасайды. Әр топ таңдаманы, нұсқалықты, вариациялық қатарды, таңдама көлемін және т.б.тауып, кестені толтырады.
1-топ сыныптағы аяқ киім өлшемдерін анықтайды

2-топ оқушылардың бойының ұзындықтарын өлшейді

3-топ үлгерім бойынша мәліметтерді жинақтайды

Аяқтағаннан кейін әр топ өз нәтижелерімен таныстырып, жасаған жұмыстары жөнінде қорытынды шығарады.
Қалыптастырушы бағалау

Оқу мақсаты

7.4.4.1

бас жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдарын меңгеру;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі

Оқушылар

  • Ұсынылған мәліметтерден статистикалық ұғымдарды анықтайды;

  • Зерттеу нәтижесі бойынша жиіліктер кестесін құрады.

Орындау уақыты 8 минут.
Тапсырмалар


  1. Компания айына 13 200 электр құрылғысын шығарады. Әр айда 1 000 құрылғы тексеруге таңдалып алынады. Тестілеу нәтижесінде 82 құрылғыда ақау бар екені анықталды. Бас жиынтық пен таңдаманы анықтаңыз.

  2. Математика пәні бойынша 20 оқушыдан алынған тест жұмысында төмендегідей нәтижелер тіркелді:

7,8,9,6,3,7,9,6,10,1,7,5,8,7,2,7,8,7,5,4.

Берілгендер қатарынан жиілік кестесін құрыңыз.



Слайд 7

Слайд 9


Слайд 10

Қиындық деңгейлері анықталған таратпа материалдар





Сабақтың соңы

(2 мин.)

Сабақ соңында оқушылар кері байланыс береді:

Мен бүгінгі сабақта:

есіме түсірдім…

білдім…

үйрендім…

есімде қалды…

Бәрінен ең жақсы орындай алғаным …

Бұған қосымша оқушылар берілген критерийлер бойынша өзінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалай алады



Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Дарынды оқушылар есептерді шығару және қалыптастырушы бағалауды орындау кезінде қиынырырақ тапсырмаларды орындайды

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Қиынырақ есептер беріп, олардың нәтижесімен қорытынды жасату

Жеке тапсырмалар беру арқылы

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Дифференциация оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып (Гарднердің Көпқырлы зият теориясы бойынша), нақты әрқайсысынан күтілетін нәтижеде, қажеттіліктеріне сай оқу материалдары және ресурстарын ұсынуда көрініс табуы мүмкін.

Дифференциация уақытты тиімді пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген бөлігінде қолданылуы мүмкін.




Денсаулықты сақтау технолгиялары. Қолданылған сергіту жаттығулары және іс-әрекеттері. Берілген сабақтағы Техника қауіпсіздігі ережелері қолданылатын пункттері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:
2:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет