С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет16/199
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116381
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   199
Байланысты:
Balshikeev 1

 
сыншыл  аспектісі
 
діни  ақпараттар  мен  діни 
қҧндылықтардың  «киелілігін»  басқалармен  бӛлісуге,  олардың  жер  бетінде 
пайда  болуы  мен  мазмҧнын,  діни  теория  мен  практиканың  қарама-
қайшылығы мен жасандылығын кӛрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, әр 
тҥрлі  дін  ӛкілдерінің  шиеленістерінің,  бҧрмалауларының,  «Қҧдай»  сӛзін 
тҥсінбеуі  нәтижесінде  конфессияаралық  және  ішкі  конфессиялық 
талқылаулар, ӛзара жазғырулар мен айыптаулар кең кӛлемде қолданылады.  


 
16 
Атеизмнің 
құраушы аспектісі 
 тҧрақталмаған діни қҧндылықтардың 
орнына ғажайыпқа сенуді жоққа шығаратын  қҧндылықтарды, идеалдарды 
және  іс-әрекет  нормаларын  белгілеуге  бағытталған.  Сондықтан  да,  олар 
жалпы  адамзаттық  ӛнегенің  қҧдіретімен  табиғаттың,  қоғамның  және 
ойлаудың  даму заңдылықтарына негізделген болар еді.  
Атеизм  қҧдайшылдықтың  синонимі  емес.  Бҧл  –  еркін  ойлаудың  бір 
тҥрі,  оның  ӛзінен  сілтеушілер  мен  Қҧдайға  нанымсыз  дҥниені  тҥсіндіруге 
тырысу.  
Атеизмнің  және  діннің  де  ортақ  тарихи  тағдырының  болатынын 
мойындау қажет: егер де олар мемлекетпен байланысты болып, мемлекеттік 
идеология  элементі  болып  табылса,  олардың  еркін  жетілуі  мен  ӛздігінше 
дамуы ӛзара  кемсітушіліктер арқылы жҥзеге асады.  
Және  керісінше,  егер  мемлекет  және  оның  атқарушы  органдары 
талқылауларда  абсолютті  бейтараптыққа  ие  болса,  онда  атеизм  де,  дін  де 
ӛзінің  әлеуетін  кең  кӛлемде  және  терең  тҥрде  жҥзеге  асырады  -  ӛзара 
дәлелденген сын атеизмге де, дінге де пайдасын тигізеді.  
Атеизмнің  адамзат  мәдениеті  дамуының  бастамасы    болғаны,  ал  дін 
оның  тежеуіші  болғаны  туралы  пікір  дау  тудырады.  Мысалы,  КСРО-дағы 
атеизмнің  «ҥстемдігі»  қоғамның  ең  жоғарғы  мәдени  және  адамгершілік 
тҧрғыдан  ілгерілеу  сатысына  жеткізуге  мҥмкіндік  туғызбады.  Осындай 
кӛрініс әр тҥрлі еркін ойлау басымдығы арқылы мемлекеттің кӛмегімен кез-
келген діннің жаппай ҥстемдігі қамтамасыз етілетін жерде байқалады.  
Шыдамсыздық  элементтері  атеизмнің  табиғатында  да,  діннің 
табиғатында  да  кең  тамырын  жайған:  кім  бізді  қолдамаса,  сол  қарсы. 
Сонымен  қатар,  діни  және  атеистік  жҥйелерде  ӛзгеше  ойды  ҧстану  ҥшін 
толеранттық 
(шыдамдылық) 
принциптері 
қалыптасты: 
«ӛз 
дҧшпандарыңызды жақсы кӛріңіздер…», «адам адамға – дос, жолдас және 
ағайын». 
Еркін  ойлау  тарихының  талдауы  оның  дін  сияқты  терең  тарихи 
тамырларының  бар  болуын  дәлелдейді.  Атеизм  –  бҧл  болмыстың 
қағидалары  мен  табиғилығы  және  сондықтан  да,  қазіргі  таңда  атеистарды 
адмгершілігі,  руханилығы,  эмоциялық  зиян  келтірулері  ҥшін  айыптау 
әдептілікке  жатпайды.  Атеизм  дін  сияқты  адамның  рухының  аса  зор 
кӛріністерінің мысалын қарама-қарсы дҥниетанымдық ҧстанымдары бар Л. 
Фейербах  и  Вл.  Соловьев,  Ч.  Дарвин  и  А.  Швейцер,  К.  Маркс  и  Ф. 
Ассизский тҧлғаларында кӛрсетеді.  
Осылайша, 
атеизм 
адамдардың 
рухани 
бай 
ӛмірлерінің 
мҥмкіндіктерін  жоққа  шығармайды  және  сонымен  қатар,  бҧл 
мҥмкіндіктерді  діннің  қҧндылықтары  мен  қағидаларын  тҥсінбейтін  және 
діннен алшақ тҧлғаларға  айтады.  
Атеизмде  діндегідей    сыншылар  кӛп.  Діншілдер  сияқты  атеистердің 
арасында  да  азаптаушылар    кӛп  болды.  Адамның  Қҧдайға  сенбей,  ешбір 
дінге табынбағаны ҥшін кемсітушіліктер барлық қоғам мен мемлекеттерде 
ҥнемі  орын  тауып  отырды:  тек  коммунистік  мемлекеттерде  ғана    мҧндай 


 
17 
жағдай орын алмаған, себебі, онда мемлекет атеизмді қолдаған, ал дін қатаң 
шектеулі жағдайларда болған.   
Атеизмнің ымыраға келмейтін қарсыластары оны болашағы жоқ және 
адам  мен  адамзатты  тығырыққа  тірейтін  аномальді  қҧбылыс  ретінде 
таниды.  Бҧл  ҧстанымның  діни  емес  нанымның  феномені  емес,  туа  біткен 
адамның  дінге  сенбеушілігін  есепке  алатындығы  ҥшін  дәлелсіз  болып 
табылады  деген  пікір  бар.  Атеизм  дін  сияқты  табиғи  болады.  Атеистік 
дҥниетаным діни заңдылықтар бойынша қалыптасады.   
Адамдар кейбір мағынада - атеистер. Дінде де бҧл дерек жанама тҥрде 
қабылданады. Мысалы, «біз барлығымыз кҥнәхармыз» деген  христиандық 
тезис Қҧдайдан шеттетілуді, кез-келген «атеистік градусты» білдіреді.  
Діншілдер  мен  атеистердің  миллиондаған  ӛмірді  қиған  тарихи 
дауларының  нәтижесінде  екі  жақ,  немесе  даудың  нысандарының  біреуі  де 
жеңіске  жетпейді.  Қҧдай  қазіргі  заманғы  адамзаттың  ақыл-есі  деңгейінен 
тыс  жатыр:  Қҧдайға  сенуге  де,  сенбеуге  де  болады,  бірақ  оның  болмысын 
дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға болмайды.  
Алғашқы  курстың  қандай  да  болмасын  тақырыбы  бойынша 
дереккӛздердің  ізденістері  нәтижесіз  болды.  Дінді  әлеуметтік  феномен 
ретінде тек атеистік талдау мен атеистік  әдебиет бойынша зерттеуге болды.  
Ӛткен  және  осы  кездегі  діндарлардың  еңбектерінің  таралымы  шектеулі 
болды  және  еркін  тҥрде  қолдануға  мҥмкіндік    болмады.  Библия  мен 
Қҧранның ӛзі Қазақстанның кез-келген кітапханаларында сирек кездесетін.  
Осындай  жағдай  КСРО  мен  марксизм-ленинизмнің  қҧлауынан  кейін 
мемлекеттік  идеология  ретінде  толық  ӛзгеріске  ҧщырады.  Бҧрынғы 
тәуелсіздікке  қол  жеткізген  республикаларда,  соның  ішінде,  Қазақстан 
Республикасында  да  ӛздерінің  діни  оқуларын  еркін  таратып,  насихаттау 
қҧқығына ие болған  діни ҧйымдарға  сәйкес  нормативтік актілер  әзірленді. 
Осының  арқасында  азаматтардың  әр  тҥрлі  діни  жҥйелермен  танысу 
мҥмкіндіктері анағҧрлым артты.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет