С. Б. Балшыкеев


«Сүйетін  жүрек  –  ең  жоғары саналады»



Pdf көрінісі
бет105/199
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116381
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   199
Байланысты:
Balshikeev 1

«Сүйетін  жүрек  –  ең  жоғары саналады»
  деген 
сӛздер болып табылады.  


 
61 
Буддизмнің  бағыттары. 
Сангх  ҧстаздың  ӛлімінен  кейін  (монахтық 
қауымдастық),  Ҥндістан  шекарасынан  ары  қарай  қадамдар  жасады  және 
миссионерлердің  келуіне  дейін  ӛмір  сҥрген  діни  жҥйелерге  бейімделуге 
тура келді.  
Қауымдастық  арасында  Будданың  шынайы  ілімінің  дәстҥріне  сәйкес 
нирванаға  жету  жолының  мәселелеріне  байланысты  қарама-қайшылықтар 
бірітіндеп қарқындай бастады.  
Ең  алғаш  ірі  бӛлінулер  II-буддистік  шіркеуде  б.з.д.  340  ж.  болды, 
буддистер стхавирлер мен махасангхактарға бӛлінді.  Олардың арасындағы 
дау  Ашока  патшаның  ҥшінші  рет  жиналыс  ӛткізуінде  б.з.д.  253  ж.  дейін 
жалғасты.  Жиналыста  қарама-қайшылықтардың  алдын  алып,  буддизмді 
Ҥндістан  шекарасынан  тыс  жерлерде  насихаттау  шарасы  қабылданды. 
Қарама-қайшылықтар  біраз  уақытқа  дейін  тынышталды,  бірақ  артынша 
қайтадан  жандана  бастады.  Әр  тҥрлі  мектептер  мен  бағыттардың 
ҧстанымдарын  біріктіру  ҥшін  тӛртінші  буддистік  жиын  (б.з.I  соңы) 
қайтадан ҧйымдастырылды.  
Нәтижесінде,  буддизмнің  догматикасын,  оның  салтын,  тәртіп 
жарғысын  және  т.б.  бір ізге  салуға  бірнеше рет  әрекет  жасалды,  бірақ бҧл 
әрекеттер жҥзеге аспады. Қазіргі заман буддизмінде тӛмендегідей бағыттар 
бар. 
1. Хинаяна
 (кіші жол, кіші екі аяқты кҥйме арба). 
 Бҧл мектептің тарихы Будданың ӛлімінен кейінгі кезеңнен басталады 
және қатаң жарғы мен тәртібі бар монахтық ҧйымды қамтиды. Хинаянистер 
ӛздерін  «тхеравада»  деп  атайды,  ал    «хинаяна»  атауы  балағат  сӛз  ретінде 
ретінде  қабылданады.  Қауымдастық  екі  принципті  қатаң  ҧстанады  – 
жекеменшіктен бас тарту және кіршіксіз адамгершілік.  
Осы ілімге сәйкес, Будда 550 рет қайта туып, адамдар арасында әрбір 
5000 жылдан соң пайда болып отырды. Хинаяна – буддизмнің ӛзгеше ойлау 
және ӛздігінен әрекет етушілікті болдырмайтын аса ортодоксальді бағыты. 
Монахтардың ӛмір сҥру салты жеке басын сақтау жолы бойынша Будданың 
ӛсиеттерін ҧстануға бағытталған. Қандай да бір ортақ ҧйымдастырушылық 
әрекет  жоқ:  даулы  мәселелер  монах  ғалымдардың  жиынында  шешіледі 
(сангити).
 
Хинаянның  кӛптеген  қоғамдастықтары  Мьянма  (Бирма),  Шри-Ланка 
(Цейлон),  Таиланд,  Лаос,  Кампучиде  қызмет  етеді.  Олардың  саны 
Ҥндістанда,  Бангладешта,  Вьетнамда,  Непалда  және  т.б.  жерлерде  аз 
тараған.  
2. Махаяна
 (кең жол, ҥлкен екі аяқты кҥйме арба).  
Хинаянмен  салыстырғанда,  махаяна  қҧтқару  амалдарын  монастырға 
кетпей-ақ 
табуға 
болатын 
жолдарын 
қарастырады. 
Махаянаны 
уағыздаушылар  әркімнің  тек  ӛзін  ғана  ойламай,  басқаларға  да  еркіндік 
жолындағы  кҥресте  қол  ҧшын  беру  қажет  деп  есептейді.  Будданы  жер 
бетінің  ерекше  қасиеттерге  толы  иесі  деп  санайтын  хинаяна  ілімдеріне 
қарсы махаяна оның қасиеттерін белгілі бір дҥниенің принциптері арқылы 
туындаған адам, ғажайып жан ретінде қарастырады.  


 
62 
Діндар  адамдар  ҥшін  ең  жағымдысы  болып  әрбір  адамның  сансара 
шегінен  босатылып,  Будда  кҥйіне  жете  алу  мҥмкіндігі  табылады. 
Бодхисаттва  –  нирвана  кҥйіне  тҥспейтін,  Буддаға  жатпайтын,  ӛз  еркінше 
карма  заңдарына  бағынатын  және  жер  бетіндегі  барлық  тіршілік  иесіне 
кӛмектесетін адам.  
Махаяна бағыты Монғолияда, Қытайда (Тибет), Жапонияда, Кореяда 
және Азияның басқа да  солтҥстік аймақтарында тараған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет