«барлығы- бірінде, бірі - барлығында» формуласы лайықты. Сондықтан да, Будда
әрбір адамда ӛмір сҥреді. Дзен нирвана мен сансара, ӛмір мен ӛлім, шындық
пен жалғандық, білім мен надандық арасындағы шекараны жоққа шығара
отырып, әрбір тҧлғаның оған қатысты шығармашылық энергиясын жҥзеге
асыруға талпынысын демдеді. Осы себептен аскетизмнің кез-келген тҥрі
жоққа шығарылады: адамзат тілектерін жоюдың қажеті жоқ, керісінше,
білім мен басқа да рухани мақсаттарды тануға бағыттау және игілендіру
қажет.
Дзен басқа ерекшеліктердің арасында келесілерді бӛліп қарастырады:
білім қҧпиясының ҧстаздан шәкіртке «тікелей» берілуі, жҥректен жҥрекке;
әр адамда ӛмір сҥретін Будданың жоғары даналығымен тікелей байланысу;
әріптерден, сӛздерден, сӛйлемдерден қҧралған жазбаша дереккӛздерден
тәуелсіз және еркін болу; ӛзінің ішкі дҥниесі арқылы Буддамен теңдікке
жету.
Дзен осы дінді қабылдаған қоғам мәдениеттерінің кӛптеген
салаларына зор әсерін тигізді. Мысалы, атақты жапондық икебана мен шай
ішу рәсімі, бау-бақша егу мен су айдындарының қҧрылысы – бҧлар тек
мәдениеттің бӛлшегі ғана емес, сонымен қатар, ӛмір сҥру салтының
маңызды элементіне айналған. Дзен идеяларының арқасында кӛптеген
ғажайып сурет салу, сәулет ӛнері, поэзия, музыка, философия және т.б.
шығармалары туындады.
Дзен жақтаушыларының саны 10-30 миллион адамға дейін жетеді.