Буддизмнің таралуы. Буддизм адептерінің белсенді миссионерлік
әрекеттері б.з.д. 253 ж. ҥшінші буддистік жиыннан кейін басталды. Халық
арасында от пен семсер арқылы танытқан христиандық және ислам
діндерімен салыстырғанда, буддизм ӛз әрекеттерін және ҧстанымдарын
ешқашан да зорлықтың кҥшімен нығайтпаған. Буддистер ӛзінің жалпы
тарихта ӛмір сҥру кезеңінде кез-келген діни жҥйелер арқылы бейбітшілік
жолмен қарым-қатынас орната білді.
Буддизм алғашқы кезеңнен бастап кедейлер мен байлардың,
билеушілер мен қызмет етушілердің және жалпыға ортақ дін болды. Ол
ӛзінің ҥлгісін жергілікті дәстҥрлерге ықпалдастыра отырып, сәттілікпен
бейімделе бастады. Білімді насихаттау жергілікті тілде жҥргізілді. Буддизм
ешбір жағдайда басқа діндердің қҧдайларынан бас тартпаған – олардың
барлығы буддистік тәңірлердің кең пантеонына кіреді және оларға табыну
қалыпты жағдай саналады. Бҧл жерде Христосқа да, Мҧхаммедке де орын
табылды.
Егер буддизмнің Ҥндістаннан «шығуын» хронологиялық ретпен
қарастыратын болсақ, онда келесідей жҥйені аламыз: б.з.д. III ғ– Шри-
Ланка; б.з. I ғ– Орта, Орталық және Алдыңғы Азия, Қытай. II-IX ғғ. – Лаос,
Кампучия, Вьетнам, Таиланд, Мьянма; IV ғ. – Корея; VI ғ. – Жапония; VIIғ.
– Тибет. XIII - XVI ғғ. – Моңғолия; XVII-XVIII ғғ. – Бурятия, Тува; XIX-XX
ғғ. – Еуропа, Америка, Африка.
Буддистік тәңірлердің иерархиясы баяу және бірітіндеп қалыптасты.
64
Қазіргі заманда ол мынандай сипаттамаларды қамтиды: