Дөңгелек ауыздыларға жалпы сипаттама
Бұл класқа екі отряд:
1.Миксиндер (Myxiniformes)
2.Миногалар (Petromyzoniformes). Осы дөңгелек ауыздыларды төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырсақ, біршама прогресстік белгілерін байқаймыз. Олар:
1.Нерв түтігінің алдыңғы бөлігі бас миына айналған, күрделенген бес бөліктен тұратын формалары айқындалған. Бұның өзі дөңгелекауыздылардың тіршілік кеңістігіне активті бағдарға мүмкіндігінің бар екендігін байқаймыз.
2.Сырт пішінімен жалпы биология жағынан балықтарға жақын тұрады
3.Пішіні мен қоректену формасы жартылай паразиттік қасиетке әкелген: Сорғыш ауыз
4.Мүйізді ерінтістерімен тіл ұшы айыр тістері өте сілекейлі тері жабындысы (күйіс) қабыршақсыз жауынан қорғаныс қабілеттілігінің жақсаруы болған, егер ежелгі жақсыздар силур-девон дәуірініде денесінде күшті тері сауыт қаптағанын ескерсек. Қазір, олар тек қазба күйінде ғана кездеседі. Олардан қалған ұрпақтар-осы заманғы дөңгелекауыздыларға біріктірілген. Олардың отрядтық белгілері үш жылда зерттеледі.
2.2. Жақауыздылар шеміршекті балықтарға жалпы сипаттама.
2.2.1. Тақтажелбезектілер
Құрылысы жағынан прогрессивтік белгілеріне қарағанда қарапайым белгілері басымырақ, осы заманға дейін сақталып келген азғана (730 тарта түрлер) шеміршекті балықттар тобы.
1-ден; қаңқалары өмір бойы шеміршекті болып қалған.
2-ден; терісі қарапайым плакойдты қабыршақпен (кейде жалаңаш) жабылған.
3-ден; желбезек саңылаулары 5-7 жұп әрқайсысы жеке сыртқы ортаға ашылған (плащты акула және химерден басқасы). Осы қарапайым белгілерінен басқа шеміршекті балықтарда прогрессивтік белгілері бар.
1-ден, алдыңғы ми үстінде жүйке клеткаларының шоғырлануы
2-ден, іштей ұрықтануы, ал көпшілік түрлерінде ұрпақтарын жұмыртқа тірі тууы
3-ден, көлемдер әртүрлі 20 см -15 және 20 м. дейін болып келген.
Каспий теңізінен басқа теңіз және мұхиттарға тараған. Кейбір түрлері өзен арнасына дейін баруға (тұщы суға) бейімделген. Бұлардың жалпы шоғырланған аймағы көбіне тропиктік ендіктерде. Мұхиттың, аралдық елдері үшін кәсіптік маңызы бар. Шеміршекті балықтар класын екі класс тармағына топтастырған.
1.Тақтажелбезектілер (Elacmobranchi)
2.Бүтінбастылар (Holocephali)
2.2.1.Тақтажелбезектілер
Бұл класс тармағына екі отряд – Акула (Selachomorpha) және (Batomorpha) жатады. Кейде ғалымдар оларды отрядүстіне (Константинов и др. 200,2004) біріктірген. Тақтажелбезектілерге тән плакойдты қабыршақтың болуы, желбезек саңылауларының жеке-жеке ашылуы, клоаклерінің болуы. Көпшілігіне бас алды рострум деп аталатын үшкір өсіндінің болуы, аузы құрсақ жағында денесіне көлденең орналасуы. Бас сауыты көбіне гиостилді, сиректеу амфистилді (бүтінбасты-химерде) болып келген.
Олардың құрылысы, ерекшеліктерін біз зертханалық жұмыстарда танысамыз.
2.2.2. Бүтінбастылар (цельноголовые или слитночерепные) өте аз көлемде кездесетін және тақтажелбезектілерден біршама жақсы оқшауланған шеміршекті балықтар тобы.
Терең суда тіршілікке бейімделуге байланысты тарамдалу белгілерімен қарапайым бейімделуіне байланысты белгілері мен қарапайым белгілері сақталған. Көпшілігінде ұршықтәріздес ұзарып келген тұлғасы құйрығына қарай жіңішкере келіп, жіпке ұқсап кетеді.
-Рострум қоры бәрінде қалыптасқан.
-Тері жабындысы жалаңаш, қабыршақсыз
-Бүйір сызықтары айрықша жылға аяқтанып орналасқан.
- Сыртқы желбезек қуысы тері қатпары мен жабылған
-Өстік қаңқасы қарапайым, негізінен хордадан тұрады.
-Бас қаңқасы аутостимді
-Асқорыту түтігі нашар күрделенген
-Ұрықтануы іштей.Әдетте –жұмыртқадан болады,қалың қабықпен жабылған.
Бұлар азғана топ (30 тарта түрлер) бәріде сирек кездеседі.
Атлант -Үнді-Тынық мұхиттардың Солтүстік, Оңтүстік жарты шарынада кездеседі.Кәсіптік маңызы жоқ..Олар терең суға бейімделген (1000 м. тереңдеу). Су түбі омыртқасыздар мен қоректенеді. ТМД елдері территориясына мурман жағалауы солтүстік теңіздеріне химер, немесе теңіз мысығы атымен белгілі түрі ауланады, орташа – 1.5м. көлемінде.
3.Дәрістің мақсаты:
1.Осы заманғы жақсыздар өкілі-дөңгелекауызды, ерте заманғы қалқаншалармен салыстырмалы айтып ертедегілері – қалқаншалы, олардан қалған ұрпақ-дөңгелекауыздылар-морфоанатомиясы өзгеше өзгеруге түскен, осы өзгеруден сыртқы қатты қаңқаны жылытып, жалаңаш терілі, өте сілекейлі болуынан қозғалу жылдамдығы жақсы жетілген. Бұл 450 млн. жылдардың эволюциялық қысымы нәтижесінің өзгерісі екенін дұрыс биологиялық заңдылықпен түсіну, ұғыну, ойға тоқу-мақсат.
2.Девон мұхитында өмірге дөңгелекауыздылардан 100 млн. жылдардан соң келген, бірақ 390 млн. жылдар бойы шеміршекті балықтар (акула,бүтінбастылар) әлемдік теңіздермен мұхиттарда бүгінге дейін аз болса да сақталған. Осы акула мен бүтінбастылар денесіндегі қарапайым және прогрессивті белгілерін талдай отырып, акуладан бүтінбастының оқшаулануын байқау – мақсат. Осы мақсаттарды зертханалық жұмыста одан сайын көз жеткіземіз.
4.Дәрістің мазмұны:
Қарастырылуға тиісті сұрақтарды қысқаша талдай отырып:
-Жақсыздар өкілі-дөңгелекауыздылардың осы заманғы омыртқалы жануарлар әлеміндегі систематикалық орнына, биологиясына диалектикалық көз жеткізу.
-Жақауыздылар өкілі-шеміршекті балықтар класы акулалар және бүтінбастылар кластармағы өзара салыстырмалы сипаттай отырып, тіршілік ортасына үйлесімді өзгерістеріне жетуін байқау-дәрістің мазмұны болмақ.Осы мазмұнға жету үшін жоғарыда жоспарланған сұрақтарға нақты және ықшамды жауап бердік.
Қандайма омыртқалы жануарлар өкілдеріне (мейлі су ортасы, мейлі жербеті) эволюциялық заңдылық пен талдау жасағанда ғана қазіргі кездегі жағдайларына, биологиялық прогрессивті белгілеріне, осыған орай бүгінгі таралуына толық себептер табылады.
Осы себептерін жануарлар денесіндегі морфофизиологиясы, шығу тегіне, экологиялық, биологиялық активтігіне байланысты қарастыруға ұмтылдыру, бағдарлау, түсініктерін кеңейту, ынталарын жетілдіру.
5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Жақсыздардың ерте заманғы өкілдерін қалай атаған?
2.Ертедегі жақсыздарды дөңгелекауыздарды сырт пішінін салыстырғанда қандай белгілерін айтуға болады?
3.Дөңгелекауыздылар деп, атауға қандай қасиеті мәжбүр етті?
4.Минога мен миксинаның жыртқыштық (паразиттік) қасиетін білдіретін белгісін айтыңыз?
5.Дөңгелекауыздыларды неге жақсыздар деп атаған?
6.Минога мен миксин жақсыз болса, онда ауыздарын ашатынына қоректенетініне қалай түсінуге болады?
7.Жақсыздардың желбезек қапшықтары неше жұп, олардың шығу тегі қай қабаттан?
8.Жақсыздардың прогрессивтік белгілерін атаңыз?
9.Жақсыздардың тынысалу, қанайналу мүшелерін, олардың қызметтері қарапайымды ма, әлде прогрессивті белгілеріне жатқызуға болама? Сонда бұл жақсыздарды омыртқалылардың әлде хордалылардың қай тармағы өкілдерімен салыстырамыз?
10.Дөңгелекауыздылардың көздерінің көру қаблеттіліктері қалай жетілген.Ол неге байланысты?
11.Дөңгелекауыздылардың минога отрядынан 1996ж. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген тұщы сулық өкілі бар, дұрыс аталуын айтыңыз
12.Дөңгелекауыздылардың ішкі қаңқасын атаңыз?
13.Дөңгелекауыздыларда дара жұп қанаттарының қайсысы жетілген? Құйрық қанатын қалай атаған?
14.Дөңгелекауыздыларды бассүйексіздермен байланыстыратын ұқсас мүшелерін атаңыз?
15.Дөңгелекауыздылардың акуламен байланыстыратын ұқсас белгілері бар ма? Болса атаңыз?
16.Қазіргі кезде шеміршекті балықтардың қанша түрлері ғылыми белгілі?
17.акуланың бас қаңқасын қандай стильді бас деп атаған?
18.Бүтінбастының ми қаңқасы, жалпы басы қандай стильді бас?
19.Акула мен бүтінбастының айырмашылығы неде?
20.Акула мен бүтінбастының қайсысында рострумы жетілген?
21.Акула мен бүтінбастының қайсысында бүйір сызықтары ерекше пішінімен орналасқан?
22.Акула мен бүтінбастының қайсысында иіс сезу қаблеттілік басым?
23.Акула мен бүтінбастының тыныс алуда, мүшесінде айырмашылық бар ма?
24.Акула мен бүтінбастылар қалай ұрықтанып, көбееді?
25.Жақауыздылардың жақсыздармен салыстырғанда прогрессивті жағын атаңыз
Әдебиеттер
1.В.М.Константинов и др. Зоология позвоночных М.,2000 стр.39-40; 48-50
2.Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979 т1 стр.43-44;49-51
№4 Дәріс
1.Тақырыбы: Класс Сүйекті балықтар Osteichthyes
1.Кластармағы Сәулеқанаттылар Actinopterygii
2.Отряд үсті – Гоноидтар Ganoidomozha
3.Отряд үсті – Қылтанақты балықтар Teleostei
2.Сұрақтар:
2.1 Класс Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама
2.2 Класс тармағы Сәулеқанаттыларға сипаттама
2.2.1 Отряд үсті Гоноидтар сипаттама
2.2.2 Отряд үсті Қылтанақты балықтар сипаттама
3.Дәрістің мақсаты:
4.Дәрістің мазмұны:
5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
6.Әдебиеттер
Класс Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама
Балықтар класс үстіне жататын түрлердің көпшілігі (20000 астамы) сүекті балықтарға жатады. Осы көпшілігінің нәтижесі болса керек,олар әлемнің әр түрлі жағдайдағы суқоймаларында тараған.Сүйекті балықтардың негізгі ерекшелігі:
1.Қаңқасы әрқашанда екі жақты сүйекті болып келеді,сырттай және іштей
2.Желбезекаралық перделері тынысалу аппаратында редукцияға түсіп кетуіне орай желбезек жапырақшалары желбезек доғаларына орналасады.Нәтижесінде жапырақшалардың енді екі жағы «сыртқы және ішкі) бірдей оттегіні тотықтыру бетін екі есе кеңіте түсуіне байланысты сүйекті балықтар тыныс алуы шеміршектілерге (оларда жапырақша желбезекаралық перде жабысып орналасуынан жапырақшаның сумен шайылуы тек сыртқы бетімен ғана, яғни бір жақты) қарағанда екі есе үлкейген. Сүйекті балықтардың бір жерде тұрып, тыныс алуына мүмкіндігі болды. Бұның шеміршекті балықтарда мүмкіндігі болмағандықтан, олар үнемі жүзіп жүру мен су ағынын тек аузы мен алып отыруға мәжбүр болған. Осыдан келіп үнемі қозғалыста болғандықтан затпен энергияның үздіксіз активті алмасуна әкелген, ал ол көп қоректеніп, көп қозғалуды талап еткен.
3.Тыныс алуда судың желбезек қуысына үздіксіз келіп тұруды үстіндегі сүйекті желбезек қақпақшаға байланысты болды. Бұндай қақпақша шеміршектілерде жоқ болды.
4.Көптеген Сүйекті балықтарды жүзу торсылдағы болған.Ол эмбрион жағдайында шектің арқа жақ қабырға клеткаларынан қалыптасқан.Торсылдақ қарапайым балықтар тобында шекпен өмір бойы байланыста болады.
Жүзу торсылдағы – маңызды гидростатикалық мүше ретінде белгілі: балық денесіндегі газдар көлемін және балық салмағы тығыздығын (меншікті салмағы) реттеуші. Балықтың су қабатында (кеңістігінде) орнын алмастыруда маңызы бар.
5.Сүйекті балықтардың көпшілігі ұрықтануы сырттай, уылдырықтары ұсақ, мүйіз тәріздес қабығы жоқ, өте азғана түрлерінде жұмыртқа тірі тууы бар.
Сүйекті балықтардың жіктелуі өте күрделі, әлі аяқталмаған. Біз соңғы жүйеге еліктей отырып В.М.Константинов и др. (2000-2004) оқулығында жүйеге көңіл аударамыз.
Сүйекті балықтар класын екі класс тармағына топтаған:
Сәуле қанаттылар (Actinopterygii) және Қолқанатты балықтар кластармағы (Sarcopterygii)
2.2.Сәулеқанатты кластармағындағы балықтарға сипаттама
Сәлеқанатты балықтар – біздің планетамыздағы омыртқалы жануарлар ішіндегі ең гүлденген тобы, бұларға сүйекті балықтардың 95%-н астамы (20000 астамы) біріктірілген. Шеміршекті балықтармен салыстырғанда олар біршама жоғарғы деңгейде ұйымдасқан. Бұлар полюстерден экваторға дейін, тұщы және ащы суларда, тау өзендерінде және ыстық бұлақтарда, маржан рифтерінде және үңгірлерде кездеседі.
Сәулеқанаттылар – жоғарғы девоннан, ол қалқаншақанаттылар- төменгі девоннан белгілі.
-Асқорыту жүйесінде ішегі ұзарған және спиральды қатпар болмайды.
-Өзеннің дорсальды жағы бөлімінің өсіндісі ретінде торсылдақ пайда болған; кейбір түрлерінде өңештің вентральды қабырғасының өсіндісі түрінде өкпе пайда болған.
-Сәулеқанатты балықтар кластармағы екі отряд үстін біріктірген:
1.Отряд үсті – Гоноидтар. Бұларға 4 отряд біріктірілген.
2.Отряд үсті – Қылтанақты балықтар 36-40 отряд енген.
Бұл отряд өкілдеріне зертханалық жұмыстарда тоқталамыз. Бұл жерже отряд үстіне қысқа ғана сипаттама беріп, екі отряд үстінің өзара айырмашылықтарына тоқталамыз.
Гоноидтар отряд үсті: Қарапайымды белгілері бар балықтардың ерте заманнан бері қалыптасқандардан қалған осы замандағы азғана тобы. Бұлардың басты ерекшелігі сүйектілер мен шеміршектілердің аралық формасына тән қасиеттері қалыптасқан. Сондықтан, гоноидтарда екі түрлі белгілері сақталған. Сырт пішіні жағынан – акулаларға ұқсас (бекіре тұқымдастар): ростумдары бар,ауыз аппараттары басының құрсақ бетіне денесіне көлденең орналасқан. Құйрық қанаттары – гетероцеркалді, жұп қанаттары акулалар қанатындай денесіне горизонтальды орналасқан, бас ми сауыты түгелдей шеміршекті, өстік қаңқасы – хорда сақталған, шегінде спиральды (бұрандалы) клапыны сақталған. Ж.үрегінде артериальды конусы сақталған.
Сүйекті балықтарға ұқсас белгілері
-Мисауытының үстінде жабынды сүйек элементтерінің болуы
-Денесінде 5 қатарлы (арқа,екі бүйір бетінде) шытыра төмпешік (пластиндері – жүрек)
-Жақ доғасы аралас, азды-көпті шеміршекті күйде қалған
-Сүйекті,желбезек қақпағы бар,бірақ желбезек қуысы толық жабылмайды, шеті қызарған желбезектері көрініп тұрады, лай суда төзімсіз.
-Торсылдағы бар,шекпен байланысты.
-Шағылысу мүшелері (акулалардағыдай) жоқ
-Ұрықтануы сырттай
-Көбеюге өзен (тұщы су) ағынына келеді
-өтпелі бекіре тектестер (сүйектен басқасы) күздік және жаздық нәсіл деп бөлінеді.
Гоноидтылар деп, айдар тағуының себебі, бұлардың ромба тәріздес гоноидты қабыршақтармен жабылған. Осы қабыршақтардың беткі құрамында г а н и о н органикалық затынан тұратын мықты эмальды қасиет береді. Екіншіден, бұл ганион заты ертеден қарапайымды құрылысы бар ескі дүние балықтарда сақталған. Қазбадан (Пермь) табылған гоноидты балықтардан:
Шеміршекті – сүйекті гоноидты және сүйекті гоноидты тобы байқалған.
Шеміршекті – сүйекті құрылысы жағынан, гоноидты қабыршағы жағынан осы гоноидты тобындағы балықтар ішінде бекіретекті отряды болып отыр. Қазіргі кезде көбірек таралғаны – 25 түрден, екі тұқымдасқа бөлінген:
1.Бекіретектестер тұқымдасы (Acipenseridae) 23 түрі (5 - шытырман)
2.Күректұмсықтылар тұқымдасы (Polyodontidae) 2 түрі (жоқ)
Қазақстанда – 8 түрі бекіретектілер тараған:
Орал өзені (орал касп.басс.) – қортпа (Husohuso)
- орыс бекіресі (A.guldenstatt)
- шоқыр (A.stellatus)
- кәдімгі Мекре (A.nudiventris)
- сүйрік (А.ruthenus)
- парсы бекресі (A.percicus)
Сібір бекіресі (Ертіс өзені) – сібір бекіресі (A.baeri)
Сырдария өзені - сырдария тасбекіресі (Pseudoscaphignhus fedtschenkoi)
Кәдімгі бекіре (Мекіре-Шип-Пілмай) – А.nudiventris
Сырдария тасбекіресі – Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
отряд үсті Қылтанақты балықтарға сипаттама
Қылтанақты балықтарға қазіргі балықтардың көпшілігі (90% -ға жуығы) жатады. Осы көптаралуынан, мекендеу жағдайының алуан түрлі болуы бұлардың пішінінің алуан түрлілігіне әкелген. Десекте бәріне ортақ белгілері мыналар:
1.Егер қабыршақтары болатын болса: ктеноидты (тісті), циклоидты (тегіс) болып келеді. Екі жақты сүйектену: сырты, іші.
2.Құйрық жүзбе қанаты – гомоцеркальды болып келеді
3.Кеуде жұп қанатында базалиялары жоқ, ал сүйекті радиоли элементі тікелей белдеуге бекіген. Кеуде қанаты денесіне вертикальды орналасқан.
4.Құрсақ жұп қанаты қаңқасында: базал және радиальдары қысқарған. Элластикалық жіпшелері түгелдей мықты сүйекті сәулелерге айналып, қанат қаңқасын қалыптастырған.
5.Қоректік заттарына орай, ауыздары 3 түрлі: жоғары ауыз (доңмаңдай, қылыш балық, қызыл қанат); төменгі ауыз (сазан, табан, құты т.б.); алдыңғы ауыз (жыртқыштар: шортан,көксерке)
6. Ішіндегі спиральді клапын жоқ, бірақ асқорыту жолының сіңіру бетін ұлғайтуға негізделген оның ұзаруы болса (шөпқоректілерде) дөңмаңдай, ақ амур – 15 есеге дейін өз ұзындығы), ал кейбірінде пилорикалық өсінді есебінен (200-ге дейін май шабақтарда) жүзеге асады.
7.Торсылдақтары болады, ішек пен өңеш пен байланысқандары ашық торсылдақтылар – көпшілік (майшабақтар т.б.), ол ішкі құлақ арқылы – атлант сүйекшесі мен байланысқан торсылдақтар – жабық торсылдақтылар ( карпозубтар т.б.) деп аталады.
8.Артериальды конус редукцияға түскен, ол аорта пиязшығы мен алмасқан.
9.Жыныс бездері қуысы жыныс өзектерімен жетілген, осы өзектерінің нәтижесінде несеп тәуелсіз сыртқа ашылады.
10.Қылтанақты балықтар алғашқы рет 240 млн. ж. шамасында, (орта триаста) пайда болған, ол борда 100млн. ж. көптүрлілікке жеткен, ал кайназойда – 60-65 млн. ж. бұрын – кең тараған.
3.Дәрістің мақсаты:
Омыртқалы зоологиясы қазіргі ғылымға белгілі 40000 - нан астам жануарларына көңіл аударатын болса, оның 20000 – нан астамы Сәулеқанатты балықтар екен. Бұлар ерте заманда кең таралып, көпшілік бейімділікті игергендіктен прогресстің ошағы сияқтанып қала берген. Бұлар, осы заманда да көпшілік таралғандар және су кеңістігіндегі ең мықты гидробионттарды игерушілер. Су кеңістігінің бағалы биомассасын жасаушылар.Балықтарды оқи отырып оның биологиялық обьектілер екенін қоймай, олардың табиғат ортасындағы әсіресе жануарлар әлеміндегі орнын, табиғат биосфераға, адамға білу. Ол осы заманның табиғат биосфера, қоғам арасындағы эволюциялық қатынастарға байланысты дамитындығын білу ұғыну мақсат.
4.Дәрістің мазмұны:
Тақырыптың қарастырылатын сұрақтары бойынша сүйекті балықтарға жалпы сипаттама жасай келіп, бұлар әлемдегі омыртқалылардың тең жартысы тек осы сүйекті балықтар болуына байланысты негізгі күрделенген бес белгілерін:
1.Екі жақты (сырттай және іштей) сүйектенуін
2.Желбезек перделерінің жойылып, бір үлкен қуысқа айналуын
3.Тыныс алуға шеміршекті балықтармен салыстырғанда екі есе прогресске жетеді
4.Жүзу торсылдығына жетуінен әлемдік су кеңістігін түгел экспанцияларға мүмкіндігі алған
5.Көбеюде, ұрықтануда, сан мен ұтуын
6.Қоректік заттарының шеміршектілермен (тек жыртқыштық) салыстырғанда әлде қайда өсуіне т.б. жетістіктеріне тоқталдық. Осы сүйектілердің екі тармағы: Сәулеқанаттыларға (сүйектілердің 95%) тоқталдық, ал азғана тобы Қалақшақанаттыларды ОЖСӨЖ – 7 жұмысына қалдырдық.
Сәулеқанаттылардың екі отрядүсті: Гоноидтар мен Қылтанақтыларға тоқталып маңызды ерекшеліктеріне, көңіл аударып, табиғаттағы, қоғамдағы жағдайларға,осы заман талабына сәйкесті көңіл қылдық.
5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Әлемдегі омыртқалы жануарлар ішінде ең көбірек түрлері қай класын, класс тармағын, отряд үстін білесіз. Оның қанша отряды бар?
2.Сүйекті балықтардың пішіндері алуан түрлі болу себебі неліктен?
3.Шеміршекті балық (акула) пен сүйекті балық (алабұға) тері жабындысы құрылысын салыстырып айтыңыз.
4.Шеміршекті балық (акула) мен сүйекті балық (көксеркені) асқорыту жүйесін салыстырмалы айтыңыз.
5.Акула мен сазанның тыныс алуын (мүшелерін) салыстырып айту
6.Акула мен алабұғаның қан айналу жүйелерін салыстырып айту
7.Акула мен алабұғаның зәр шығару мүшесін салыстыру
9.Акула мен сүйекті балықтар қоректерін салыстыру
10.Гоноидтар дегеніміз қандай балықтар?
11.Осы заманда бекіретектес балықтардың неше отряды, тұқымдасы, түрлері бар? Олардың Қазақстанда қанша өкілі кездеседі?
12.Бекіретектес балықтардың Каспий-Орал бассейіндегі түрлерін айтыңыз?
13.Сүйекті балықтардан бекіретектес отрядынан 1996 ж. Қазақстан «Қызыл кітабына» енгендерін атаңыз.
14.Солтүстік Америкада бекіретектес отрядының өкілдері бар ма? болса атаңыз. Морфо-анатомиясында айырмашылық белгілері бар ма?
15.Бекіре тектес балықтар Каспий теңізіне уылдырық шашып көбеюге қаблетсіз, неге?
6. Әдебиеттер:
1.В.М.Константинов и.др. Зоология позвоночных. М.,2000.62-65; 67-73
2.С.П.Наумов. Зоология позвоночных М.,1982. 61-64;69-71
3.К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы «Қазақ университеті» 2007, т. 2, 38-98
№5 Дәріс
1.Тақырыбы: Балықтардың практикалық маңызы
2. Сұрақтар:
2.1.Теңіздік балық аулау
2.2.Тұщы су қоймаларынан балық аулау
2.3.Бағалы өтпелі балықтарды қолдан өсіру. Тоған шаруашылықтары
2.4.Бағалы кәсіби балықтарды қолдан жерсіндіру
3.Дәрістің мақсаты:
4.Дәрістің мазмұны:
5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
6.Әдебиеттер:
2.1.Теңіздік балық аулау
Адамзаттың өмірінде балықтың орасан зор маңызы бар. Әсіресе азық-түлік пен қамтамасыз жасалғанның өзінде жануартекті ақуыздың құрамы тәуліктік деңгейде 120-130 г. Кем болмауы керек екендігі белгілі.Балық әрбір елдер азық-түліктерінде осы (белоктік) өлшеммен санайтын болсақ 17-83% әлемдік деңгейдегі балықты азықтық ретінде пайдаланады екен.
Балықтан адамзат дәрумендер (витаминдер), мал азықтық ұн, түрлі құнды тыңайтқыштар ж.т.б.Балық-судан өндірілетін адамзаттың негізгі қоректік заты. Судан өндірілетін балық гидробионттар ішінде балықтың биомассасы 85% тең. Балықтың 90% теңізден ауланып алынады. Теңіздік балықтардың: 65% -планктонофактар, 25% - жыртқыш балықтар,10% - тарта бентософактар.
Осы заманғы балық аулаудың негізгі көздеріне қысқа сипаттама: Әлемдік мұхиттардан балық аулау – 3000 м тереңдігіне дейін мұхиттар көлемінің 50-60% алып жатыр.Балықтар жалпы мұхиттар тереңдігінің 10000 м дейін кездеседі.
Теңіздік балық аулаудың техникалық жабдықталуы барлық тереңдіктерден аулауға мүмкіндік алғанмен соңғы жылдардағы аулау тәжірибиесі оларды азғана кеңістікке шоғырлануға мәжбүр етіп отыр. Бұл материктердің жолауынан 200 м. тереңдік аралығында орналасқан.Бұл балық аулау зонасынң шельфтік аймағы (жағалаулық аймағы) деп аталынған, кейде материктік баспалдақ (материковый ступенки). Барлық мұхиттардың (Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхит) 200м. жағалауы – 8% әлемдік мұхиттар аумағының. Ток шельфтік аймақтан аулану, барлық теңіздік (мұхиттық) балық аулаудың – 90% береді.
ХХ ғ. екінші жартысында теңіздік балық аулау мықты дамыды, жағалаулық теңіздерден емес Тынық, Атлант, Үнді мұхиттарының ашық кеңістігінен аулайтын болды. Сонда мұхиттардан:
Тынық және Атлант мұхитынан 40-45 % дан, Үнді мұхитынан 10 %, Солтүстік Мұзды мұхитынан 5%. Шельфтік аймақтан мұнай (газ) өндірілуі салдарынан балық аулау қарқыны әлсірей бастады.Әсіресе, осы аймақтың балық аулауға тағы кедергісі мұнай таситын танкерлердің жиілеуі, түрлі авариялардың болып тұруы. Треска, нототения, теңіз алабұғасы сияқты бағасы кәсіби балықтардың уақытша болса да үйірлерін түгелдей аулап (перелов жасап) аулаудың уақытша үзілісіне мәжбүр жасайды.
70 – ші жылдары бүкіләлемдік келісімнің жағалаулық 200м. зонаны әрбір мемлекеттің қорғауға құқық алғаннан кейін теңіздік балық аулауға кедергілер көбейді.
2.2.Тұщы суқоймасынан балық аулау
ХХ ғ. 30-шы жылдарына дейін көбіне ішкі тұщы сулардан әсіресе Солтүстік Каспий, Қара теңіз осы теңіздерге құятын өзен сағаларынан Солтүстік Сібір өзендерінен, Қиыр Шығыс өткінші албырттар, бекіретектес т.б. ауланған болатын.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары Еділ, Дон, Днепр т.б. ірі өзендерге су энерго станциялары, платиналар балықтардың өсіп-өнуіне үлкен кедергі жасады. Балықтарға өзендік арнаға келуіне кедергі болды. Көбею аймағы, қыстау аймағы, жайылым аймағынан қатынастар алшақтанып қалды. Өсіп-өнуінің экологиясы бұзылды. Әсіресе албырттар, бекіретектестер көп күйзеліске түсті.
Балықтардан миграциялық жолын бөгеп тастағандықтан әсіресе албырттар,бекіретектестерге платинадан жоғары тұрған өзен аймағына жетуі үшін оларға арнап платинаның төменгі жағынан балықтардың өтетін баспалдақты
а) (әрбір баспалдақ 300 м. лестница – рыбохода) құрылысы салынды. Баспалдақты платина мен судың ағу жылдамдығы 2,5 м.сек. Шамасындай,бұндай жылдамдықты тек албырттар ғана сәйкесті, ал бекіретектестер бұдан өте алмайтын болды. Сондықтан бекіретектестерге ГЭС-ң платинасына дейін.
б) жасанды нерестилгицелер дайындалатын болды. Мысалы Каспий сағасынан Волгоград ГЭС-ты 650 км. Осы плотина алдына 80 км. дейін Еділ арнасына жасанды 25 га. Жалпы көлемі нерестилище жасалып бекіретектестерге әзірленді. Бірақ, платинадан құлаған судың жылдамдығы 2,2 м.сек. болуына орай нерестилище сапасы онша болмады, ол оны плотинадан теңізге таман салынатын болса, онда бекіретектестердің эмбрионы өсіп-өніп үлгермей жатып теңізге алып кететін болды. Бұл дернәсілдердің түсімін күрт кемітіп жіберетін болды.
Канада да осындай платиналарда албырттар үшін тұрғызғанда баспалдақты – рыбоходқа әрбір 300 м. сайын демалыс камерасын жанамалап салып қойған. Бұл рыбоходтың ұзақ, ағыны көбірек болған жағдайда албырттардың энергиясын жинақтап алуы көмектесу мақсатында.
В) үшінші бір тәсіл. Платина алдына әдейі балықтар жиналатын кранмен көтеріліп, платинаның жоғарғы жағына арнаулы отстойниктер қойған. Осы отстойниктерге жиналған балықтарды көтеріп алып бьефтің жоғарғы жағындағы өзен арнасына жіберетін болған.Бұл да онша болмай шықты. Балықтар судан алынып плотинаның жоғарғы жағына шыққанша отстойникке соғылып жарақаттанатын болды, екіншіден әлсірегендерін плотинадан құлап жатырған үлкен ағынға түсіп кететін болды.
Біз үш түрлі тәсілге тоқталдық: рыбоход-лестница, жасанды нерестелища, балықтарды жинап алып көтергіш отстойникті. Осы тәсілдердің ешбірі балықтардың табиғи көбеюге қажетті жағдайын 100% қанағаттандыра алмады. Керісінше шығынын жабатындай балықтардан биологиялық түсім болмады. Сондықтан да, балықтарды қолдан өсіруге мәжбүр болды.
Достарыңызбен бөлісу: |