С.Байдрахманова,
Әлкей марғұлан атындағы
№ 40 орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиет пәні мұғалімі
Астана қаласы
Пәні: қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Сағындым» өлеңі
Мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту;
ә) Дамытушылық: оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, ой-өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу;
б) Тәрбиелік: оқушыларға ақынның қаламынан туған «Сағындым» өлеңінің мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау стратегиясы, екі жақты түсіндірмелі күнделік, кейіпкерге хат.
Қолданылған технология: СТО жобасындағы сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме, Мағжан Жұмабаев суреті, электронды оқулық, слайд, интерактивті тақта, қима кестелер.
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, олардың ынта-зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалімнің сөзі:
Әдебиетіміздің үлкен тұлғасы, сыршыл өлең сөздің бәйге бермес шабандозы Мағжан Жұмабаев ұзақ жылдардан соң алды кең, тынысы еркін, адамгершілігі мол бетбұрыс заманының есігін айқара ашып, ортамызға оралды... .
Мағжан кім? (интерактивті тақтамен жұмыс)
Мағжан Жұмабаевтың «Қысқы жолда», «Балалыш шақ» өлеңдерін жаттау
«Балалық шығың-патшаның тағы» тақырыбында эссе жазу (қалауы бойынша)
Сурет салу және ақын ізімен өлең шығару
Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.
І. Қызығыушылықты ояту кезеңі
«Сағындым» өлеңінде ақын не туралы жырлауы мүмкін?
(жеке, жұпта, топта, жариялау)
Иә, оқушылар, ақынның «Жел», «Сағындым», «Түс» өлеңдері 1918 жылдың Бірінші жартысында, «Үш жүз» партиясы Орталық Комитетінің шешімі бойынша абақтыға жабылған кезінде жазылған өлеңдері.
ІІ. Мағынаны ажырату сатысы
«Сағындым» өлеңі электронды оқулықтан тыңдата отырып, оқушылардың өздеріне жалғастырып оқытылады.
Сөздікпен жұмыс
Сар дала – кең дала
Сібірлеп –
Тапал –
Ауыр иіс –
Сайран жер –
І топ: Ақын нелерді сағынды?
ІІ топ: Кімдерді сағынды?
ІІІ топ: Ақын абақтыға кімдер үшін түсті?
(жеке, жұпта, топта, жариялау)
/ Екі жақты түсіндірмелі күнделік/
Осы өлеңнің маған әсер еткен шумағы
|
Неліктен ол маған әсер етті?
|
|
|
(жеке, жұпта, топта, жариялау)
Тапсырма:
І топ. Өлең құрылысына талдау
/ 11 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, аралас ұйқас/
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, 11 буын а
Сарғайдым ғойғ сар даламды сағындым. 11 а
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған, 11 б
Алыстағы сорлы анамды сағындым. 12 а
ІІ топ Теңеу
Қазағымды, қалың елді сағындым,
Сарыарқамды –сайран жерлі сағындым.
Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті,
Арқадағы айдын көлді сағындым.
ІІІ топ Эпитет
Жатқан үйім –қабырғасы қара тас,
Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,
Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас.
Ойтолғаныс
Ақынның бергенінен берері көп еді. Мәуе төккен жеміс ағашын жайқалып тұрған шағында үсік шалды. Ақын дер шағының шабытты кезеңін айдауда, қуғын-сүргінде, абақтыда өткізді. Ақыры қаза тапты. Олай болса, қазір танысып отырған абақтыда жазған «Сағындым» өлеңінің өн бойынан қандай қасиеттерін байқадыңдар?
( - мейірімділік
- бауырмалдық
- қайраттылық
- қайсарлық
- имандылық)
Не көрсем де –Алаш үшін көргенім,
Маған артық ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін, - деп ақын жырлағандай тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыз аз болған жоқ. Олай болса, тәуелсіздік жолындағы ең соңғы күресте, абақтыда Мағжан тағдырлас кімдерді білесіздер?
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең, атыңдар, -дегендей бүгінгі жарқын күніміз, тәуелсіздігіміз, тіліміз, ұлттық құндылығымыз Мағжан, Қайрат сынды ағаларымыздың қанымен, жанымен келді.
Достарыңызбен бөлісу: |