С. Д. Асфендияров атындағЫ



бет6/17
Дата12.10.2019
өлшемі333,45 Kb.
#49709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
БҚ (1)


Вариант 1 Вариант 2
1-А 1-Б

2-В 2-В


3-Г 3-Б

4-А 4-Б


5-В 5-В
Туляремия

10 жасар қыз балада туляремияға күдік бар,диагностика алгоритмін құраңыз

14 жасар балада Туляремия диагнозы қойылды, дозасын көрсетіп, ем тағайындаңыз

Жағдайлық есеп құраңыз 5жасар балада Туляремия диагнозы қойылды

Тесттер

1. Туляремия қоздырғышы:

А. Sh. sonnei

Б. Francisella tularensis

В. Psevdomonas mallei

Г. N. meninqitidis

Д. Chlamidia

2. Туляремия инфекциясының көзі:

А. Кене

Б. науқас адам



В. құстар

Г. балықтар

Д. жабайы жануарлар

3. Негізгі морфологиялық элемент туляремияда

А. Розеола

Б. Везикула

В. Афта

Г. Гранулема



Д. Абсцесс

4. Туляремииның жиі кездесетін клиникалық түрлері:

А. Көз-бубонды

Б. Ангинозды-бубонды

В. Жайылған

Г. Тері-бубонды

Д. Абдоминальды

5. Туляремияда зақымдалатын лимфа түйіні

А. шат

Б. сан


В. мойын,қолтық асты

Г. шынтақ

Д. барлығы бірдей зақымданады

6. Туляремияда зақымдалатын лимфа түйіні ұлғаяды:

А. 0,5 см

Б. 3-5 см

В. 7-8 см

Г. 10-12 см

Д. 15 см

7. Парино коньюнктивитінде туляремия кезінде болмайды ?

А. 1 жақты зақымдалу

Б. түйін мен жараның болуы

В. дакриоцистита, кератита

Г. Құлақ маңы мен жақасты лимфа түйінінің ұлғаюы

Д. Аққабықтың перфорациясы

8. Туляремия кезіндегі баспа:

А. бір жақты некрозды

Б. екі жақты фолликулярлы

В. жайылған жабынды

Г. сүзбе тәрізді жабынды

Д. ісінумен

9. Қандай зерттеу тәсілі маңызсыз?

А. РА

Б. РНГА


В. Бактериологиялық

Г. Вирусологиялық

Д. ИФА

10. Туляремия емінде қолданылады:



А. Левомицетин, тетрациклин

Б. Пенициллин

В. Сульфаниламидтер

Г. Интерферона индукторы

Д. Вермокс

Жағдайлық есептер:

5 жасар бала әкесімен аң аулауға шыққанда аяғынан кене тістейді, 4 күннен соң гипертермия 39 градус, кене шаққан жерде дақ сосын түйін сосын көпіршік пен 3 см дейін жара байқалады. Шат лимфа түйіндері ұлғайып,басы ауырады, әлсіздік сезінеді. Менигеальды белгілер теріс, есі анық. Диагнозыңыз?

10 жасар бала ауыр жағдайда ауруханаға түседі, гипертермия, кеудеде ауру сезімі, іріңді қақырық,ТЖ 2 дәрежеде, Пневмонияның клиникалық көрінісі бар. Рентгенограммада паратрахеальды түбірлік лимфа түйіндерінің ұлғаюы бар. Бала дәнді дақылды ұсақтауда қатысқан, қоймада кеміргіштер бар.

Диагнозы қандай?

Бала лайлы көлде шомылған, жағасында кеміргіштер көп. Қарап тексергенде бір жақты некрозды тонзиллит,фибринозды жабындылары бар, оңайлықпен алынып, асты қанталамайды. Регионарлы л/т 3см ге дейін ұлғайған, тығыз-эластикалық, айқын интоксикация.

Диагнозы қандай?

10 жасар қыз бала , жер үйде тұрады, кеміргіштері бар. Ауруханаға 3 күні дене қызбасымен, тамағында ауру сезіміне шағымданып түседі. Интоксикациясы айқын емес. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз-эастикалы, ауыру сезімі бар. Бадамша бездері ұлғайған, қызарған, сары жабындылар аралшықты, оңай алынады. Бауыры қабырға доғасында. Ауруының екінші күні жақастында флюктуация байқалды. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 4,2 х 10 12 г/л, гемоглобин 122 г/л, лейк. 14,5х109 эозинофил 1%, таяқшаяд.14%, сегментяд. 58%, лимфоциттер 20% моноциттер 7% СОЭ 40мм/час.

Диагнозы қандай? Емдеу және дигностика алгоритмін құраңыз.

Оба


Мына тақырыпқа рефератты жазыңыз:

Тері-бубуондық обаның түрі

Обаның асқынуы

Жағдайлық есеп құраңыз: балаға 5 жас, обаның бубонды түрі.

12 жасар баланың қолтық асты лимфа бездерінің ұлғаюы , диагностика алгоритмін құрастырыңыз

14 жасар қыз бала оба,өкпелік түрі емдеудің алгоритмін құрастырыңыз

Тесттер

1.Табиғатта инфекция көзі болып табылады:



А. Кеміргіштер

Б. Түйелер,иттер, мысық

В. Ірі қара мал

Г. Қой


Д. Жылқы

2. Обаның терілік түріне тән:

А. Бубонда қатты ауру сезімі

Б. Бубон астындағы тері қызарған, созылып, жұмсарады ,флюктуация пайда болады

В. Бубон ашылып, ірің ағады

Г. Ауру сезімісз, іріңсіз

3.Обаға тән белгі

А. Лимфангит

Б. Лимфангит болмайды

В. Сарғаю болуы

Г. Дақты-папулезді бөртпе

Д. Артралгиялар, фиброзиттер

4. Біріншілік –септикалық түріне тән:

А. Тері зақымдалуы

Б. Бубондардың болуы

В. Бірішілік ошақсыз

Г. Айқын интоксикация мен геморрагиялық синдром

Д. Менингоэнцефалит, қан тамыр, бауыр,бүйрек зақымдалуы

5. Бубонды обаның дифференциалды диагнозын жүргізеді

А. Туляремиямен

Б. Сібір жарасымен

В. Иерсиниозбен

Г. Пастереллезбен

Д. Барлығымен

6.Обаны емдеуде қолданылатын антибиотиктер:

А. Стрептомицин, левомицетин, тетрациклин

Б. Роцефин

В. Сифлокс

Г. Амоксиклав

Д. Азитромицин

Есептер

1.12 жасар бала әкесімен қой бағып жүргенде бүргелер шағады, қарағанда дене Т 40С, қызба, басының ауруы, бұлшықетте ауру сезімі мен құсу, шат аймағында тығыз бубуон, жан-жақтағы тінмен жабысқан, ауру сезімді. Терісі қызарған, жергілікті температурасы көтерілген, лимфангит жоқ. Қандай диагноз қоясыз?



А. туляремия тері-бубондық түрі

Б. оба тері-бубондық түрі

В. шаттық лимфангит

Г. листериоз

Д. лимфогранулематоз

2.2. 5 жасар бала Үндістаннан келген, қарағанда дене Т 40С, қызба, басының ауруы, жөтелі басында құрғақ,кеіннен қан аралас,тат басқандай және кеудеде ауру сезімі, Өкпесінде майда көпіршікті сырылдар. Жүрек үндері тұйық. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Қандай диагноз қоясыз?

А. обаның біріншілік өкпелік түрі

Б. крупозды пневмония

В. туляремия өкпелік түрі

Г. тұмау ауыр түрі

Д. легионеллез

3. 10 жасар бала ауруханаға 5 ші күні обаның терілік-бубондық түріне күдікпен жатқызылады. Сырқаттың жергілікті көрінісі қандай?

А. Жедел басталу, қызба, қалтырау, басының ауруы, бұлшықетте ауру сезімі мен құсу

Б. Беті қызарған, тілі қалыңдаған, сөзі анық емес

В. Терісінде көптен жазылмайтын ,шеттері қызарған жара

Г. шат аймағында тығыз бубуон, жан-жақтағы тінмен жабысқан, ауру сезімді.

Д. Бубон ауру сезімді,тығыз, улану жоқ

4.Бала 7 жаста , обаның тері-бубонды түрі диагнозы қойылды. Қандай аурулармен салыстырмалы диагноз жүргіземіз?

А. туляремия тері-бубондық түрі

Б. лимфангит

В. Сібір жарасы

Г. листериоз

Д. Терілік лейшманиоз

5.12 жасар бала ауруханаға 3 ші күні обаның терілік түріне күдікпен жатқызылады.Диагноз қою мақсатында қандай зерттеулер жүргізесіз?

А. Жарадан бөлініс пен мұрын-жұтқыншақтан жағындыны

бактериологиялық зерттеу.

Б. Серологиялық РНГА, РНАТ, ИФА

В. УДЗ


Г. Кеуденің R-графиясы

Д. Қанның жуан тамшысына зерттеу


Тест сұрақтары (Геморрагиялық қызбалар (ГҚ):

Омбылық геморрагиялық қызба патогенезінде басты звено:



А.бүйрек үсті безі зақымы

Б. қан жасау мүшелерінің зақымы

В.ОНЖ

Г. қантамыр



Д.вегетативтіНЖ
2. Омбылық геморрагиялық қызба таралу жолы

А.сулық



Б.тағамдық

В. Иксод кенесінің шағуы

Г. аспирационды

Д. барлығы

3. Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызба адамға жұғады

А.сулық



Б.тағамдық

В. қарым қатынас

Г. аспирационды

Д. барлығы

4. Омбылық геморрагиялық қызбаның Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызбадан айырмашылығы (3 жауап):

А.розеолезді бөртпе

Б.бөртпе жоқ

В.бүйрек зақымы

Г.жиі атипті пневмония болуы

Д.менингоэнцефалит көрінісі

Тестілік тапсырма құрастыру:

ҚГҚ диагностика алгоритмі



Бүйрек синдромымен жүретін геморрагиялық қызба ем сүлбесі

Жағдайлық есеп құрау: 15 жасар жас өспірімге Омбы геморрагиялық қызба диагнозымен

Сары қызба ошағынын келген балаға клиникалық және лабораторлық зерттеу сүлбесі.

ҚГҚ ем алгоритмі

Клиникалық есептер:

1. 14 жасар,Қызылқұм ауылының тұрғыны, екі тәулік бойына сырқат: әкесімен бір күнде ауырады қойшылар,жиі кене шағатын,жедел қызбалары 40 С дейін көтеріліп ауырады, қатты бас пен бұлшықет ауруы,көзінің қанталауы, беті қырған, мұрыннан қан кетулері бар диагноз қойыңыз:

Геморрагиялық қызба

Туляремия

Лептоспироз

Кене энцефалиті

2. лабораторлық зерттеу әдісі

3. жалпы қан анализінде өзгерістер

4 .ем тағайындау

5 .болжамы

2. 13 жасар қыз бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды, диагнозы ҚГҚ өршу кезеңі (геморрагиялық).

Анықтаңыз:Палата түрін науқас жататын. Жеке бас қауіпсіздік шаралары, персоналдың науқаспен жұмыс істеу,зерттеу материалдарымен жұмыс істеу тәртібі.

Дозасын көрсете отырып дәрі тағайындаңыз

3 . 15 жасар жас өспірімге Омбы геморрагиялық қызба диагнозы қойылды

Мүшелердегі патологиялық өзгерістерді сипаттаңыз

4. Қабылдау бөлімінде істеген жағдайда Бүйрек синдромымен геморрагиялық қызбасы бар науқас келіп түсті,негізгі синдромдары қандай,ауырлық көрсеткіштерін атаңыз.

5.9жасар бала Марбург қызба вирусы ошағынан келді. Ауырғанына екі күн Дене қызбасы Т 38 С. Токсикоз симптомы бар. Зерттеу жоспарын құрыңыз.
Сарып ауруы

Сарып ауруының көзі

А. кеміргіштер

Б. құстар

В. қой, сиыр,шошқа

Г. маса


Д. ауру адам

Сарып ауруының жедел түрлерін ажырату керек келесі сырқаттардан:

А. іш сүзек

Б. сепсиспен

В. лимфогранулематозбен

Г. туберкулезбен

Д. вирусты гепатиттен

Сарыпты лабораторлы дәлелдеу үшін қажет:

А. бактериологялық зерттеу

Б. Райта реакциясы

В. Хеддельсон реакциясы

Г. РСК


Д. Бюрне аллергиялық сынамасы

Сарыптың арнайы алдын алуы:

А. егу күнтізбесі бойынша

Б. эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша

В. жасалмайды

Сарыпты емдеудегі антибактериалды тиімді препарат:

А. эритромицин, сумамед

Б. линкомицин

В. рифампицин, бисептол

Г. тетрациклин, доксициклин

Д. аминогликозидтер

Жағдайлық есеп №1

9 жасар бала әлсіздік, тәбетінің төмендеуі мен ауруының 7 күні дене Т 40,7С көтеріліп, терлегіштік және қалтырауға шағымданып ауруханаға түседі, бұлшықет пен буындарында ауру сезімі бар, бала күнде таңертең сүт ішеді

1. Болжам диагнозыңыз:

А. ревматизм, полиартрит

Б. Ревматоидты полиартрит

В. Бруцеллез

Г. Малярия

Д. Лептоспироз

2. Зерттеу жоспарын таңдаңыз

3. Салыстырмалы диагноз жүргізіңіз

4.Этиологиясын анықтайтын зерттеу әдісі

5. Ем тағайындаңыз

6. Сырқаттың нәтижесі


Тестілеу (Теппе):

1.Теппе көзі:

А.үй жануарлары

Б. вирустасымалдаушылар

В.науқас адам

Г.жабайы жануарлар

Д.бактерия тасымалдаушылар

2. Теппені жұқтыру:

А.ауа-тамшылы жолмен

Б.парентералды

В.фекалды-оралды

Г.трансплацентарля

Д.эндогенді

3. Вирус адам ағзасынан бөлінеді

А.зәрмен

Б.нәжіспен

В.қанмен

Г.сілекеймен

Д.құсықпен

4. Теппенің клиникалық түрлерін анықтаңыз : (3 жауап)

А.бездік

Б. Жүйкелік

В. комбинирленген

Г. висцералды

Д. жайылған

5. Қандай мүшелер зақымдалады (4 жауап)

А. сілекей бездері

Б. жүйке жүйесі

В. жыныс мүшелері

Г. ұйқы асты безі

Д. терісі

6. Теппеге тән белгі

А. Ортнер

Б. Мурсо


В. Бельский-Филатов-Коплик

Г. Филатов

Д. Щеткин-Блюмберг

7. Теппе кезінде ликвордағы өзгерістер:

А. лимфоцитарлы плеоцитоз

Б. нейтрофильнді плеоцитоз

В. ақуыз жоғары

Г.ақуыз төмен

Д. ақуыз өзгеріссіз

8. ПИ науқастанған аурудың 7-ші күні менингит клиникасы қосылды.1-ші кезекте тағайындау қажет

А.дегидратациялық терапия

Б.жұлын-ми сұйықтығы

В.антибактериалды ем

Г.витаминдік ем

Д.гормондар

9. Гормондар тағайындалады:

А. паротитте

Б.менингитте

В. панкреатитте

Г.орхитте

Д. субмаксилитте

10. Теппенің мына түріне тән: іштің ұстама ауруы,сұйық нәжіс және құсу

А. паротит

Б.субмаксилит

В.орхит

Г.панкреатит



Д.менингит

Клиникалық есеп №1

12 жасар қыз, температураның 38С дейінгі жоғарлауына, әлсіздікке, тәбеттің төмендеуіне,құлақ маңы аймағында ісіну, жайнағандағы ауру сезімі,эпигастрийдегі сол жақ қабырға астында қатты ауру сезіміне, жүрек айну, құсу,сұйық нәжіске шағымданады.

Анамнезінде:Қыз теппе инфекциямен ауырған науқастармен қатынаста болған.

Ауру жедел басталуымен температураның 38С жоғарлауы, оң жақ құлақ маңы безінің ісінуі.Екінші күні екінші жағында ісіну байқалды.Қыз әлсіз,шайнағанда ауру сезімі байқалады.Аурудың 5-ші күні іште, эпигастрий аймағында қатты ауру сезім, құсу, жүрек айну, нәжістің сұйықталуы байқалады.

Қарағанда: Қыз бозғылт, басы алмұрт тәрізді пішінде, құлақ маңы безінің жұмсақ қамыр тәрізді консистенциялы ісінуі.Пальпацияда ауыру сезімінсіз, құлақ қалқанының тері жамылғысында бөртпе жоқ.Іші кепкен пальпация жасағанда эпигастрий аймағында, сол жақ қабырға астында кіндік аймағында ауыру сезімі байқалады,бауыр, көк бауыр ұлғаймаған.Нәжіс энтериттік қалыпта.

1.Болжам диагнозды негіздеу.

2.Лабороториялық өзгерістердің сипатын анықтаңыз.

3.Салыстырмалы диагноз жүргізіңіз.

4.Емді негіздеп,тағайындаңыз.

Клиникалық есеп №2

Бала 4 жаста стационарда 6-шы күні бас ауруға, әлсіздікке шағымданады.

Анамнезінде: Жедел ауырған, температурасы 38С жоғарлады, оң жақ құлақ маңы аймағы ісінді.2-ші күні сол жақ құлақ маңы аймағының ісінуі, шайнағандағы ауру сезімі қосылды.Келесі күні құлақ маңы аймағының ісінуі басылып бірақ 6-шы күні бас ауру, құсу, әлсіздік пайда болып бала ауруханаға түсті.

Қарағанда: Жағдайы орташа ауырлықта, әлсіз, тәбеті жоқ, есі анық, гиперестезия және гиперакузия байқалады.Пальпацияланғанда ауру сезімінсіз.Өкпеде везикулярлы тыныс жүрек тондары әлсіз тұйықталған, тахикардия, іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз.Нәжісі қалыпты.

1.Болжам диагнозды негіздеу.

2.Лабороториялық өзгеріс сипаттамасын суреттеңіз.

3.Дифференцияльды диагностика жүргізу.

4.Емін тағайындаңыз.

Клиникалық есеп №3

7 жасар қыз.Дене температурасы 38С жоғарлаған,енжар, тәбеті төмендеген,2 жақты құлақ маңы аймағында ісіну, шайнау кезіндегі ауру сезімі.

Анамнезінде: Жүқпалы аурумен қатынаста болмаған.Қызға алдын-ала егулер жүргізілмеген.Жедел, дене температурасы 38,7С дейін, оң жақ құлақ маңында ісіну пайда болған.2-ші күні ісіну басқа бөлігінде пайда болған.Қыз енжар, шайнау кезінде ауру сезімі болған.

Қарау кезінде: Қыз бозғылт, басы алмұрт тәріздес, құлақ маңы бездерінің ісігі жұмсақ қамыр консистенциялы, пальпацияда ауру сезімсіз.Тері қабаты бозғылт,Ауыздың кілегей қабаты ашық қызыл, екі жағында Мурсо симптомы оң.Іші жұмсақ, ауру сезімсіз.Бауыр, көк бауыр ұлғаймаған.Нәжісі қалыптасқан.

1.Болжам диагнозды негіздеу.

2.Лабороториялық өзгеріс сипаттамасын суреттеңіз.

3.Дифференцияльды диагностика жүргізу.

4.Емін тағайындаңыз

Клиникалық есеп № 4

3 жасар бала, , әлсіздікке, тәбеттің төмендеуіне,басының ауру сезімі, жүрек айну, құсуға шағымданып, ауруының 8 күні келеді

Анамнезінде:

Ауру жедел басталуымен оң жақ құлақ маңы безінің ісінуі.Екінші күні екінші жағында ісіну байқалды.Қыз әлсіз,шайнағанда ауру сезімі байқалады.Аурудың 5-ші күні ісіну азаяды, бірақ, басының ауру сезімі, жүрек айну, құсу байқалады.

Қарағанда: бозғылт,әлсіз, құлақ маңы безінің жұмсақ қамыр тәрізді консистенциялы ісінуі.Гиперэстезия,гиперакузия. Керниг және төменгі және жоғарғы Брудзинский симптомдары оң. Өкпеде везикулярлы тыныс жүрек тондары әлсіз тұйықталған, тахикардия, іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз.Нәжісі қалыпты.

1.Болжам диагнозды негіздеу.

2.Лабороториялық өзгеріс сипаттамасын суреттеңіз.

3.Дифференцияльды диагностика жүргізу.

4.Емін тағайындаңыз

Клиникалық есеп №5

14 жасар ұл бала .Дене температурасы 38С жоғарлаған,енжар, тәбеті төмендеген,2 жақты құлақ маңы аймағында ісіну, шайнау кезіндегі ауру сезімі,умасының ісінуі мен жүргенде ауырсынуы.

Анамнезінде: Теппемен жұқпалы аурумен қатынаста болған.Қызға алдын-ала егулер жүргізілмеген.Жедел, дене температурасы 38,7С дейін, оң жақ құлақ маңында ісіну пайда болған.2-ші күні ісіну басқа бөлігінде пайда болған, енжар, шайнау кезінде ауру сезімі болған.4-ші күні ісіну азайып,5 күні қызуы қайта көтеріледі де, умасының ісінуі мен жүргенде ауырсынуы пайда болады

Қарау кезінде: бала бозғылт, басы алмұрт тәріздес, құлақ маңы бездерінің ісігі жұмсақ қамыр консистенциялы, пальпацияда ауру сезімсіз.Тері қабаты бозғылт,Ауыздың кілегей қабаты ашық қызыл, екі жағында Мурсо симптомы оң.Іші жұмсақ, ауру сезімсіз.Бауыр, көк бауыр ұлғаймаған.Нәжісі қалыптасқан.

Умасы ісінген, ауырады пальпация кезінде, терісі қызарған, ыстығы бар.

1.Болжам диагнозды негіздеу.

2.Лабороториялық өзгеріс сипаттамасын суреттеңіз.

3.Дифференцияльды диагностика жүргізу.

4.Емін тағайындаңыз

Тестілеу: Балалардағы герпестік және цитомегаловирусты жұқпалы ауруы (СРС)


  1. 2 айлық балаға цитомегаловирусты инфекция диагнозы қойылған,этиотропты емі

А Ганцикловир, фоскарнет

Б Роцефин

В Зеффикс

Г Ретровир

Д Пегинтрон, ребетол


  1. 10 күндік нәрестеде менингоэнцефалит анықталды, анасында жүктілік соңында еріндерінде герпетикалық бөртпелері болған, аурудың мүмкін этиологиясы қандай ?

А Вирусты гепатит

Б Герпестік инфекция

В Листериоз

Г Хламидиоз

Д Цитомегаловирусты инфекция


  1. Клиникалық жағдай №1

Науқас 12 жаста, бел аймағындағы ашу және ауру сезімін, дене температурасының жоғарлауына шағымданады. Аурудың дамуы алдында бала таудан аққан өзенге шомылып, қатты тонған. Қарап тексергенде: Кеуденің төменгі бөлігі 10-12 қабырға тұсында, бел аймағындағы терінің гиперемиясы мен «балық қабыршағы» тәріздес қатпарлы везикула анықталады. Пальпацияда- айқын ауру сезімі, терінің қалған бөліктері- таза. Жүрек тоны – ритмді араны-тыныш.

Гемограммада: Эритроциттер- 4,3*10г/л, гемоглобин – 120г/л, лейкоциттер -5,0*10г/л, эозинофильдер- 5% , таяқша ядролы – 2% , сегмент ядролы – 26% , лимфоцит – 65% , моноцит – 2% , ЭТЖ- 13мм/сағ.

1.Болжама диагнозын қойыңыз және негіздеңіз

2.Ауырлық дәрежесін негіздеп бағалаңдар

3.Ем тағайындаңыз және негіздеңіз.

4.Науқастың стационардан шығару ережесін көрсетіңіз.



  1. Клиникалық жағдай №2

Науқас 2 айлық, ауырғанына 3 күн.Температурасының 39С дейін жоғарлауына, сілекей ағуына, емшектен бас тартуына шағымданады.Қарап тексергенде: боз ауыз- шырышты,тілде, қатты таңдайда везикулярлы 2-3мм көлеміндегі ашылған жаралық элементтер.Терісі таза,жүрек тоны ритмді, пуэрильді тыныс, сырылдар жоқ.Іші ауру сезімсіз.

Анамнезінде: Баланың әкесінің айтуы бойынша бір апта бұрын ерінінде көпіршіктер болған, субфебрильді температура.

Гемограммада:Эритроциттер- 4,3*10г/л, гемоглобин – 120г/л, лейкоциттер -5,0*10г/л, эозинофильдер- 5% , таяқша ядролы – 2% , сегмент ядролы – 26% , лимфоцит – 65% , моноцит – 2% , ЭТЖ- 13мм/сағ.

1.Болжама диагнозын қойыңыз және негіздеңіз

2.Ауырлық дәрежесін негіздеп бағалаңдар

3.Ем тағайындаңыз және негіздеңіз.

4.Науқастың стационардан шығару ережесін көрсетіңіз.


  1. Клиникалық жағдай №3

Науқас 3 айлық, ауырғанына 2 күн.Температурасының 39,5С дейін жоғарлауына,шаршағыштықпен, тәбетінің төмендеуімен.Бет, мойын, құлақ маңында ашық-қызыл дақтар пайда болған.

Анамнезінде: Атасының айтуы бойынша 14 күн бұрын орама герпес анықталған. Түсу кезінде жағдайы ауыр, гипертермия 40С дейін, көп мөлшерде бетінде, бастың шашты бөлігінде, тұлғасында, аяқ-қолдарда: дақ, папула, везикула.Ауыздың шырышты қабатында – аналогиялық элементтер.Гиперемиялық конъюктивит, бірнеше везикулалар көздің айналасында, қабақтың астында байқалады.Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ.Жүрек тондары әлсіз, тахикардия.Іші ауру сезімсіз.

Гемограммада:

Эритроциттер- 4,3*10г/л, гемоглобин – 120г/л, лейкоциттер -5,0*10г/л, эозинофильдер- 5% , таяқша ядролы – 2% , сегмент ядролы – 26% , лимфоцит – 65% , моноцит – 2% , ЭТЖ- 13мм/сағ.

1.Болжама диагнозын қойыңыз және негіздеңіз

2.Ауырлық дәрежесін негіздеп бағалаңдар

3.Ем тағайындаңыз және негіздеңіз.

4.Науқастың стационардан шығару ережесін көрсетіңіз.



  1. Клиникалық есеп №6

Инфекциялық аурухананың қабылдау бөлімшесіне 8 жасар бала аурудың 7 күні ата-анасымен түсініксіз сөйлеу шағымдарымен жеткізілді.Кешкісін балада шалыс жүріс, тұра алмайды, басын ұстай алмайды, ұстаусыз құлайды. 3 апта бұрын әкесі орама герпеспен ауырған.Қарап тексергенде: Шүйде бұлшық еттерінің регидтілігі,арқа терісінде, бастың шашты бөлігінде, санаулы кепкен везикула мен қабыршақ байқалады.

1.Болжама диагнозын қойыңыз.

2.Осы диагнозды қандай лабороторлы зерттеу нақтылайды.

3.Ем тағайындаңыз және негіздеңіз.

4.Мүмкін болжамды көрсетіңіз.


  1. Клиникалық есеп №5

10 күндік нәресте менингоэнцефалитпен диагностикаланған.Анасында туу алдында ернінде герпестік бөртпе болған.

1.Этиологиялық диагноз қойып негіздеңіз.

2.Осы диагнозды қандай лабороторлы зерттеу нақтылайды.

3.Ем тағайындаңыз және негіздеңіз.

4.Мүмкін болжамды көрсетіңіз.


  1. Клиникалық есеп №6

Бала 2 айда, Цитомегаловирусты инфекцияға күдік бар

Қандай лабороторлы зерттеулер диагнозды нақтылайды.

Аталған инфекция қандай органопатологиямен сипатталады.

Этиотропты емді негіздеп, тағайындаңыз.

Мүмкін болатын болжамды көрсетіңіз.


  1. Клиникалық есеп № 7

1 айлық балада сарғаю, гепатоспленомегалия, гидроцефальды –гипертензионнды синдром анықталған. Жалпы билирубин 96мм/л, тікелей фракциясы 60мм/л. АЛТ – 5,4мкм/л, сулема сынамасы - 1,54. Анасында алдыңғы жүктілік түсік тастаумен бітті. Аурудың мүмкін этиологиясы

А. Вирусты гепатит А

Б. Вирусты гепатит В

В. Вирусты гепатит С

Г. Цитомегаловирусты инфекция

Д. Вирусты гепатит Е.

БАБЖ бағдарламасының актуалдығы (СРС)

Жас топтары

Балалар қарау барысында БАБЖ ролі

Антибактериалды емді тағайындау мен негіздеу

Астмойдты тынысы бар баланы емдеу

Тексеру түрі

БАБЖ бағдарламасы бойынша 5 жасқа дейінгі балаға жазу жүргізу түрін толтыру.

Ауру баланың анасына аэрозольды бронходилятатор қолдану жайында рольдік ойын арқылы кеңес беру

Сүлбі бойынша «жөтел мен қиындаған тыныс» жағдайына түсініктеме беру

Тесттер


2-12 ай арасындағы балаға бір минут ішінде жиілеген тыныс болады:

А. 35 және жоғары

Б. 45 және жоғары

В. 50 және жоғары

Г. 60 және жоғары

Д. 55 және жоғары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет