С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


Мимикалық және пантомимикалық



Pdf көрінісі
бет84/175
Дата16.02.2022
өлшемі4,2 Mb.
#132070
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   175
Байланысты:
60471f33f3411 1615273779

Мимикалық және пантомимикалық 
бейнелілік негіздерін дамытуға арналған жаттығулар 
Алдымен психогимнастика сияқты əлеуметтік-психологиялық 
тренингте қолданылатын ширату тҥріндегі кішігірім тапсырмалар 
беріледі. Ишарат белсенділігін ынталандыру ҥшін кез келген 
жағдайлар ҧсынылуы мҥмкін. 
9-жаттығу. 
«Шеңберге кір». Біреуінен басқа барлық 
қатысушылар шеңбер қҧрады. Шеңбердің сыртында тҧрған адам 
ишарат қҧралдарының көмегімен оған кіруге ҧмтылады. Жаттығу тез 
жасалады, қатысушылар орындарымен алмасады. 
10-жаттығу. 
«Сыйлық жаса». Барлығы шеңбер қҧрып отырады. 
Топ мҥшелерінің біреуіне (немесе бəріне) кезекпен сыйлық жасау 
ҧсынылады. Ишаратпен орындалады. 
11-жаттығу. 
«Мен сабаққа келгендегі сезім». Студенттер 
қалауынша мимика мен ишарат арқылы өздерінің сабаққа келгендегі 
сезімін көрсетеді. Сабақта отырғандағы сезімді де алға тартуға 
болады. 
Қылықтардың белгілі бір мəнерін сипаттайтын тҥрлі 
нҧсқалардың мҥмкіндігіне назар аударып, орындау бағасын жаттығу 
сараптамасында беруге болмайды. Бҧл жағдайда аталған жаттығуды 
орындайтын адам қалай қабылданатыны маңызды. Топтардың 
қабылдау байланысы мен орындаушының қанағаттануы өзіңнің 
қылықтарың жайлы ойлануға жəне тҥзетуге негіз болады. 
12-жаттығу. 
«Жалпы ымдау реакциясы». Жаттығуды бір 
уақытта əдетте, аудиторияда отырған барлық қатысушылар 
орындайды, олар өзгелерді көрмейді, бҧл оларды ашады жəне 
ҧялшақтығын жояды. Оқытушы жағдайды ҧсынады. 
1--ж а ғ д а й. Сабақ басталды. Сіз ҥстел басында отырсыз, есік 
ашылады, сіз кірген адамға қарайсыз: 

талап ете: «Тез отыр!»;

таңдана: «Кҥтпеген едім»;

ызалана: «Алаңдатасың»;

сҧрап: «Бірдеңе болды ма?»;

кінəлап: «Жҧмыс істеуге кедергі келтіресің»;

қуана: «Ақыры!» жəне т.б.
2-ж а ғ д а й. Сіз оқушыны шақырасыз, ол айтады: «Мен 
тапсырманы орындаған жоқпын». Сіздің реакцияңыз: 

аяп: «Тҥсінемін, саған ыңғайсыз»;

сөгіп: «Бҧған жол берілмейді!»;

кҥтіп: «Ары қарай не болады, немен тҥсіндіресің?»;

жақтап: «Иə, саған ауырып қалғаның əсер етті»;

таңданып: «Сенен мҧндайды кҥтпеп едім»;

таңданып: «Бҧл осымен нешінші рет!»;

немқҧрайлы: «Маған бҧл əсер етпейді».


Бҧл тапсырмаларды орындағанда жағдайдың мазмҧнын сипаттау 
керек. Ыммен жҧмыс істеп, мҧғалім мен оқушының орнында 
жағдайды ойнап шығу. 
13-жаттығу. 
«Жекелеген реакцияны көрсету». Алдыңғыға 
қарағанда бҧл жаттығу аудитория алдында орындалады. Жағдай 
оңайлатылған. 
Шығармашылықты талап етеді. Студенттер 
кезекпен мҧғалімнің роліне кіреді. Топ болып жаттығуды 
орындағаннан кейін мақсатты нҧсқасы таңдалады жəне аудитория 
алдында көрсетіледі. Біз Н. Е. Шуркова ҧсынған жағдайлар мысалын 
ҧсынамыз, мектеп тақырыбына қатысты басқа да жағдайлар болуы 
мҥмкін. 
1-Ж а ғ д а й. Сіз тақтаға жазасыз. Оқушылар сізбен бірге 
дəптеріне жазады. Кенет бір шу естіледі, бҧрыласыз, былай дейсіз: 

таңданыс: «Не болды?»;

кінəлау: «Кім əлі жҧмысты бастаған жоқ?»;

талап: «Қойыңдаршы, тынышталатын уақыт болды»;

тосып тҧру: «Мен тыныштықты кҥтіп тҧрмын»;

ашу: «Тыныш! Барлығы жҧмыс істеп жатқанда шулауға 
болмайды»;

қиналу: «Осындай маңызды істе қалай шулауға болады?!» 
2-Ж а ғ д а й. Оқушы тақта алдында. Тапсырманы орындады.
Сіздің реакция: 

салмақты: «Бəрі дҧрыс»;

қуанышты: «Жарайсың!»;

көңілді қанағаттану;

осындай тамаша нəтижеге байланысты жағымды таңданыс;

таңданыс: «Сенде бəрі дҧрыс екеніне сенімдісің бе?»;

ренжу пен кінəлау;

қатаң кінəлау;

аяушылық пен кекесінмен кінəлау;

мысқыл: «Керемет!»
Студенттердің реакциясы сырттай ғана емес, ішкі қатынасын да 
білдіруі ҥшін,мҧндай реакциялардың себебін суреттеуді ҧсынған 
пайдалы, сыныптағы өмірдің мəн-жайын ойша бейнелеп, əрекет 
ықпалын таңдау нҧсқасын ақтау, өзіңнің көзқарасыңды алдымен ішкі 
монолог тҥрінде сөзбен, содан кейін ишаратпен көрсету. 
Қиналған жағдайда берілген тақырыпқа қатысты алдын ала 
тҥсірілген слайдтағы мимикалық реакция мысалдарын көрсету. 
14-жаттығу. 
«Ишарат 
қылықтарының 
логикасы». 
Студенттерге мектептегі типтік ахуалдарға байланысты қылықтар 
логикасын көрсету өздеріне ҧсынылады. Жҧптасып орындалады, 
аудитория қосылады. 
Мысалы, «Білімді тексеру» жағдайы. Оқытушы тақта алдындағы 
оқушының жауабын тыңдайды жəне бірмезетте, сыныппен 
педагогикалық қатынастың ҥзіліссіз болуына қол жеткізіп, ишарат 
қҧралдары арқылы, жауап берушіге кедергі келтірмей, партада 
отырғандарды жауапқа қатысты ойлануға шақырады. 


Оқушы сабақта алаңдағанда, мҧғалімге ол қалай əсер етеді? Бҧл 
əрі таңданыс, əрі қатал көзқарас, жауапқа деген жоғары 
қызығушылықты көрсету, əрі ҧялту. 
Студенттер 
жҧптасып 
оларға 
ҧсынылған 
жағдайларды 
дайындайды жəне өз реакцияларын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет