Құзырет
(лат.
competentia)
- бҧл адам жақсы хабардар,
танымы жəне тəжірибесі бар сҧрақтардың аясы; демек, белгілі
бір салада қҧзыретті адам оған бҧл сала туралы дəйекті пікір
айтатын жəне онда тиімді əрекет ететін тиісті білімді жəне
қабілеттіктерді игерген
1
.
1
Энциклопедиялық сөздік. - М., 1981.
Шет тілдер сөздігінде қҧзырет (лат.
competere
- дегеніне
жету, сəйкес келу, келу) былай тҥсіндіріледі:
1)
заңмен, жарғымен немесе басқа актімен нақты органға
немесе лауазымдық тҧлғаға ҧсынылған өкілеттік аясы;
2)
сол немесе басқа саладағы білімі, тəжірибесі
1
.
С.И.Ожеговтың Орыс тілі сөздігінде қҧзыретке мынадай
анықтама беріледі: «Біреу жақсы хабардар мəселелердің
аясы»
2
.
Л.В.Занина жəне Н.П. Мень
ш
икова «қҧзыреттілік» жəне
«қҧзырет» синоним тҥрінде пайдаланылатын ҧғымдардың
айырмашылығын қарастырады:
-
құзырет
– оған қатысы бойынша сапалы, өнімді қызметіне
қажетті, тҧлғаның өзара байланысты қасиеттерінің жиынтығын
қамтиды (білім, біліктілігі, дағдылары, қызмет əдістері);
-
құзыреттілік
– адамда оған жəне қызмет мəніне тҧлғалық
қатынасты қамтитын тиісті қҧзыреттің болуы
3
.
Е.В.Арцишевская жəне М.Е. Кабардов атап кеткендей,
заманауи
психологиялық
жəне
психолингвистикалық
əдебиетте «қҧзыреттілік» (психологияда) немесе «қҧзырет»
(лингвистикада) ҧғымдары мінез-қҧлық сипаттамасы, белсенді
тҧлғаның тҥрі, меңгерудің өзекті деңгейі (мысалы, сөйлеу)
болып табылады. Аталған мəнмəтінде қҧзыреттілік оқығандық
ретінде, ал қабілеттіліктер — оқытылатындық ретінде
қабылданады, себебі қҧзыреттілік оқыту нəтижесі болуы
немесе қабілеттіліктер ҧғымынан асып кетуі мҥмкін (қол
жеткізудің «бағасын» ескерген жағдайда). Сонымен, барлық
қҧзыреттілік қабілеттілік емес, сонымен бірге барлық қол
жеткізу – қабілеттіліктердің көрінуін куəландыра алмайды.
Ғылыми-əдістемелік
əдебиетте
қҧзыреттің
дəстҥрлі
сипаттамалары бөлінген:
-
өзіне жауапкершілік алу қабілеттілігі, демократиялық
институттардың қызметінде жəне дамуына қатысуымен
байланысты саяси жəне əлеуметтік қҧзырет;
-
полимəдениетті
қоғамдағы
өмірге
қатысы
бар,
толеранттылықты, басқа мəдениет пен конфессия-
лардың
адамдарын
қабылдау
дайындығын
қалыптастыру;
-
тҧлғааралық қатынаста жəне кəсіби қызметте жəне
қоғамдық өмірде қажетті бірнеше шет тілін меңгеруді
анықтайтын қҧзырет;
1
Шет тілдер сөздігі / авт.-қҧр. Е.С.Зенович. — М., 2000.
2
Ожегов С.И.
Орыс тілінің сөздігі. — М., 1987.
3
Занина Л.В., Меньшикова Н.П.
Педагогикалық шеберлік негіздері: оқу қҧралы. —
Д.Ростов, 2003.
-
ақпараттық қоғамның пайда болуымен байланысты: жаңа
технологияларды меңгеру, БАҚ арналары жəне ғаламтор
бойынша ақпарат пен жарнаманы сыни талдауға қабілеттілігі;
-
оқу қабілетін бҥкіл өмірі бойы тек кəсіби тҧрғыда емес,
сонымен бірге жеке жəне қоғамдық өмірінде іске
асыратындар
1
;
С.Е.Шишов жəне В.А.Кальней «қҧзырет білім мен
біліктіліктің қандай да бір сомасы арқылы анықтала алмайды,
себебі оның көрінуінде айтарлықтай рөл жағдайларға
байланысты» деп баса айтады. Қҧзыретті болу аталған
жағдаятта алынған білім мен тəжірибені жҧмылдыра білуді
білдіреді.
Қҧзыретті талдау барысында олар көрінетін нақты
жағдаяттарға назар аударылады. Қҧзырет туралы олар қандай
да бір жағдаятта көрінгенде ғана айтуға болады; əлеуеттілік
қатарында қалып қойып көрінбеген қҧзырет жасырын
мҥмкіндік болып табылады. Қҧзыретті маман болу ҥшін, соның
ішінде педагогикалық салада да, оның негізгі – базалық жəне
арнайы қҧзыреттерін меңгеру қажет деп саналады.
Негізгі құзыреттер
, А.В.Тряпицын айтқандай, - бҧл кез
келген заманауи маманның əлеуметтік-өнімді қызметіне
қажетті адамның жалпы қҧзыреттері болып табылады.
Базалық құзыреттер
белгілі кəсіби салада көрінеді,
арнайы құзыреттер –
нақты педагогикалық əрекетті орындау
барысында, нақты проблеманы немесе кəсіби міндетті шешу
барысында көрінеді.
«Қҧзіреттілік» ҧғымы кəсіби қызмет субъектісінің сапалы
мінездемесін сипаттай отырып, мамандықтың субъективті
қҧрамдасын сипаттайды.
А. К. Маркова қҧзіреттілікті мамандық талаптарына
сəйкестік дəрежесінің жеке мінездемесі ретінде анықтайды. Ол
тҥрлі қҧзіреттілікті ажыратуды ҧсынады:
- арнайы құзыреттілік
– кəсіби қызметті жеткілікті жоғары
деңгейде меңгеру, өзінің кəсіби дамуын əрі қарай жобалау
қабілеттілігі;
-
әлеуметтік құзыреттілік – бірлескен
кəсіби қызметті
меңгеру (топтық, кооперативті), сонымен бірге аталған
мамандықта кəсіби қатынасудың қабылданған тəсілдерін
меңгеру; өзінің кəсіби еңбегінің нəтижелеріне əлеуметтік
жауапкершілік;
1
Занина Л. В., Меньшикова Н.П.
Педагогикалық шеберлік негіздері: оқу қҧралы.
-
жеке бас құзыреттілігі – жеке бас ӛз ойын білдіру және ӛзін-
ӛзі дамыту, тұлғаның
кəсіби деформациясының қарсы тҧру
тəсілдерін меңгеру;
-
жеке құзыреттілік – мамандығы аясында ӛзін-ӛзі іске асыру
және дербестігін дамыту
тəсілдерін меңгеру, өз ойын білдіру,
кəсіби өсуге дайындық, жеке өзін-өзі сақтауға қабілеттілігі
1
.
Қҧзіретті кейде жҧмысшының қабілеттіліктерін дамыту
деңгейі ретінде тҥсінетін, оған қызметтің нақты тҥрінде
кҥрделіліктің белгілі дəрежесінде еңбек қызметін орындауға
мҥмкіндік беретін біліктілікпен шатастырады, қандай да бір
еңбекке кəсіби дайындық деңгейі. Жҧмысшы біліктілігінің
деңгейі оған нақты мамандығы бойынша осы мамандықтың
тарификациялық-біліктілік мінездеме талаптарына сəйкес
берілетін біліктілік дəрежесі (сынып, санаты) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |