С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері



Pdf көрінісі
бет56/175
Дата16.02.2022
өлшемі4,2 Mb.
#132070
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   175
Байланысты:
60471f33f3411 1615273779

ҚАТЫНАС: ҒЫЛЫМ МЕН ӚНЕР 
 
Қатынасты педагогикалық қызметтің мəндік негізі ретінде 
қарастырып, мынадай: «Қатынас— бҧл ғылым ба, өнер ме?» деген 
сҧраққа жауап беру керек. Педагогикалық процесте біз өзімізге 
осындай сауал қойып, əріптестерімізбен, оқушылармен, жоо жəне 
колледж студенттерімен пікір таластырамыз. 
Қатынастың ғылыми негіздерін: оның қҧрылымын, тҥрін, 
пішінін,қҧралдарын, мəнерлерін, технологиясын білу өте маңызды. 
Алайда педагогтың тəрбиеленушілермен жанды қатынасы ешқандай 
алгоритмге жатпайды. Қатынастың өзгермейтін ережелерін
жағдайлардың нақты шарттарын, жас шамасын, педагог пен 
тəрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін 


тҧжырымдау мҥмкін емес. Тҥрлі педагогикалық жағдайдың сыртқы 
пішіні ҧқсас болғанда тҧлға жеке қатынас жасауды талап етеді, онда 
педагогтың əрекеті қайталанбайды. 
Қатынас — тҧлғаның тек қана жеке-шығармашылық саласы. Білім 
қатынас өнерінің негізі. Тҧлғаның жеке бас қасиеттерін есепке алып, 
қатынастың ғылыми негіздерін пайдалану педагог өнерінің 
шығармашылығы. 
Педагог — өз ісінің шебері — ол бір уақытта демократиялық, 
авторитарлы жəне либералды бола алады. Тəрбиеленушілермен оның 
қатынасу өнері нақты оқу-тəрбиелік жағдайда жетекшінің мəнері 
қандай болатынын анықтауға байланысты. Қатынас өнері кəсіби 
табыс пен педагогтың өз мінез-қҧлқын, сезімдерін басқара алуымен 
;назарды 
басқаға 
аударуымен; 
тəрбиеленушілердің 
жан 
дҥниесін,əрекеттерінің, амалын,бағасының себебін тҥсіну жəне 
ескерумен; «жҥзінен оқумен»; өзгелермен қатынаста өзін көрсете 
білумен; оқушылармен сөзбен жəне сөзсіз байланыс жасаумен 
шартталған. 
В.А. Сухомлинский баланы тыңдай білу — ҥлкен педагогикалық 
өнер деген. Педагогиқалық қатынас педагогтың жеке тҧлғасы 
арқылы жҥзеге асатынын баса айту керек. Қатынас өнеріне ҥйрену 
керек, бірақ «егер ол өзін педагогпын деп санамаса, шындығын 
айтқанда, балаларды жақсы көрмесе, өз мамандығын сҥймесе, ондай 
адамды қатынас қҧралдарына ҥйрету мҥмкін емес»,- деп 
тҧжырымдаған А.А.Леонтьев

Кім балаларды жақсы көрсе, кім педагогикалық қызметке 
бағыттанса, белгілі педагогтар мен психологтардың даналық 
кеңестерін ҧсынамыз. 

Педагогикалық қызметте қатынастың көптҥрлі барлық 
репертуарын, яғни ақпарат алмасу, қарым-қатынасты ҧйымдастыру, 
баланың тҧлғасын тану, оған ықпал етуді пайдалану қажет. 

Қатынас кезінде жəне қатынас арқылы сіз шешетін нақты 
міндеттерді анық тҧжырымдаңыз. 

Қатынастың стратегиясы мен тактикасын ойластырыңыз
балалардың санасы мен мінез-қҧлқына əрекет пен ықпал етудің 
кҥтілетін тəсілдерін іріктеңіз. 

Қатынас процесінде өзіңіздің нақты міндетіңізді жҥзеге 
асыруға назар аударыңыз, оған барлық əрекеттеріңізді, жеке 
қасиеттеріңізді бағындырыңыз. 

Балалармен қатынасты «өзіңнен» емес, «олардан» қҧру 
маңызды, сонда бала педагогикалық көру радиусына енетін болады. 



Тəрбиеленушілермен байланысқа тҥскенде, олармен қатынасқа 
«тігінен», жоғарыдан төмен (педагог оқушыдан жоғары) емес, 
көлденең жазықтықта (педагог пен оқушы тең) тҥсіңіз. 

Балалармен қатынасқа тҥскенде, ҥнемі олардың көңілін 
көтеруге тырысыңыз, сыныптағы микроклиматтың кішкене 
өзгерістерін сезініңіз, психологиялық жағдайды тҧрақты нəрсе деп 
қабылдамаңыз. 

Тəрбиеленушілермен қатынас кезінде бастамашыл болыңыз, 
бастамашылық сізге əрекетті басқаруға, ынтымақтастықты 
ҧйымдастыруға ықпал ететінін есте сақтаңыз. 

Қатынас кезінде өзіңізді еркін жəне қысылып-қымтырылмай 
ҧстауға тырысыңыз. Бҧйығылық, мақсатсыз қимыл-қозғалыстар
кешірім сҧраған жымиыстар жəне т.б. сіздің жасқаншақтығыңызды, 
қорқынышыңызды, ҥрейіңізді көрсетеді. 

Балалармен қатынас кезінде қалыптан: өзіңізді алып жҥру 
мəнеріңізден, оқушылардың тəртібіне стереотипті реакциядан, 
жоспарланған əңгімеге ойланбастан кіріп кетуден жəне т.б. 
бойыңызды аулақ салыңыз. 

Кей оқушыларға қатысты жағымсыз нҧсқауларды жоюға 
тырысыңыз. 

Қиын тəрбиеленушілермен қарым-қатынасты қҧру туралы 
əдейі ойланыңыз. 

Өзара əрекеттесу процесінде балаларға мақҧлдау, мақтау, 
мадақтау сөздерін айтуға тырысыңыз. 

Өз сөзіңізге абай болыңыз, ол— сіздің жеке тҧлғаңыз екенін 
есте сақтаңыз. 

Балаларды тыңдауға ҥйреніңіз. 

Балаларға жиі кҥлімсіреңіз. 
Кҥлімсіреу 
сіздің 
тəрбиеленушілермен кездескеніңізге риза екеніңізді білдіреді. 
«Бақыт — бҧл сізді тҥсінгендік» — дəл осылай «Дҥйсенбіге дейін 
аман болайық» кинофильмінің кейіпкері өз шығармасында жазған. 
Педагогикалық қызметтегі қатынаста тəрбиеленушіні білу ғана 
маңызды емес, оны тҥсіну де қажет. «Оқушыны тҥсін» — бҧл 
педагогтың кəсіби өсиеті (И.А.Зимняя). Тҥсіну — бҧл ішкі, жан- 
дҥниесіне ену, əрекет салдарын қимылын, кҥйзелісін ҧғыну. Педагог 
пен 
оқушының 
қатынасы 
кейде 
тағдыршешті 
болады. 
Әңгімелесушіні тыңдай тҧрып есту қабілеті— бҧл оқытушының 
шеберлігі, жəне сөзсіз қатынас өнері. 
Біздің ҥмітіміз— біздің балаларымыз. Педагогикалық 
қатынас шеберлігін игеру, біздің оқушыларды дҧрыс жəне 
сауатты оқыту мен тəрбиелеу — бҧл біздің əрбіріміздің 
міндетіміз, бҧл біздің «жердегі» қҧтқарушымыз. Әйтпесе ең 
басты жəне ең қорқынышы апат— сіз көзіңізбен көрмейтін, 
— антропологиялық апат, адами қасиетті адам арқылы жою. 
Шынайы, адамға деген тілектестік қатынас қатынастың 
негізі болып саналады



Л.Н.Толстой адамдармен қатынас сен ҥшін де, олар ҥшін де 
азапқа айналмас ҥшін, егер оларды жақсы көрмесең, 
адамдармен қатынасқа тҥспе деген. 
ХХI ғасыр қатынас типологиясына өз тҥзетулерін енгізді. 
Ағаш жапырақтары бір-біріне ҧқсамайды, адамдар да бірдей 
болмайды. Әр адам жеке дара жəне өзіндік, қайталанбас 
қатынас мəнеріне ие. 
В.А.Сластениннің тҧжырымдауынша, мҧғалімнің жҧмысы 
— өнер, ол баланың ішкі əлемін дамыту заңдылықтары мен 
жоғары тҧлғалық қасиеттерін терең білуді талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет