С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері



Pdf көрінісі
бет58/175
Дата16.02.2022
өлшемі4,2 Mb.
#132070
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   175
Байланысты:
60471f33f3411 1615273779

Рефераттар тақырыптары 
1.
Педагогикалық қатынас ерекшеліктері 
2.
Педагогикалық қатынас жəне педагогикалық коммуникация. 
3.
Педагогикалық қатынас мəнерінің мағынасы. 
4.
Педагогтар мен психологтар еңбектеріндегі педагогикалық қатынас. 
5.
Педагогикалық қатынас— педагог шеберлігінің негізі. 
6.
Қатынас: ғылым жəне өнер. 


IX Т а р а у 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКА 
 
 
Педагогикалық этика — педагогикалық шеберліктің бөлімі • 
Педагогикалық əдеп • Жанжалдың педагогикалық шешімі 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКА – 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ БӨЛІМІ 
Білімнің арқасында ғана адам еңбек пен шығармашылық 
салаларындағы 
жасампаз 
қызметке, 
əлеуметтік 
жəне 
адамгершілік нормаларға негізделген өзге адамдармен іскерлік 
жəне жеке байланыстар арқылы қатынасуға, қабілетті болады. 
Ағылшын ғалымы Дж. Саймон білім «адамның қоғам ішінде 
адамның қалыптасу тəсілі»

деген. 
Аса көрнекті орыс жазушысы жəне публицист Н. Г. 
Чернышевский өз мақалаларында білімнің ҥш қасиеті: кең 
білімдер, ойлау дағдысы мен сезім адалдығы деп жазған. 
Философ Е. В. Золотухина-Аболина XX ғасырдың соңы— 
XXI ғ. басындағы жастардың санасын экрандағы қатыгездік, 
қанішерлік, дөрекі «əдепсіздікке» толы бҧқаралық ақпарат 
қҧралдары қалыптастырады деп белгілеген. Қазіргі заманның 
адамгершілік «ғажайыптарын» ҧзақ тізбелеуге болады. 
Жастар көпшілік ортада еліктуге тҧратын ҥлгі болып 
табылмайды, өйткені олар көбінесе сараң, қатыгез жəне 
əділетсіз келеді, олар өзінің арсыз қҧмарлығын алға қояды жəне 
жат адамдардың кҥйзелісіне

немқҧрайлы қарайды. 
Көптеген философтар, психологтар мен педагогтар 
қоғамдағы мəдениет, өркениет, сана мен адамгершілік 
дағдарыстары сияқты жағдайларды анықтайды жəне дабыл 
қағады. 
Қазіргі заманғы қоғамда болып жатқан өзгерістер 
педагогикалық ортада да көрініс табуда. Әлеуметтік-экономи- 
калық қатынастар жҥгі, қатаң бəсекелестік «мҧғалім—оқушы», 
«оқытушы — студент» қарым-қатынасына өзінің ізін 
қалдырды. 
Профессор М.А. Вербтің тҧжырымдауынша, педагогтың 
кəсіби мəдениетінің негізінде педагогикалық этика 

Simon J. 
The History of Education in Past and Present? // Oxford Review of Education. — 
1977. — Vol. 3. — № 1. 
2
Золотухина-Аболина E.B. 
Қазіргі заманғы этика: қайнар көзі мен мəселелері: оқулық. — 
Д. Ростов, 2000. 


немесе 
деонтология 
( грек сөз.ауд. 
deon 
— борыш жəне 
logos 
— 
оқыту) жатыр. Белгілі болғандай, 
этика 
(грек. сөз. ауд. 
ethos 
— 
адамгершілік, салт) — адамдар арасындағы қарыс қатынас 
ғылымындағы тəртіп нормалары мен ережелері. 
Педагогикалық 
этика 
жалпыэтикалық нормалар негізінде оқушылармен, олардың 
ата-аналарымен, əріптестерімен

қатынас процесінде педагог 
басшылыққа 
алатын 
нормативті 
адамгершілік 
ҧстанымды 
айқындайды. 
Гуманистік педагогика ғасырлар бойы оның ең ҥздік өкілдерінің 
сөзімен этикалық нормалардың бастауы ретінде балаларға деген 
махаббаты айтқан. Соның өзінде балаға деген эмоциялық- 
қҧндылықты қатынас əр тҥрлі болды. 
Ж. Ж. Руссо, Л.Н.Толстой, Р.Штайнер ҥшін балаларды жақсы 
көру оларға жас шамасының талаптарына сəйкес шығармашылықта 
өзін-өзі таныту еркіндігін беру. И.Г.Песталоцци мен Я.Корчак тек 
балалар ҥшін ғана өмір сҥру қажет емес, балалардың қуанышы мен 
ренішін бөлісіп, балалармен бірге тҧру қажет деп тҧжырымдайды. 
Р. Оуэн мен А. С. Макаренко, өзінің тəрбиеленушілерін 
қамқорлыққа алып,осы шақта да, болашақта да бақытты болуға 
ҧмтылуға ҥйретуді мақсат тҧтқан. 
Педагогикадағы қатаң тəсілдерді қолдаушылар не айтса да, өзара 
жақсыкөрушілік, 
ҧнату, 
қамқорлық, 
тҥсіністік 
педагогтың 
балалармен рухани бірлікке қол жеткізуінің бірден-бір жолы, оны 
В.А. Сухомлинский оқу-тəрбиелік процестің альфа мен омега деп 
атаған. 
Я.А.Коменский кейінгі ортағасырлар дəуірінде балалардың 
барлық мекемелерін «адамгершілік шеберханаларына» айналдыру 
қажет деген. Одан кейін бҧл туралы И.И.Бецкой, Н.И.Пирогов, П.П. 
Блонский, М.Монтессори жазды. Балаларға адамгершілікпен, яғни 
қайырымды, қамқорлықпен, ҧқыпты қарау талаптары қазірдің өзінде 
өзектілігін жойған жоқ, экономикалық тҧрақсыздық, мəдениетке 
қарсылық экспансиясы, тҧрақсыз əлемде жас өскін ерекше қорғауды 
қажет етеді. Білім туралы, балалықты қорғау жəне т.б. отандық жəне 
халықаралық қҧжаттарда Педагогтың адамгершілігі баланың қҧқығы 
мен бостандығын бҧлжытпай сақтауында жатыр.БҦҦ бала қҧқығы 
туралы (20.11.1989) Конвенциясында əр бала толық көлемде білім 
алуға, спортпен, өнермен шҧғылданып, өз еркін білдіруге жəне т.б. 
қҧқылы делінген. Я.Корчактың балалар ҥйінің жарғысында 
тəрбиеленушілердің көптеген қҧқықтарының ішінде ойнауға, қҧпия 
сақтауға, өз мəселелеріне мҧқият қарауға, қарсылық білдіруге, өзімен 
өзі болуға қҧқылы делінген. Балаларға қатысты кез келген зорлық 
əрекеттеріне: өзгенің пікірін таңуға, жеке басының қадір-қасиетіне 
нҧқсан келтіруге, дене жазасын қолдануға, бостандығын шектеуге, 
тамақ, ҧйқы бермеуге жол бермеу қажет. 
1Педагогикалық қызметке кіріспе: оқу қҧралы / А. С.Роботова, Т.В.Леонтьева, 
И.Г.Шапошникова жəне т.б..; А.С.Роботованың ред. — М., 2002. 


Бҧл нормалардың қоғамдық жəне отбасылық тəрбиеге тең дəрежеде 
қатысы бар
1

Педагогтың 
тəрбиеленушілермен 
қатынасында 
көрінетін 
этикалық қасиеттердің спектрі кең көлемді жəне əр тҥрлі. Арнайы 
зерттеулер көрсеткендей, мысалы, жасөспірімдер мен жоғары сынып 
оқушылары мҧғалімнің бойында əдептілікті, мейірімділікті, 
əділеттілікті, балалардың мəселелерін тҥсінушілікті, бағдарламалық 
материалдарды игеруде оқушыларға көмек беруге ынталылықты, 
көпшілдікті, адалдықты, еңбекқорлықты, ҧстамдылықты, оқушының 
танымдық қабілетіне сенушілікті, шыдамдылықты, талап етушілік 
пен басқа да кəсіби маңызды тҧлғалық қасиеттерін бағалайды. Ең 
бастысы, тəрбиеленушінің қадірлейтіні — бҧл жомарттық, 
шынайылық пен ақжҥректік қатынастар. Адамнан анаға тəн 
жақындық қасиеттерін талап етеді деген режиссер, профессор 
М.О.Кнебельдің тҧжырымы өте дҧрыс. Өзінің «Педагогика 
поэзиясы» деген кітабында ол ана өзінің балаларына бойындағы 
нендей жақсылықтарын тарту етсе, педагог та оқушыларына бар 
жанын беруі тиіс деп жазған. 
Мамандықтың ішкі мəні осында жатыр. Жаныңды беру əрі қиын, 
əрі қуанышты. Қиын, өйткені ол жан-дҥниелік қана емес,физикалық 
кҥш жҧмсауды талап етеді. Қуанышты, өйткені оның қайтарымында 
жас энергияның сарқылмас кҥшін аласың, ол барлық шығындарды, 
барлық қиындықтарды жəне барлық азапты

өтейді. 
Баланың отбасында жəне балалар мекемесінде қалыптасуына 
деген педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету ҥшін жас 
мҧғалімге, тəрбиешіге жəне оқытушыға дҧрыс мəнер мен жақсы 
қатынасты таңдау қажет болады. 
Педагогтың жҧмыс барысында 
əріптестерімен 
қарым- 
қатынасының «этикалық кодексі» бар. Болашаққа көз салайық. 
Өзіңізді мынадай жағдайда қалғандай сезініңіз. Сіз, жас мамансыз, 
колледж немесе жоо-ның тҥлегісіз, жаңа педагогикалық ҧжымға 
келдіңіз. Келесі ережелерді сақтауды ҧсынамыз. 

Жылдар бойы осы мекемеде қалыптасқан дəстҥрлер, жҧмыс 
ҥлгісін 
сынға 
алуға 
асықпаңыз 
жəне 
«жалма-жан» 
жаңашылдықтарды ҧсынбаңыз. өз əріптестеріңіздің— тҥрлі ҧрпақ 
өкілдерінің жетістіктері мен кемшіліктерін, ортаны мҧқият зерттеуге 
тырысыңыз. 

Ашық сабақты немесе оқытушының сабағын талқылағанда, 
əсіресе тексерушілер отырғанда жағымды тҧстарына сипаттама 
беруге тырысыңыз; сол арқылы сіз оған моральдық қолдау 
көрсетесіз. 

Корчак Я. 
Баланы қалай жақсы көру керек // Корчак Я. Педагогикалық мҧра — М., 
1991. 

Педагогикалық қызметке кіріспе: оқу қҧралы / А. С.Роботова, Т.В.Леонтьева, 
И.Г.Шапошникова жəне т.б..; А.С.Роботованың ред. 



Егер сыныпта сіз өз пəніңізден сабақ беріп жатқанда, оқушылар 
тапсырманы орындай алмаса немесе сабақта тəртібі нашар болса, 
онда оған балаларды, сынып жетекшісін, ата-наларды кінəламау 
керек. Сəтсіздіктің себебін өзіңіздің əдістемелік жаңсақтығыңыздан 
іздеңіз. 

Егер сіз сыйлы, өзіңізден ҥлкен əріптесіңіздің немесе əкімшінің 
пікірімен келіспеген болсаңыз, мақҧлдаудың қажеті жоқ, сондай-ақ 
қатынасты да кҥрделендірмеңіз. Одан да өз ҧстанымыңызға пайдалы 
орынды дəлел келтіріңіз жəне қарсыластарыңыздың қателескеніне 
көзін жеткізуге тырысыңыз. 

Есте сақтаңыз: сіздің тілектестігіңіз, байланысшылдығыңыз, 
əріптестік ынтымақтастыққа ҧмтылысыңыз, ҥздік тəжірибені 
ескеруге дайындығыңыз, жаңа бастамаларды қолдайтыныңыз — 
табысты қызметтің жағымды ахуалының жəне еңбек ҧжымындағы 
жақсы шығармашыл көңіл-кҥйдің негізі. 
Сонымен, педагогикалық этика — педагогикалық шеберліктің 
бөлігі. Өзара əрекеттестік (мҧғалім — оқушы, оқытушы — студент) 
көп нəрсеге байланысты екенін жəне педагогикалық əдепті сақтауда 
жатқанын есте сақтаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет