2 Жаттығу.
«Жағдайдың ауысуы». Бір орыннан екінші орынға
ақырын көшу, бөлмедегі жиһаздың орнын ауыстыру,
жартылай
шеңбер немесе екі қатар болып отыру,
өз орындықтарымен бірге
орын ауыстыру, дəл соны көзді жҧмып жасау.
Жаттығуды біртіндеп кҥрделендіруге болады.
Жасалатын
əрекеттер дің белгілі бір ретін жасау. Барлық студенттер бір уақытта
отыруы керек. Алдымен бҧл командамен немесе шапалақтау арқылы
жасалса, кейін ҥнсіз, бірінің артынан бірі жҥреді. Дəл соны— тҥрлі
қарқында, ырғақты жəне қимылдың болмысын жеткізетін музыкамен
жасау.
3
Жаттығу.
«Жазу машинкасы».
Әр қатысушының арқасына
белгілі бір əріп, сан немесе тыныс белгілері бекітіледі,
олар қол
шапалақтаумен немесе басқа бір шартты тəсілмен берілген
тапсырманы оқығанда белгіленеді.
Ж а т т ы ғ у л а р д ы ң н ҧ с қ а л а р ы :
а) жаттығу жасау кезінде ырғақ өзгереді, əрбір 5-ші немесе 7-ші
əріп дауыстап айтылады жəне т.с.с. Студенттерге дөңгеленіп отыру
жəне кезекпен сандарды белгілі бір ырғақта айту ҧсынылады. Кейбір
сындар немесе олардың қҧрамдастырымы жабық хабарланады жəне
белгілі бір шартты белгімен алмастырылады. Бҧл
санды қателесіп
айтқан адам — ойыннан шығады;
б) əркімге ойша өзі таңдаған əнді орындау ҧсынылады. Бір сигнал
бойынша дауыстап айту, екіншісінде—
ақырын айтып жалғастыру
керек. Жаттығудың мақсаты— өзге қатысушылар өзге əнді айтып
жатқанда өз мақамыңнан айрылып қалмау;
в) бір əнді бəрі хормен айтады, содан кейін сигнал бойынша —
ойша, басқа сигналмен жеке дауыстар ерекшеленеді.
4
Жаттығу.
«Ҥндістердің ойыны». Барлық қатысушылар —
ҥндістер тайпасы, олар не істейтінін өздері шешеді. Бір шарты:
«ҥндістер» «алғашқы қоғам» тілінде сөйлейді.
5
Жаттығу.
«Сиам егіздері».
Екі қатысушы бір-бірінің
белбеуінен ҧстап, қырындап тҧрады,жанасатын аяқтары байланады.
Бір ғана шарт — сөйлесуге болмайды. Оларға қандай да бір əрекетті
жасау ҧсынылады. «Егіздердің» біреуі əрекетті сол қолымен, екіншісі
—
оң қолымен жасайды. Жаттығуда көшбасшылық, дербестік немесе
тəуелділік, жетектелгіш немесе жҥргізгіш роліне икемі көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: