С ғ з ж тақырыбы: Түркістан облысының “Жеті кереметі” Орындаған: Ибадуллиева Г. П жетекшісі: аға оқытушы Турдалиева Ш. Ж шымкент -2023 Жоспар: І кіріспе



бет5/8
Дата03.06.2023
өлшемі29,98 Kb.
#178186
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СҒЗЖ

2.4. Қасиетті Домалақ Ана Кесенесі
Қасиетті Домалақ Ана Кесенесі Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан. Қазақ халқының абыз аналарының бірі, халық арасында «Домалақ ана» атанған Нұрила Әли Сланқызының зиратының басына тұрғызылған. Нүрилә - Бәйдібек бабаның үшінші әйелі болған екен. Өз дәуірінде Домалақ ана ақылдылығымен ел іші бірлігінің ұйытқысы бола білген. Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған. Сонымен қатар, Домалақ ана мұражайында түрлі көне қолжазбалар, қолдан жасалған көптеген заттар сақталғанын көреміз. Деректер бойынша, Домалақ ананың немересі Дулат1456 жылы Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдыртып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене тұрғызған. Сондай-ақ, Домалақ ана кесенесі XI - X ХІІ ғасырлар аралығында бірнеше рет қайта жөндеуден өткен. Атап айтсақ, «Домалақ ана» парсы тілінен аударғанда «Дихнат мама», яғни «Әулие ана» мағынасын білдіреді. Кейін келе-келе Дихнат деген сөз Домалақ деп ауыстырылған. Домалақ ана кесенесі жерден 12 м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, 6 бағаналы болған және негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Аңыз бойынша: «Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың арасынан тек жаны таза адам өте алады», - дейді. Айта кетейік, 1957 жылы қайта қалпына келтірілген кесене көп сақталмай, 1966 жылы Маңғыстаудан алып келінген ақ тастармен қайта қаланады. Сонымен қатар, 2000 жылы кесене айналасын абаттандыру жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі таңда, бұл кесенеге зиярат етіп келушілер қатары өте көп.


2.5. Үкаша ата кесенесі
Кесіріңді анықтайтын құдық Түркістанға ат басын бұрған туристердің жиі келетін киелі мекеннің бірі – Үкаша ата кесенесі. Ол жайлы халық арасында айтылатын аңызда: «Үкаша ата сахаба Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың замандасы, сенімді серігі әрі күзетшісі, Ислам дінін таратушы болған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жауырынының астындағы мөрді сүйгеннен кейін Үкаша сахабаның денесіне атса оқ, шапса қылыш өтпеген», - делінген. Осы әпсана қазір ел арасында кеңінен тараған. Мүмкін бұл ғажайып ертегідей естілетін болар. Десе де мұны білікті қазақ ғалымдары өз еңбектерінде айтып өткен. Ол жайлы Шәді төре Жәңгірұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жүсіпбек Шайқысламұлы біраз деректерін оқығаным да рас. Бұл кісілердің шығармаларында Үкаша атаның есімі Ғакаша деп берілген. Бізге аңыз болып жеткен Үкаша сахаба жайында Ш. Уәлихановтың кітабында да (онда Оксе деген есіммен көрсетілген) айтылған. Бұдан ұққаным, Үкаша атаның ешқандай да аңыз ертегі емес тарихи тұлға, өмірде болған. Бір деректі айта кетсем, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық-мұражайы ғылыми зерттеу бөлімінің мәліметтерінде: «Үкаша сахаба біздің даламызға Ислам дінін алғаш алып келген тарихи тұлға. Ол Түркі тайпаларының бірінен шыққан. Қазақ шежіресінің бастауында тұратын Әнес сахабалармен бір қатарда тұрады», - делінеді. Тағы бір аңыздан Үкаша атаны жау жеңе алмағанын оқыдым. Аңызда: «Ол тек таң намазын оқыған кезде қорғансыз болады екен. Оны білген кәпірлер Үкаша ата таң намазын оқып отырған кезде келіп басын қылышпен шауыпты. Содан, жансыз басты періштелер домалатып қырдың етегіне жеткізіпті. Сол жер қақ айырылып құдық болып Үкаша ата басы оған түсіп жерасты өзен арқылы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарға жетіпті», - делінген. Қасиетті кесене Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласынан 60 шақырымдай аумақта, «Серт» деп аталатын елді мекеннен 12 шақырым қашық жерде орналасқан. Кесененің жанында құдық бар. Мұнда келген әрбір адам бірінші Үкаша атаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп құран оқыған соң, тау басындағы құдықтың басына барып су алады. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана бұрнағы уақытта жыр-дастандар арқылы кеңінен таралған. Кесененің шырақшысы Шамшиддин Закиров: «Еңселі етіп кесене бой көтерсе, ол жерден құдыққа дейін аспалы көпір салынса, келушілер қатары бұдан да көбейер еді. Туристер саны артса, елдің, жердің тарихын жан-жақты насихаттар едік», - дейді өз сөзінде. Сондай-ақ, Сахабаның қаны тамған жердің бетіне саздан ұзындығы 21 м белгі соғылған. Зияратқа барғанымызда әулиенің шырақшылары маған Үкаша атаның басы домалап түскен құдықты, атаның түйесінің ізі қалған тасты көрсетті. Келегн зияратшылар осы құдыққа кезекпен шелек салып су алуға әрекет ететінін көрдім. Ол құдықтың қасиеттілігі сонша, су біреулерге беріледі, біреулерге қанша мәрте шелек салғанымен бір тамшы су ілінбейді. Мұны: «шелек тастап отырған адамның жасаған күнәларының кесірі», - дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет