Иммунология және аллергология кафедрасында клиникалық жұмыс бойынша 20 ауру емделген, 55 ауруға кеңес берілген.
Жалпы медидицина факультетінің 1 және 2 курс студенттері гепатит «В» қарсы вакцина алды.
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрақызметкерлері № 5 қалалық аурухана жанындағы емханада қарттарға арнап өткізілген «ашық есік күні» аясында науқастарға кеңес беруге қатысты.
Педиатрия факультетінің және Педиатрия оқу департаментінің қазан айында клиникалық қызметі бойынша №1 поликлиникада неонатология кафедрасының дәрігер-педиатрларына 3 дәріс оқылы. №1 перезентханада жан-сақтау бөліміндегі ауру балалардың диагностикасын және емделуін - неонатология кафедрасында сараптау бағалау жүргізілді. №1 балалар аурулары кафедрасында «Балалар денсаулығындағы өзекті мәселелер» атты ғылыми-тәжрибелік семинар жүргізілді. Базалы-клиникаларда емдік-кеңестік көмек өткізіледі: консилиумға:27, кеңес алған 223. №1 балалар аурулары кафедрасында «Ашық есік күні » акциясы өткізілді. №1 балалар аурулары кафедрасында «Балалардағы тапшылық жағдай мәселелері және шешу жолы» ғылыми-тәжрибелік симпозиум өткізілді. Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы 0-15 жас аралығындағы балаларды полиемиелитке қарсы жаппай иммунизациялауды дайындап және жүргізу жөнідегі семинарға қатысты. Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы «Инфекция және атопия» атты халықаралық конференцияға қатысты. №2 балалар аурулары кафедрасы Ұзын-Ағаш ауылында, Талғар қаласында ашық есік күнін өткізді. № 2 балалар аурулары кафедрасында «Алғашқы иммун-жетіспеушілік» атты ғылыми-клиникалық конференция өткізді.