Жүйке аурулары және нейрохирургия кафедрасы қазан айында атқарылған тәрбиелеу жұмысы бойынша 540 топтың студенттері 22.10.2010ж. РБРО «Балбұлақ» атты қайырымдылық акциясын волонтерлік бағдарлама бойынша өткізді (ҚазҰМУ-ның ректоры проф.А.А.Ақанов атына құрмет хаты жазылған).
Дерматовенерология кафедрасындакураторлық топтармен кездесіп, салауаттық өмір салты, жастарға патриоттық тәрбие беру жөнінде әңгіме өткізілді.
Жедел медициналық жәрдем беру кафедрасының әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша атқарылған шаралар:
6 курс (Терапевтер) жетекшіліктегі топтардың жылдық жоспарлары құрастырылды.
Төмендегі тақырыптар бойынша кураторлық сағаттар өткізілді:
«Конституция – ҚР негізгі заңы» ҚР Конституциясы қабылданғанына 15-жыл қарсаңына. №3 қосалқы бекеті, аға куратор м.ғ.к., доцент Шкуренкова Л.П.
«Жаңа он жылдық. Қазақстанның жаңа экономикалық шыңы, жаңа мүмкіндіктері» елбасы жолдауын талқылау, № 6 қосалқы бекеті м.ғ.к., доцент Мухамбетьярова С.А. асс. Балканай Г.
«Темекі тартудың зияны туралы» №8 қосалқы бекеті м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д., №6 бекет асс. Маденов Н.Н., асс. Әлімқожа А.Б. №2 қосалқы бекеті асс. Аменов А.И.
Академик Шарманов Т.Ш. 80-жылдығына арналған конференцияға қатысу, жетекшіліктегі топ студенттерімен.
№1 акушерия және гинекология кафедра қызметкерлері Т.Ш.Шармановтың 80-жылдығына арналған ғылыми-практикалық «Питание и здоровье» конференциясына қатысу.