Оқу-әдістемелік Департаментінде қазан айында Фармация және денсаулық сақтаудағы менеджмент факультетінің декан лауазымына сайлау ұйымдастырылды және өткізілді. Оқу-әдістеме департаментінің ережесі өзектендірілді. Оқу департменттерінің ережесі, қызметтік нұсқаулары дайындалды. Теориялық және клиникалық кафедралардың ережелері, кафедра қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулары жасалды. 5 жылға арналған оқу-әдістеме блогының стратегиялық даму жоспары әзірленді. Оқыту сапасына қанағаттану дәрежесіне байланысты студенттерге жүргізілген сауалнама нәтижесінінің іс-шаралар жоспары жасалды. Жатақханаларға берілген жолдамалар мен нақты орналасқан студенттер санына анализ жасалынды.