Білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыдан негіздеу орталығының (БСЗБ және МБРҒНО) ұйымдастыруымен оқыту әдістері және бағалау, білім бағдарламаларын өңдеу, міндеттерді құру мәселелері бойынша Оқу департаменті және Оқу бағдарламалық комитетімен бірге тренинг ұйымдастырылып өткізілді. Үш тілдік бағдарламамен оқытуды дамыту сұрақтары бойынша кафедралармен, Оқу департаменттерімен және Оқу бағдарламасы комитеттерімен семинарлар өткізілді.
ҚазҰМУ-де білім беру жүйесін толық дамытып жетілдіру мәселелерінде студенттердің атсалысуы жайында студенттер қауымдастығымен кездесулер ұйымдастырылып, өткізілді.
Университет бойынша барлық кафедраларда білім беру жүйесінің жағдайын зерттеу және талдау барысында оқытушылық – профессорлық қауым мен студенттерге TOP -100 мүшелерімен бірлесе отырып, сауалнама өткізілді.
ҚазҰМУ- нің қызметкерлерінің арасында «Тіркеу кеңсесі», «Тестілеу», «ОӘБ», «Қабылдау комиссиясы», «Мультимедиялық электрондық оқулықтар», компьютерлік бағдарламалармен Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің компьютерлік технология орталығында, танысу және тәжірибе алмасу мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Танысу және талқылау нәтижесінде ҚазҰМУ – де енгізуге бірқатар ұсыныстар дайындалды.
Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетінде «Биомедициналық техника және технологиялар» бағытындағы дистанциялық оқытуды үйрету бойынша ұйымдастырылған курста ҚазҰМУ – нің 15 оқытушысы білім алды.
БСЗБжМБРҒН Орталығының эксперттері Е.А. Славко және К.К. Мустафина «Жоғарғы оқу орны және білім бағдарламаларының халықаралық (ұлттық) стандарттарын аккредитациялау және MC ISO 9001:2008 (жаңа нұсқа) халықаралық стандартқа сәйкес білім беру, ұйымдастыру шараларының сапа менеджментінің қазіргі заман талабына сай жүйесі» тақырыбында өткен білім жетілдіру курсын бітіріп, сертификатқа ие болды.