Балалар хирургиясы кафедрасында жалпы медицина факультетінің 4 курс студенттері 031-040 топтарында тәжірибелік дағдыларының объективті құрылымды клиникалық емтихан өткізілді.
Неонатология кафедрасында оқу-әдістемелік жұмысы бойынша 2010ж. қазан айында білім беру бағдарламасы бойынша «Педиатрия» Департаментіне бағалаудың жаңа әдістері және оқытуды бақылау ұсынылды. Оқу бөліміне резидентура бағдарламасы «Неонатология» мамандығы бойынша силлабус дайындалып, ұсынылды. Студенттермен бірігіп таралуы көбірек құрсақішілік инфекциялар бойынша буклет дайындалды.
№1 Бала аурулары кафедрасындаоқу-әдістемелік жұмысы бойынша «Презентацияны құрастырудың өнері» тақырыбы бойынша кафедрада резиденттермен семинар болды. № 2 әдістемелік семинар «Резидентурада сабақ берудің инновациялық әдістері» (ПОҚ,жас оқытушылардың, резиденттердің біліктілігін жоғарылату) өтті.