ЖТД дипломнанкейінгі дайындау кафедрасының ғылыми жұмыс бойынша: 2010 ж қазан айында «Астма-аллергия» атты 10 халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясының тезис жинағында 2 басылым жарияланды. Морфология және дәйектемелі медицина» журналына 2 басылым дайындалды. № 10 поликлиникада доц. К.К. Аканованың «Дәйектемелі медицина позицияларынан созылмалы гепатиттің емі мен диагностикасының алгоритмі» атты конференциясы өтті.
«Авиценна» ДЕО-да З.Ж. Енсегенованың «Жалпы тәжірибелік дәрігерлердің жұмысындағы коммуникативтік дағдылар» атты коференциясы өтті, сонымен қатар асс. Г.Б. Нургабылованың «Жасөспірім кезеңінгегі нервтік-психикалық бұзылыстардың социалды психологиялық аспектілері» атты конференциясы өтті.