2. Мақсаты: Өтілген лексикалық және грамматикалық материалдарды қайталай отырып, студенттердің алған білімін анықтау, қорыту, бекіту.
3. Міндеті:
1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша қазақ тілінің медицинаға және күнделікті
өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесінқаншалықты үйренгенін бақылау. Дұрыс оқуын айтуын, жазуын тексеру. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық ерекшеліктердің қолдану аясын, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалай қалыптастырғанын бақылау.
3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымғақатысуын тексеру.
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын бақылау.
Аралық бақылау (когнитивті-білім, операционалды-дағды, коммуникативтік, өзін өзі дамыту компетенциялары бойынша сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):
Аралық бақылау бойынша негізгі сұрақтар:
Адам мен табиғат арасында қандай байланыс бар?
Адамның денсаулығын нығайтып, пайдасын тигізетін негізгі жағдайларды атаңыз.
Ас әзірлеу гигиенасы дегенді қалай түсінесіз?
Тұрғын үй гигиенасы дегеніміз не?
Қазақстандағы экологиялық дағдарыс туралы не айтасыз?
Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы туралы айтыңыз.
І нұсқа
1-тапсырма. Өтілген мәтіндер бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем
құрастырыңыздар
Адам, табиғат, ауа, су, жер, орман, табиғатты қорғау, адам денсаулығы, қазақстандағы экологиялық дағдарыс, экология, өзекті мәселе, болашақ ұрпақ, өндірістің зияндылығы, улы заттар, қоршаған орта, экология, ластануы, түрлі аурулар, халық медицинасы, халық емдері, емдік тәсілдер, аурудың алдын алу, емшілер, сақтану, оңашалау, сылау, бесік, көшпенді, гигиена.
2 – тапсырма. Берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
Табиғат адамзаттың өмір сүретін ортасы. Адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды. Бұл табиғатты адам баласына тарту еткен баға жетпес сыйы. Біздің міндетіміз осы табиғаттың берген сыйын қастерлеп, қорғау, ұқыпты пайдалану. Әр нәрсенің сұрауы, шегі болатынын ұмытпауымыз керек. Экология табиғат пен қоғам байланысы туралы ғылым. Табиғат пен экологияны сақтайтын да, улайтын да адам. Қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы күннен-күнге артып отыр. Бұл адам ағзасына үлкен зиян келтіріп отыр. Осы ластанулардың әсерінен адамдар әртүрлі ауруларға шалдығып жатыр. Табиғатты, экологияны қорғау мәселесі – қазіргі кезде күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Экологиялық мәдениетке ие болып, экологиялық тәрбиені сақтап, табиғатқа туған анасындай қарау – бүгінгі күні әрбір азаматтың борышы болуы керек.
3 – тапсырма.Өтілген мәтіндер бойынша берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды,
ұсынысыңызды айтыңыз.
Адам мен табиғат арасындағы байланысты қалай түсіндіресі?
Қазіргі кезде экологиялық дағдарыстан шығу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Экология неліктен ластанып жатыр? Оның адамдарға қандай зияны бар?
Табиғатты қорғау үшін қандай шаралар ұйымдастыруға болады?
Халық медицинасының бұрын қолданған тәсілдерінің қайсысы қазір қолданылып жүр?
Өзіңіз халық емдерінің тәсілдерін қолданасыз ба?
Бұрын көшпелі халық арасында қандай аурулар кең тарады?
Халық аурулардан қалай сақтанған?
Аурудың алдын алуда қазақтың қандай салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының маңызы зор?
ІІ нұсқа
1-тапсырма. Өтілген мәтіндер бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем
құраңыздар.
Ас әзірлеу гигиенасы, қолды жуу, ас дайындау, тазалық, гигиеналық ережелер, жуылмаған ыдыс, пайдалану мерзімі, тамақққа байланысты, ас әзірлеушіге байланысты, түрлі аурулар, микробтар, көкөністерді жуу, салауатты өмір салты, дене шынықтыру, қимыл-қозғалыс, денсаулық үшін, маңызды, арттырады, дұрыс тамақтану, еңбекті және демалысты ұйымдастыру, артық салмақ, денсаулықты сақтау, тұрғын үй гигиенасы, қажетті, қолайсыз, таза ауа, күннің түсуі, қолайлы, ауласы.
2 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
Қозғалыс белсенділігі, еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру және дұрыс тамақтану - адам денсаулығын нығайтуға жағдай жасайды.Қозғалыс белсендігі адамның жұмыс істеу қабілетін арттырып, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Адам уақытында жұмысты аяқтап, уақытында демалуы қажет. Тым көп жұмыс істеу адамды әлсіретеді. Адамның өсіп-дамуына, ұзақ өмір сүруіне дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының бірқалыпта болуынажағдай жасайды.
3 – тапсырма.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.
Ас әзірлеуші адам өзінің жеке басының ... сақтауы қажет. Адамда кездесетін аурулардың барлығы ... байланысты. Тазалықта дайындалған астың адам ... әсері мол. Ішек аурулары ауру қоздыратын микробтар ... пайда болады. Микробтар лас ыдыстар мен кір қолдан ... .
4-тапсырма. Өтілген мәтіндер бойынша сұрақтарға жауап беріңіз
Ас әзірлеу гигиенасына қандай талаптар қойылады?
Ас әзірлеу гигиенасын сақтамаудан қандай зардаптар шегеміз?
Ұзақ өмір сүрудің мәні неде?
Адам денсаулығын нығайтатын негізгі жағдайларға нелер жатады?
Салауатты өмір салтын ұстанасыз ба?
Тұрғын үй гигиенасы не үшін қажет?
Өзіңіз қандай үйде тұрасыз?
Сіз үшін жер үй қолайлы ма, әлде, көпқабатты үй қолайлы ма?
Әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 180б.
2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 120б
3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 81б
4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 79б.
5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. 45б.
6. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Канленова Қазақ тілі Алматы, 2012ж. 116б.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№8тақырып: Атмосфералық ауа тазалығының гигиеналық маңызы.
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1.Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық ауа тазалығының гигиеналық маңызы
2.Сабақтың мақсаты:«Атмосфералық ауа тазалығының гигиеналық маңызы» мәтіні арқылы түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету. Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы. Ауа тазалығының гигиеналық маңызы туралы мәлімет бере отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Олардымаман ретінде қазақтың атмосфералық ауа тазалығының гигиенасы туралы қазақша айта білуге үйрету. «Атмосфералық ауа тазалығының гигиеналық маңызы» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.Кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру. Өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.
3. Коммуникативті компетенция бойынша әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру. Медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын еркін, түсінікті етіп жеткізуге үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын дамыту.
4. Негізгі ұғымдар:
Атмосфералық ауаның ластануы, өндірістік және шаруашылықтық әрекеттер, қауіпті деңгей,химиялық ластаушылар, жасанды қосылыстар, канцерогенді және мутогенді әсер, ауаның сапасын нашарлату, химиялық заттар, адам денсаулығы, қоршаған ортаға зиян, аурулардың пайда болуы, лас ауа, зиянды заттар, адама ағзасы, ірі кәсіп орындар, жағымсыз әсер ету, улы заттар, зардап шеккен адамдар, денсаулықтарын қалпына келтіру.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )
Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)
Жаңа сабақ
Лексикалық материалмен жұмыс (35 мин)
Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)
Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)
Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)
Жаңа сабақты қорыту (5-8 мин. )
Студенттің білімін бақылау (5 мин. )
Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Өткізу түрі:тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Мәтінмен, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тестілік бақылау.
8. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9.Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.
Өндіріс-прозводство
шаруашылық – хозяйственный
қарқынды – интенсивный
созылмалы ауру – хронические болезни
зиянды заттар – вредные вешество
біртіндеп – постипенно
ірі – крупные
айыппұл - штраф
Мәтінге байланысты тірек сөздер:
Атмосфералық ауаның ластануы, өндірістік және шаруашылықтық әрекеттер, қауіпті деңгей,химиялық ластаушылар, жасанды қосылыстар, канцерогенді және мутогенді әсер, ауаның сапасын нашарлату, химиялық заттар, адам денсаулығы, қоршаған ортаға зиян, аурулардың пайда болуы, лас ауа, зиянды заттар, адама ағзасы, ірі кәсіп орындар, жағымсыз әсер ету, улы заттар, зардап шеккен адамдар, денсаулықтарын қалпына келтіру.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.
Атмосфералық ауа тазалығының гигиеналық маңызы
Атмосфералық ауаның ластануы қазіргі замандағы ең күрделі мәселенің бірі болып отыр. Халық санының өсуі мен өндірістік және шаруашылықтық әрекеттердің қарқынды жүруі ауаның қауіпті деңгейде ластануына әкеп соғуда. Қазіргі уақытта адамға әсер ететін химиялық ластаушылардың саны 500000-ға дейін жетіп қалды. Табиғи ластаушылардан басқа атмосфераға бұрын табиғатта болмаған, синтетикалық жасанды қосылыстар түсуде. Қазір мұндай қосылыстардың 65 мыңға жуығы бар. Олардың ішінде 200-ден астамы канцерогенді және мутогенді әсер береді. Атмосфералық ластаушылар мемлекеттердің шекараларынан кедергісіз өтіп, өндірістік орындары жоқ аумақтардың да ауасының сапасын нашарлатады. Ауаға түскен химиялық заттар басқа заттармен реакцияға түсіп, адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиян келтіруде.
Атмосфераның негізгі ластаушы көздеріне өндіріс орындары, автокөліктер, жылу-энергетика өндірісі, ауыл шаруашылығы жатады. Атмосфераны ластаушы заттардың 90%-ы газ және бу түрінде болады, ал 10%-ы қатты және сұйық агрегат күйінде болады.
Атмосфераны ластаушы заттар адам ағзасында жедел және созылмалы аурулардың пайда болуына себеп болады. Жедел аурулар өндірістік орындарда болатын апат әсерінен болса, созылмалы аурулар атмосфераның үздіксіз ластануының нәтижесінде пайда болады. Лас ауаның құрамындағы зиянды заттар адама ағзасына біртіндеп жинала береді де түрлі аурулардың пайда болуына негіз болады.
Қазір әлемнің барлық мемлекеттері ауаның ластануын азайту мақсатында бірігіп жұмыс істеуге тырысуда. Дегенмен, пайда табу жолында ірі кәсіп орындар табиғатқа орасан зиян келтіріп жатқандарын жасырып қалуға тырысады. Барлық мемлекеттерде табиғатқа зиян келтіріп, адам ағзасына жағымсыз әсер ететін улы заттарды атмосфераға шығарып жатқан өндіріс орындарына айыппұл салады. Бұл айыппұлдардан түскен қаржыны табиғатты және зардап шеккен адамдар денсаулықтарын қалпына келтіруге жұмсайды.
Табиғат-Ана жіберген қателігімізді кешірмейді.
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Атмосфералық ауаның ластануына не әсер етуде?
2. Ауаның ластануынан адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қандай зиян келуде?
3. Ауаның негізгі ластаушы көздеріне нелер жатады?
4. Атмосфералық ауаның ластануы нәтижесінде адамдар қандай ауруларға ұшырауда?
5. Табиғатқа зиян келтірген өндіріс орындарына қандай шара қолданылуда?
6. Олардан түскен айыппұл қаражаты қайда жұмсалуда?
4-тапсырма. Сұрақтарды дұрыс жауабымен сәйкестендіріңіз.
Халық санының өсуі мен өндірістік және шаруашылықтық әрекеттердің қарқынды жүруі неге әкеліп соғуда?
|
Бұл айыппұлдардан түскен қаржыны табиғатты және зардап шеккен адамдар денсаулықтарын қалпына келтіруге жұмсайды
|
Атмосфераның негізгі ластаушы көздеріне нелер жатады?
|
Улы заттарды атмосфераға шығарып жатқан өндіріс орындарына айыппұл салады.
|
Атмосфераны ластаушы заттар адам ағзасында қандай аурулардың пайда болуына себеп болады?
|
Ауаның қауіпті деңгейде ластануына әкеп соғуда.
|
Улы заттарды атмосфераға шығарып жатқан өндірістерге қандай шара қолданылуда?
|
Олар ауаны ластап, адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиян келтіруде.
|
Атмосфералық ластаушылар қандай зиян әкелуде?
|
Оған өндіріс орындары, автокөліктер, жылу-энергетика өндірісі, ауыл шаруашылығы жатады
|
Улы заттарды атмосфераға шығарып жатқан өндіріс орындарынан түскен айыппұлдар қайда жұмсалуда?.
|
Атмосфераны ластаушы заттар адам ағзасында жедел және созылмалы аурулардың пайда болуына себеп болады.
|
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді көрсетіңіз.
Қазір әлемнің барлық мемлекеттері ауаның ластануын азайту ... бірігіп жұмыс істеуге тырысуда.
Атмосфералық ластаушылар ... шекараларынан кедергісіз өтуде.Ауаға түскен химиялық заттар басқа заттармен реакцияға түсіп, адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да ... келтіруде.
Жедел аурулар өндірістік орындарда болатын апат әсерінен болса, созылмалы аурулар атмосфераның үздіксіз ластануының ... пайда болады.Лас ауаның құрамындағы зиянды заттар адама ағзасына біртіндеп жинала береді де түрлі ... пайда болуына негіз болады.
10.Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):
Коммуникативтік және өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы, өз ойыңызды, ұсынысыңызды айтыңыз.
Атмосфералық ауаны ластатпау үшін қандай шара қолданар едіңіз.
Біздің елімізде ауаның ластануы қандай деңгейде?
Атмосфералық ауа тазалығын сақтаудың алдын алу үшін не істер едіңіз?
Атмосфералық ауа тазалығын сақтамаудан қандай зардап көреміз?
Атмосфералық ауа тазалығын ластаушыларға қандай шара қолданар едіңіз.
Атмосфералық ауа тазалығынан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетер едіңіз.
Когнитивті-білім және операционалды-дағды компетенциясы бойынша
2-тапсырма. Тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін аударып, сөйлем құраңыз.
Қауіпті деңгей,химиялық ластаушылар, жасанды қосылыстар, канцерогенді және мутогенді әсер, ауаның сапасын нашарлату, химиялық заттар, адам денсаулығы, қоршаған ортаға зиян, аурулардың пайда болуы, лас ауа, зиянды заттар, адама ағзасы, атмосфералық ауаның ластануы, өндірістік және шаруашылықтық әрекеттер, ірі кәсіп орындар, жағымсыз әсер ету, улы заттар, зардап шеккен адамдар, денсаулықтарын қалпына келтіру.
Әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 180б.
2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 120б
3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 81б
4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 79б.
5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. 45б.
6. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Канленова Қазақ тілі Алматы, 2012ж. 116 б.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№9тақырып: Арал тағдыры – адам тағдыры.
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1.Сабақтың тақырыбы:Арал тағдыры – адам тағдыры.
2.Сабақтың мақсаты:«Арал тағдыры – адам тағдыры» мәтіні арқылы түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру.Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы.«Арал тағдыры – адам тағдыры» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.Студенттергемаманаретінде арал тағдырының қасіреті туралы қазақша айта білуге үйрету. Кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру. Арал теңізі жайлы мәлімет бере отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру. Терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру, лексикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру.
3. Коммуникативті компетенция бойынша медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын еркін, түсінікті етіп жеткізуге үйрету. Қажетті әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын дамыту,
тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырыу.,
4. Негізгі ұғымдар:
Ең ірі экологиялық апат, Арал теңізінің тағдыры, ақ тұздар, шаң-тозаң,тұз бен құм, таралып жатыр, зардабын тарту,теңізді құтқару, Теңіз суының тартылуы, өзекті мәселелер, нысандардың қаңқасы, қайта өрлеу, үміті оянып, тіршілігі жандану, тоқтап қалған кәсіпорындар, балық өнімдерін шығаратын, жаңа зауыт, ата кәсіпті жандандыру, барша жұртты алаңдатып, табиғаттың ғажайып сыйы, іс-әрекетінің салдарынан, адам тіршілігіне, шаруашылыққа тигізер зардабы, апатты дереу тоқтату, теңіз бен көлді аман сақтап қалу,су ресурстарын ұтымды пайдалану, су үнемдейтін,назар аударылды, санитарлық және эпидемологиялық жағдай, сауықтыру, әлеуметтік маңызы бар,медициналық қызмет көрсету, сапасын арттыру, денсаулық сақтау мекемелері, сумен жабдықтау объектілері, жүзеге асыру, жағдайын жақсарту, қол жеткізу.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )
Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)
Жаңа сабақ
Лексикалық материалмен жұмыс (35 мин)
Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)
Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)
Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)
Жаңа сабақты қорыту (5-8 мин. )
Студенттің білімін бақылау (5 мин. )
Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Өткізу түрі:тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Мәтінмен, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тестілік бақылау.
8. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9.Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінге байланысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.
Ең ірі экологиялық апат, Арал теңізінің тағдыры, ақ тұздар, шаң-тозаң,тұз бен құм, таралып жатыр, зардабын тарту,теңізді құтқару, Теңіз суының тартылуы, өзекті мәселелер, нысандардың қаңқасы, қайта өрлеу, үміті оянып, тіршілігі жандану, тоқтап қалған кәсіпорындар, балық өнімдерін шығаратын, жаңа зауыт, ата кәсіпті жандандыру, барша жұртты алаңдатып, табиғаттың ғажайып сыйы, іс-әрекетінің салдарынан, адам тіршілігіне, шаруашылыққа тигізер зардабы, апатты дереу тоқтату, теңіз бен көлді аман сақтап қалу,су ресурстарын ұтымды пайдалану, су үнемдейтін,назар аударылды, санитарлық және эпидемологиялық жағдай, сауықтыру, әлеуметтік маңызы бар,медициналық қызмет көрсету, сапасын арттыру, денсаулық сақтау мекемелері, сумен жабдықтау объектілері, жүзеге асыру, жағдайын жақсарту, қол жеткізу.
2-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.
экологиялық апат – экологические катастрофа
тағдыры – судьба
шаң-тозаң –пыль
таралу–распостранить
зардабын тарту – испытывать последствие
үміті ояну – надееться, возлагать надежды
тіршілігі жандану – жизнь, существование
өнімдерін – продукцию
жандандыру –оживить
ұтымды - выгодно
дереу – быстро, немедленно
сақтап қалу – беречь, хранить
үнемдейтін – экономить
назар аударылды – обратить внимание
сауықтыру – выздороветь, поправиться
жабдықтау – обеспечить
жүзеге асыру – осуществить
қол жеткізу –достичся
3-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |