Құрастырушы: аға оқытушы Бураханова Қ.С.
2012 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№1 тақырып: Адам және табиғат
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1.Сабақтың тақырыбы:Адам және табиғат.
2.Сабақтың мақсаты:Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру. «Адам және табиғат» мәтіні арқылы түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы. Студенттердімаман ретінде адам мен табиғаттың қаншалықты маңызды екенін қазақша айта білуге үйрету. Адам және табиғаттуралы мәлімет бере отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. «Адам және табиғат» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.Кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру. Терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру, лексикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру.
3. Коммуникативті компетенция бойынша медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын еркін, түсінікті етіп жеткізуге үйрету. Қажетті әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын дамыту,
тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырыу.,
4. Негізгі ұғымдар:
Табиғат- тіршілік сәні, Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, денеге қуат,бойға күш, көңілге шабыт беруі, адамның ауасыз, сусыз өмір сүре алмауы, тіршіліктің қайнар көзі, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас, табиғаттағы барлық нәрсенің өзара тығыз байланыстылығы, табиғатты қорғау, оның байлықтарын ұқыпты пайдалану, табиғаттың адамға баға жетпес байлығы, адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері,ауа мен судың өзгеріске ұшырауы,уланған табиғатта өмір сүрген адамзат, жас балалардың ауруға шалдығуы.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )
Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)
Жаңа сабақ
Лексикалық материалмен жұмыс (35 мин)
Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)
Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)
Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)
Жаңа сабақты қорыту (5-8 мин. )
Студенттің білімін бақылау (5 мин. )
Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Өткізу түрі:тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Мәтінмен, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тестілік бақылау.
8. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9.Тапсырмалар
1-тапсырма. «Табиғат-адамзаттың өмір нәрі, қажетіңнің табылар содан бәрі», «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар мен қанатты сөздердің мағынасын кеңінен түсіндіріңіз.
2-тапсырма. Мәтінге байланысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.
Табиғат- тіршілік сәні, Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, денеге қуат,бойға күш, көңілге шабыт беруі, адамның ауасыз, сусыз өмір сүре алмауы, тіршіліктің қайнар көзі, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас, табиғаттағы барлық нәрсенің өзара тығыз байланыстылығы, табиғатты қорғау, оның байлықтарын ұқыпты пайдалану, табиғаттың адамға баға жетпес байлығы, адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері,ауа мен судың өзгеріске ұшырауы,уланған табиғатта өмір сүрген адамзат, жас балалардың ауруға шалдығуы.
3-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.
нәр-питание
қуат-сила, энергия
шабыт-охота, желание
тіршілік-существование
аялау-беречь
ұқыпты-аккуратно
қолайсыз-неудобный, неприемлемый
көрік-красота
4-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.
Адам және табиғат
Табиғат- тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, Ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тығыз байланысты.
Табиғат- адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат,бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да-табиғаттың төл баласы, жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануарлар, адамзатқа табиғаттың берген ғажайып сыйы.
Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек.Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарт және географиялық орта болып саналады.
Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғат пен адам егіз әлем ретінде бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды.
Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі-табиғатты қорғау, оның байлықтарын ұқыпты пайдалану. Табиғат- адамға баға жетпес байлық.
Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, оны улайтын да адам. Қазіргі таңда экологиялық проблема ғаламдық мәселеге айналып отыр.Экология- табиғат пен қоғам байланысы туралы ғылым.Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді. Ластану дегеніміз- ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.Ауа мен судың өзгеріске ұшырауы салдарынан адам баласына және жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне үлкен зиян келтіруде. Улар ең алдымен ауаға қосылады, ауадан-суға, судан-топыраққа, топырақтан өсімдіктерге, өсімдіктерден- малдарға, малдардан- адамдарға тарайды. Осындай уланған табиғатта өмір сүрген адамзаттың ұрпақтарының денсаулықтары жылдан-жылға нашарлай түсуде. Соның ішінде өзімізідің Қызылорда өңірінде туберкулез, қатерлі ісік, сарыауру, вирусты гепотит, жас балалардың ауруға шалдығуы жиі кезедеседі.
5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Табиғат байлықтарына нелер жатады?
2. Табиғат пен адам арасында қандай байланыс бар?
3. Табиғатты қалай қорғау керек?
4. Табиғатты қорғамасақ, қандай қиындыққа душар боламыз?
1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, аударыңыз.
Я.А.Коменский «Тәрбиенің негізі – табиғат, ал адам – табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы» деп сипаттаған. Табиғатты қорғау қарапайым істен басталады. Бөлме өсімдіктерін күту, оны өсіру, мектеп ауласына гүл, ағаш отырғызу, баптау т.б. Ата-бабамыздың аялап келген кереметтерге толы туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету – әрбір адамның қажетті борышы.
1-жаттығу. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар дайындаңыз және тақырып қойыңыз.
Экология- табиғат пен қоғам байланысы туралы ғылым.Экология- тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бүгінгі таңда табиғат қорғау мәселесі, қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес дүние жүзі елдерін, халықтарын қамтып отырған ғаламдық мәселеге айналды. Экологиялық тәрбиені жүйелі негізге қою да-уақыт талабы, экологиялық мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарау- бүгінгі таңда әрбір азамматтың абыройлы борышы.
10.Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):
Коммуникативті компетенция бойынша
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды, ұсынысыңызды айтыңыз.
1. Маман ретінде еліміздегі табиғатты қорғау мәселесі қандай деңгейде?
2. Табиғаттың бізге берер сыйы қандай?
3. Табиғатты қорғау ең бірінші неден басталады?
4. Маман ретінде табиғатты қорғау үшін қандай шара қолданар едіңіз?
Когнитивті – білім компетенциясы бойынша
1-жаттығу. Мәтінге байланысты сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, денеге қуат,бойға күш, көңілге шабыт беруі, адамның ауасыз, сусыз өмір сүре алмауы, тіршіліктің қайнар көзі, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас, табиғаттағы барлық нәрсенің өзара тығыз байланыстылығы, табиғатты қорғау, оның байлықтарын ұқыпты пайдалану, табиғаттың адамға баға жетпес байлығы, адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері,ауа мен судың өзгеріске ұшырауы,уланған табиғатта өмір сүрген адамзат, жас балалардың ауруға шалдығуы.
Операционалды – дағды компетенциясыбойынша
2-жаттығу. Мәтінді аударып, мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.
Экология- табиғат пен қоғам байланысы туралы ғылым.Экология- тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бүгінгі таңда табиғат қорғау мәселесі, қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес дүние жүзі елдерін, халықтарын қамтып отырған ғаламдық мәселеге айналды. Экологиялық тәрбиені жүйелі негізге қою да-уақыт талабы, экологиялық мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарау- бүгінгі таңда әрбір азамматтың абыройлы борышы.
11. Әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 155б.
2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 121б
3. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. 86б
4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 83б.
5. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 98б
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№2тақырып:Адам денсаулығын нығайтатын негізгі жағдайлар.
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1.Сабақтың тақырыбы: Адам денсаулығын нығайтатын негізгі жағдайлар
2.Сабақтың мақсаты:Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру. «Адам денсаулығын нығайтатын негізгі жағдайлар» мәтіні арқылы түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға дағдыландыру.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы Адам денсаулығын жақсартатын жағдайлар жайлы мәлімет бере отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Студенттергеденсаулыққа жағымды әсер ететін факторларды маман ретінде қазақша айта білуге үйрету. «Адам денсаулығын нығайтатын негізгі жағдайлар» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.Кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру. Өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.
3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыруМедициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын еркін, түсінікті етіп жеткізуге үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын дамыту.
4. Негізгі ұғымдар:
Еңбек ету, тұрмыстық жағдайлар,салауатты өмір сүру салты, дұрыс ұйымдастыра білу, түрлі қимыл-қозғалыстар, қозғалыс белсенділігі, жұмыс істеу қабілеті, түрлі ауруларға қарсы тұру,еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру,шектен тыс еңбек ету, ағзаның әлсіреуі, мүшелердің жұмысын жақсартады,адамның ұзақ өмір сүруі,дұрыс тамақтана білу, артық салмақ – аурудың белгісі, ағзаны қажетсіз заттардан тазартау, денсаулықты сақтау.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )
Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)
Жаңа сабақ
Лексикалық материалмен жұмыс (35 мин)
Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)
Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)
Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)
Жаңа сабақты қорыту (5-8 мин. )
Студенттің білімін бақылау (5 мин. )
Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Өткізу түрі:тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тесттік бақылау.
8. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9.Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі – қимыл-қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа,су, тамақ қандай керек болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша, оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептейді. Табиғаттың өзі адамның қолында физиологиялық теңдесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп отыр, ол – қимыл – қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, ықыласына, жігеріне, әркімнің өз басына, жауапкершілігіне тікелей байланысты. Адам ағзасы атадан атаға, бір адамның даму кезеңдеріне қимыл қозғалыстың әсерінен қалыптасады. Қимыл –қозғалыстың аздығы (гипокенезия) денсаулықты бұзатын себептердің бірі.
2-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.
қолайсыздық – неудобство
нашарлау – ухудшение
ұйымдастыру – организовать
қабілет – способность
арттыру – улудшить
маңызды – важный
қажетті – нужный
даму – развитие
шектеу – ограничовать
нығайту – укрепить
Мәтінге байланысты тірек сөздер:
Тұрмыстық жағдайлар,салауатты өмір сүру салты, дұрыс ұйымдастыра білу, түрлі қимыл-қозғалыстар, қозғалыс белсенділігі, жұмыс істеу қабілеті, түрлі ауруларға қарсы тұру,еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру,шектен тыс еңбек ету, ағзаның әлсіреуі, мүшелердің жұмысын жақсартады,адамның ұзақ өмір сүруі,дұрыс тамақтана білу, артық салмақ – аурудың белгісі, ағзаны қажетсіз заттардан тазартау, денсаулықты сақтау.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.
Адам денсаулығын нығайтатын негізгі жағдайлар
Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналық жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.
Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топқа бөлінеді.
1. Бұлшық ет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлық тіршілік әрекеті түрлі қимыл-қозғалыстар жиынтығынан тұрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі. Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.
2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның әлсіреуіне әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.
3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нәтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасудың қалыпты жүруіне жағдай жасайды және т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының бірқалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артық салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны білдіреді. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау - адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сүндетке отырғызу - терінің таза болуына септігін тигізеді. Әрбір адам өз денсаулығын сақтап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс.
Ұзақ өмір сүрудің негізі - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Денсаулыққа жағымды әсер ететін қандай факторлар бар?
2. Қозғалыс белсендігінің қандай маңызы бар?
3. Шектен тыс еңбек етудің қандай зияны бар?
4. Еңбек пен демалысты ұйымдастырудың қандай пайдасы бар?
5. Дұрыс тамақтана білудің маңызы қандай?
6. Ұзақ өмір сүрудің негізі неде?
1-жаттығу.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді көрсетіп, сөйлемді толықтырыңыз.
Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ... білмеу, медициналық жәрдемнің дұрыс ... де денсаулыққа зиянын тигізеді.Адамның барлық тіршілік әрекеті түрлі қимыл-қозғалыстар жиынтығынан ... . Демалысты дұрыс ұйымдастыра білу - адамның ұзақ өмір сүруіне ... тигізеді.Дұрыс тамақтанудың нәтижесінде асқорыту мүшелерінің ... жақсарады.Әрбір адам өз денсаулығын сақтап, үнемі ... бөліп отыруы тиіс. Артық салмақ аурудың ... болуына әсер етеді.
2-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құраңыз.
Салауатты өмір сүру салты, дұрыс ұйымдастыра білу, түрлі қимыл-қозғалыстар, қозғалыс белсенділігі, жұмыс істеу қабілеті, түрлі ауруларға қарсы тұру,еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру,шектен тыс еңбек ету, ағзаның әлсіреуі, мүшелердің жұмысын жақсарту,адамның ұзақ өмір сүруі,дұрыс тамақтана білу, артық салмақ – аурудың белгісі, ағзаны қажетсіз заттардан тазартау, денсаулықты сақтау.
10.Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):
Коммуникативті, өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды, ұсынысыңызды айтыңыз.
1. Өз денсаулығыңызды қалай күтесіз?
2. Адам денсаулығын жақсартуға қандай әсерлердің маңызы зор?
3. Адам өмірін ұзартуға қандай маңызды жағдайларды атар едіңіз?
4. Өзіңіз қалай тамақтанасыз, қандай дене жаттығуларымен айналысасыз?
5. Демалысыңызды қалай ұйымдастырасыз? Алдын-ала жоспарлайсыз ба?
Операционалды – дағды компетенциясыбойынша
2-жаттығу. Мәтінді аударып, мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.
Экология- табиғат пен қоғам байланысы туралы ғылым.Экология- тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бүгінгі таңда табиғат қорғау мәселесі, қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес дүние жүзі елдерін, халықтарын қамтып отырған ғаламдық мәселеге айналды. Экологиялық тәрбиені жүйелі негізге қою да-уақыт талабы, экологиялық мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарау- бүгінгі таңда әрбір азамматтың абыройлы борышы.
Когнитивті – білім компетенциясы бойынша
2-тапсырма. Сөйлемдердің мағынасын кеңінен түсіндіріңіз.
Қозғалыс - тіршілік тірегі,артық салмақ - аурудың белгісі, салауатты өмір салты – денсаулық кепілі, ұзақ өмір сүрудің негізі - денсаулықты сақтау мен нығайту.
2-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз.
Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі. Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді.Еңбек ету мен демалысты дұрыс ұйымдастыру - адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Дұрыс тамақтану - асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады, адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасудың қалыпты жүруіне жағдай жасайды.
11. Әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 152б
2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 120б
3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 95б
4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж.78-83
5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. 29 бб
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№3 тақырып: Ас әзірлеу гигиенасы.
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1.Сабақтың тақырыбы: Ас әзірлеу гигиенасы.
2.Сабақтың мақсаты:Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру. «Ас әзірлеу гигиенасы» мәтіні арқылы түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы.Ас әзірлеу гигиенасытуралы мәлімет бере отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Олардымаман ретінде ас әзірлеудің гигиенасы адам үшін қаншалықты маңызды екенін қазақша айта білуге үйрету. «Ас әзірлеу гигиенасы» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.Кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру, лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру. Өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.
3. Коммуникативті компетенция бойынша әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыруМедициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын еркін, түсінікті етіп жеткізуге үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын дамыту,
тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырыу.,
4. Негізгі ұғымдар:
Ас әзірлеу гигиенасы,ас әзірлеуші адам гигиенасы, қолды сабындап жуу, тамақ дайындаушының арнайы бас киімі, сақталмаған гигиеналық ережелер, адамның ағзасына микробтар жұғады, тазалықта дайындалған ас, адам энергиясын, қуаттылығын нығайту, ауру-сырқаттардың тамақпен байланыстылығы, дайындалып жатқан тағамның сапасы, құндылығы, мерзімі, жуылмаған тағамдар, ас әзірленетін ыдыстың таза болуы, тағамның бұзылып кеткен жерін кесіп тастау, денсаулық үшін қауіпсіз емес, әртүрлі ауруларға шалдығу, ішек жұқпалы ауруы, ауру қоздыратын микробтар, қайнатылмаған су ішкенде, ағзаны улайды, құрамында улы заттары бар азық-түліктер, ет өнімдерінен және пісірілмеген сүттен жасалған тағамдар, сапасыз салаттарды пайдалану, сальмонеллаза ауруына шалдығуы, қаздың және үйректің жұмыртқалаларында,уланудың алдын алу үшін санитариялық ережелерді сақтау, аспаздық өнімдерді ыстық өңдеуден өткізу.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минут)
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )
Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)
Жаңа сабақ
Лексикалық материалмен жұмыс (35 мин)
Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)
Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)
Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)
Жаңа сабақты қорыту (5-8 мин. )
Студенттің білімін бақылау (5 мин. )
Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Өткізу түрі:тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Коммуникативтік қарым-қатынас, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тестілік бақылау.
8. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9.Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.
назар аудару – обратить внимание
арнайы – специальный
жұғады – заразить
нығайту – укрепить
сапасы – качество
құндылығы – ценность
тиым салу – запретить
бұзылып кеткен (бұзылған)- испорченный
2-тапсырма. Мәтінге байланысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.
Ас әзірлеуші адам гигиенасы, қолды сабындап жуу, тамақ дайындаушының арнайы бас киімі, сақталмаған гигиеналық ережелер, адамның ағзасына микробтар жұғады, тазалықта дайындалған ас, адам энергиясын, қуаттылығын нығайту, ауру-сырқаттардың тамақпен байланыстылығы, дайындалып жатқан тағамның сапасы, құндылығы, мерзімі, жуылмаған тағамдар, ас әзірленетін ыдыстың таза болуы, тағамның бұзылып кеткен жерін кесіп тастау, денсаулық үшін қауіпсіз емес, әртүрлі ауруларға шалдығу, ішек жұқпалы ауруы, ауру қоздыратын микробтар, қайнатылмаған су ішкенде, ағзаны улайды, құрамында улы заттары бар азық-түліктер, ет өнімдерінен және пісірілмеген сүттен жасалған тағамдар, сапасыз салаттарды пайдалану, сальмонеллаза ауруына шалдығуы, қаздың және үйректің жұмыртқалаларында,уланудың алдын алу үшін санитариялық ережелерді сақтау, аспаздық өнімдерді ыстық өңдеуден өткізу.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.
Ас әзірлеу гигиенасы
Ауру – астан.
Ас әзірлеуде әзірлеуші адам өзінің жеке басының гигиенасына да басты назар аударуы тиіс. Ас әзірлеуші адам жұмысына кіріспестен бұрын, қолын сабындап жууы қажет және тамақ дайындаушының басында арнайы бас киім болғаны жөн. Себебі, ас дайындау барысында сақталмаған гигиеналық ережелердің нәтижесіне тамақ қабылдаушы адамның ағзасына микробтар жұғады. Ал тазалықта дайындалған астың адам денсаулығына әсері мол. Ас қабылдау арқылы адам энергиясын, қуаттылығын нығайтып отырады. дұрыс тамақ ішудің тәртібі, рационалды тамақтану — ол тамақтың қуаты мен сапалық химиялық құрамын, қоректік заттардың деңгейлік арақатынастарының тұрақтылығын, қортылуын және гигиеналық жағынан тазалығын ескертуді қажет етеді. Адамзат тарихында кездесетін ауру-сырқаттардың барлығы тамақпен байланысты. Сондықтан ас әзірлеуден бұрын дайындалып жатқан тағамның сапасына, құндылығына, мерзіміне және оның тазалығына баса назар аударған жөн. Сапасы төмен (бұзылып кеткен), пайдалану мерзімі уақытынан асып кеткен, жуылмаған тағамдарды пайдалануға болмайды. Сонымен қатар ас әзірленетін ыдыс та таза болуы керек, жуылмаған ыдыста бірнеше рет ас дайындауға тиым салынады. Кейбір кездерде тағамның бұзылып кеткен жерін кесіп тастап, асты әзірлей беретін кездер болады. Бұл әдіс денсаулық үшін қауіпсіз емес. Осындай қарапайым ережелерді сақтамаудың салдарынан адамдар әртүрлі ауруларға шалдығып жатады. Мысалы, ішек жұқпалы ауруын алайық. Ішек аурулары ауру қоздыратын микробтар арқылы пайда болады. Бұл микробтар қайнатылмаған су ішкенде, жуылып-тазартылмаған көкөніс пен жемістерді пайдаланғанда, сондай-ақ лас ыдыстар мен кір қолдан жұғады. Микробтар ішекте көбейіп, у бөледі, сөйтіп ағзаны улайды.
Кейбір саңырауқұлақтарды (боз арамқұлақ, шыбынжұт, жерқұлақ – улы саңырауқұлақтар), сондай-ақ құрамында улы заттары бар азық-түліктерді тамаққа пайдаланғанда да адам ағзасы уланады. Ауру тудыратын тірі микроб қоздырғыштары адам ағзасына тамақ арқылы түседі. Ет өнімдерінен және пісірілмеген сүттен жасалған тағамдар мен сапасыз салаттарды пайдаланғанда адам сальмонеллаза ауруына шалдығуы мүмкін. Сальмонеллалар қаздың және үйректің жұмыртқалаларында да кездеседі. Уланудың алдын алу үшін санитариялық ережелерді, әсіресе жеке бастың гигиенасын қатаң сақтау керек. Сонымен қатар аспаздық өнімдерді керек мөлшерде ыстық өңдеуден міндетті түрде өткізген дұрыс.
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ас әзірлеуші адам тазалығына қандай талап қойылады?
2. Ас әзірлеуде гигиеналық ереже сақталмаса, ас қабылдаушы адам қандай жағдайға ұшырайды?
3. Ас әзірлеуден бұрын неге көңіл аудару керек? Нені басты назарда ұстау керек?
4. Ішек аурулары не арқылы пайда болады?
5. Микробтар не арқылы жұғады?
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіңіз.
Ас әзірлеуші адам жұмысына кіріспестен бұрын, қолын сабындап ... қажет және тамақ дайындаушының басында арнайы бас киім ...керек.Тазалықта дайындалған астың адам ... әсері мол. Пайдалану мерзімі уақытынан ..., жуылмаған ... пайдалануға болмайды. Ас әзірленетін ыдыс та ... болуы керек. Гигиеналық ережелерді ... салдарынан адамдар әртүрлі ауруларға шалдығып жатады. Ішек аурулары ауру қоздыратын ... арқылы пайда болады. Микробтар ... су ішкенде, ... көкөніс пен жемістерді пайдаланғанда, сондай-ақ ... ыдыстар мен ... қолдан жұғады. Микробтар ішекте көбейіп, у бөледі, сөйтіп ... улайды.
10.Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):
Коммуникативтік және өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды, ұсынысыңызды айтыңыз.
1. Өзіңіз маман ретінде тамақтануда, ас әзірлеуде нені басты назарда ұстайсыз?
2. Ас әзірлеу гигиенасы, ас әзірлеуші гигиенасы дегенді қалай түсінесіз?
3. Маман ретінде қазір тамақ ішетін орындардың тазалығына көңіліңіз тола ма? Қандай мәселелерге көңіліңіз толмайды?
4. Маман ретінде тазалық сақталмаған жерлерде тамақтанып отырған адамдардың денсаулығы сізді мазалай ма? Қай жағынан? Сіз болашақта қандай шара қолданар едіңіз?
Когнитивті-білім компетенциясы бойынша
1-жаттығу. Мәтінге байланысты сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
Гигиеналық ережелердіңсақталмауы, ас әзірлеуші адам гигиенасы, ас әзірлеу гигиенасы, қолды сабындап жуу, тамақ дайындаушының арнайы бас киімі, адамның ағзасына микробтар жұғады, тазалықта дайындалған ас, адам энергиясын, қуаттылығын нығайту, ауру-сырқаттардың тамақпен байланыстылығы, дайындалып жатқан тағамның сапасы, құндылығы, мерзімі, жуылмаған тағамдар, ас әзірленетін ыдыстың таза болуы, тағамның бұзылып кеткен жерін кесіп тастау, әртүрлі ауруларға шалдығу, ішек жұқпалы ауруы, ауру қоздыратын микробтар, қайнатылмаған су ішкенде, ағзаны улайды, құрамында улы заттары бар азық-түліктер, ет өнімдерінен және пісірілмеген сүттен жасалған тағамдар, сальмонеллаза ауруына шалдығуы, қаздың және үйректің жұмыртқалаларында,уланудың алдын алу үшін санитариялық ережелерді сақтау, аспаздық өнімдерді ыстық өңдеуден өткізу.
Операционалды – дағды компетенциясыбойынша
2-жаттығу. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңыз.
Кейбір саңырауқұлақтарды (боз арамқұлақ, шыбынжұт, жерқұлақ – улы саңырауқұлақтар), сондай-ақ құрамында улы заттары бар азық-түліктерді тамаққа пайдаланғанда да адам ағзасы уланады. Ауру тудыратын тірі микроб қоздырғыштары адам ағзасына тамақ арқылы түседі. Ет өнімдерінен және пісірілмеген сүттен жасалған тағамдар мен сапасыз салаттарды пайдаланғанда адам сальмонеллаза ауруына шалдығуы мүмкін. Сальмонеллалар қаздың және үйректің жұмыртқалаларында да кездеседі. Уланудың алдын алу үшін санитариялық ережелерді, әсіресе жеке бастың гигиенасын қатаң сақтау керек. Сонымен қатар аспаздық өнімдерді керек мөлшерде ыстық өңдеуден міндетті түрде өткізген дұрыс.
11. Әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 142б
2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 112б
3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 42б
4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 55б.
5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. 87б.
6. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Канленова Қазақ тілі Алматы, 2012ж. 86б.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№4 тақырып: Тұрғын үй гигиенасы.
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1.Сабақтың тақырыбы:Тұрғын үй гигиенасы.
2.Сабақтың мақсаты:Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру. «Тұрғын үй гигиенасы» мәтіні арқылы түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы.Тұрғын үйдің гигиенасытуралы мәлімет бере отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Олардымаман ретінде тұрғын үйдің гигиенасы адам үшін қаншалықты маңызды екенін қазақша айта білуге үйрету. «Тұрғын үй гигиенасы» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.Кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру, лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру. Өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.
3. Коммуникативті компетенция бойынша әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыруМедициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын еркін, түсінікті етіп жеткізуге үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын дамыту,
тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырыу.,
4. Негізгі ұғымдар:
Тұрғын үйдің гигиеналық маңызы,үй - адамдарды қолайсыз әсерлерден қорғайды, топырағы құрғақ, жер асты суы жоқ жерде салынуы, күн сәулесі жақсы түсіп тұруы және жақсы желдетілуі тиіс, табиғи жарықпен және ауа алмасуымен қамтамасыз етілуі,көп қабатты үйлердің ара қашықтығы,үлкен қалаларда жерді үнемдеу, көп қабатты үйлерде тұрғындардың тығыздығы, үйдің биіктігі, тұрғындардың таза ауада ұзақ уақыт жүруіне мүмкіндік бермеуі, қоқыс құбырларынан шыққан заттармен ластануы, қолайлы тұрғын үй құрылыстарының ұтымды жолдары.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )
Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)
Жаңа сабақ
Лексикалық материалмен жұмыс (35 мин)
Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)
Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)
Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)
Жаңа сабақты қорыту (5-8 мин. )
Студенттің білімін бақылау (5 мин. )
Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Өткізу түрі:тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Мәтінмен, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тестілік бақылау.
8. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9.Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.
қолайсыз әсер - неудобные влияние
қорғайды – защищает
айналысу – заниматься
еңбекке қабілеттілігі – трудоспособность к труду
мүмкіндік береді – дает возможность
құрғақ – сухой
қамтамасыз ету – обеспечивать
үнемдеу – экономить
құбыр – труба
жайлы – удобный
2-тапсырма. Мәтінге байланысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.
Тұрғын үй,гигиеналық маңызы, қолайсыз әсерлерден қорғау, топырағы құрғақ, жер асты суы жоқ жерде салынуы, күн сәулесінің жақсы түсуі, желдетілуі тиіс, табиғи жарықпен, ауа алмасуымен қамтамасыз етілуі,көп қабатты үйлер, ара қашықтығы, жерді үнемдеу тұрғындардың тығыздығы, үйдің биіктігі, таза ауада ұзақ уақыт жүруі, қоқыс құбырларынан шыққан заттар, ластануы, қолайлы тұрғын үй, құрылыстарының ұтымды жолдары.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.
Тұрғын үй гигиенасы
Адам өмірінің көп бөлігін үйінде өткізеді, сондықтан адам үшін тұрғын үйдің маңызы ерекше. Үй - адамдарды климаттық факторлардың (ыстықтан, суықтан, жауын-шашыннан) қолайсыз әсерлерінен қорғайды, оның ой еңбегімен, бала тәрбиесімен айналысуына, демалуына, еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруіне және жеке басының гигенасын сақтауына мүмкіндік береді.
Тұрғын үй топырағы құрғақ, жер асты суы жоқ жерге салынуы тиіс. Тұрғын үйлерге күн сәулесі жақсы түсіп тұруы және жақсы желдетілуі тиіс, соның нәтижесінде бөлмелер қажетті табиғи жарықпен және ауа алмасуымен қамтамасыз етіледі. Қалалардағы көп қабатты үйлердің ара қашықтығы олардың қабат санына сәйкес болады. 2-3 қабатты үйлердің ара қашықтығы 15 метрден кем болмауы тиіс, ал 4 және одан да көп қабатты ғимараттардың арасы 20 метрден асуы керек.
Үлкен қалаларда жерді үнемдеу мақсатында көп қабатты тұрғын үйлер көптеп салынуда. Мұндай үйлерді санитарлық-техникалық тұрғыдан, орталық су құбырларымен және электр желілерімен қамтамасыз ету оңайырақ болғанымен, олардың қолайсыз жақтары да көп. Көп қабатты үйлерде тұрғындардың тығыздығы жоғары болады, үйдің орналасуына және оның ішкі ортасына көптеген факторлар (көшелерді жоспарлау, көрші үйлер) әсер етеді. Үйдің биіктігі жоғары қабаттағы тұрғындардың таза ауада ұзақ уақыт жүруіне мүмкіндік бермейді. Бөлмелерде жылу режимі, ауа алмасуы жиі бұзылады, бөлмелердің ауасы желдеткіш шахталар мен қоқыс құбырларынан шыққан заттармен ластанады.
Қазіргі кездерде қолайлы тұрғын үй құрылыстарының ұтымды жолдары қарастырылуда. Ғимарттар қиғаш т.б. түрінде салынуда, яғни пәтерлер бірінің үстіне бірі кемерленіп орналасуда. Мұндай үйлердегі пәтерлердің тұрғындары кез келген қабатта өздерін жайлы сезініп, биіктен қорқу сезімінен арылады, жоғары қабаттары төменгі қабаттарын көлеңкелемейтіндіктен, барлық пәтерлерге күн сәулесі біркелкі түседі.
Тұрғын үй гигиенасы адам денсаулығына негізгі әсер етуші фактор ретінде бағаланатындықтан, оған ерекше назар бөлуіміз керек. Осы себептен қазіргі кезде елімізде жаңа бағдарлама тұрғын үйлерді барлық жағынан жауап беретін «Еуро 4» үлгісінде салу қолға алынып жатыр. Бұл бағдарламаның тиімділігі Қазақстанның сейсмикалық аймақтарына маңызды болмақ.
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Тұрғын үйдің маңыздылығы неде?
2. Тұрғын үй адамды қандай қолайсыз әсерлерден қорғайды?
3. Тұрғын үй қандай жерлерде салынуы тиіс?
4. Қалалардағы көп қабатты үйлердің ара қашықтығы қандай болуы керек?
5. Көп қабатты үйлер не үшін салынуда?
6. Тұрғын үйдің қандай қолайсыз жақтары бар?
7. Қазіргі кезде тұрғын үй құрылыстарының қандай ұтымды жолдары қарастырылуда?
1-жаттығу.Мәтінді оқып, аудырыңыз және тақырып қойыңыз.
Тұрмыс гигиенасының негізі — пәтердікүтіп, таза ұстау. Бөлмегежиһазды толтырып жинай беруге болмайды. Себебі ол шаңның көп жиналуына жол беріп, үйді таза ұстауды қиындатады. Тазалық сақтау үшін күн сайын шаңды сүртіп, еденді дымқыл щеткамен сыпыру, аптасына кемінде 1 рет жуып отыру керек. Терезені кірлетпей уақтылы сүрткен абзал. Жұмсақ жиһаз бен кілемдердішаңсорғыш пен тазалаған жөн. Бөлменің ауасын тазарту үшін механикалық желдеткіштер де пайдаланылады. Ас үйде, ваннада, дәретханада желдетуге арналған ауа тартқыштар болады. Пәтерді жинастырған кезде торды жиналған шаңнан тазалаған жөн. Қабырға арқылы да аздап ауа алмасады. Бөлмені салқындату үшін терезеге орнатылған кондиционерлердіпайдалануға болады. Кондиционертұрақты температураны сақтай отырып, ауаны бір мезгілде шаң мен ылғалдантазартады. Үйді күтіп ұстамаған жағдайларда пешті жүйелі түрде жақпағанда, бөлме үнемі желдетілмегенде, үй ішіне кір жуып, кептіргенде бөлмеде сыз пайда болып, ауа ылғал тартады. Сыз адамды науқасқашалдықтырады, үй қабырғасы мен жиһаздарыныңбүлінуіне әкеп соқтырады. Сондықтан кірді ваннада жуып, балконда немесе аулада (оған арнайы бөлінген жерлерде) кептірген жөн. Адам көбірек бас қосатын бөлмелердің таза болуына ерекше мән берген дұрыс. Әсіресе, ас үйді таза ұстау қажет. Бөлмелерде шыбын, тарақан, кеміргіштер пайда болмау үшін тамақты ашық, ыдыс-аяқты жуылмаған күйінде қалдырмай, тағам қалдықтарын жабылатын шелекке салып, уақытында шығарып отырған жөн.
10.Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):
Коммуникативтік және өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды, ұсынысыңызды айтыңыз.
1. Жер үйдің көп қабатты үйден гигиналық тұрғыдан қандай айырмашылығы бар?
2. Көп қабатты үйдің қандай қолайлы, қолайсыз жақтары бар?
3. Жер үйдің қандай қолайлы, қолайсыз жақтары бар?
4. Өзіңіз қандай үйде тұрғанды қалайсыз? Не үшің?
Операционалды-дағды компетенциясы бойынша
1-жаттығу. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңыз.
Тұрмыс гигиенасының негізі — пәтердікүтіп, таза ұстау. Бөлмегежиһазды толтырып жинай беруге болмайды. Себебі ол шаңның көп жиналуына жол беріп, үйді таза ұстауды қиындатады. Тазалық сақтау үшін күн сайын шаңды сүртіп, еденді дымқыл щеткамен сыпыру, аптасына кемінде 1 рет жуып отыру керек. Терезені кірлетпей уақтылы сүрткен абзал. Жұмсақ жиһаз бен кілемдердішаңсорғыш пен тазалаған жөн. Бөлменің ауасын тазарту үшін механикалық желдеткіштер де пайдаланылады. Ас үйде, ваннада, дәретханада желдетуге арналған ауа тартқыштар болады. Пәтерді жинастырған кезде торды жиналған шаңнан тазалаған жөн. Қабырға арқылы да аздап ауа алмасады. Бөлмені салқындату үшін терезеге орнатылған кондиционерлердіпайдалануға болады. Кондиционертұрақты температураны сақтай отырып, ауаны бір мезгілде шаң мен ылғалдантазартады. Үйді күтіп ұстамаған жағдайларда пешті жүйелі түрде жақпағанда, бөлме үнемі желдетілмегенде, үй ішіне кір жуып, кептіргенде бөлмеде сыз пайда болып, ауа ылғал тартады. Сыз адамды науқасқашалдықтырады, үй қабырғасы мен жиһаздарыныңбүлінуіне әкеп соқтырады. Сондықтан кірді ваннада жуып, балконда немесе аулада (оған арнайы бөлінген жерлерде) кептірген жөн. Адам көбірек бас қосатын бөлмелердің таза болуына ерекше мән берген дұрыс. Әсіресе, ас үйді таза ұстау қажет. Бөлмелерде шыбын, тарақан, кеміргіштер пайда болмау үшін тамақты ашық, ыдыс-аяқты жуылмаған күйінде қалдырмай, тағам қалдықтарын жабылатын шелекке салып, уақытында шығарып отырған жөн.
Когнитивті-білім компетенциясы бойынша
2-жаттығу. Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.
Тұрғын үй гигиенасы, гигиеналық маңызы, қолайсыз әсерлерден қорғау, топырағы құрғақ, жер асты суы жоқ жерде салынуы, күн сәулесінің жақсы түсуі, желдетілуі тиіс, табиғи жарықпен, ауа алмасуымен қамтамасыз етілуі,көп қабатты үйлер, ара қашықтығы, жерді үнемдеу тұрғындардың тығыздығы, үйдің биіктігі, таза ауада ұзақ уақыт жүруі, қоқыс құбырларынан шыққан заттар, ластануы, қолайлы тұрғын үй, құрылыстарының ұтымды жолдары.
11. Әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 164б
2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 126б
3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 83б
4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 41 б.
5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж.
6. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Канленова Қазақ тілі Алматы, 2012ж. 112б.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№5тақырып: Қазақстандағы экологиялық дағдарыс.
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1.Сабақтың тақырыбы:Қазақстандағы экологиялық дағдарыс.
2.Сабақтың мақсаты:Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру. «Қазақстандағы экологиялық дағдарыс» мәтіні арқылы медициналық терминдерді үйрету, түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға дағдыландыру.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы Қазақстанның экологиясы жайлы мәлімет бере отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Студенттергеқазіргі экологияның қиын жағдайда екенін, одан шығу жолдарын болашақ маман ретінде қазақша айта білуге үйрету. «Қазақстандағы экологиялық дағдарыс» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.Кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру. Өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.
3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыруМедициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын еркін, түсінікті етіп жеткізуге үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын дамыту.
4. Негізгі ұғымдар:Экология мәселесі, болашақ ұрпақ, өндірістің зияны, адам өмірі, адам денсаулығы, өндіріс орындары, химиялық, радиациялық улардың ауаға таралуы, қауіпсіздік ережесі, қоршаған ортаны қорғау, еңбек гигиенасы, улы заттар, аурудың пайда болуы, зиянды заттармен ластануы.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )
Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)
Жаңа сабақ
Лексикалық материалмен жұмыс (35 мин)
Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)
Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)
Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)
Жаңа сабақты қорыту (5-8 мин. )
Студенттің білімін бақылау (5 мин. )
Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Өткізу түрі:тәжірибелік
7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тесттік бақылау.
8. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9.Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.
мәселе – проблема
ұрпақ – поколение
зиян – вредный
ағза – организм
арқылы – через
сақталады – храниться
үміт – надежда
нашарлату – ухудшать
Мәтінге байланысты тірек сөздер:
Экология мәселесі, экологиялық дағдарыс, болашақ ұрпақ, өндірістің зияны, адам өмірі, адам денсаулығы, өндіріс орындары, химиялық, радиациялық улар, ауаға таралу, қауіпсіздік ережесі, қоршаған ортаны қорғау, еңбек гигиенасы, улы заттар, аурудың пайда болуы, зиянды заттармен ластану.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.
Қазақстандағы экологиялық дағдарыс
Экология мәселесі өте өзекті, бірақ оған өте аз көңіл бөлінді. Қазіргі кезде экологиялық мәселенің көптігі сонша, біз болашақ ұрпаққа не қалдырамыз деп ойлау керек. Қазіргі заманды дамыған өндіріссіз көзге елестету мүмкін емес. Бұлар адамзат өмірін жеңілдетуге зор ықпалын тигізгенімен, оның денсаулығына аса көп зиянын тигізуде. Өндіріс орындары әртүрлі химиялық, радиациялық уларды ауаға таратады.
Орман және ерекше көл, өзен жағалауларына салынған өндірістік обьектілердің зияны туралы көп айтылады, бірақ кейде құрылыс жалғаса береді.
Өнеркәсіптік еңбек іс-әрекеті үрдісінде қауіпсіздік ережесі мен еңбек гигиенасын сақтамаған жағдайда жұмысшылар улануы мүмкін. Өнеркәсіптік улар газ, бу немесе сұйық, сондай-ақ шаң, түтін түрінде де кездеседі.
Улы әсер ететін заттар өндіріс жағдайларында адам ағзасына тыныс алу, ас қорыту жолдары арқылы, сондай-ақ тері арқылы да енеді. Улы заттардың ағзаға түсу жолдары заттың агрегаттық күйіне (аэрозольдар, булар, газдар, сұйықтар) және технологиялық үрдістің сипатына байланысты болады.
Тыныс алу жолдары арқылы түскен улар алдымен өкпеге енеді де, одан қан айналу жүйесіне өтеді. Қан арқылы улы заттар бүкіл денеге таралады. Бейорганикалық заттар мен көптеген органикалық улы заттар әртүрлі мүшелер мен тіндерде жиналып, ұзақ уақыт сақталады. Олар бірте-бірте мүшелер мен ағзалардың жұмысын нашарлатып, оны мүлде істен шығару да мүмкің.
Улардың ағзаға бір мезгілде әртүрлі жолдармен түсуі (су, тамақ, ауа арқылы) улардың кешенді әсері деп аталады. Қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы күннен-күнге артып бара жатқан бүгінгі күндері бұл шешуін табуды қажет ететін мәселе болып тұр.
Біздің жеріміз бай, бірақ оның ресурстары шексіз емес. Қазір экологиялық дағдарыс бар, бірақ біз дағдарыстан шығуға үмітімізді жоғалтпаймыз.
3-тапсырма.Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Өндіріс орындары әртүрлі химиялық, радиациялық уларды қайда таратады?
2. Өнеркәсіптік еңбек іс-әрекетінде қауіпсіздік ережесі мен еңбек гигиенасын сақтамаған жағдайда жұмысшылар неге ұшырауы мүмкін?
3. Өнеркәсіптік улар не түрінде кездеседі?
4. Улы әсер ететін заттар өндіріс жағдайларында адам ағзасына қандай жолдар арқылы енеді?
5.Улардың ағзаға бір мезгілде әртүрлі жолдармен түсуі (су, тамақ, ауа арқылы) улардың қандай деп аталады?
2-жаттығу.Жақша ішіндегі орысша сөздердің қазақша баламасын
көрсетіп, сөйлемді толықтырыңы
Қазіргі кезде экологиялық (проблема) көптігі сонша, біз болашақ (поколение) не қалдырамыз деп ойлау керек.Бұл адам(здоровья) аса көп зиянын тигізуде.Улы әсер ететін заттар өндіріс жағдайларында адам (организм) тыныс алу, ас қорыту жолдары (через), сондай-ақ тері арқылы да енеді.Органикалық улы заттар (разные) мүшелер мен тіндерде жиналып, (долго) уақыт сақталады.
Қазір экологиялық дағдарыс бар, бірақ біз дағдарыстан шығуға (надежду) жоғалтпаймыз.
4-тапсырма. Қосымша мәтіндіоқып, аударыңыз.
Адамдардың қоршаған ортаға қамқорлығы - экологиялық дағдарыстан шығуға көмектеседі.Завод, фабрикалар өзендер мен көлдерге өте үлкен мөлшерде өндірістік қалдықтарын тастау арқылы қоршаған ортаны ластайды. Табиғат ластанғандықтан көптеген өсімдіктер мен жануарлар біздің жерде өмір сүре алмайды. Теңіздер мен көлдерде көптеген балықтар, жалпы тіршілік атауы жойылуда. Экологиялық дағдарыстың алдын алу үшін завод, фабрикаларда тазалағыш қондырғылар орнату керек.Әсіресе үлкен қалаларда ауаның ластану адам денсаулығына айтарлықтай әсер етеді және көптеген белгісіз аурулардың пайда болуына себепкер болады. Егер ғалымдар, билік басындағылар дұрыс шешім қабылдамаса, әлем экологиялық апатқа ұшырайды. Себебі табиғат ресурстары шектеулі.
10.Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):
Коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды, ұсынысыңызды айтыңыз.
1. Біздің еліміздегі экология мәселесіне қандай сипаттама берер едіңіз?
2. Экология зардаптары адамдарға қандай зиян келтіруде?
3. Экология зардаптарының алдын алу үшін қандай шара қолданар едіңіз?
4. Экология зардаптарынан жапа шеккендерге қандай көмек қажет?
Операционалды-дағды компетенциясы бойынша
3-жаттығу. Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.
Экология мәселесі, экологиялық дағдарыс, болашақ ұрпақ, өндірістің зияны, адам өмірі, адам денсаулығы, өндіріс орындары, химиялық, радиациялық улар, ауаға таралу, қауіпсіздік ережесі, қоршаған ортаны қорғау, еңбек гигиенасы, улы заттар, аурудың пайда болуы, зиянды заттармен ластану.
Когнитивті-білім компетенциясы бойынша
Тест сұрақтары.
1. Көп нүктелердің орнына қойылатын сөздерді көрсетіңіз
Табиғат ... көптеген өсімдіктер мен жануарлар біздің жерде өмір сүре алмайды.
а) экология
ә) ластанғандықтан
б) зиян
в) болғанда
г) немесе
2. Сөйлемді дұрыс аяқтаңыз.
Өндіріс орындары әртүрлі химиялық, радиациялық уларды ауаға ... .
а) жаман
ә) көшеді
б) таратады
в)сыйлайды
г) болмайды
3. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.
Не істеу керек?
а) қорғау керек
ә) керекке қорғау
б) зиянды зат
в) экология мәселесі
г) орманға баруға
4. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі сөздің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
Улы заттар денеген тарап, ағзалардың жұмысын (ухудщаеть).
а) сақтайды
ә) қорғайды
б) тарайды
в) нашарлатады
г) барады
5. «Вредные вещество» тіркесінің аудармасын көрсетіңі.
а) жаман әдет
ә) зиянды заттар
б) кері әсер
в) жақсы хабар
г) сулы жер
11. Әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 187б.
2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 119б
3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 84б
4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 80 б.
5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж.
6. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Канленова Қазақ тілі Алматы, 2012ж. 141б.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№6тақырып: Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы.
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1.Сабақтың тақырыбы: Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы
2.Сабақтың мақсаты:«Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы» мәтіні арқылы түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету. Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы.Халық медицинасы, емдері мен гигиенасы туралы мәлімет бере отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Олардымаман ретінде қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы туралы қазақша айта білуге үйрету. «Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.Кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру. Өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.
3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру. Медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын еркін, түсінікті етіп жеткізуге үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын дамыту.
4. Негізгі ұғымдар:
Қазақтың емдері, тиімді тәсілдер, көшпенді халық, өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу, тұзды суға шомылдыру,, қойдың майымен сылау, ысқымақ (массаж) жасау, бесікке бөлеу,халық емшілері, шешек, оба,тырысқақ, оңашалау, басқа жаққа көшіп кеткен, науқастарды күту үшін,жұқпалы аурудан өлген, сүйегі мен заттарын өртеу, ауылға кіруге болмайды, емдеудің жолдары.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)
Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )
Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)
Жаңа сабақ
Лексикалық материалмен жұмыс (35 мин)
Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)
Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)
Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)
Жаңа сабақты қорыту (5-8 мин. )
Студенттің білімін бақылау (5 мин. )
Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Өткізу түрі:тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тестілік бақылау.
8. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9.Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.
ұшықтау (тітіркендіру) – раздражение
уқалау, сылау - массаж
ыстық өткізу – согреть горячим
суық басу – холодный компресс
күйдіру – обжигать
оңашалау – карантин (изоляция)
шешек – оспа
оба – чума
тырысқақ – холера
емдеу - лечить
Мәтінге байланысты тірек сөздер:
Халық емдері, тиімді тәсілдер, көшпенді халық, өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу, тұзды суға шомылдыру,, қойдың майымен сылау, ысқымақ (массаж) жасау, бесікке бөлеу,халық емшілері, шешек, оба,тырысқақ, оңашалау, басқа жаққа көшіп кеткен, науқастарды күту үшін,жұқпалы аурудан өлген, сүйегі мен заттарын өртеу, ауылға кіруге болмайды, емдеудің жолдары.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.
Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы
Қазақтың дәрі-дәрмектен өзге емдері: ұшықтау (тітіркендіру), уқалау, сипалау, суық басу, оңашалау (карантин) т.б. әдістері әлі күнге дейін ең тиімді тәсілдер болып отыр.
Қазақстан аумағында гигиена мен медицинаның пайда болуы ғасырлар тереңіне кетеді және өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақтардың негізгі бөлігі көшпенді болғандықтан, өздері мекендейтін ортаның физикалық-географиялық ерекшелікке бейімделуін қажет ететін өмір салтын ұстанатын. Бұл денсаулықты сақтаудың және аурудың алдын алудың өзіндік әдістерін қалыптастырды. Көшпенді өмірге лайықталып жасалған киіз үйді жыл мезгілдеріне байланысты өзгертіп отыруға болатын еді. Жазда күн ыстық кезде киіз үйдің керегесін кең етіп тігіп, түндікті, іргені түру арқылы оны салқындататын болған. Ал қыста керегеге, уыққа екі қабат киіз жауып, іргесін қымтап, ортаға от жағу арқылы үйді жылытқан.
Аурулардың алдын алуда халықтың салтының, әдет-ғұрыптарының маңызы зор болды. Мысалы, ұл балалар сүндетке отырылғызды, жеті атадан аспай некелесуге рұқсат етілмеді т.б. Жаңа туған баланы тұзды суға шомылдырған, қойдың майымен сылап, ысқымақ (массаж) жасап отырған. Шала туған балаларды температурасы тұрақты сақталатын түлкі тұмаққа салып жылытқан. Ал денсаулығы қалыпты, уақытында дүниеге келген балаларды бесікке бөлеген. Бесікте баланың үлкен және кіші дәреттері түсетін арнайы тесік пен түтік болғандықтан, бала әр уақытта құрғақ жататын болған.
Халық емшілері аурудың ауа арқылы және науқас адам тұтынған заттар арқылы жұғатынын білген. Сондықтан, шешек, оба,тырысқақ сияқты жұқпалы аурумен ауырғандарды оңашалаған. Қажет болған жағдайда мұндай ауру шыққан ауылдың адамдары басқа жаққа көшіп кетіп, науқастарды күтуге бұрын осындай аурумен ауырып жазылған адамдарды қалдырған. Жұқпалы аурудан өлген адамның сүйегі мен заттары өртелген. Ауру кең көлемде жайылып кеткен ауылдың сыртына қара мата байланған. Бұл ауылға кіруге болмайды дегенді білдіретін белгі болған. Халық мұндай жұқпалы аурулардан сақтана алғанмен, оны емдеудің жолын білмеген.
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақтың әлі күнге дейін қолданылып келе жатқан қандай емдік тәсілдерін білесіз?
2. Көшпенді халық қандай үйде отырған?
3. Жазда киіз үйді қалай салқындатып, таза ауа кіргізген?
4. Аурудың алдын алуға қазақ халқының қандай әдет-ғұрыптарының маңызы зор болған?
5. Ол кезде жаңа туған нәрестелерді қалай күткен?
6. Нәрестені бесікке бөлеудің қандай гигиеналық маңызы бар?
7. Олар жұқпалы аурулардан қалай сақтанған?
8. Ол кезде қандай аурулар көп кездесетін еді?
1-жаттығу.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Қазақтың халық медицинасы үлкен үш салаға бөлінген. Табибия – диагностика, дәрігерлік – фармакалогия, емшілік – терапия, дәрі қолдану немесе басқа да әдістер арқылы ем жүргізуші екендігін ұғынуға болады. «Тәуіп» - дәрігер, ауруды анықтаушы (диагноз қоюшы) деп атайтын. Сондай-ақ сақтар күйдіру жолымен емдеуді бірінші орынға қойған. Бабаларымыз медицинаны – денсаулық сақтауға қатысты білімдер жиынтығы деп атаған. Олар науқасты организміндегі өзгерістеріне байланысты салқын, ыстық, құрғақ, ылғал деп төрт топқа бөлген.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді көрсетіңіз.
Аурулардың алдын алуда халықтың салтының, әдет-ғұрыптарының ... зор болды. Мысалы, ұл балалар сүндетке ... , жеті атадан аспай некелесуге рұқсат .... Жаңа туған баланы тұзды суға ..., қойдың майымен ... , ысқымақ (массаж) жасап отырған. Уақытында дүниеге келген балаларды ... бөлеген. Халық емшілері аурудың ауа арқылы және науқас адам тұтынған заттар ... жұғатынын білген. шешек, оба,тырысқақ сияқты жұқпалы аурумен ... оңашалаған. Мұндай жағдайда ауру шыққан ауылдың адамдары басқа жаққа ... . Жұқпалы аурудан өлген адамның сүйегі мен заттары ... . Ауру кең көлемде жайылып кеткен ауылдың сыртына қара мата ... . Халық мұндай жұқпалы аурулардан сақтана алғанмен, оны емдеудің жолын жақсы ... .
10.Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):
Коммуникативтік компетенция бойынша
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды, ұсынысыңызды айтыңыз.
1. Қазақтың халық медицинасының маңызы қандай болды?
2. Бұрынға халық емшілері қолданған тәсілдердің қайсысы тиімді деп ойлайсыз, өзіңіз қайсысын қолданып жүрсіз?
3. Қазақтың денсаулыққа, гигиенаға байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің маңызы қандай?
4. Сол кезде олар аурудан қалай сақтанған, қандай аурулармен ауырған?
Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша
3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, аударыңыздар.
Аяқ-қол ауруларын, қабыну үрдістерін халық шипалы балшықпен («қара сор»), минералды сулармен (балшықпен) емдеген. Сынықшылық, оташылық, жарықшылық ел арасында кең тараған. Көшпенді ел індеттен сақтана білген: ауру адамды жеке қарау, індет шығысымен қоныс аудару (көшіп кету) әдетке айналған.
Оталық Қазақстаннан табылған археологиялық мәліметтерге қарағанда емдеу мақсатымен бас сүйекті тесу, аяқ, қолды кесу тәсілдері ежелден (V ғ.) белгілі болған.
Операционалды-дағды компетенциясы бойынша
5-тапсырма. Тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін аударып, сөйлем құраңыз.
Халық емдері, тиімді тәсілдер, көшпенді халық, өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу, тұзды суға шомылдыру, қойдың майымен сылау, ысқымақ (массаж) жасау, бесікке бөлеу,халық емшілері, шешек, оба,тырысқақ, оңашалау, басқа жаққа көшіп кеткен, науқастарды күту үшін,жұқпалы аурудан өлген, сүйегі мен заттарын өртеу, ауылға кіруге болмайды, емдеудің жолдары.
Когнитивті-білім компетенциясы бойынша
Тестер:
1. «Холодный компресс» тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.
а) ыстық басу
ә) суық басу
б) емдеу
в) ыстық болды
г) суық әкелді
2. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін көрсетіңіз.
Халық емшілері аурудың ... жұғатынын білген.
а) көз арқылы
ә) тауға шығу
б) ауа арқылы
в) халық емі
г) ежелгі
3. «Тәуіп» сөзінің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз.
а) емшілік, емдеу
ә) фармакология, дәрі
б) диагноз қоюшы, ауруды анықтаушы
в) халық медицинасы
г) ежелгі әдіс
4. Жақша ішіндегі сөздің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
Нәрестені қойдың майымен сылап, (массаж) жасап отырған.
а) күйдіру
ә) шомылдыру
б) суық басу
в) ысқымақ
г) байлау
5. Жақша ішіндегі сөздің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
Сақтар (обжигать) жолымен емдеуді бірінші орынға қойған.
а) ыстық басу
ә) алысқа апару
б) күйдіру
в) майлау
г) өртеу
6. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.
Көшпенді халық қандай үйде отырған?
а) Көшпенді халық кірпіш үйде отырған.
ә) Көшпенді халық әдет-ғұрыпты сақтаған.
б) Көшпенді халық киіз үйде отырған.
в) Көшпенді халық ауылда орналасқан.
г) Көшпенді халық жыл мезгіліне байланысты өзгертіп отырған.
2. Дұрыс аударылан сөздер мен сөз тіркестерін көрсетіңіз.
а) народные целители – халық емшілері
ә) шырғанақ майы – вредные привычки
б) шипалы заттар - восполительные процессы
в) бас сүйек - ребро
г) індет - ожог
11. Әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 187б.
2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 119б
3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 84б
4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 80 б.
5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж.
6. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Канленова Қазақ тілі Алматы, 2012ж. 141б.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№7тақырып: Аралық бақылау.
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Аралық бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |