С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Арал тағдыры - адам тағдыры



бет5/8
Дата13.11.2016
өлшемі2,02 Mb.
#1627
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8


Арал тағдыры - адам тағдыры 



Әлем халқы 20 ғасырдағы ең ірі экологиялық апат деп таныған Арал теңізінің тағдыры 21 ғасырда да өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Көлемi жағынан көлдердiң ішінде әлем бойынша төртiншi тұрған Арал теңiзi қайғылы ойпатқа айналды. Картада көкпен белгіленіп көрсетілгенмен, онда теңіздің тек сарқыншағы ғана қалды. Бұрындары аққу ұшып, қаз қонған, шағаласы шаңқылдағын шалқардан қазір ақ тұздар мен шаң-тозаң ғана көкке көтеріледі. Жылына 120 миллион тонна тұз бен құм жел арқылы жер-жаһанға таралып жатыр. Аралдың залал-зардабын айналасындағы ел-жұрт тартты. Бүгінде Арал теңізін құтқару шаруасы қарқынды жүріп жатыр. «Арал теңізін құтқару» қорын құрды. Теңіз суы түбегейлі тартылып кетпей, бүгінге жетіп отырғаны да сол қордың арқасы. 40 мың тұрғыны бар шаһардың дегенмен өртеніп тұрған өзекті мәселелері әлі де жетерлік.

Көк теңізге кіндігімен байланған Арал қаласының ғасырлық тарихы бар. Теңіздің орны бүгінде шағыл құм жапқан төбелерге айналды. Бір кездегі балық аулау флотилиясы, кеме жөндейтін, балық өңдейтін, шыны шығаратын зауыттар мен тігін фабрикасы жұмыс істеді. Тіпті, су бетінде қалқып тұратын мейрамхана болған деседі. Ал, қазір осы нысандардың қаңқасы ғана қалған.

  Арал бүгінде қайта өрлеу дәуіріне қадам басты. Осыдан он жыл бұрынғы жағдайымен салыстыруға келмейді. Кіші Арал теңізі ернеуіне жеткен сайын елдің де үміті оянып, тіршілігі жанданып келеді. Кезінде тоқтап қалған кәсіпорындар қайтадан жұмысын бастады. Бұл - 47 түрлі балық өнімдерін шығаратын жаңа зауыт. Ата кәсіпті жандандырып жатқан бірнеше өндіріс орындарында қазір бас-аяғы 300 адам жұмыс істейді.

Арал – Балқаш тағдыры бүгін барша жұртты алаңдатып, толғандырып отыр. Табиғаттың ғажайып сыйы, ботаның көзіндей мөлдіреген қос айдын бұл күндері адамның жөн-жосықсыз, парықсыз іс-әрекетінің салдарынан құрып, дүниеден көшіп барады. Бүгін адам тіршілігіне, шаруашылыққа тигізер зардабы орасан зор бұл апатты дереу тоқтатып теңіз бен көлді аман сақтап қалу мәселесі бар маңызымен алға қойылып отыр.

Су ресурстарын ұтымды пайдаланудың, егіншіліктің су үнемдейтін прогресті жүйелерін практикаға енгізудің бірінші дәрежелі маңызы бар екеніне айырықша назар аударылды.
Арал өңіріндегі санитарлық және эпидемологиялық жағдайды сауықтыру орасан зор саяси және әлеуметтік маңызы бар міндет болып табылатыны атап өтілді. Барынша қысқа мерзім ішінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, денсаулық сақтау мекемелерін, сумен жабдықтау объектілерін салуды жүзеге асыру, поселкелердің, аудан орталықтарының, қалалардың санитарлық жағдайын жақсартуға қол жеткізу қажет.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.

5. Жер асты суларын пайдалану.

6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу барлығымыздың міндетіміз.


4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Арал теңізі неліктен мұндай күйге түсті?

2. Арал теңізі бұрын қандай еді?

3. Арал теңізінің қазіргі жағдайы қандай?

4. Халық қандай зардаптар шегіп жатыр?

5. Арал теңізін қалпына келтіру үшін қандай шаралар атқарылып жатыр?



1-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіп, сөйлемді толықтырыңыз.

Арал аймағының ... жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.


Қоршаған ... бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың ... үшін экологиялық тұрақты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін ... ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды жою, қалдықсыз және ресурстарды тиімді ... технологияларды жасап, іске қосу керек.


5-тапсырма.Мәтінді оқып, аударыңыз.

Аралды сақтап қалу мүмкін бе? Судың деңгейі 13 метрге төмендеп, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді. Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде.


Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде oрналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған. Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Амудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына үлкен және кіші теңізгебөлінген. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдін табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді.

10.Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):

Коммуникативтік және өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

6-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды, ұсынысыңызды

айтыңыз.

1. Арал теңізінің жағдайы сізді қаншалықты алаңдатады?

2. Арал теңізін қалпына келтіру үшін қандай шара қолданар едіңіз?

3. Арал теңізінің мұндай күйге түсуіне кімдер кінәлі деп ойлайсыз?

4. Арал теңізінің зардабын тартқан адамдарға қандай көмек көрсетер едіңіз?
Операционалды-дағды компетенциясы бойынша

2-жаттығу.Берілген сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

60 жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн. га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттық өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.


Когнитивті-білім компетенциясы бойынша

3-жаттығу. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар.

Ең ірі экологиялық апат, Арал теңізінің тағдыры, ақ тұздар, шаң-тозаң,тұз бен құм, таралып жатыр, зардабын тарту,теңізді құтқару,теңіз суының тартылуы, өзекті мәселелер, нысандардың қаңқасы,  қайта өрлеу, үміті оянып, тіршілігі жандану, тоқтап қалған кәсіпорындар, балық өнімдерін шығаратын, жаңа зауыт, ата кәсіпті жандандыру, барша жұртты алаңдатып, табиғаттың ғажайып сыйы, іс-әрекетінің салдарынан, адам тіршілігіне, шаруашылыққа тигізер зардабы, апатты дереу тоқтату, теңіз бен көлді аман сақтап қалу,су ресурстарын ұтымды пайдалану, су үнемдейтін,назар аударылды, санитарлық және эпидемологиялық жағдай, сауықтыру, әлеуметтік маңызы бар,медициналық қызмет көрсету, сапасын арттыру, денсаулық сақтау мекемелері, сумен жабдықтау объектілері, жүзеге асыру, жағдайын жақсарту, қол жеткізу


11. Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 180б.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 120б

3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 81б

4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 79б.

5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. 45б.

6. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Канленова Қазақ тілі Алматы, 2012ж. 116 б.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

10тақырып: Шылым шегу – ақыл-ойды күйзелтеді.



2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1.Сабақтың тақырыбы:Шылым шегу – ақыл-ойды күйзелтеді.
2.Сабақтың мақсаты:«Шылым шегу – ақыл-ойды күйзелтеді.» мәтіні арқылы түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру.Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы.«Шылым шегу – ақыл-ойды күйзелтеді» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.Студенттергемаманретінде темекінің зияндылығы туралы қазақша айта білуге үйрету. Кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру. Темекінің адам денсаулығына зияны туралы мәлімет бере отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру. Терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру, лексикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын еркін, түсінікті етіп жеткізуге үйрету. Қажетті әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын дамыту,

тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырыу.,


4. Негізгі ұғымдар:

Салауатты өмір салты, зиянды әдеттерден бас тарту, темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі, психикалық және тәндік тәуелділік, зиянды заттар, әуестену, аурулар, зардаптарын білу, күресу,3 миллион адам, темекінің улы әсері, адам өледі,шылымға үйрену, ұмытшақ, нашарлайды, ақыл-ойы кемиді, темекі тарту, нашақорлықтың бір түрі, темекі түтіні, адам организмі, асқазан қышқылдығы, қан қысымы арту,жүйке жүйесі мен жүрек қызметінің бұзылуы, темекі тартатын әйелдер,бронхитпен ауыру, аяғы ауыр кезде, шылым шеккендер, талма аурулары,ақыл-ой дамуы, артта қалады, жастардың арасында, жиі кездеседі, қыз-балалардың темекі шеккені,алаңдатарлық нәрсе,жасөспірімдердің темекі тартуы, денсаулықтың жағдайы, жетістікке жетуге, мүмкіндік бермейді. тез үйренеді, шылым шегуден бас тарту, қиын болады, денсаулықты сақтау, темекіге әуестенбеу, бойды аулақ ұстау, дұрыс.


5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Лексикалық материалмен жұмыс (35 мин)

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (5-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (5 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Өткізу түрі:тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Мәтінмен, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тестілік бақылау.
8. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9.Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінге байланысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.

Салауатты өмір салты, зиянды әдеттерден бас тарту, темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі, психикалық және тәндік тәуелділік, зиянды заттар, әуестену, аурулар, зардаптарын білу, күресу,3 миллион адам, темекінің улы әсері, адам өледі,шылымға үйрену, ұмытшақ, нашарлайды, ақыл-ойы кемиді, темекі тарту, нашақорлықтың бір түрі, темекі түтіні, адам организмі, асқазан қышқылдығы, қан қысымы арту,жүйке жүйесі мен жүрек қызметінің бұзылуы, темекі тартатын әйелдер,бронхитпен ауыру, аяғы ауыр кезде, шылым шеккендер, талма аурулары, ақыл-ой дамуы, артта қалады, жастардың арасында, жиі кездеседі, қыз-балалардың темекі шеккені,алаңдатарлық нәрсе, жасөспірімдердің темекі тартуы, денсаулықтың жағдайы, жетістікке жетуге, мүмкіндік бермейді. тез үйренеді, шылым шегуден бас тарту, қиын болады, денсаулықты сақтау, темекіге әуестенбеу, бойды аулақ ұстау, дұрыс.


2-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.

Салауатты өмір салты – здоровый образ жизни

зиянды әдеттер – вредные привычки

бас тарту –отказаться

тәуелділік – зависимость

зиянды заттар – вредные вещество

зардаптары – последствие

күресу – бороться

үйрену – привыкать

жүйке жүйесі – нервная система

нашарлау – ухудшаться

қан қысымы – давление

бұзылуы – нарушение

дамуы – развития

денсаулықтың жағдайы – положение здоровья

мүмкіндік бермейді – не дает возможность

тез үйренеді– привыкает быстро

денсаулықты сақтау – сохранит, беречь здоровье


3-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.
Шылым шегу – ақыл-ойды күйзелтеді
Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулығының түбіне жеткен

(Халық даналығы).
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.

Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.

Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі.

Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.



Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді,қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі тартпайтындарға қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ауыратындардың 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады. Аяғы ауыр кезінде шылым шеккендердің балаларында талма аурулары болады. Шылым шегетін аналардан туған балалар, өз құрдастарынан ақыл-ой дамуы жағынан біршама артта қалады.

Темекі шегушілік - студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.

Жасөспірімдердің темекі тартуы, бірінші кезекте жүйке және жүрек-қан тамырларының жүйесінде білінеді. Шылым шегумен бұзып алған денсаулықтың жағдайы, көңілден шығатын жұмыстың түрін таңдауға, жетістікке жетуге мүмкіндік бермейді.

Жасөспірімдер, жас жігіттер, қыздар қаншалықты шылым шегумен ертерек танысып шылым шеге бастаса, соншалықты олар оған тез үйренеді, және болашақта шылым шегуден бас тарту олар үшін өте қиын болады. Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Зиянды әдеттерге нелер жатады?

2. Олардың ағзаға қандай зияны бар?

3. Шылым шегудің зияндылығы қандай?

4. Шылым шегуден құтылудың қандай жолдары бар?

5. Жастарға, аяғы ауыр әйелдерге шылым шегудің қандай зияны бар?




5-тапсырма.Мәтінді оқып, тақырып қойыңыз.

Никотинге дағдылануды қалыптастыратын үш кезең бар:

          I  кезең - жүйелі темекі шекпеу (күніне 5 темекі), никотинге дағдылану жоқ. Денсаулықта өзгерістер болмайды немесе темекі шегуді тоқтатқан кезде толық орнына келеді, аз мөлшердегі өзгерістер болуы мүмкін.

           II  кезең - әдетті, әрдайым темекі шегу (күніне 5-15 темекі), аздап никотинге дағдыланудың пайда болуы, ішкі органдар айтарлықтай зақымданбайды, темекі шегуді тоқтатқан кезде біршама деңгейде орнына келеді.

     III  кезең - құмартушылықпен темекі шегу (күніне 1-1,5 қорап темекіні шегу), никотинге дағдыланушылық, үнемі темекі шегуді қажет етеді, аш қарынға, тамақ ішкеннен кейін және түн ортасында темекі шегуге әдеттену. Ішкі органдар мен жүйке жүйесінің айтарлықтай зақымдануы байқалады. Темекі шегудің зардабы өте тез білінеді. Дауыс қырылдап, жуандай бастайды, тіс тез арада сарғаяды, деміңмен айналаға жағымсыз иіс таратасың. Шын мәнінде бұның бәрі өңеш, кеңірдек, бронхылардың сілекейлі қабықшалар клеткаларының өзгеруімен өтетін ағзаның тез қартаюмен салыстырғанда ұсақ-түйек сияқты. Күніне 15 рет тіс тазалап, «Орбит», «Дирол» сағыздарын килограммдап шайнауыңа болады, бірақ темекі шегушілердің 80%-нің «темекі шегушінің бронхит» ауруымен ауыратынын не істейсің?

         Әрі қарай не болатынын білесің бе? Сілекейде езілген темекі түтінінің элементтері асқазанға түсіп, сілекейлі қабықшасын тітіркендіреді де, ақырындап сен өзіңе гастрит немесе асқазан жарасы ауруларын тауып аласың. Асқазан ауруы темекі шегушілерде, темекі шекпейтіндерге қарағанда 12 есе жиі кездеседі. Осылайша өкпеге соққы беріп, асқазанды отырғызады, сондай-ақ жүректі де құрбандыққа шалады. Жүрек және қан-тамыр аурулары мен темекі шегудің арасындағы байланыс көптеген зерттеулер барысында дәлелденген.


1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді аударыңыз.

Темекі шегудің зардабы өте тез білінеді. Дауыс қырылдап, жуандай бастайды, тіс тез арада сарғаяды, деміңмен айналаға жағымсыз иіс таратасың. Шын мәнінде бұның бәрі өңеш, кеңірдек, бронхылардың сілекейлі қабықшалар клеткаларының өзгеруімен өтетін ағзаның тез қартаюмен салыстырғанда ұсақ-түйек сияқты. Асқазан ауруы темекі шегушілерде, темекі шекпейтіндерге қарағанда 12 есе жиі кездеседі. Осылайша өкпеге соққы беріп, асқазанды отырғызады, сондай-ақ жүректі де құрбандыққа шалады. Жүрек және қан-тамыр аурулары мен темекі шегудің арасындағы байланыс көптеген зерттеулер барысында дәлелденген.


10.Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):
Операционалды-дағды компетенциясы бойынша

6-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Зиянды әдеттерден бас тарту,салауатты өмір салты, темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі, психикалық және тәндік тәуелділік, зиянды заттар, әуестену, аурулар, зардаптарын білу, күресу,3 миллион адам, темекінің улы әсері, адам өледі,шылымға үйрену, ұмытшақ, нашарлайды, ақыл-ойы кемиді, темекі тарту, нашақорлықтың бір түрі, темекі түтіні, адам организмі, асқазан қышқылдығы, қан қысымы арту,жүйке жүйесі мен жүрек қызметінің бұзылуы, темекі тартатын әйелдер,бронхитпен ауыру, аяғы ауыр кезде, шылым шеккендер, талма аурулары, ақыл-ой дамуы, артта қалады, жастардың арасында, жиі кездеседі, қыз-балалардың темекі шеккені,алаңдатарлық нәрсе, жасөспірімдердің темекі тартуы, денсаулықтың жағдайы, жетістікке жетуге, мүмкіндік бермейді. тез үйренеді, шылым шегуден бас тарту, қиын болады, денсаулықты сақтау, темекіге әуестенбеу, бойды аулақ ұстау, дұрыс.


Когнитивті-білім компетенциясы бойынша

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіп, сөйлемді толықтырыңыз.

Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы ... жиындысы. Олардың ішіндегі ең улысы – .... Темекі тартатын адамда ... ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді,қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі ... . Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі .... қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ... 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады.Аяғы ауыр кезінде ... балаларында талма аурулары болады. Шылым шегетін аналардан туған балалар, өз құрдастарынан ақыл-ой дамуы жағынан біршама ... қалады.


Коммуникативтік компетенция бойынша

7-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды, ұсынысыңызды

айтыңыз.

1. Қазіргі жастар арасында шылым шегу қандай деңгейде?

2. Аяғы ауыр әйелдерге шылым шегу қаншалықты зиян?

3. Болашақ ұрпақты улап жатырмыз ба?

4. Шылым шегудің алдын алу үшін қандай шаралар қолдануға болады?
11. Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 127б.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 128б

3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 52б

4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 91б.

5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. 57б.

6. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Канленова Қазақ тілі Алматы, 2012ж. 94б.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

11тақырып: Тазалық – денсаулық кепілі.



2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1.Сабақтың тақырыбы:Тазалық – денсаулық кепілі.
2.Сабақтың мақсаты:«Тазалық – денсаулық кепілі» мәтіні арқылы түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету. Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы. Студенттердімаман ретінде тазалықтың адам үшін қаншалықты маңызды екенін қазақша айта білуге үйрету. Тазалық денсаулық кепілітуралы мәлімет бере отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. «Тазалық – денсаулық кепілі» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.Кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру. Терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру, лексикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын еркін, түсінікті етіп жеткізуге үйрету. Қажетті әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын дамыту,

тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырыу.,


4. Негізгі ұғымдар:

Жалпы тазалық және жеке адам гигиенасы, дене гигиенасы, киім мен төсек орын, тіс, ауыз тазалығын сақтау, еңбек пен тынығуды дұрыс ұйымдастыру, жұқпалы тері аурулары, кесілген жер арқылы инфекцияныңенуі, теріні таза ұстап, сыртқы жарақаттан сақтау аптасына бір рет моншаға түсіп, мойынды, аяқты күнде жуу,қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алу,тері құрғақ, жарылған болса, вазелин немесе глицирин жағу, аяқ тазалығы, тырнақты және шашты өсірмей таза күтіп ұстау,жататын орын, киім-кешек тазалығын қатаң сақтау,тбасында бір адам ауырып қалса, оның ыдыс-аяғын бөлек ұстап, ол жататын бөлменің таза болуы.


5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Лексикалық материалмен жұмыс (35 мин)

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (5-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (5 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Өткізу түрі:тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Мәтінмен, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тестілік бақылау.
8. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9.Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.

тырнақ- ноготь

қоғамдық – общественный

күнделікті – ежедневный

ұйымдастыру – организовать

жарақаттанған - раненный

апта – неделя

сергек – бодро


2-тапсырма. Мәтінге байланысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.

Жалпы тазалық және жеке адам гигиенасы, дене гигиенасы, киім мен төсек орын, тіс, ауыз тазалығын сақтау, еңбек пен тынығуды дұрыс ұйымдастыру, жұқпалы тері аурулары, кесілген жер арқылы инфекцияныңенуі, теріні таза ұстап, сыртқы жарақаттан сақтау аптасына бір рет моншаға түсіп, мойынды, аяқты күнде жуу,қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алу,тері құрғақ, жарылған болса, вазелин немесе глицирин жағу, аяқ тазалығы, тырнақты және шашты өсірмей таза күтіп ұстау,жататын орын, киім-кешек тазалығын қатаң сақтау,отбасында бір адам ауырып қалса, оның ыдыс-аяғын бөлек ұстап, ол жататын бөлменің таза болуы.


3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды, ұсынысыңызды айтыңыз.

1. Өзіңіз маман ретінде тазалық жағынан ұстанымыз қандай?

2. Жеке бас тазалығынан басқа, қандай орындардың тазалығына көңіл бөлесіз? Адам тек жеке бас тазалығымен шектелуі керек пе?

3. Маман ретінде қоғамдық орындардағы, көшедегі тазалыққа көңіліңіз тола ма? Толмаса, сіз қандай шара қолданар едіңіз?

4. Тазалық болмаған жерде өмір сүріп жатқан адамдардың денсаулығы сізді мазалай ма? Қай жағынан?
4-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.

Тазалық – денсаулық кепілі
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Кез-келген адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.

Әрбір адам қоғамдық және күнделікті өмірде гигиена ережелерін сақтауы қажет. Жеке адам гигиенасына дене гигиенасы, киім мен төсек орын, тіс, ауыз тазалығын сақтау, еңбек пен тынығуды дұрыс ұйымдастыру т.б. жатады.Адам тіршілігінде терінің атқаратын қызметі зор. Кір теріге микробтар еніп, түрлі жұқпалы тері аурулары пайда болады. Әсіресе тері жарақаттанғанда,жырылған, кесілген жер арқылы инфекция өтіп, денеде іріңді жаралар пайда болуы мүмкін. Сондықтан теріні өте таза ұстап, сыртқы жарақаттан сақтау қажет. Ол үшін аптасына бір рет моншаға түсіп, мойынды, аяқты күнде жуу керек. Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.Қолды таза ұстап, түрлі жарақаттан, жарылудан сақтау керек. Қолдың терісі жарылса немесе жарақаттанса жуып, йод жаққан өте пайдалы. Тері құрғақ, жарылған болса, вазелин немесе глицирин жағу керек. Сондай-ақ, аяқ тазалығы, тырнақты және шашты өсірмей таза күтіп ұстау - дене гигиенасының басты шарты.

Жататын орын, киім-кешек тазалығын қатаң сақтау әрбір адамның міндеті. Моншадан кейін таза іш киім кию, тырнақ, шашты уақытымен алып отыру - жеке адам гигиенасының негізгі шарттарының бірі. Отбасында бір адам ауырып қалса, оның ыдыс-аяғын бөлек ұстап, ол жататын бөлменің таза болуын қадағалаған жөн.
Тән сұлулығының, саулығының тамыры – тазалықта.

А.Байтұрсынов


1-жаттығу. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар дайындаңыз және тақырыпша қойыңыз.

Жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда педикулез ауруына шалдығуы мүмкін. Педикулез– бұл биттердің кесірінен болатын ауру. Көбінесе бит жеке гигиена ережесін бұзғаннан, бөтен адамның затын пайдаланып, киімін киюден жұғады. Соның әсерінен педикулез пайда болып, биттер мекендеген жер қыши бастайды. Сондай-ақ, биттер көптеген жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары (бөртпе, сүзек және т.б.) болып табылады.

Битпен күресудің, оны алдын алудың шаралары – жеке бас тазалығы мен санитариялық талаптарды қатаң сақтау. Шаш пен денеге гигиеналық күтім керек. Жуынған соң төсек пен ішкиімді ауыстырып тұру қажет.Бит түскен жағдайда тез арада дәрігерге қаралған жөн. Емдеу шараларын кешіктірмей жүргізу қажет.
2-жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз.

Руки могут явиться местом накопления грязи, микроорганизмов и яиц гельминтов. С рук загрязнения могут переноситься на другие участки тела, на посуду, пищевые продукты и др. Поэтому руки следует тщательно обмывать водой с мылом. Особенно после выполнения грязных работ или после посещения уборной, а также перед приемом пищи и т.п.


3-жаттығу. «Мәдениеттің белгісі – тазалық. Тазалық – денсаулық кепілі» деген ұғымдарды

кеңінен түсіндіріп, өз ойыңызды айтыңыз.
10.Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):

Коммуникативтік компетенция бойынша

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Тазалықтың қандай маңыздылығы бар?

2. Жеке бас тазалығына нелер жатады?

3. Тері тазалығын қалай сақтау керек?

4. Теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден қалай тазартауға болады?

5. Тері жарылғанда не істеу керек?



Когнитивті-білім компетенциясы бойынша

1-жаттығу. Мәтінге байланысты сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Жеке адам гигиенасы, дене гигиенасы, жалпы тазалық, киім мен төсек орын, тіс, ауыз тазалығын сақтау, еңбек пен тынығуды дұрыс ұйымдастыру, жұқпалы тері аурулары, кесілген жер арқылы инфекцияныңенуі, теріні таза ұстау, сыртқы жарақаттан сақтау, аптасына бір рет моншаға түсу, мойынды, аяқты күнде жуу,қолдың, аяқтың тырнақтарын алу,тері құрғақ, жарылған, вазелин немесе глицирин жағу, аяқ тазалығы, тырнақты және шашты өсірмеу, таза күтіп ұстау,жататын орын, киім-кешек тазалығын қатаң сақтау,ыдыс-аяғын бөлек ұстапу, бөлменің таза болуы.


Операционалды-дағды компетенциясы бойынша

2-жаттығу. Мәтінді аударыңыз.

Жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда педикулез ауруына шалдығуы мүмкін. Педикулез– бұл биттердің кесірінен болатын ауру. Көбінесе бит жеке гигиена ережесін бұзғаннан, бөтен адамның затын пайдаланып, киімін киюден жұғады. Соның әсерінен педикулез пайда болып, биттер мекендеген жер қыши бастайды. Сондай-ақ, биттер көптеген жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары (бөртпе, сүзек және т.б.) болып табылады.

Битпен күресудің, оны алдын алудың шаралары – жеке бас тазалығы мен санитариялық талаптарды қатаң сақтау. Шаш пен денеге гигиеналық күтім керек. Жуынған соң төсек пен ішкиімді ауыстырып тұру қажет.Бит түскен жағдайда тез арада дәрігерге қаралған жөн. Емдеу шараларын кешіктірмей жүргізу қажет.
11. Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 127б.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 128б

3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 52б

4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 91б.

5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. 57б.

6. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Канленова Қазақ тілі Алматы, 2012ж. 94 б.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

12тақырып: Судың адам ағзасы үшін маңызы.



2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1.Сабақтың тақырыбы: Судың адам ағзасы үшін маңызы.
2.Сабақтың мақсаты:Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру. «Судың адам ағзасы үшін маңызы» мәтіні арқылы түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы. Судың маңыздылығы туралы мәлімет бере отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Олардымаман ретінде судың адам денсаулығы үшін қаншалықты маңызды екенін қазақша айта білуге үйрету. «Судың адам ағзасы үшін маңызы» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.Кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру, лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру. Өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру. Медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын еркін, түсінікті етіп жеткізуге үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын дамыту,

тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырыу.,


4. Негізгі ұғымдар:

Сусыз тіршілік, судың жетіспеуі, судан тұрады, судың бөлінуі артады, сұйықты қабылдауы, адамның дене салмағының азаюы, су жоғалту, судың орнын , дене қызуы жоғарылау, терісі қызарады, бұлшық еттері әлсізденеді, қажетті мөлшер, артық су қабылдау, зәр көп бөлінеді,суды шектен тыс пайдалану, адам ағзасына зиян, ауыз суды пайдалан, мөлшерін сақтау, табиғи байлық.


5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Лексикалық материалмен жұмыс (35 мин)

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (5-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (5 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Өткізу түрі:тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тестілік бақылау.
8. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9.Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.

ағза – организм

жетіспеу – недостаток

қартаю - стареть

себеп – причина

қабылдау – применять

салмағы – вес

қажеттілік – нужда

жиі – часто

қызарады – покраснеет

алмастыру - заменить
Мәтінге байланысты тірек сөздер:

Судың жетіспеуі, судан тұрады, судың бөлінуі артады, сұйықты қабылдауы, су ішіп отырса, адамның дене салмағының азаюы, су жоғалту, судың орнын , дене қызуы жоғарылау, терісі қызарады, бұлшық еттері әлсізденеді, қажетті мөлшер, артық су қабылдау, зәр көп бөлінеді,суды шектен тыс пайдалану, адам ағзасына зиян, ауыз суды пайдалан, мөлшерін сақтау, табиғи байлық.


1-тапсырма. «Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Су — ғажайып зат.

Су — тіршілік көзі» дегенді қалай түсінесіз? Өз ойыңызды, түсінігіңізі айтыңыз.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.
Судың адам ағзасы үшін маңызы
Барлық тірі ағзалардың судан шыққаны белгілі. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Өсімдіктер мен жануарлар денесінің 60-75%-ы судан тұрады. Сусыздану немес судың жетіспеуі тірі ағзаларды өлімге соқтырады. Адам денесінің үштен екі бөлігі судан тұрады және оның мөлшері жас шамасына қарай елелулі өзгеріске ұшырап отырады. Жаңа туған нәрестенің денесінің 70-75%-ы, ересек адамның денесінің 60-65%-ы судан тұрады. Ал адам қартайған сайын ағзасындағы судың қоры үсті-үстіне азая береді. Адамның қартаюының басты себебі де осы.

Ауа температурасы жоғарылағанда және дене еңбегі қарқынды болғанда судың бөлінуі артады. Бұл, негізінен, тер түрінде болады. Кейбір жағдайларда тердің бөлінуі 6-10 литрге дейін жетуі мүмкін.

Қалыпты жағдайда ағзаның суды қабылдау және бөліп шығару мөлшері арасында қатаң тепе-теңдік сақталады. Тәулігіне 2-2,5 л сұйықты бөле отырып, адам ағзасы осынша сұйықты қабылдауы керек.

Су ішіп отырса адам 40-45 күн аштыққа шыдай алады. Мұндай жағдайда адамның дене салмағының азаюы 40%-ға дейін жетуі мүмкін. Ағза 1,0-1,5 литр су жоғалтқан кезде-ақ жоғалған судың орнын толтыру қажеттілігі туындайды. Егер адам судың жетіспеуінен дене массасының 6-8%-ын жоғалтатын болса, оның дене қызуы жоғарылайды, тыныс алу мен жүрек соғысы жиілейді, терісі қызарады, бұлшық еттері әлсізденеді, селсоқтық пайда болады, басы айналады.

Адам ағзасы қажетті мөлшерден артық су қабылдағанда да ауруға ұшырайды. Мұндай жағдайда адамда сілекей көп бөлінеді, жүрегі айниды, құсады, зәр көп бөлінеді. Суды шектен тыс пайдалану адам ағзасына айтарлықтай зиян келтіруі де мүмкін. Міне сондықтан ауыз суды пайдаланудың мөлшерін сақтау керек.

Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда қоспалардың, тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар. Дегенмен тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ деп айтуға болмайды. Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу қасиеті бар. Ал бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдар атомы ең кішкентай мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың таза болуына кедергі келтірмейді.

Су – біздің планетамыздағы басқа заттармен алмастыруға болмайтын жалғыз ғана табиғи байлық.
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Судың жетіспеуі неге әкеліп соғады?

2. Адам денесінің неше бөлігі судан тұрады?

3. Жас нәрестенің денесінің неше пайызы судан тұрады?

4. Ересек адамның денесінің неше пайызы судан тұрады?

5. Адам тәулігіне қанша литр су қабылдауы керек?

6. Адам суды қалай пайдалану керек?
1-жаттығу.Берілген сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп аталды.



2-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді көрсетіңіз.

Сусыз тіршілік ету мүмкін ... . Судың жетіспеуі ... өлімге соқтырады. Ал адам қартайған сайын ағзасындағы судың қоры үсті-үстіне ... береді. Дене еңбегі қарқынды болғанда ... бөлінуі артады. Тердің бөлінуі 6-10 литрге дейін жетуі .. . Адам тәулігіне 2-2,5 л сұйықты ... отырып, адам ағзасы осынша сұйықты ... керек.Ағза 1,0-1,5 литр су жоғалтқан кезде-ақ жоғалған ... орнын толтыру қажеттілігі туындайды. Адам ағзасы қажетті мөлшерден артық су ... ауруға ұшырайды. Суды шектен тыс пайдалану адам ағзасына айтарлықтай ... келтіруі де мүмкін. Су – біздің планетамыздағы басқа заттармен ... болмайтын жалғыз ғана табиғи байлық.



10.Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):

Коммуникативтік компетенция бойынша

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды, ұсынысыңызды айтыңыз.

1. Судың адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

2. Ауыз су арқылы қандай аурулар тарайды?

3. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін не істеу керек?

4. Елді таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін не істеу керек?
Операционалды-дағды компетенциясы бойынша

1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, аударыңыздар.

Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз болуы үшін суды деиондайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ өте таза суды дистиллятордан бірнеше рет өткізу арқылы да алуға болады. Солайша бидистиллят алынады. Дистилденген суды, әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай электр өткізу қабілетінің арқасында дистилденген су өндірісте таптырмайтын зат.


Дистелденген суды адам үшін тұрақты түрде қолдануға қатысты әр жақты пікірлер бар.
2-тапсырма. Тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін аударып, сөйлем құраңыз.

Судың жетіспеуі, судан тұрады, судың бөлінуі артады, сұйықты қабылдауы, су ішіп отырса, адамның дене салмағының азаюы, су жоғалту, судың орнын , дене қызуы жоғарылау, терісі қызарады, бұлшық еттері әлсізденеді, қажетті мөлшер, артық су қабылдау, зәр көп бөлінеді, суды шектен тыс пайдалану, адам ағзасына зиян, ауыз суды пайдалан, мөлшерін сақтау, табиғи байлық.


Когнитивті-білім компетенциясы бойынша

Тестер:

1. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіздер.

Жұқпалы аурулар көбінесе неден таралады?

а) Көбінесе ауыз судан тарайды.

ә) Жұқпалы аурулардың түрі көп.

б) Іш сүзегі жұқпалы ауру.

в) Ауыз су көп жағдайда жұқпалы аурулар.

г) Ауыз су лас, жұқпалы аурулар тарамақ.
2. Көп нүктенің орнына қойылатын сөздерді көрсетіңіздер.

Су жасушалардағы .... алмасуына қатысады.

а) затқа

ә) заттардың

б) минералды

в) ферменттерге

г) ағзасы
3. Дұрыс аударылған сөздер мен сөз тіркестерін көрсетіңіздер. (3)

а) ауыз су-питьевая вода

ә) сары ауру-загрязнение

б) іш сүзегі- брюшной тиф

в) ластану-желтуха

г) шүмектер-краны


4. Сөйлемнің алғашқы сыңарын көрсетіңіздер.

... ... ..., ауыз суды қайнатып, тазартып ішу керек.

а) Ауру кең таралып кеткенімен.

ә) Су туралы көп айтылып жүр.

б) Бұл аурулардың алдын алу үшін.

в) Лас суды пайдаланған соң.

г) Індеттің тарауы бәсеңсіп.
5. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіп, сөйлемді аяқтаңыз.

Адам ағзасы қажетті мөлшерден артық су қабылдағанда да ауруға ... .

а) келеді

ә) қабылдап

б) ұшырайды

в) пайдалы

г) таралуы
6. Сөйлемнің екіншісыңарын көрсетіңіздер.

Тәулігіне 2-2,5 л сұйықты бөле отырып, ... ... ... ... .

а) адам ауруға ұшырайды

ә) ағзаға көп мөлшерде су керек

б) судың маңыздылығы ерекше

в) суды дұрыс пайдалану керек

г) адам ағзасы осынша сұйықты қабылдауы керек
11. Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 156б.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 118б

3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 90б

4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 81б.

5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж.

6. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Канленова Қазақ тілі Алматы, 2012ж. 97 б.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

13тақырып: Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты шарты.




2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1.Сабақтың тақырыбы:Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты шарты.
2.Сабақтың мақсаты:Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру. «Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты шарты» мәтіні арқылы түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету. Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы. Студенттердімаман ретінде дұрыс тамақтанудың маңызы туралы қазақша айта білуге үйрету. Кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру. Дұрыс тамақтану жайлы мәлімет бере отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. «Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты шарты» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру. Терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру, лексикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын еркін, түсінікті етіп жеткізуге үйрету. Қажетті әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын дамыту,

тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырыу.,


4. Негізгі ұғымдар:

Дұрыс тамақтану, ағзаға қажетті, әр түрлі, қуаты мол, нәрлі болуы, тағамның құрамы, астың жақсы қорытылуы,жеміс-жидектер, көкөністер, жеміс шырындары, сұйық тағамдар,ұзақ өмір сүру, бір мезгілде тамақтануға дағдылану, қолды таза жумау, көкөністер мен жемістерді жумай жеу, жеке басының тазалығы, көпшілік орындарда, есте ұстау, күніне үш рет тамақтану, ас ішудің алдында, асты толық шайнап жұту, тағам өте ыстық, өте салқын болмау, ащы тағамдардың зияндылығы,реттеп отыруға кажетті, организмнің өмір сүруі, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтау, ару-сырқауға ұшырамай, ерте қартаю, алдын-ала сақтандыру, сырқатқа ұшырағанда, арнайы жасалған рационы, емнің бір түрі, қамтамасыз ету, сапасы мен мөлшері.



5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Лексикалық материалмен жұмыс (35 мин)

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (5-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (5 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Өткізу түрі:тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Мәтінмен, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тестілік бақылау.
8. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9.Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінге байланысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.

Тиімді тамақтану, ағзаға қажетті, әр түрлі, қуаты мол, нәрлі болуы, тағамның құрамы, астың жақсы қорытылуы,жеміс-жидектер, көкөністер, жеміс шырындары, сұйық тағамдар,ұзақ өмір сүру, бір мезгілде тамақтануға дағдылану, қолды таза жумау, көкөністер мен жемістерді жумай жеу, жеке басының тазалығы, көпшілік орындарда, есте ұстау, күніне үш рет тамақтану, ас ішудің алдында, асты толық шайнап жұту, тағам өте ыстық, өте салқын болмау, ащы тағамдардың зияндылығы,реттеп отыруға кажетті, организмнің өмір сүруі, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтау, ару-сырқауға ұшырамай, ерте қартаю, алдын-ала сақтандыру, сырқатқа ұшырағанда, арнайы жасалған рационы, емнің бір түрі, қамтамасыз ету, сапасы мен мөлшері.


2-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.

қажетті – необходимый

қуаты мол – калоринный

нәрлі- питательный

дағды – навык

көңіл бөлу –уделять внимание

сіңу – впитываться

себеп – причина

міндетті түрде – обизательно

шайнау – жевать

жұту – глотать, проглотить

зиян – вредный

қамтамасыз ету – обеспечить

құрамы – состав

мезгілсіз – несвоевременно, не вовремя

сақтандыру - осторожность


3-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.
Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты шарты
«Егер біз дұрыс түрде тамақтанатын болсақ, онда еске ұстау қабілетіміз артып, денеміз сауығып, көңіл-күйіміз кетеріле түсетіні сөзсіз. Қандай да аурулар болмасын, біз олардың алдын алар едік. Дұрыс түрде тамақтанған адамзат баласы 150-200 жыл жасар еді»- деп, жазады Дж. Гласс өзінің әлемге әйгілі еңбектерінің, бірінде.

Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым - диетология деп аталады. Дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың басты шарты. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады. Адам пайдаланатын тағам әр түрлі әрі қуаты мол нәрлі болуы қажет. Тағамның құрамында өсімдіктекті де, жануартекті де азық-түлік өнімдері болуы шарт. Астың жақсы қорытылуынажеміс-жидектер, көкөністер, жеміс шырындары, сұйық тағамдар әсер етеді. Ұзақ өмір сүрушілердің басты себептері де дұрыс тамақтана білуге тікелей байланысты. Адам күнделікті бір мезгілде тамақтануға дағдылануы тиіс. Мұндай дағдыға үйренген адамда асқорыту сөлдері дер кезінде бөлініп, тағам тез қорытылады әрі жылдам сіңеді. Қолды таза жумау, көкөністер мен жемістерді жумай жеу де - ішек құрттарының таралуына себеп болады. Ішек құрттары жабайы және үй жануарлары арқылы да таралады. Етті, балықты шала пісірген кезде де, ішек құрттары тіршілігін жоймайды. Балаларда қылқұрттар кір қол, тырнақтары, лас киім, төсек-орын арқылы таралады. Ішек құрттарынан сақтану үшін әрбір адам өзінің жеке басының тазалығына көңіл бөлу қажет. Сонымен бірге көпшілік орындарда (мектепте, аулада және т.б.) да гигиеналык талаптар катаң сақталуы тиіс.

Күніне төрт рет тамақтануға дағдыланған дұрыс. Бұл ережені өсіп келе жатқан балалар мен жасөспірімдер есте ұстағаны жөн. Ал ересектер күніне үш рет тамақтана беруіне де болады. Әрбір ас ішудің алдында міндетті түрде қолды сабынмен жуу керек. Тамақтанған кезде, асықпай асты толық шайнап жұтудың да пайдасы зор. Тамақтанып отырған кезде сөйлеу, радио тыңдау, теледидар көру және т.б. қажет емес. Пайдаланатын тағам өте ыстық немесе өте салқын болмауы тиіс. Ащы тағамдарды көп пайдалану да зиянды.

Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызмттерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері, организмнің өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (белок, май, углевод, витаминдер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.

Дұрыс, тиімді тамақтанған адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отыратын болады. Тиімді тамақтанудың мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырудағы маңызы зор. Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы жасалған рационы мен режимі емнің бір түрі болып табылады. Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс. Ол үшін адамның кәсібіне, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы белок, май, углевод т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан ескеріліп отыруы керек.
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым қалай аталады?

2. Адам пайдаланатын тағам қандай болуы керек?

3. Күніне қанша мезгіл тамақтанғану керек?

4. Ас ісшкенде қандай гигиеналық талаптарды сақтау керек?

5. Қандай тағамдар адам ағзасына зиян?

6. Дұрыс тамақтану не үшін қажет?

1-жаттығу.Берілген сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Тағамның құрамында 650 әр түрлі қосылыстар бар. Олардың ең бастысы белок, май. көмірсу, микро- және макроэлементтер фосфор, кальций. натрий, йод, кобальт, қалайы, марганец, калий және т.б. Сонымен бірге тағамдық заттар құрамында витаминдер,


органикалық қышқылдар, неше түрлі фитонцидтер, крахмал бар, хлетчаткалар болады.

Ұтымды тамақтану — ол клеткалар (жасушылар) құрамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат, қимыл және тағы басқа қажеттігін өтейтін, заттар алмасуын қажетті деңгейде ұстайтын тағамдарды пайдалану.

Тағам ішіндсгі компоненттердің ағзаларға сіңірілуі, тамақ ішу режиміне байланысты болуы керек. Ішілетін тамақтың мөлшері адамның бойына және массасына сай келуі керек.

Ақуызы көп тағамдар зат алмасу үрдісін жүргізетін мүшелердің қызметін күшейтеді. Ұйқы кезінде ас ақырын қорытылады, сондықтан ұйықтар алдында тойып тамақтанбау керек. Ұйқыға жатардан үш-төрт сағат бұрын тамақтанған дұрыс.



Тәбет (ашығуды сезіну) – сау ағзаның белгісі. Бұл жерде жүйке жүйесі маңызды рөл атқарады. Ескеретін бір жайт, таза, жылы бөлмеде әдемі әзірленген тағам тәбетті ашса, лас, тұрып қалған ас-ауқат тәбетті жауып қана қоймай, ағзаға белгілі мөлшерде зиянын тигізеді.

Бір күнде адамға қандай мөлшерде тағам керек? Бұл оның жасына, жынысына, мамандығына, тұрмыстық жағдайына байланысты.
2-жаттығу. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар.

Дұрыс тамақтану, ағзаға қажетті, әр түрлі, қуаты мол, нәрлі болуы, тағамның құрамы, астың жақсы қорытылуы,жеміс-жидектер, көкөністер, жеміс шырындары, сұйық тағамдар,ұзақ өмір сүру, бір мезгілде тамақтануға дағдылану, қолды таза жумау, көкөністер мен жемістерді жумай жеу, жеке басының тазалығы, көпшілік орындарда, есте ұстау, күніне үш рет тамақтану, ас ішудің алдында, асты толық шайнап жұту, тағам өте ыстық, өте салқын болмау, ащы тағамдардың зияндылығы,реттеп отыруға кажетті, организмнің өмір сүруі, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтау, ару-сырқауға ұшырамай, ерте қартаю, алдын-ала сақтандыру, сырқатқа ұшырағанда, арнайы жасалған рационы, емнің бір түрі, қамтамасыз ету, сапасы мен мөлшері.


10.Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):
Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

2-жаттығу.Мәтінді оқып, тақырыпша қойыңыз. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

Қазіргі кезде мектеп оқушыларына дұрыс тамақтану жөнiнде ақыл-кеңес берiп, ата-аналардың балаларды тамақтандырудағы жауапкершiлiктерiн арттыру үлкен мәселе болып отыр. Өйткенi, қазiргi балалар үшiн ең сүйiктi тағамдар – балмұздақ, тәттi нан, чипсы, кока-кола, поп-корн, донер, шаурма, пица болып тұрғаны белгiлi, ал бiздiң мақсатымыз – жасөспiрiмдердi денсаулығы мен ағзасының жетiлуiне қажеттi тағамдармен қоректенуге дағдыландыру. Бұл ең алдымен ата-ананың басты мiндетi екендiгiн ұмытпағанымыз жөн Балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығының мықты болуы кез-келген қоғам үшiн маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Өйткенi, бүгiнгi ұрпақ – елiмiздiң ертеңгi болашағы. Ал, денсаулық көбiне әрбiр адамның ұстанатын өмiр қағидасы мен iшiп-жеген тамағына тiкелей қатысты. Осы орайда күн санап өсiп, дамып отыратын жас ағза iшiп-жейтiн тағамдарымыздан өзiне қажет элеметтердi iздейдi. Ағзаның жетiлiп, дамуы үшiн қажеттi қорек жетiспейтiн болса, балалар мен жасөспiрiмдердiң дамуына керi әсерiн тигiзедi. Сол себептi, бiз мектеп оқушыларын тамақтандыру мәселесiне айрықша мән берiп, оны дұрыс жолға қоюымыз керек.



Коммуникативтік компетенция бойынша

5-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойыңызды, ұсынысыңызды

айтыңыз.
1. Маман ретінде қазіргі оқушылар мен студенттердің тамақтануы көңіліңізге қона ма?

2. Олардың дұрыс тамақтанбауының себебі неде деп ойлайсыз?

3. Өзіңіз қалай тамақтанасыз, тамақтанғанда неге көңіл бөлесіз?

4. Қандай тамақтармен тамақтанасыз?

5. Дұрыс тамақтанудың қандай маңыздылығы бар?

6. Маман ретінде еліміздің тұрғындарының дұрыс тамақтануы үшін қандай шара ұйымдастырар едіңіз?


Когнитивті-білім компетенциясы бойынша

3-жаттығу.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді көрсетіп, сөйлемді толықтырыңыз.

Ішек құрттары жабайы және үй жануарлары ... да таралады. Күніне төрт рет тамақтануға ...керек. Әрбір ас ішудің алдында міндетті түрде ... сабынмен жуу керек. Тамақтанған кезде, асықпай асты толық ... жұтудың да пайдасы зор. Пайдаланатын тағам өте ... немесе өте ... болмауы тиіс.

Тамақтану - ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет ... заттарды бойға сіңіру процесі.Дұрыс, тиімді тамақтанған адам ауруға ..., оларды оңай жеңіп отыратын болады. Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты ... мен қызметін қамтамасыз ететіндей болып ... тиіс.
11. Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Мед. оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 183б.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы , 2000 ж. 75б

3. Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. «Ана тілі», Алматы, 1994ж. 32б

4. К.Күзекова З. Қазақ тілі. «Таным» Астана, 2003ж. 96б.

5. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. 24б.

6. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Канленова Қазақ тілі Алматы, 2012ж. 78 б.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

14тақырып: Ұйқының гигиеналық маңызы.



2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1.Сабақтың тақырыбы:Ұйқының гигиеналық маңызы.
2.Сабақтың мақсаты:Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін сөйлем түрлерінен мағлұмат беру. «Ұйқының гигиеналық маңызы» мәтіні арқылы түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айтуға үйрету. Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету.
3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы. Студенттердімаман ретінде ұйқының гигиеналық маңызы туралы қазақша айта білуге үйрету. Кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру. Ұйқының гигиеналық маңызы жайлы мәлімет бере отырып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. «Ұйқының гигиеналық маңызы» мәтінін оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру. Терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру, лексикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойларын еркін, түсінікті етіп жеткізуге үйрету. Қажетті әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша жазу, оқу, сөйлеу мәдениетін, дағдысын дамыту,

тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырыу.,


4. Негізгі ұғымдар:

Өте пайдалы, дағдылану,ұйқыға ерте жату, ұйықтар алдында, жағымсыз жаңалықтар, адам миын шаршату, ойға батыру, оңайға түспейді, көңілді ойларға берілу, жарыққа, теледидар сәулелеріне мазасыздану, ұйықтайтын бөлменің тыныш болуы, дыбыстың естілмеуі маңызды, айқай-шу, теледидардың дауысы, ұйқының тыныштығын бұзады, миды тынықтыру, жүйке жүйесін күйзелуден сақтау, адамның жұмыс істеу қабілеті, қалпына келтіру, ағза тынығады, ауыртпалық азаяуы, ұйқының ұзақтығы, адамның жасына байланысты,жақсы желдетілген, терезесі ашық бөлме, ұйықтаған жөн, мидың қызметін жақсарту, ұйқы режимін сақтамау, ұйқы қанбаса, жұмыс істеу қабілеті төмендеу, әлсіздік пайда болу.


5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Лексикалық материалмен жұмыс (35 мин)

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)



Жаңа сабақты қорыту (5-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (5 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )
6. Өткізу түрі:тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Мәтінмен, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тестілік бақылау.
8. Көрнекі құралдар. Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.
9.Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінге байланысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.

Өте пайдалы, дағдылану,ұйқыға ерте жату, ұйықтар алдында, жағымсыз жаңалықтар, адам миын шаршату, ойға батыру, оңайға түспейді, көңілді ойларға берілу, жарыққа, теледидар сәулелеріне мазасыздану, ұйықтайтын бөлменің тыныш болуы, дыбыстың естілмеуі маңызды, айқай-шу, теледидардың дауысы, ұйқының тыныштығын бұзады, миды тынықтыру, жүйке жүйесін күйзелуден сақтау, адамның жұмыс істеу қабілеті, қалпына келтіру, ағза тынығады, ауыртпалық азаяуы, ұйқының ұзақтығы, адамның жасына байланысты,жақсы желдетілген, терезесі ашық бөлме, ұйықтаған жөн, мидың қызметін жақсарту, ұйқы режимін сақтамау, ұйқы қанбаса, жұмыс істеу қабілеті төмендеу, әлсіздік пайда болу.


2-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыздар.

ертерек – по раньше

дағдылану – привыкать навыки

пайдалы – полезный

ақыл-кеңес – совет

жағымсыз – неприятный

мазасыздану – беспокоиться

тыныштық - спокойство

бұзады – нарушает

шаршау – утомиться, устать

тынығу - отдыхать

ұсынылады – предлагается

жақсартады – улучшить

дәлелдеу – доказать


3-тапсырма. Мәтінді аударыңыз.
Ұйқының гигиеналық маңызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет