9. Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):
Коммуникативті компетенция бойынша
1-тапсырма. Төмендегі сұхбаттарды толықтырыңыз.
– Сіз дүйсенбіде ашылатын көрме туралы білесіз бе?
...?
Көрме бухгалтерлік есептің стандарттарына арналған.
...?
Иә, салық салу мәселесіне де арналған материалдар бар сияқты.
...?
Жарайды, бірге барайық.
– Сіз «Қарқара - 2012» деп аталған көрме-жәрмеңкеде болдыңыз ба?
Иә, ...
Көрме-жәрмеңкеге қатысқанның пайдасы бар ма?
Әрине, мысалы, мен...
Онда біздің кәсіпорнымыз да келесі көрме-жәрмеңкеге қатысуы керек.
- ...?
Иә, көрме-жәрмеңкенің шеңберінде бірнеше семинар өткізіледі. Меніңше, осындай семинарлардың пайдасы зор.
...?
Иә, семинарға қатысу үшін ақы төлеу керек және тапсырыс-анкета толтыру керек.
...?
Иә, семинарларда жаңа технологиямен, озық әдістермен толық танысып шығасыз және көрме ұйымдастырушылар қажетті ақпараттық құжаттармен, анықтамалармен қамтамасыз етеді. Керек болса, саминарды үнтаспаға жазып алуға болады.
4-тапсырма. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.
Жүзеге асыру ждать помощи
Шағын бизнеспен айналысу спрос потребителей
Жұмысқа кедергі жасау с помощью рекламы (через рекламу)
Үкімет тарапынан присоединиться к мнению
Заңгерлік көмек активно работать
Озат тәжірибеге сүйену реализовать, претворять в жизнь
көмек күту мешать, препятствовать работе
тұтынушылардың сұранысы заниматься малым бизнесом
жарнама арқылы со стороны правительства
сұранысты анықтау юридическая помощь
белсенді жұмыс істеу опираться на передовой метод
пікірге қосылу определить спрос
Когнитивті білім компетенциясы бойынша:
Тесттер:
Жіктеу есімдігін көрсетіңіз:
а) осылар, мыналар
ә) бүгін, кеше, ертең
б) алғашқы, бүгін
в) мен, сен, ол
г) әдемі, келбетті
2. Болымсыздық есімдікті көрсетіңіз:
а) әлдекім
ә) біреу
б) ешқашан
в) өзім
Гг) бірнеше
3. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз:
а) мен, сен, ол
і) кім? Не? Қанша?
б) өз, өзі, өзім
в) барлық, барша, күллі
г) әне, міне, осы
4. «Ақы» сөзі қандай сөзбен тіркеседі?
а) қажет, керек
ә) төлем, өтем
б)халық, мемлекет
в) дерек, ақпар
г) даярлау, жүзеге асыру
5. «Уағдаластық» сөзінің синонимін көрсетіңіз
а) бірлестік
і) татулық
б) ынтымақтастық
в) келісім
г) міндеттену.
10. Негізгі әдебеттер:
1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 39-41 бет
2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 69-73 бет
3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 45-46 бет
4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 207-210
5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 68-70-беттер
Қосымша әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.
2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.
3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№21 тақырып: Басқарудың әдістері, стилі.
Үстеу
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1. Сабақтаң тақырыбы : Басқарудың әдістері, стилі.
Үстеу.
2.Мақсаты. Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру. Мәтін арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды меңгерту.Болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру.
3. Міндеті:
1) Когнитивті білім компетенциясы бойынша сауатты жазуға, ойын тиянақты жеткізуге үйрету. Мәтін бойынша жаңа сөздерді игерту.
2) Операционалды дағды компетенциясы бойынша мәтінде қойылған сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру.Мәтін мазмұнын қысқаша мазмұндай білуге машықтандыру. Айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым элементтерін дұрыс пайдалануға үйрету.
3) Коммуникативтік компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді ,әдебиеттерді қолдана алу,мәтінді түсіну ,өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
4) Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша терминдерінін жазылу үлгісін, оған қойылған талаптарды орындау, біліктілікті қалыптастыру.
4.Негізгі ұғымдар:
Грамматика бойынша : Үстеудің тұлғасына,құрамына,мағынасына қарай түрлері. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.
Лексика бойынша ықпал ету, белсенді талап ету,көтермелеуге негізделген, орындаушының талабы т.б.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты):
Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.
Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.
Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин
Үзіліс - 10 мин.
Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.
Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.
Үзіліс - 10 мин.
Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.
Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.
Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.
Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.
7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8. Тапсырмалар
1 – жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді мағынасына сай көп нүктенің орнына қойып,қөшіріп жазыңыз.
Болат үйді ... тапты (тез, тұп-тура) .Біз сабаққа ... барамыз(ерте, кеш).
Сіз ... сөйлей аласыз ба? (қазақша, арабша, орысша). Автобус жолдан ... бұрылды. (оңға, солға). Қалаға ... келдім?(оқуға түсу үшін, жұмыс үстеуге) .
2 – жаттығу. Төмендегі үстеулермен сөйлем құраңыздар.
Жоғары, төменнен, ұзақ, мейлінше, керісінше, үздік-создық, үсті-үстіне, шапшаң, балаша, әдейі, жорта, көлбеңдеп, ұзынды-қысқалы, көп-көптен, соншалық, тікелей, лажсыздан, жолшыбай, былтыр, жаздай, аса, жазғытұрым, азғантай, қолма-қол, басынан, соғұрлым, жолшыбай.
3 – жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Мезгіл үстеулердің қалай жасалғанын айтыңыздар.
1.Бұдан бұрын Аққасқаны аз-аздап қоянға жүгіртіп, екі-үш суытып алған. 2.Бүгін таңартең аз ғана ас құйылған екен. 3.Күздігүні үй үшінде сойып жатқан қойдың етін жегізбей ұмтылғанда, Қасенді де бір-екі рет қауып алған. 4.Тау басында желдетіңкіреп ызғырық соғады, күн әзірше суықтау. Айналаға Аққасқан да анда-санда бойлап-бойлап жағалай қарайды. 5.Енді бір-бірінен босап кетуіне жол жоқ. 7.Қалың да емес, қыстың орта кезі болса да, биыл қар жұқа болатын.
4 – жаттығу. Мезгіл үстеулерін тауып, сұрақ қою арқылы қандай сөзбен тіркесіп тұратынын көрсетіңіздер.
Нағашым бүгін әдеттегісінен кешігіп келді.. Қасен менің басыма бұрын келмеген ойды әкеп салды. Былтырлар оның сауда обороты губерниялық, тұтынушылар кооперациясынан асып кетті деген.
10. Негізгі әдебеттер:
1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 6-10 бет
2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 35-40 бет
3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 37-39 бет
4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 155-156
5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 90-93-беттер
Қосымша әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.
2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.
3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№22 тақырып: Басшының мінез-құлық үлгісі .
Сөйлем мүшелері.
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1. Сабақтың тақырыбы: Басшының мінез-құлық үлгісі.
Сөйлем мүшелері.
2. Мақсаты: Грамматикалық тақырыпты практикалық жолмен меңгеру. Өз ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Мәтін арқылы жаңа сөздерді игеру. Сөздік қорын молайту.
3.Міндеті
1) Конгнитивті-білім компетенциясы бойынша сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері. Сөйлем ішіндегі грамматикалық байланысқа түсу жолдарын меңгерту . Мәтін бойынша жаңа сөздерді игерту.
2) Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық-грамматикалық ерекшеліктерді білуге үйрету, біліктілікті қалыптастыру. Аударма жасай білуге төселдіру. Мәтінді оқып, түсініп, оқу, айту, жазу, тыңдап қалыптастыру.
3) Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәлімдемелерді, әдебиеттерді қолдану , мәтіндерді түсініп, айтып беруін қалыптастыру. Студенттер арасында өзара еркін байланыс орнату.
4) Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта дағдыларды дамыту.
Негізгі ұғымдар
Г рамматика бойынша. Сөйлем мүшелері деген не? Сөздердің байланысу тәсілдері. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің сөйлемдегі қызметі мен орны, тыныс белгілері.
Лексика бойынша тәжірибе , ұжымның ортасында, қарым-қатынаста болу, ықпал ету, іскерлік қарым-қатынас,батылдық, қол жеткізу жолдары,басшының этикасы, ұжыммен қарым-қатынастың арқасында , міндеттерді шешу, бірлестік т.б.
1- жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп, анықтауыштың сұрағын жақша ішіне алып жазыңыз.
Желсіз түнде жарық ай.2. Біздің топта 12 студент бар.3. Бүгін біз опера театрына барамыз. 4. Іссапарға жүретін адамдар вокзалға жиналды.5. Менің досым қол сағат сатып алды. 6. Бөлменің дәл ортасында дөңгелек үстел тұр. 7. Кішкене үйдің жанында биік үй тұр. 8. Менің інім биыл оныншы сыныпты бітірді.
2 -жаттығу Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
Жақсы оқу үшін ,...2. Дүкеннен кітап сатып алсын деп,...3. Адам тез жазылу үшін,...4. Ыбырай білімді болсын деп,...5. Борщ пісіру үшін,...
1.... ... ., почта бөліміне бару керек. 2... ... . , ол маған екі мың теңге ақша берді.3... ... .., біз үйден ерте шықтық .4... ... ... . , дәрігерге бару керек.5... ... . , көп оқу керек.
3–жаттығу
1-Тапсырма. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз .
1. Когда ты учишь текст, он читает слова. 2.Когда шел дождь, мы были в лесу. 3.Когда ты гуляешь, он обедает. 4.Когда преподаватель спрашивает, студент отвечает. 5. Когда преподаватель читает, я слушаю. 6.Когда закончу среднюю школу, поступлю в университет.
4-жаттығу. Мәтінді оқып, бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаларға көңіл аударыңдар, неліктен қойылғандығын дәлелдеңдер.
Тіл байлығы –ой байлығы. (Н.И. Карамзин)Сөз өнері –өнер атаулының ең қиыны мен күрделісі. (О.Бальзак.) Сөз –өмірдің ұлы қаруы. (В.Короленко.) Білім кілті-тіл.(Мақал.)Ең жақсы тіл-ана тілі.(М.И. Калинин.)Бұлар –станцияның маңдай алды құрылысшылары(Ә. Нұрш.)Ел жүрген жер-береке, ер жүрген жер-мереке.(Мақал.) Білім мен даналық-адам көркі. (Мақал) Ел іші-алтын бесік. Елдің күші-селдің күші.(Мақал.)
5-жаттығу. Сөйлемдердің ара-жігін ажыратып, көшіріңдер, қажетті тыныс белгілерін қойыңдар.
Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді кімнің баласысың деп сұрайтын ол менен Момыштың ұлымын Момыш кімнің баласы Момыш Имаштың баласы осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санататын үйге келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.(Б.Момышұлы.)
1-тапсырма. Мына сөздерді оқытушының көмегімен аударыңыздар.
Жұмыс істеу өнері, пайда болу, ұжым, деңгей, көбінесе , ынтымақ, ерекшелік, ресми, тыңдай білу, ұжымды пайдалану.
2-тапсырма. Мәтін оқып, мазмұнын айтыңыз.
БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ , СТИЛІ.
Адамдардың жұмыс істеу өнері туа пайда болмайды, оның өзі өмір бойы, өмір тәжірибесінің, өзімен өзі жұмыс істеудің, сан салалы білім алудың нәтижесінде қалыптасады.
Басшылық тәсілі ұжым деңгейімен тығыз байланысты, олар өзара қатысты әрі бірін-бірін жетілдіріп отырады.
Басшының ұжыммен қарым-қатынасы көбінесе оның жеке басына және де сол ұжыммен ынтымақты, дұрыс жұмыс істей білуіне байланысты. Осыған орай, басшының ұжыммен қарым-қатынас орната білуінің ұйым үшін зор маңызы бар. Басшының ұжыммен қарым-қатынасы бірқатар ерекшеліктермен сипатталады.
Біріншіден, ұжымдағы қарым-қатынас жағдайында басшыға тиісті право мен өкілеттілік біршама ықпал етеді. Ұжым алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті осындай праволарды жүзеге асыру,басшының ұжыммен ресми, іскерлік қарым-қатынас орнатуының негізі болып саналады. Бұл қарым, қатынас жеке адамдармен үйлесуі де, үйлеспеуі де мүмкін.
Екіншіден көпшілік ұжым үшін басшы-бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір білімді ұжым мен ұйым ісін басқару саласында қабілеттілікті қажет етеді. Осыған орай кәсіптік этиканың алуан түрлі болып саналатын басшы этикасы, басшылық этикасы туралы айтуға тура келеді.
Үшіншіден, басшының ұжыммен қарым-қатынас этикасы топтасқандықтан, ұжымды ұйымдастырудың, олардың өз әлеуметтік функциясын орындаудың маңызды факторы болып саналады. Басшының осындай қарым-қатынасқа ықпал етуі, оның өкілеттілігі, правосы ғана емес, сондай-ақ оның идеялық ықпалы, сенімі мен жеке басының үлгісі.
Төртіншіден, ұжым құрамына қарай басшы өзін жақсы жағынан да, нашар жағынан да көрсетуі мүмкін. Мұндайда адамдар басшының кейбір дағдысына еліктейтіндігін өздері де аңғармай қалады.
Басшылық психологиясы мынаған байланысты:
- сөйлеу мәдениетіне, өз ойын сауатты, айқын жеткізе білуіне. Дауыс ырғағын құбылту арқылы айтқан сөзін 40%-тей тиімді ете алады. Айта, тыңдай , сөйлей білуге жаттығу қажет. Басшы сөйлей білумен қоса, тыңдай да, жұртшылықты қызу әңгімеге тарта білуге де тиісті;
-еңбек мәдениетіне , жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыруына;
-сезім мәдениетіне:эмоцияны, дауыс ырғағын, қол қимылын, бет қимылын тежей білуінде. Осының барлығы қызмет этикасына жатады. Басшының өресі басқалардан әлде қайда жоғары болуы, тәрбиеші болуы, өзінің үлгі-өнегесін көрсете білуі тиіс.
-сын жалпылама болмай, нақты адамға арналуы тиіс(жеке басын емес, ісін сынау қажет);
-сынау мақсатын айқындау және сыналатын адам туралы мағлұмат алу;
-адамның дербес ерекшеліктерін ескере отырып сынау, алғашқы ескертуді оңашада айту;
-сынау орнын және тәсілін ойластыру;
-сынай отырып , іскерлікпен жауап беруге жағдай жасау.
Американдық менеджерлерге қойылатын басты талаптың бірі - сынай білу және сынды қабылдай білу. Сынау мен жазалаудан жалтаруға болмайды.
3-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар.
Міндеттерді шешу, жүзеге асыру , мінез- құлық мәдениеті, дұрыс қабылдау. .
Коммуникативті компетенция бойынша
1)Жұмыс істеу мен басқару өнері қалай пайда болды?
2)Ұжымда қандай қарым-қатынас орын алуы керек?
3)Ұжымда басшы өзін қалай ұстауы керек?
4)Мінез-құлық мәдениетіне нелер жатады?
5)Сынау мен жазалау деген не?
Операционалды-дағды компетенциясы бойынша
Мәтінге сүйене отырып, басшы туралы өз ойыңызды айтыңыз
Төмендегі сөздермен сөз тіркестерінің аудармасын жазыңыздар: маркетинг стратегиясы,сақтандыру мемарандумы, халықаралық сауда мәмлесі, сападан ауытқу.
10-тапсырма. Бақылау жұмыстары(сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):
Сіз өз ісінің маманы атанған адаммен таныстыңыз. Одан не туралы сұрар едіңіз?
Жоғарыдағы берілген мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыз, жоспар құрыңыз.
10 экономикалық терминге түсіндірме сөзідік арқылы анықтама беріңіз.
Қазақстандық экономист- ғалымдар туралы реферат жазыңыз.
10. Негізгі әдебеттер:
1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 53-56 бет
2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 89-90 бет
3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 52-54 бет
4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 171-176
5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 27-30 беттер
Қосымша әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.
2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.
3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 24 тақырып: Жұмысты бағалау
Жай сөйлемдер
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
Сабақтың тақырыбы: Жұмысты бағалау
Жай сөйлемдер
Мақсаты: Мәтін бойынша жаңа сөздерді меңгерту. Өзі таңдаған мамандығы бойынша сөздік қорын байыту. Грамматикалық тақырыпты практикалық жолмен меңгерту. Мемлекеттік тілде өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Міндеті:
Коммуникативтік компетенция бойынша студенттің орфоэпиялық және орфографиялық ережелерін сақтау дағдысын қалыптастыру. Жай сөйлемдердің жасалу жолдарын практикалық жолмен меңгерту. «Жұмысты бағалау» мәтіні бойынша жаңа сөздерді меңгерту.
Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық және грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің дұрыс жазуын қалыптастыру. Мәтінді еркін аударып, мазмұнын өз сөзімен айтуға машықтандыру. Мәтінді түсініп, соның негізінде, оқылым, айтылым, жазылым, тындалымға студенттің жігерін қалыптастыру.
Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу. Мәтіндерді түсініп, оқылым, айтылым, жазылым, тындалым бойынша ниетін қалыптастыру.
Өзін-өзі дамыту компетенция бойынша жазу мәдениетін дамыту.
Негізгі ұғымдар:
грамматика бойынша: Жай сөйлем, оның түрлері. Жай сөйлемнің сөйлемдегі атқаратын қызметі. Жай сөйлемнің тыныс белгісі.
лексика бойынша: дамушы елдер,атақ дәреже,мақсатқа жету,сыртқы ортаны талдау, мүмкіндікті болжау,басшылық пікірі,көңіл бөлу т.б.
5. Сабақты өткізу жоспары:
Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.
Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.
Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин
Үзіліс - 10 мин.
Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.
Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.
Үзіліс - 10 мин.
Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.
Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.
Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.
Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.
7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8. Тапсырмалар.
1-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жазып, орыс тіліне аударыңыз.
1.Еліміздің көркеюіне дамыған елдер қатарына қосылуына үлес қосып отырған фактордың бірі – ғылым. 2. Ал ғылымның дамуы ғалымдардың қолдарында. 3. Бүгінде ғылым кандадаты, ғылым докторы, профессор тәрізді атақты дәрежелерді мемлекеттік орган Жоғары аттестациялық комитет бекітеді (ЖАК). 4. Оған дейін ізденуші төрт пәннен кандидаттық емтихан тапсыруы керек. 5.Олар: философия, қазақ тілі, шет тілі және мамандық тілі. 6.Мамандық пәннен емтихан диссертиация қорғалатын ұйымда ғана тапсырылады. 7. Сонымен қатар диссертация жұмысының негізгі мазмұны бойынша ізденушінің бірнеше мақаласы жариялануы керек. 8. Диссертациялық кеңес мүшелерінің (кемінде 12 адам ) мақұлдауы керек. 9. ЖАК-тың экспорттық кеңесінде еңбек талқыланады.
2-жаттығу. Сөйлемді аяқтаңыздар.
1. Диссертация жұмысы жазылып біткен соң. 2. Ғылыми ізденушінің мақұлдамасын тексеру. 3. Ізденуші жұмыс істейтін мекеменің талқылануы. 4. Диссертация қорғалатын мекемедегі талқылау. 5. Диссертациялық кеңес құрған эксперттік комиссияның (3 адам) талқылануы. 6. Бірінші оппоненттің мақұлдауы. 7. Екінші оппоненттің мақұлдауы. 8. Диссертациялық кеңес мүшелерінің (кемінде 12 адам ) мақұлдауы. 9. ЖАК -тың эксперттік кеңесінде талқылануы.
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.
1. Ұлықбек жүргізген зерттеу бақылау нәтижесінде ... ... ... жазылды. 2. Ол «... . . » деп аталады. 3. Мұнда астрономияның ... ... . негіздерімен қатар аспандағы 1018 ... ... орнын көрсететін ... ... жасалды. 4. Ұлықбек мектебінде ... . . жаңалықтар ашылды. 5. Білгенге ... . . , . 6. Ғалым мамандар ... ... ашты. 7. Студенттер ... ... конференцияға қатысты. 8. Аспирантура бекітілген ... ... шығарды.
Керекті сөздер: Ұлықбек таблицасы, ғылыми еңбек, жұлдыздың, теориялық, каталог, математикалық, маржан, жаңалық, ғылыми, бұйрық.
4-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті грамматиқалық көрсеткіштерді қойып бұйрықты сөйлем жасаңыз.
1. Нығметтің ауылға бар... келіп жүр. 2. Сарсеннің өлең айт... келді. 3. Сенің театрға бар... келді. 4. Біздің институтқа бар... келді. 5. Менің жауап бер... келіп отыр. 6. Оқытушының менен сұра... келмейді. 7. Бұл оқытушының лекциясын тыңда... келмейді. 8. Бұл фильмді көр... келмейді. 9. Асханаға бар... келмейді.
5-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. Мама попросила дочь вытереть пыль. 2. Гости попросили меня сыграть на фортепиано. 3. Карим позволил Алие купить шубу. 4. Мы заставили ребенка спеть. 5. Он просил меня нарисовать портрет. 6. Ученики заставили учителя рассказать о его поездке за рубежом. 7. Меруерт заставила меня съесть завтрак. 8. Мы заставили Санию выпить лекарство.
1-тапсырма. Сөйлем мүшесіне қарай талдаңыздар.
Тауар мен қызмет ақшасыз негізде алмастырылатын жүйе. Халықаралық саудада ақшаны пайдаланардан бұрын баспа-бас сауданың пайдалы екенін көрсететін басты дәлелдердің бірі – инфляцияны кеміту. Салық төлемдері мен шаруашылық шығындарын үнемдеу үшін жасалады.
2-тапсырма. Дұрыс аудармасын тауып, көшіріңіз.
өтініш жазу рассмотерть жалобу/заявление
өтініш беру регистрировать жалобу/заявление
өтінішті қабылдап алу дать ответ на жалобу/заявление
өтінішті тіркеу жалобы/заявления гражданина
өтінішті қарау подать жалобу/заявление
өтініштің мазмұны написать жалобу/заявление
өтінішке жауап беру принять жалобу/заявление
азаматтың өтініші не рассматривать жалобу/заявление
өтінішті қарамау содержание жалобы/заявления
3-тапсырма. Мәтінді оқып, 3 абзацқа бөліп, ат қойыңыздар, мазмұнын айтыңыздар.
ЖҰМЫСТЫ БАҒАЛАУ
Басшы мақсатты айқындағаннан кейін стратегиялық жоспарлау процесінің диагностикалық кезеңін бастайды. Әуелі сыртқы ортаны 3 параметрі бойынша зерттейді.
Ағымдағы стратегиясының әр түрлі аспектілеріне ықпал ететін өзгерістерді бағалау.
Фирманың ағымдығы стратегиясына қандай факторлар қауіп төндіретіндігін анықтау. Бәсекелестер қызметін бақылау басшыға кездейсоқ қауіп-қатерге әзір болуына мүмкіндік береді.
Жоспарды түзету арқылы жалпы фирмалық мақсатқа жету үшін қандай факторлардың көбірек мүмкіндік беретіндігін анықтау.
Сыртқы ортаны талдау процесс болып саналады, сол арқылы стратегиялық жоспарды жасаушылар ұйым тарапынан тысқара факторларды бақылап, фирмаға төнетін қауып-қатер мүмкіндігін анықтайды.
Сыртқы ортаны талдау ұйымға мүмкіндікті болжалдау уақытына,кездейсоқ жағдайда жоспар жасау уақытына,қауіп-қатер төнген жағдайда күні бұрын ескерту уақытына және стратегияны белгілеу уақытына мүмкіндік береді.
Сыртқы ортаны талдау мынадай сұрақтарға жауап береді:
1.Ұйым қазір қайда орналасқан?
2.Жоғарғы басшының пікірінше,болашақта ұйым қайда болуы тиіс?
3.Ұйым қазіргі орналасқан орнынан, басшының ойынша орналасуға тиісті орынға ауысуы үшін басшы не істеуі керек?
4. Сыртқы ортаны талдағанда әртүрлі факторларға не үшін көңіл бөлуі керек.
1.Зерттеу қанша бөліктен тұрады?
2.Бәсекелес қызметі қалай бақыланады?
3.Кездейсоқ жоспар қалай жасалады?
4.Ұйым қайда орналасқан?
5.Ұйымның болашағы қандай?
10. Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):
Когнитивті білім компетенциясы бойынша
1.Сыртқы ортаны қанша өлшеммен өлшейді?
2.Стратегиялық жоспар деген не?
3.Үкімет іскерлік мәселесіне қалай қарайды?
4.Нарықтың сыртқы ортаға әсері қандай?
Операционалды дағды компетенциясы бойынша
4 –тапсырма. Төмендегі ситуациялық сұраққа жауап беріңіз:
Сіз тәжірибелі кәсіпкерсіз,
Сіз басқаратын кәсіпорын қызмет көрсету рыногында өзіне тиісті орынды алып,тұтынушылардың көңілінен шықты. Шағын бизнеспен айналысамын деген адамдарға қандай ақыл-кеңес бере аласыз?
Когнитивті білім компетенциясы бойынша
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның шығуына не себеп болды?
- ... ... ...........
– Осы келеңсіз құбылыспен жүргізген күрес нәтижелі болу үшін қандай іс-әрекет жоспарланған?
... ... .........
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің экономикалық қыры туралы не айтылады?
... ... .........
Мемлекетіміздің құқық қорғау органдары осы жұмаспен бұрыннан айналысып жүр. Олар жүргізген күрес неліктен нәтижесіз болып шықты?
... ... .........
Сіздің ойыңызша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес неден басталуы керек?
... ... ..........
10. Негізгі әдебеттер:
1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 13-15 бет
2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 10-11бет
3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 66-68 бет
4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 304-306
5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 7-10 беттер
Қосымша әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.
2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.
3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№25 тақырып: Жұмыс жасау және іске асыру
Құрмалас сөйлем
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
Сабақтың тақырыбы: Жұмыс жасау және іске асыру
Құрмалас сөйлем
Мақсаты: Мәтін арқылы жаңа сөздерді меңгерту. Метінде кездесетін жаңа сөздерді үйрету. Студенттердің мамандыққа байланысты сөздік қорын байыту. Грамматикалық тақырыпты ереже мен мысалдар арқылы меңгерту.
Міндеті:
Когнитивті біліктілік компетенциясы бойынша сауатты жазуын қалыптастыру. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын практикалық жолмен меңгерту. Мәтін бойынша жаңа сөздерді игерту.
Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық және грамматикалық ерекшеліктердің қолдануын кеңейту. Сөйлемді құруда және жазуда белгілі бір заңдылықтарды еске ала отырып орындау. Еркін аударма жасауға үйрену. Мәтінді түсіне отырып, оқылым, айтылым, жазылымды қалыптастыру.
Коммуникативті компетенция бойынша әдебиеттерді дұрыс таңдап пайдалану. Дұрыс сөйлеуге үйрету. Еркін шығармашылық қарым-қатынас орнату.
Өзін-өзі дамыту компетенция бойынша сөйлеу, жазу, оқу, айту дағдысын қалыптастырып, дамыту.
Негізгі ұғымдар.
Грамматикалық тақырып бойынша бойынша:
Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы туралы мәлімет беру.
Лексикалық тақырып бойынша:
Ой еңбегі мен дене еңбегіндегі айырмашылықтар.
Жұмыс жасау барысындағы бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық шектеулер.
Кәсіпорындардағы жұмыс жасау және оны басқару мәселесі.
5. Сабақты өткізу жоспары:
Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.
Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.
Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин
Үзіліс - 10 мин.
Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.
Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.
Үзіліс - 10 мин.
Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.
Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.
Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.
Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.
7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8.Тапсырмалар:
1-жаттығу. Берілген сөздерді дұрыс оқып, бірнеше сөз тіркесін құрыңыздар.
Маман, мамандық, мамандану, мамандандырылған, тәжірибе, өндіріс, өнеркәсіп, айналысу, шұғылдану, қызығу, құрметтеу, бағалау.
2-жаттығу. Көшіріп, құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.
Жолаушы билет сатып алды, вокзалға келіп жүгін өткізді, өз вагонына келіп отырды. 2. Мен телефонмен Амантаймен сөйлестім және Амантайға телеграмма салдым. 3. Бағдат ертең Қарағандыдан поезбен келеді, сондықтан біз оны сағат үште қарсы аламыз. 4. Жаз бітті, күз басталды. 5. Олар өлең айтты, біз би биледік.
3-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерінен құрмалас сөйлем құрап жазыңыздар.
Мәжіліс төрағасы, кеңес беру, мәселені талқылау, жобаны бекіту, оқып үйрену, ғылыми жетістік.
4-жаттығу. Берілген құрмалас сөйлемді үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеп қолданыңыз.
І жақ. Мен кеше кәсіпорын жиналысына келмедім, себебі ұйымдастыру бөліміндегі қызметкерлер хабарландыруды дер кезінде ілмеген.
ІІ жақ. Сен кеше _______________________
Сіз кеше________________________
ІІІ жақ Ол ____________________________
І жақ Біз кеше ___________________________
ІІ жақ Сендер кеше _______________________
Сіздер кеше _______________________
ІІІ жақ Олар кеше ________________________
1-тапсырма. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
Еңбекті бөлісу, жұмыс өнімділігі, әрекет ету, жұмыскердің орны, бөлімшелерге орналастыру, құжаттар әзірлеу, өндірісті ұйымдастыру.
2-тапсырма. Қол сөзі бар тіркестердің санын 10-ға дейін көбейте аласыз ба?
Қол қою, тараптардың қолы, қол қойылды, ...
3-тапсырма. Мәтінді оқып, мағынасына қарай 3 бөлікке бөліп әрқайсысына тақырып қойыңыз.
Еңбекті мамандандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігін едәуір арттыратындығы белгілі. Әркім өз міндетін айқын түсініп, қоян-қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай ұйымдастыру функциясының міндеті, еңбек әрекеті элементтері мен олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен ролін белгілеу, оларды бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру, аппараттағылардың барлығының, жекелеген қызметшілер мен жұмыскерлердің іс-әрекетін белгілейтін құжаттар (документтер) әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Ұйымдастыруды басқару функциясы өндірісті ұйымдастырудың белгілі алты принципі бойынша құрылады: мамандандыру, пропорционалдық, параллелдік (қатарластық), дәлділік, үздіксіздік және ырғақтылық.
Ұйымдастырудың өзі адамдардың бірлескен іс-қимылын бейнелейді. Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін бірігуге, бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады. Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы болуы, әрі белгілі бір ұйымдық құрылымда шығынды аз жұмсауды қажет етуі мүмкін.
Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүкіндік береді.
Жұмыстың тиімділігі неде?
Еңбек әрекеті деген не?
Жұмыскерлер құжаты қалай жасалады?
Қандай шектеулер бар?
Ұйымдастырудың тиімді жақтары қандай?
Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):
Коммуникативті компетенция бойынша
1. Басшының міндеті қандай?
2. Өндірісті басқаруда басшы еңбегі қалай бағаланады?
3. Өндірістік ұйым қандай жүйеге бағынады?
Операционалды дағды компетенциясы бойынша
4-тапсырма. Мәтіннен 3 құрмалас сөйлемді көшіріп жазып, жай сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіз.
Когнитивті білім компетенциясы бойынша
«Қазірг і Қазақстанның экономикалық жағдайы» тақырыбына эссе жазыңыз.
10. Негізгі әдебеттер:
1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 66-68бет
2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 34-36 бет
3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 93-95 бет
4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 158-160
5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 34-37 беттер
Қосымша әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.
2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.
3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№26 тақырып: Жұмысты басқару
Салалас құрмалас сөйлем
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
Сабақтың тақырыбы: Жұмысты басқару
Салалас құрмалас сөйлем
Мақсаты:
Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары мен байланысу тәсілдері туралы мағлұмат беру.
Лексикалық тақырып арқылы студенттердің мамандықтарына байланысты сөздік қорын молайту.
Жаңа сөз, сөз тіркестерін үйрету.
Өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Міндеті:
Когнитивті біліктілік компетенциясы бойынша салалас құрмаластың мағыналық қатынасына қарай түрлерін біліп, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандыққа байланысты сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-экономикалық терминологиялы қалыптастыру.
Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық және грамматикалық ерекшеліктердің қолдану, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.
Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу. Мәтіндерді түсініп, оқылым, айтылым, жазылым, тындалым бойынша ниетін қалыптастыру.
Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша жазу мәдениетін дамыту.
Негізгі ұғымдар.
Құрмалас сөйлемнің құрамына қарай түрлері туралы мәлімет.
Құрмалас сөйлемдердің байланысу тәсілдері.
Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдерден айырмашылығы.
Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
Қазақстан экономикасындағы жұмысты басқарудың алғышарттары.
Нарықтық жағдайдағы менеджменттің негізгі қағидалары.
Шаруашылықты жүргізуде жұмысты басқарудың маңызы.
5. Сабақты өткізу жоспары:
Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.
Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.
Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин
Үзіліс - 10 мин.
Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.
Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.
Үзіліс - 10 мин.
Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.
Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.
Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.
Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.
7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8. Тапсырмалар:
1-жаттығу. Мына сөйлемдерді және, да, де, та, те, шылаулары арқылы салалас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.
Күн жылынды. Қар еріді. 2. Аспанды қара бұлт басты. Жаңбыр қатты жауды. 3. Алтай жазды асыға күтті. Жаз келді. 4. Суық күз жақындады. Жәндіктер азайды. 5. Мұғалім келмеді. Сабақ болмады. 6. Сәуірдің ортасы болып қалды. Қар еріді. 7. Сәкен жолдасына сұрақ қойып жатыр. Жолдасы жауап беріп жатыр. 8. Мен үйге келдім. Шешем шай дайындады. 9. Салтанат «Әсем» тұрмыс үйіне барды. Аяқ киімін жөндетті.
2-жаттығу. Сөйлемдерді аударып, құрмаластың қай түрі екенін ажыратыңыздар.
Если ты пойдешь сегодня в кино, то и я пойду. 2. Если Вы скажете нам по-казахски, то мы поймем. 3. Если ты будешь говорить неправильно, то я тебя исправлю. 4. Если вы будете на юге, то мы встретимся. 5. Если мы пойдем в горы, то и ты пойдешь с нами. 6. Если бы нам рассказали, то мы бы послушали. 7. Если я читаю книгу, бабушка слушает. 8. Если завтра будет тепло, то мы пойдем в горы.
3-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
І. 1. Жақсы оқу үшін, ... . 2. Дүкеннен кітап сатып алған, ... . 3. Адам тез жазылу үшін, ... . 4. Ыбырай білімді болып еді, ... . 5. Борщ пісіру үшін, ... .
ІІ. 1. ... ..., почта бөліміне бару керек. 2. ... ..., ақша береді. 3. ... ..., біз үйден ерте шықтық. 4. ... ..., бірге бару керек. 5. ... ..., көп оқу керек.
4-жаттығу. Әр салалас құрмалас сөйлем сыңарлары (компоненттері) бір-бірімен қандай мағыналық қатынаста, қандай жалғаулық арқылы байланысып тұрғанын ажыратыңыздар.
Аманнан өзге балалары кескіндес екен: өңкей қара домалақ.
Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескіні де өзгерген.
Олардың сөздерінде бояу аз болды, бірақ тыңдаушыны еріксіз ерте жөнеледі.
Менде әрі документ жоқ, әрі бармақшы болған үйлердің адресі жоқ.
Не мен жатырқаған болармын, не сен өзгерген боларсың, мен рас танымай тұрмын.
1-тапсырма. 6 сөйлем құрыңыз және жазыңыз.
Заңға
Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Жарғыға
Заңның жобасына
Медициналық
менеджмент ісі
2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді өз сөзіңізбен айтып беріңіз.
ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУ
Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару ісінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті.
Бұның бәрі өндіріс үдерімін және жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбектің өнімділігіне ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың іс-жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке алып отырулары керек.
Басқару ғылымының эволюциясы мен оның әрі қарай дамуы және бұл орайдағы отандық , шетелдік зерттеулердің жетістіктері, менеджменттің оқу пәні ретінде жеке бөлініп шығуы табиғи қажеттілік екені байқалады. Бұл орайда айта кететін жағдай, басым түрде орталықтанған жоспарлауға негізделген басқарудың отандық тәжірибесін стихиялы қалыптасып жатқан нарық жағдайында толық қолдану мүмкін емес. Бірақ кәсіпорындарды басқарудың теориясы мен практикасының жекелеген қағидаларын бүгінгі жағдайда пайдалануға болады. Бұнымен бірге шет елдерде қалыптасқан менеджмент жүйесі ұйымдастырудың мақсатына жету ептілікті қажет етсе де, адамдардың жүріс тұрысының ынта-ықыласын, интелектілігін, еңбегін жұмылдыра алатын болса да, біздің елдің экономикасында ойламай, бірден оның көшірмесін пайдалануға және ұлттық менталитетті ескермей, бұл жүйені тиімді түрде жүзеге асыруға болмайды. Соныдықтан, менеджментті басқарудың тәжірибесі ретінде өмірдің барлық жағдайына жарамды дайын рецепт немесе шешімдер жиынтығы түрінде қарастыруға болмайды.
Менеджмент іс-тәжірибенің негізінде қалыптасқан ережелер арқылы мақсаттар мен міндеттерді дұрыс қою мен оларды оңтайлы шешуге үйретеді. Шаруашылықты жүргізудің жаңа шарттары өндірісті ұйымдаструда және және ұжымды басқаруда менеджердің атқаратын ролін күшейте түседі және оның жеке кәсіби қабілетіне қойылатын талаптарды қатаңдатады. Басқарудың тиімді жүйесін құру үшін, менеджер кәсіпкерлік білімнің жиынтығын толық түрде біле отырып, практикалық іс-қызметте оны қолдануға қажетті тәжірибені меңгеруі керек, бұныммен бірге ұжыммен және жеке адамдармен қалай жұмыс істей алатындығын да білуі қажет.
Соңғы он жылдықта Қазақстан экономикасы қалай өркендеді?
Жұмыскерлер құрамы қандай өзгеріске ұшырады?
Кәсіпорындағы жағдай қалай өзгерді?
Менеджменттегі ережелер нені көрсетеді?
10.Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):
Коммуникативті компетенция бойынша
1. Басқару ғаламындағы эволюция деген не?
2. Табиғи қажеттілік қашан пайда болады?
3. Шет елдегі менеджмент жүйесі туралы не айтасыз?
4. Басқарудың ең тиімді жолы қандай?
Операционалды дағды компетенциясы бойынша
Мәтінде сізге байланысты сөздер бар. Экономикалық сөздікті пайдаланып, мағынасын түсіндіріңіз.
Когнитивті білім компетенциясы бойынша
Тесттер:
Құрмалас сөйлем қанша түрге бөлінеді?
а) 5
ә) 3
б) 4
в) 6
г) 7
2. Салалас құрамындағы жай сөйлемдер қалай байланысады?
а) қатар тұрып, баяндауыштары тиянақты болып
ә) жанаса, ыңғайласа
б) матаса, қабыса
в) интонация, жалғаулық шылау арқылы
г) тиянақсыз тәуелді
3. Ыңғайлас салалас қандай жолмен жасалады?
а) іргелесіп, жалғаулық шылау арқылы
ә) бірақ, алайда жалғаулық шылауы арқылы
б) сілтеу есімдіктері арқылы
в) өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы
г) немесе, әйтпесе сияқты жалғаулық арқылы
4. Кезестес салалас жасайтын жалғаулық қайсысы?
а) өйткені, себебі
ә) не, болмаса
б) біресе, кейде, бірде
в) иә, жоқ, белгісіз
г) сонда да, әйтеуір.
5. Қарсылықты салаластың жалғаулықтарын көрсетіңіз.
а) яки, болмаса
ә) әлде, әйтпесе
б) себебі, неге
в) сондықтан, өйткені
г) бірақ, дегенмен.
6. Өкімет-үкімет сөздерінің мағынасында айырмашылық бар ма?
а) ешқандай мағыналық айырмашылық жоқ
ә) олар – фонетикалық варианттар
б) өкімет – «власть», үкімет – «правительство» денегді білдіреді.
в) екеуі де «билік» деген мағынада қолданылады
7. «Социально защищенное лицо» қазақша қай баламасы дұрыс?
а) әлеуметтік қорғалған адам
ә) әлеуметтік қорғалатын тұлға
б) әлеуметтік қорғаушы тұлға
в) әлеуметтік сақтандырушы тұлға
г/әлеуметтік жоспарлаушы тұлға
8. «Қазіргі қолданылып жүрген заңдарды, Қазақстан Республикасының Конституциясын басшылыққа алады». Орыс тіліндегі дұрыс баламасын белгілеңіз.
а) Руководствуется действующим законодательством Конституции РК
ә) Конституция РК и действующие законы являются руководящий силой
б) Современные законы и Конституция РК – основные критерии для руководства.
в) Конституция РК – самый важный закон для руководства
г) Конституция РК - закон о независимости
9. Қай қатарда синонимдер бар?
а) айта білемін, жазып шықтым
ә) мақтаныш етеді, сүйіп оқиды
б) сияқты, тәрізді, сықылды
в) сөйлейтін сөз, айтатын ой
г) еңбекке қол жеткізу
10. «Әлемдік деңгейдегі биік тұлға» тіркесінің мағынасын қай қатардағы тіркес бере алады?
а) мақтаныш етеді
ә) әлемге танымал белгілі қайраткер
б) сүйсініс білдірді
в) тұсаукесер рәсімі
г) еңбегі сіңген.
10. Негізгі әдебеттер:
1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 45-47 бет
2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 25-26 бет
3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 83-85 бет
4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 156-157
5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 15-18 беттер
Қосымша әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.
2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.
3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№27 тақырып: Қазақстандағы фармацияның дамуы
Сабақтас құрмалас сөйлем
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы фармацияның дамуы
Сабақтас құрмалас сөйлем.
Мақсаты: грамматикалық тақырыпты практикалық жолмен меңгерту. Сабақтас құрмаластың жасалу жолдары.
Лексикалық: тақырып арқылы студенттердің мамандануына байланысты қазақша сөздік қорын молайту. Жаңа сөздерді үйретіп, сөйлем құру.
Міндеті:
Қазақ тіліндегі медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін үйрету.
Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық және грамматикалық ерекшеліктердің қолдануын кеңейту, терминдердің жазылуын, біліктілікті қалыптастыру.
Коммуникативті компетенция бойынша әдебиеттерді дұрыс таңдап пайдалану, қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету. Аудармада еркін шығармашылық қарым-қатынас орнату.
Өзін-өзі дамыту компетенция бойынша сөйлеу, жазу, оқу, айту дағдысын қалыптастырып, дамыту.
Негізгі ұғымдар:
Құрмалас сөйлем туралы түсінік.
Құрмаластың түрлері туралы айтыңыз.
Сабақтас құрмалас қалай жасалады?
Сабақтас құрмаластың бағыныңқы және басыңқы сыңары туралы.
Қазақстандағы фармацевтика саласының дамуы.
Медициналық өнім шығаратын кәсіпорындардың жұмысы қандай?
Сабақты өткізу жоспары:
Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.
Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.
Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин
Үзіліс - 10 мин.
Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.
Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.
Үзіліс - 10 мин.
Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.
Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.
Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.
Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.
7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8.Тапсырмалар:
1-жаттығу. Тірек сөздерді қатыстыра отырып, құрмалас сөйлемдер ойлап жазыңыздар:
Қолға алынуға тиісті нақты жобалар.
Жетекші орын алатын компания.
Қарашығанақ кен орнын игеру.
Жобаларға қатысты пікір білдіру.
Екі жаққа да тиімді жоба.
Қатаң бақылауға алу.
Құқық қорғау органдары тарапынан.
Инвестициялар тарту /құю/.
Жұмыс жағдайынан хабардар ету.
2-жаттығу. Төмендегі мәселелер бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз.
Қазақстандағы дәрі-дәрмек өндірісі қалай дамып келеді?
«Салауатты Қазақстан» бағдарламасына сөздің көзқарасыңыз.
Еліміздегі Ана мен бала денсаулығы жайлы жаңа бағдарлама керек пе?
3-жаттығу. Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырып, «Ата-ана» тақырыбына шағын шығарма жазыңыздар.
Менің ата-анам, өмір сыйлаған, бақытты болу, шыншыл бол, ата-ананың рұқсатынсыз, ақыл-кеңес, қадірлеу, ана жүрегі, еңбек сүйгіш, адал, қайырымды, еңбектегі табысы, оқу озаты, әдепті болу.
4-жаттығу. Мына тіркестерден құрмалас сөйлем жасаңыздар.
Оспан келсе, ... . 2. Оспан келмесе, ... . 3. Сен айтсаң, ол ... . 4. Сен есікті жапсаң, ... . 5. Мен үйді жапсам, ... . 6. Самат берсе, ... . 7. Ернар бермесе, ... . 8. Дұрыс оқытсам, ... . 9. Сергей тұрса, ... . 10. Мен үйге кірсем, ... . 11. Ол күлсе, ... .
1-тапсырма. Сөздік арқылы орыс тіліне аударыңыз.
Дәрі жасау ісі, сарапшылардың бақылауы, медициналық өнімдерді тұтыну, баламалы құралдар, фармацевтикалық препараттар, дәрілерді зерттеу.
2-тапсырма. «Дәріханада» тақырыбына сұхбат құрыңыз.
3-тапсырма. Мәтін бойынша бір-біріңізге сұрақ қойып, пікірлесіңіздер
ҚАЗАҚСТАНДА ФАРМАЦЕВТИКАНЫҢ ДАМУЫ
2014 жылға дейінгі кезеңге арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Үкімет алғашқы салалық бағдарламаны бекітті. Отандық фармация өндірісі одан әрі даму басымдығына ие болды.
Отандық кәсіпорындар фармацевтикалық саласын дамыту туралы нақты міндеттер белгілеген болатын. Бүгінгі таңда Қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындар өнім шығаратын шетелдік өндірісшілермен қатаң бәсекелестікке түсуге мәжбүр. Қазақстандағы медикаменттердің жиынтық рыногы шамамен 6 мың атауларды құрайды.
– Отандық фармацевтикалық рыноктың бүгінгі жай-күйі қандай?
– Қазақстандық фармацевтика өндірісі отандық денсаулық сақтау саласын 30 пайыз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. 2009 жылғы мәліметтер бойынша тегін медициналық жәрдемнің кепілдендірілген көлемі шеңберінде госпитальдық секторда бұл көрсеткіш 45 пайызды құрады. Сонымен бірге отандық өндірісшілер өнімдерінің негізгі бөлігі рентабельділігі төмен препараттардан тұрады. Олардың рыноктың жалпы көлеміндегі үлесі 85 пайызға жеткен, ал ерекше препараттар рыногы болса 15 пайыздан аспай отыр. Бұл өндірісшілердің жаңа ерекше дәрілік препараттарды зерттеу мен әзірлеуге өз табыстарынан қаржы бөлуге мүмкіндік бермей келеді.
Қазақстандық фармацевтикалық өнеркәсіп дамып келе жатқан сала бола отырып, жалпы саны 79 кәсіпорыннан тұрады. Олардың қатарында ірі де, ұсақ та медициналық өнімдерді шығаратын өндірістер бар. Сонымен бірге Қазақстанда шығарылатын дәрілердің 90 пайыздан астамы неғұрлым ір і 6 зауыттың үлесіне тиеді. Олардың қатарында “Химфарм” АҚ, “Глобал Фарм БК”, “Нобел АФФ” АҚ, “Ромат” фармацевтикалық компаниясы, “Нұр-Май Фарм” ЖШС, “Қарағанды фармацевтикалық кешені” тәрізді кәсіпорындар бар. Медициналық жабдықтар шығаратын өндірісі аяқталған циклдағы бірден-бір кәсіпорын – “Ақтөберентген” АҚ-ты да осы тұрғыда атап өтуге болады.
2008 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде ішкі фармацевтикалық рынокта жоғары қарқынды өсу байқалды. Ол ел эконо микасының өсуіне, соған сәйкес халықтың әл-ауқатының артуына байланысты орын алды. 2008-2012 жылдары фармацевтикалық препараттарды ішкі рынокта сату көлемінің орташа жылдық өсімі 19 пайызды құрады.
Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өнімдер өндірісі 84,7 миллион долларға жетті. Қазақстанның фармацевтикалық рыногы үлкендігі жағынан ТМД елдері бойынша Ресей мен Украина рыноктарынан кейін үшінші болып табылады. “ІMS Health” халықаралық консалтингтік компанияның мәліметтері бойынша, ТМД елдерінің фармацевтикалық рыногындағы Қазақстанның үлесі 5 пайызды құрады. Орташа жан басына шаққанда фармацевтикалық өнімдерді тұтыну Қазақстанда орта есеп пен 73,33 доллар болып, ТМД бойынша көлемі жағынан екінші орында тұрды.
– Бастау алу мүмкіндіктері шынымен де тамаша-ақ. Сөйте тұра отандық фармация осы уақыттар бойына өзінің даму жолын таба алмай келді. Оны қалай түсіндіруге болады?
– Дәрі-дәрмек өндірісі қашанда мейлінше баяу дамиды. Он бес жыл ішінде дәрі-дәрмектер рыногындағы отандық өндірісшілердің үлесі ақшалай көріністе алғанда 3-тен 8 пайызға дейін ұлғайды. Дәрі-дәрмектіің құны тұрғысынан алғанда Қазақстанның фарма цевтикалық кәсіпорындары республикада қолданылатын медикаменттердің 10 пайыздан аспайтындай ғана көлемін шығарады.
Астанадағы “Химфарм” жаңа зауытының құрылысы да негізгі жобалардың қатарына кіреді. Ол жылына 1000 миллион дана таблеткалар, капсулалар және 30 миллион дана антибиотиктер шығаруға арналған. Сондай-ақ Шымкенттегі “Химфарм” АҚ-ты ұлғайту да жоспарда тұр. Мұнда жылына 4 миллион данаға дейін инфузионды ерітінділер мен 300 миллион данаға дейін ампулалар шығарылатын болады. “Нобел-Алматы” АҚ бойынша бұрынғы бар өндірістерді модернизациялау және жаңаларын салу жөніндегі жобалар да өз маңыздылығымен ерекшеленеді. “Глобал Нью Лайф” ЖШС Алматы облысында толық циклді фармацевтикалық зауыт құрылысының жобасын қолға алып отыр. Дәл осындай жұмыстар Семейдегі және Павлодардағы медициналық препараттар зауыттарында да жүзеге асырылатын болады.
Үкіметтің фармацевтика саласындағы 2014 жылға дейінгі бағдарламасы қалай аталады?
Бағдарламадағы нақты міндеттер қандай?
Тегін медициналық жәрдем деген не?
Қазақстанда қанша фармацевтикалық кәсіпорын бар?
9.Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):
Коммуникативті компетенция бойынша
1. Фармацевтикалық рынок деген не?
2. Дәрі-дәрмек өндірісі қалай дамуда?
3. Астанадағы химформ зауыты қандай өнім шығарады?
4. Еліміздің қай қалаларында дәрі-дәрмек зауыттары бар?
Операционалды дағды компетенциясы бойынша
4-тапсырма. Мәтінді тірек ете отырып, берілген сөйлемді толықтырыңыз.
Отандық кәсіпорындар ... дамыту туралы ... болатын.
Қазақстандағы медикаменттердің ... шамамен ... құрайды.
ТМД ... екінші орында ... .
Нобел – Алматы А.Қ. бойынша ...модернизациялау және ... өз маңыздылығымен ...
Когнитивті білім компетенциясы бойынша
Сіз Қазақстандағы ірі фармацевтикалық компанияның жетекшісіз. Осы компанияның қызметі, жоспарлары жөнінде БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |