Жалпы сағаттар саны:
|
5
|
40
|
35
|
25
|
|
6. Бағалау саясаты
Пән бойынша қорытынды баға (ҚБ) ағымдағы екі бөліктен (ЖРБ - жіберу рейтингісінің бағасы, 60%) және қорытынды бақылау бағасынан (ҚБ, 40%) тұрады.
10 аптада алынған (40%), ағымдағы бақылау бағаларының жиынтық мәні негізінде және 5, 10-аптада алынған аралық бақылау (60%) негізінде жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) қойылады. Егер ЖРБ мәні 50%-дан жоғары жиналса, студент қорытынды емтиханға жіберіледі.
Қорытынды баға (ҚБ) жіберу рейтингісінің бағасы (60%) мен қорытынды бақылау бағасының (ҚББ, 40%) негізінде қойылады.
Емтихан нәтижесімен келіспеген жағдайда студент бағаны қайта қарау үшін апелляцияға беруге құқылы. Рәсім апелляция туралы қабылданған Ережеге сәйкес жүргізіледі.
Бақылау түрі
|
Бағалаудың үлес салмағы
|
Оқыту нәтижелерін бағалау құрылымы
|
Өткізу түрі
|
Ағымдағы баға (АғБ)
|
ЖРБ-дан 40%
|
Сабақтарда алынған және ағымдағы бағалар санына бөлінген ағымдағы бағалардың орташа арифметикалық мәні (мысалы):
АғБ= n1+n2+n3+n4+...+nz/z, мұндағы n - практикалық сабақтың, СӨЖ, СОӨЖ, ком.дағды, практикалық дағды және т.б. үшін қойылған баға; z-өткізілген сабақтар саны.
Әр сабақ бағалануы тиіс!
Бұл пән бойынша жалпы ағымдағы бағалар саны 10 болуы тиіс.
|
Жазбаша (MCQ тест сұрақтары, жазбаша тапсырмалар)
Ағымдағы бақылау практикалық сабақтардағы студенттің теориялық білімін, практикалық дағдыларын бағалауды қарастырады және жазбаша сауалнама, шағын топтарда жұмыс, TBL әдісімен жүзеге асырылады. Пән бойынша бағалау нәтижелерді бағалау матрицасында көрсетілген мерзімде жүргізіледі.
|
Аралық бақылау (АрБ)
|
ЖРБ-дан 60%
|
АрБ бағасы = екі аралық бақылаудың арифметикалық орташа мәні.
АрБ = (АрБ1+АрБ2)/2
Аралық бақылау №1 –№5 сабақта; аралық бақылау №2 – №10 сабақта жүргізіледі. Барлық аралық бақылау саны – 2
|
Жазбаша (жазбаша тапсырмалар)
|
Жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ)
|
ЖРБ=(АғБ(ағымдағы бақылау)*0,4)+(АрБ (аралық бақылау)*0,6)
|
ЖРБ 50%-дан кем болса білім алушы қорытынды емтиханға жіберілмейді
Пән ЖРБ=АғБ (ағымдағы бақылау)*0,4)+(АрБ (аралық бақылау)*0,6)
|
Емтиханға жіберу үшін ЖРБ-ң ең төменгі балы = 50 балл болуы иіс.
ЖРБ мәні төмен болған жағдайда білім алушы емтиханға жіберілмейді және жазғы қосымша семестрде ақылы негізде пәнді қайта оқиды
|
Қорытынды бақылау бағасы (ҚББ, емтихан)
|
ҚББ*0,4
|
|
Пән бойынша емтихан тест түрінде жазбаша түрде өткізіледі
|
Қорытынды баға (ҚБ)
|
ҚБ= (ЖРБ*0,6)+(ҚББ*0,4)
|
Пән бойынша қорытынды бағаны (ҚБ) есептеу кезінде жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) және қорытынды бақылау бағасы (ҚББ) тиісті коэффициенттерге көбейтіледі және қосылады.
ҚБ=(ЖРБ*0,6)+(ҚББ*0,4)
|
Пән бойынша оң ҚБ-ның ең төменгі балы = 50 балл.
Егер студент емтиханда 25-49 балл (FХ) алса, ол аралық аттестаттау кезінде емтиханды қайта тапсыруға құқылы.
Емтихан нәтижесімен келіспеген cтудент емтихан тапсырғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей апелляцияға беруге құқылы
|
Достарыңызбен бөлісу: |