С. Ж. Пралиев, Ш. Молдабеков Екі томдық оқу құралы I i том Түркістан 2008 ббк 35я7


Метанды бу - ауа конверсиясынан АСҚ алу



бет20/23
Дата04.11.2019
өлшемі6,16 Mb.
#51100
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Химтехнология 2 том

10.7.6 Метанды бу - ауа конверсиясынан АСҚ алу.

Синтез газдан айырмашылығы бұл үлгіде тек су буымен конверсиялау арқылы көміртегі оксидінен тазалау стадиясы енгізілген, ал метанның бу және ауа конверсиясы стадиясы бөлінген, яғни үлгі екі сатылы болып табылады. Бұл үлгі бойынша АСҚ алу процесінің жүйелілігі келесі түрде көрсетілуі мүмкін:



Бұл процестің технологиялық үлгісі 10.18 суретте келтірілген, оған сондай - ақ күкірт қосылыстарынан табиғи газды тазарту стадиясы кіреді



Компрессорда 4 МПа қысымға дейін сығылған табиғи газ метан конверторының (6) түтіндік газдарымен қыздырылатын қыздырғыштан өтеді және күкіртті қосылыстардан газды тазарту жүйесіне түседі. Бұл жүйе каталиттік гидрлеуі реакторынан және күкіртсутек адсорберінен (3) тұрады. Күкірт қосылыстарынан тазартылған табиғи газ қатынасына су буымен араластырылатын сатураторға бумен қанықтыратын H2O:газ=4:1 мұнара түседі. Түзілген бу-газ қоспасы қоспалы жылу алмастырғышта (5) қыздырылады (3800С) да метанның бу конверсиясының құбырлы конвертордың (1-ші сатысына) беріледі (6). Конвертордың құбыры 8000С температураны қамтамасыз ете онда метанды жағу есебінен жылытады. Бірінші сатыдан шыққан газда 10 пайызға дейін метан мен су буы (CH4:H2O=0,8:1) болады. Ол газды шахталы конверторға жібереді. Метанның ауа конверсиясының шахталы конверторына (7) бағытталады. Бұл кезде конверторда реакцияның экзотермиялығы есебінен жұмыстың автоматтық режимі ұсталады. Реактордан (7) конвертирленген газ 900-10000С температурада жоғары параметрдегі бу (4800С, 10МПа) өндірілетін қазандық-утилизаторға (8) түседі. Сонан соң 380 градусқа дейін салқындатылған соң біртіндеп I сатыдағы көміртегі оксиді конверторына (9) және қазандық утилизаторда (10) 250С - ге дейін салқындайды, көміртегі оксидінің екінші сатыдағы конверторына (11) жіберіледі. Конвертордан (11) шаққан газда СО2 болганы 0,5 пайызды құрайды. Конверсия нәтижесінде түзілген газдан көміртегі оксидін тазалау үшін газ 30 градус дейін салқындатылатын сумен суарылған скруббер арқылы өтеді. Және этаноламинмен тазартуға скруббер (13) және регенераторға (14) бағытталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет