С. Жайлауов физикалық химия



бет98/127
Дата22.11.2022
өлшемі2,46 Mb.
#159355
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   127
Байланысты:
Ñ. Æàéëàóîâ ôèçèêàëû? õèìèÿ

200
потенциал, яғни дзета-потенциал;
ВС — диффузиялық қабаттағы по-
тенциалдың кемуі. 56-суретте көр-
сетілгендей, дзета-потенциалдын
шамасы кері иондардан тұратын
диффузиялық қабаттың қалыңды-
ғымен тығыз байланысты. Кері
иондардың қабаты барынша ты-
ғыз, жинақы болса, онда дзета-
потенциал нөлге теңеледі. Дзета-
потенциалдың шамасын кері ион-
дардан тұратын диффузиялық қа-
баттың калыңдығымен анықтала-
ды дедік, демек онын, шамасы
ерітіндіде кездесетін электролит 56-сурет
концентрациясына кері тәуелді-
лікте болады екен. Олай болса электролит концентрациясынын ар-
туы, ондағы кері иондардан тұратын диффузиялық қабаттың қа-
льщдығын кемітуге әкеледі және осының салдарынан дзета-потен-
циал да азаяды. Массалық әрекет заңына орай электролит концен-
трациясының артуы диффузиялык, қабаттағы кері иондар концен-
трациясын кемітеді. Мұнда диффузиялық қабаттағы кері иондар-
дың белгілі бір бөлігі адсорбциялық қабатқа ауысады, мұньщ сал-
дарынан дзета-потенциал азаяды. Қоллоидты системаның (зольдің)
концентрациясын азайту адсорбциялық қабаттағы кері иондардьщ
ауысуына байланыста диффузиялық қабаттың қалыңдығын арт-
тырады. Дзета-потенциал басқа электролиттерге өте сезімтал ке-
леді, сондықтан өзге электролит концентрациясының болмашы
өзгеруі дзета-потенциалға ықпал етеді. Осы тұста ескерте кететін
тағы бір маңызды жай — дзета-потенциалға кез-келген белгідегі
немесе өзімен аттас та, кері де иондардың әсер ете беретіндігі.
Өзге электролиттердің дзета-потенциалға ықпалы, ондағы ион заряды көбейген сайын арта түседі. Көптеген зерттеулер мен тәжі-рибелер көрсетіп отырғандай, ион зарядынан гөрі оның табиғаты дзета-потенциалға басымырақ дәрежеде әсер етеді екен. Мысалы, бір валентті калий, екі валентті барий және үш валентті алюминий иондары өзара 1:2:3 қатынасында, ал олардың бірдей әсер ететін концентрация қатынасы 100:25:1 болады. Тұрақты өлшемдегі кол-лоидты ерітіндіге, дәлірек айтқанда дзета-потенциалға бірдей әсер ету үшін калий ионының концентрациясы—100, барийдікі — 25, алюминийдікі — 1 өлшем болуы керек. Олай болса электролит ва-ленттілігі өскен сайын, онын зольге әсері де артады екен.
Электр кинетикалық потепциалдың белгісі (полюсі) коллоидты системадағы (зольдеп) қатты фазанын. химиялық табиғатына тәуелді. Мысалы, күкірт, металл сульфидтері, кремний қышқылы, танин және ағаштан алынатын хош иісті қара май сияқты қыш-қылдық сипаттағы заттардың судағы ерітінділері әдетте теріс за-
201
рядталған. Әсіресе, қатты фазадағы дзета-потенциалдың заряд белгісі күрделі органикалық қосылыстардағы карбон және амин қышқылдарын еріткенде байқалады.
I X т а р а у


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет