С. Жайлауов физикалық химия


Физикалық химия бірнеше тарауға бөлінеді



бет3/127
Дата22.11.2022
өлшемі2,46 Mb.
#159355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
Ñ. Æàéëàóîâ ôèçèêàëû? õèìèÿ

Физикалық химия бірнеше тарауға бөлінеді. Зат қурылысы — атомдар мен молекулалар арасындағы ішкі құрылыс пен олардың өзара қатынастарын, физикалық және химиялық қасиеттерін зерттейтін тарау. Мұнда молекула геометриясы, молекуланың ішкі қозғалысы мен оған әсер етуші күш табиғаты және сол сияқты молекулалар арасында күштер зерттеледі. Химиялык термодинамика — әр түрлі жағдайлардағы физикалық және химиялық өзгерістердің жылу балансын есептеп, өзгерістердің бағыты мен мүмкіндігін анықтайтын бөлім. Химиялық термодинамиканың көмегімен физикалық және химиялық тепе-теңдіктің негізгі заңдылығы анықталып, температура, қысым, концентрация сияқты өлшемдердің бірі не бірнешеуі өзгергендегі тепе-теңдік заңдылығынын құбылысы, түрленуі, қалайша алмасатыны зерттеледі. Ерітінді бөлімінде еріткіш пен еритін заттардың табиғаты, олардың қүрылысы қарастырылады, еру кезінде болатын өзгерістер мен ондағы химиялық реакциялардың ерекшелігі көрсетіледі. Физикалық жэне химиялық анализге арналган тарауда белгілі бір системаның жағдайы және онын физикалық қасиеттерінің құрам өзгеруіне тәуелділігін геометриялық әдіспен зерттейтін көп компонентті күрделі системалардағы химиялық әрекеттесулер мен теңдік шарты қарастырылады. Электрохимия — материяның электрлік және химиялық түрдегі қозғалысының бір турден екінші түрге өту заңдылығың, құрылысы мен электролиттік ерітінділердің қасиеттерін, электролиз, процестерін, электрохимиялық элемент жұмыстарын, металдардың электрохимиялық тотығуын (коррозиясын), заттарды электр көмегімен алу әдістерін зерттейді. Химиялық кинетика мен катализ бөлімінде химиялық реакциялардың жылдамдығы мен олардың молекулалык механизміне арналған жалпы мәселелер, гетерогенді процестер мен олардын жылдамдығына температура, қысым, еріткіш, катализаторлардың әсерлері қарастырылады.
Физхимияның жоғарыдағыдай бөлімдер мен тарауларға бөлінуі шартты. Алайда дәл осылайша жіктеу көптеген өзгерістерді оларга тән ортак, қасиеттері бойынша біріктіріп, кейбір жайларды анықтауға, арнайы сипаттауға көмектеседі.
Физикалық химия кез келген физикалық не химиялық құбылыстар мен өзгерістерді анықтап, олардың жалпы заңдылығын сапалық және сандық жағынан сипаттап, зерттейді. Сондай-ақ тәжірибе нәтижесінде жинақталған нақты деректерді топшылау үшін статистикалық, термодинамикалық және квантты-механикалық әдістерге сүйенеді. Статистикалық әдіс ықтималдық теориясына сәйкес, жекеленген бөлшектердің қозғалысы мен таралуы заңдылығына бағынатын қасиеті бар, молекула қосындысынан жинақталған заттар туралы ілімге негізделген. Термодинамикалық әдіс система энергиясының түрленуі мен әр түрлі термодинамикалық қасиеттер араларындағы байланысты, ондағы процесс механизмін қарастырмай-ақ табуға арналған. Квантты-механикалық әдіс заттардың реакцияласу қабілетіне, химиялық байланысқа, атом мен молекула құрылысын кеңінен зерттеу кезіндегі энергияның күйі мен дискреттігіне, материя құрылымының молекулалық-толқынды үғымына негізделген. Физхимия — химияны, химиялық технологияны ғылыми бірлікте қарастыратын ілім. Ол диалектикалық материализм тұрғысынан алғанда іргелес ғылымдарды өзара байланыста зерттейді. Демек, физхимия химия салаларындағы заңдылықтар мен олардын ортақ қасиеттерін біріктіріп, мәңгі қозғалыстағы материяның дамуын анықтайды. Өйткені физхимия заңдылығы бейорганикалық химияда да, биологияда да, геохимияда да, агрохимияда да, биотехнологияда да және көптеген қолданбалы ғылымдарда да кеңінен пайдаланылады. Сондықтан да физхимия ғылым ретінде өндіріс технологиясымен тікелей байланысты. Ол әрбір инженер технологиялық процестің ғылыми негізін біліп, оны сауатты жүргізуге, есептеуге мүмкіндік береді. Онымен қаруланған маман өндірістегі әрбір химиялық реакцияны, ондағы процестің бағыты мен мүмкіндігін, шығымдылығын алдын ала есептей алады.
Физхимияның дамуы. Физикалық химия табиғаттану, физика және химия ғылымдары, сондай-ақ онын кеңтаралған салаларымен сабақтас. “Физикалық химия” деген сөзді алғаш рет ғылыми термин ретінде қолданған — М. В. Ломоносов. Ол әлемде бірінші болып 1752 жылы физхимиядан 4 сағаттық лекция оқыған. Ломоносовтан кейін, Харьковтегі политехникалық институттың профессоры Н. Н. Бекетов 1865 жылы физхимия лекциясын біршама молайтып, тұрақты оқи бастаса, Москва мемлекеттік университетінің профес-соры Н. Н. Любавин (1845—1918) орыс тіліндегі бірінші оқулықты құрасгырған. Оның “Физикалық химия” еңбегі 1877 жылы басылады да, толықтырылып, “Техникалық химия” деген атпен 1904—1914 жылдары 6 томдық болып шығады.
1840 жылы Петербургтегі тау-кен институтының профессоры Г. И. Гесс термохимияның негізгі заңы болып саналатын “Жылу қосындысының тұрақтылығы туралы” еңбегін жариялады. Қазан университетінің профессоры А. М. Бутлеровтың ұсынған (1865) ор-
ганикалық қосылыстар теориясының да мәні өте зор. Ғылым әлемінде, химия саласында баға жетпес төңкеріске тең құбылыс — Д. И. Менделеев ашқан химиялық элементтердін, периодтық системасы физхимия ғылымына көп үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет